Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Физикалық дайындығын жетілдіру

Аңдатпа

Бүл мақалада грек-рим күресінің спорттық күрес ретінде қалыптасу және даму тарихына қысқаша шолу жасалған. Грек-рим күресінің қазіргі уақытта әлемде кең таралуы, Олимпиадалық ойындардың бағдарламасына енгізілуі, оның беделін арттырып, жастардың сүйіп айналысатын спорт түрінс айналуына жол ашты деп көрсетеді. Бұл күрестен Қазақстандық спортшылардың жетістіктері де айтарлықтай. Олар Әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарының жеңімпаздары атанып. Әлемдегі элитарлық спортшылар қатарына енді.

Соңғы жылдары елімізде балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулау мақсатымен спорт мектептерін ашуға айрықша мән берілуі, жастардың спортпен айналысуына қолайлы жағдайлар тутызылуы, халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетуіне оң ықпалын тигізіп отырғандығын айқындайды.

Спортшыларды даярлауда оның шеберлігін, икемділігін, төзімділігін, күші мен қуатын жан-жақты жетілдіруде физикалық дайындықтың алатын орны ерекше. Бұл дайындықтың жоғары сапада және заманауи талаптарға сай жүргізілуі спортшының жарыстарда жеңіске жетуінің бірден бір кепілі болатыны күмәнсіз. Осыған сәйкес бүл ғлыми-зерттеу жұмысын жүргізу барысында жас спортшылардың физикалық дайындығын жетілдіру мақсатымен арнайы жаттығулар кешені олардың жаттықтыру үрдісіне енгізілген. Зерттеу жүмыстарының нәтижесінде жас спортшылардың физикалық дайындығының деңгейі спорттық сынамалардың көмегімен тексеріліп. қолданылған тәсілдің тиімділігі дәлелденген.

Kipicne

Қазіргі уақытта грек-рим күресінен Бүкіл дүниежүзілік ойындар, Әлем чемпионаттары мен Кубогі, Азия, Қазақстан Республикасының және облыс чемпионаттары, кәсіби спорт жарыстары өткізіледі. Бұл күрес түрі Олимпиадалық ойындардың бағдардамасына енгізілген.

Барлық спорт түрлеріне тән спорттық күресте түрлі даму сатыларынан өтті. Грек- рим күресі - күрестердің ішінде тарихы жағынан ең ежелгісі болып есептеледі. Ол өз дамуын Ежелгі Грекиядан алып, ары қарай Мысыр, Рим елдерінде жетілген. Сонымен қатар сонау құрылықтың ар жағындағы Америкадан бастап, Еуропаның Франция, Австрия, Финляндия, Ресей елдерін басып өтіп, Азияның Түркия, Корея, Жапония, Сауд - Аравиясы, Қазақстан территорияларына қанат жайды. Өз дамуында ол бірнеше өзгерістерді басынан кешіріп, тәртіптері де біршама өзгерді.

1894 жылы Парижде Францияның әйгілі ғалымы және бұқаралық қызметкері Пьер да Кубертеннің ұсынысы бойынша Олимпиаданы жақтаушылардың халықаралық конгресі ұйымдастырылып, Олимпиада ойындарын қайта қүру жобасы және халықаралық комитет қүру туралы өкім шықты. Олимпиада комитеті спорттық күрестен универсалдық халықаралық ереже құрастырды. Оның негізіне француз күресінің ережесі кіргізілді де, грек - рим күресі олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді. 1912 жылы Халықаралық күрес түрлері федерациясы (FILA) құрылып, әлемдегі ең үлкен және беделді спорттық ұйымдардың біріне айналды. Грек - рим күресі әр заманда жаңа атауға ие болған. Нағыз кәсіпқой күресшілер «француз күресі» деп атаса, әуесқойлар «грек - рим» деп атады. Біздің елімізде 1948 жылы Бүкілодақтық дене шынықтыру мен спорт комитеті спорттық күрес түрлеріне екі бірдей атауды бекітті. Француз немесе грек - рим күресі «классикалық» деп, ал «еркін - американдық» «еркін күрес» деген атауға ие болса, сол кезегі «еркін» күрес «самбо» деген атауға ие болды. Нәтижесінде 1991 жылы «классикалық» күрестің атауы «грек - рим» болып өзгертілді [1, 14; 2, 51; 3, 69].

Қазақ даласынан шыққан көптеген балуандарымыз түрлі жарыстарда алтын, күміс және қола алқаларға не болды. Олай болса бұл спорт түрінің әрбір техникалық әдістерін жетілдіруге қазақ мектебі өз үлесін қосып, оны дамыта түсуге бар күштері мен мүмкіндіктерін пайдалануда. Күрес түрлерінің ішінде грек - рим күресі Қазақстандық жастардың сүйіп айналысатын спорт түріне айналды. Оған дәлел грек - рим күресінен Олимпиаданың чемпиондары Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бақтияр Байсеитов, Юрий Мельниченко, Шамиль Сериков, Маулен Мамыров, Анатолий Назаренко, Игорь Ростоцкий сынды жэне тағыда басқа спортшылар осы спорт түрінен Қазақстанның атын шыгарып келген [4, 10].

Грек - рим күресін жастар арасында дэріптеу, олардың икемділік, төзімділік, күштілік, адамгершілік, ұстамдылық, батылдық, достық сияқты қасиеттерін қалыптастырып жэне эрі қарай дамытып, салауатты өмір салтын насихаттаудың, жасөспірімдерді спортқа баулау жүмыстарының бірі болып табылады «Спорт жэне салауатты өмір салты» - бүл Қазақстан Республикасының Президент! Н. Назарбаев белгілеген стратегиялық маңызы зор мемлекеттік саясаттың басты ұстанымының бірі болып табылады [5, 1].

Дене шынықтыру мен спорт тарихы үлкен тэрбиелік жэне білімдік маңызға ие. Ол ғылыми көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді, адамдар санасын өткеннің маңызды оқиғаларымен байыта түседі, адамгершілікке тэрбиелейді, отанға деген сүйіспеншілікке, дене шынықтыру мен спорттың дамуы мен қалыптасуына үлес қосқан барлық адамдарға қүрмет сезімдерін тэрбиелейді. Балалар мен жасөспірімдер спортының қанат жаюы спортшыларымыздың шеберлігін арттыруға, олардың халықаралық жарыстарда сэтті өнер көрсетуіне оң ықпалын тигізіп отыр. Елімізде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін дамытуға айрықша мән беріліп келеді. Бүл мектептерде жеткіншектеріміз таңдаған спорт түрі бойынша жоғары білікті бапкерлерден тэлім алып, спорттық шеберліктерін шыңдайды [6, 21 ].

Спортқа дарынды балаларға арналған мектеп - интернаттар саны да жылдан жылға көбеюде. Бұл мектептер еліміздегі спорттың дамуына үлкен үлестерін қосып отыр. Осының нэтижесінде дене шынықтырумен жэне спортпен айналысушылар санының түрақты өсу үрдісі де байқалады. Қазақстандағы спортқа дарынды балаларға арналған мектеп - интернаттар еліміздің барлық аймақтарында бар, солардың бірі Солтүстік Қазақстан облыстық (СҚО) мектеп - интернаты, 1997 жылы 14 наурызда №35 Солтүстік Қазақстан облысының Әкімінің өкімімен Петропавл қаласының Я. Гашек атындағы көшедегі ғимаратга орналасқан № 1 спортқа дарынды балаларға арналған Облыстық мектеп - интернат ашылды (Сурет 1).

Мектеп - интернатының негізін қалаушылардың бірі Жамбыл Серғазыұлы Тасеменов 1967 жылдан бері СҚО күрес федерациясының мүшесі, ҚР күрес федерациясының мүшесі (1990-1999), грек - рим күресі бойынша Түркістан округының чемпионы (1965-1967), ҚР чемпионы (1968, 1970), Полыпада өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы (1969), KCPO жастарының ауылдық ойындары спартакиадасының 2 мэрте қола жүлдегері (1968, 1969), Қаз.КСР құрметті спорт шебері (1969), Қаз.КСР кәсіби-техникалық білім беру саласының озаты (1989), ҚР құрметгі спорт қайраткері (2005), СҚО қүрметті азаматы (2009). Мектеп-интернатта жүмыс істеген кезінде 15 халықаралық дэрежедегі спорт шеберлерін, 50-ден астам ҚР спорт шеберлерін дайындады

Мектеп - интернатының оқушылары мен түлектері көптеген халықаралық және республикалық жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болуда. Солардың бірі Данияр Каленов - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жастар арасында ҚР чемпионы, 2011 - 2012 жылдары екі дүркін Азияның қола жүлдегері, 2017 ж. Азия ойындарының чемпионы және Б. Түрлыханов Кубогының жеңімпазы.

Ақан Баймағанбетов - жасөспірімдер арасында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2010), жастар арасында Әлем біріншілігінің қола жүлдегері және студенттер арасындағы Әлем Универсиадасының күміс жүлдегері (2014), ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Д. Каленов және А. Баймағанбетовтың бапкері Түкенов Қ.К. - ҚР спорт шебері, 2010 жылы ең үздік бапкер атағын иеленді.

Бекболатов Амангали - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2012 - 2014 жылдары жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионы, 2015 - 2016 жылдары жастар арасында ҚР чемпионы, 2015 ж. Еуразиялық турнирдің күміс жүлдегері, 2015 ж. жастар арасында Элем біріншілігінің қола жүлдегері (Бразилия), 2016 ж. «Talin Open» халықаралық турнирінің қола жүлдегері (Эстония), 2017 ж. ересектер арасында ҚР чемпионатының қола жүлдегері, 2018 ж. ересектер арасында ҚР күміс жүлдегері, 2018 ж. Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері (Ресей Фекдерациясы), Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2018). Осы аталған спортшылар М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университет!нің «дене шынықтыру және спорт» мамандығының түлектері.

Балуанды даярлауда оның шеберлігін, айла-тәсілін, икемділігін, шыдамдылығын, күш жігерін жан - жақты жетілдіруде физикалық дайындықтың алатын орны ерекше. Бұл дайындықты жоғары сапасы балуанның жарыстарда жеңіске жетуінің бірден бір кепілі болады [7, 16]. Осыған орай бүл жүмыста грек-рим күресімен айналысатын спортшылардың физикалық дайындығының ерекшеліктері қарастырылды.

Марсаты

Грек - рим күресімен айналысатын жас спортшылардың физикалық дайындығын жетілдіру.

Mindemmepi

  1. Күреспен айнлысатын спортшылардың физикалық дайындығының маңыздылығын көрсету.
  2. Грек - рим күресімен айналысатын спортшылардың физикалық дайындығын қалыптастыру ерекшеліктерін айқындау.
  3. Грек-рим күресімен айнлысатын жас спортшылардың физикалық дайындығын арнайы тәсілдермен жетілдіру.

Зерттеу әдістері

Ғылыми-зерттеу жұмыстары Петропавл қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мектеп - интернатында жүргізілді. Зерттеу жүмыстарына 15-16 жастағы 14 жас спортшы балалар қатысты. Олардың 7-і бақылау тобын, ал қалған 7 - эксперимент тобын құрды.

Бақылау тобында физикалық дайындық дәстүрлі әдістер арқылы жүргізілсе, эксперимент тобындағы грек-рим күресімен айналысушы балалардың физикалық дайындығын жетілдіру мақсатымен келесі тәсілдер қолданылады:

  1. «Көсеу» (кочерга) тәсілі. Бұл тәсілдің негізі - қарсыласты 1 минутта оң және сол қолмен кезек иықтан асыра лақтыру (жүмсалған уақыт есептеледі).
  2. Қарсыластың тепе-теңдігін бүзу арқылы жамбастан асыра лақтыру (45 секундта оң жаққа және сол жаққа жылдам лақтыру).
  3. Қарсыласты төрт тағандап тұрған кезінде артқа тартып кеудеден асырып лақтыру (уақыты есптеледі).
  4. Қарсыласты бір қолмен басынан басып, екінші қолмен қолынан тартып тепе - теңдіктен шығарып құлату.

Эксперимент тобына қатысушы күресшілердің физикалық дайындығын жетілдіру мақсатымен олардың жаттығу үрдісіне дене дайындығын жетілдіретін түрлі ойындар енгізілді. Бұл ойындар:

  • шапшаңдықты, иілгіштікті, шыдамдылықты нығайтуға көмектеседі;
  • спортшылардың дене дайындығын нығайтып, қимыл - қозғалыс дағдыларын жетілдіреді;
  • физикалық қасиеттерінің дамытудың ең тиімді әдістерінің бірі болып есептеледі.

Грек - рим күресімен айналысушылардың осы аталған қасиетгерін дамыту үшін келесі ойындаржүргізілді:

  1. «Жұп болып тартысу» - ойын кезінде шектелген аралықта жүгіріп қашу, әртүрлі маневр жасалып, қарсыласын тезірек ұстап алып, жеңіске жетуге ұмтылдырады;
  2. «Блоктық ұстау» - белгілі бір тәсілді қолдануға жасалған кедергіден босануға және жеңуге ұмтылдырады;
  3. «Екі лагерь» - бұл ойын кілем аумағын сезінуді және басқа ойындармен бірге спортшының арнайы күш дайындығын тәрбиелейді.
  4. «Дебюттар» - бұл ойын батылдық, табандылық, күрделі жағдайда тез шешім таба алу сияқты қасиеттерді тәрбиелеп, күрес кезінде туған келеңсіз жағдайдан шығуды ойластыру қаблетін жетілдіреді.

Эксперименттің бастапқы және соңғы кезеңдерінде бақылау және эксперимент топтарына қатысқан күресшілердің физикалық дайындығының деңгейін тексеру және бағалау мақсатымен келесі сынамалар қолданылды:

  1. 16 кг гірді бастан асырып екі қолмен айналдыру: оң жаққа 10 рет және сол

жаққа 10 рет (сек).

  1. 16 кг гірді оң қолда 15 рет және сол қолда 15 рет көтеру (сек).
  2. 40 кг зілтемірді кеудеге дейін 10 рет көтеру (сек).
  3. 20 кг зілтемірді бастан асырып 10 рет көтеру (сек).

Зерттей нәтижелері

  1. 6 кг гірді бастан асырып екі қолмен айналдыру: оң жаққа 10 рет және сол жаққа 10 рет» сынамасының нәтижелерінің көрінісі 2 суретте бейнеленген.

Бұл суреттен жоғарыда аталған сынаманың нәтижелері эксперименттің бастапқы кезеңінде бақылау жэне эксперимент топтарында бірдей деңгейде болғандығын, ал зерттеу жүмыстарының соңғы кезеңінде эксперимент тобындағы күресшілердің жаттығуды 1,7 секундқа жылдам орындағанын, бақылау тобындағы күресшілердің нәтижесінің бастапқы деңгейден 0,8 секундқа ғана жақсарғандығын байқаймыз.

Бақылау жэне эксперимент топтарына қатысқан күресшілердің эксперименттің бастапқы және соңғы кезеңдеріндегі «16 кг гірді оң қолда 15 рет және сол қолда 15 рет көтеру» сынамасының көрінісі 3 Суретте бейнеленген.

«16 кг гірді оң қолда 15 рет және сол қолда 15 рет көтеру» сынамасының нәтижелерінде эксперименттің бастапқы кезеңінде бақылау жэне эксперимент топтарында айтарлықтай айырмашылық байқалмайды. Эксперименттің соңғы кезеңінде бақылау тобындағы күресшілердің нәтпжесі бастапқы деңгейден 1,2%-ға ғана жақсарса, эксперимент тобындағы күресшілердің нәтижесі 2,3%-ға артты. Сонымен бұл сынаманы орындау жылдамдығын Б тобындағылар 0,4 секундқа жақсартты да, A тобындағылардың жылдамдығы 0,2 секундқа ғана өзгерді.

Эксперименттің бастапқы және аяқталу кезеңдерінде бақылау жэне эксперимент топтарындағы күресшілердің «40 кг зілтемірді кеудеге дейін 10 рет көтеру» сынамасының нэтижелері 4 суретте көрсетілген. Суреттен бүл сынаманың нэтижелерінде эксперименттің бастапқы кезеңінде бақылау жэне эксперимент топтарында аздаған айрымашылық болғанымен, эксперименттің аяқталу кезеңінде бақылау тобындағы күресшілердің нэтижесі бастапқы деңгейден 1,3%-ға ғана, ал эксперимент тобындағы күресшілердің нэтижесінің 3%-ға артқандығын көреміз.

Бақылау жэне эксперимент топтарына қатысқан күресшілердің эксперименттің бастапқы жэне соңғы кезеңдеріндегі «20 кг зілтемірді бастан асырып 10 рет көтеру» сынамасының нэтижелерін 5 суреттен көруге болады.

Бұл суреттен «20 кг зілтемірді бастан асырып 10 рет көтеру» сынамасының нэтижелері эксперименттің бастапқы кезеңінде бақылау жэне эксперимент топтарында бірдей деңгейде болғандығын байқаймыз. Зерттеу жұмыстарының аяқталу кезеңінде бақылау тобындағы күресшілер бұл сынаманы орындау жылдамдығын 0,3 секундқа жақсартып, эксперимент тобындағылар тапсырманы бастапқы кезеңнен 0,7 секунд жылдам орындады.

Қортынды

Сонымен зерттеу жұмыстарының нәтижелерін салыстыра отырып, эксперимент тобына қатысқан грек - рим күресімен айналысатын спортшылардың нәтижелері бақылау тобындағы күресшілердің нәтижелерінен 2-2,5 есе жоғары деңгейді көрсеткендігін байқаймыз.

Бұл сынамалардың нәтижелері грек - рим күресімен айналысушылардың физикалық дайындығын жетілдіруге арналған жаттығулардың тиімділігін дәлелдейді.

 

Әдебиет:

  1. Барыкина Л.М. В стране Олимпия. - M.: «Физкультура и спорт», 2004. - 163 с.
  2. Павлов С.П.. Олимпийская энциклопедия. - M.: 2009. - 458 с.
  3. Преображенский С. А. В жарких схватках. Борьба на Олимпиадах. -M.: «Физкультура и спорт», 2015. - 206 с.
  4. www.wrestling.kz. Қазақстан күресі федерациясыныц ресми сайты. «Қазақстандағы еркін жэне грек рим күресінің даму тарихы» мақаласы.
  5. Назарбаев Н.Ә «Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік багдарламасынан.
  6. Уанбаев Е.К. Дене тэрбиесінің ңегіздері. - Алматы, «Санат». 2000. - 125 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.