Эмбрионалдық даму мерзімі әркелкі қаракөл қозылардың жүн жамылғысының морфологиялық сипаты және өзгергіштігі

Аңдатпа

Мақалада эмбриональдық дам\г мерзімі әркелкі қозылардың жүн жамылғысының қасиеттері және морфологиялық сипаты сарапталган. Зерттеу жұмыстары Оңтүстік Қазақстан облысының қаракөл қойын өсіретін шаруашылықтарында жүргізідді. Эмбрио нальдық даму мерзімі әркелкі төл топтарының мәліметтерін салыстырғанда олардың арасындағы айырмашылық төмен деңгейде болды. Қаракөл қозыларда жүн жамылғысының жібектілігі елтірінің сапасын артгырады, ал табиғат жағдайында қозылардың жүн талшықтарының қүрғап кетуден сақтайды. Жібектілік дәрежесі жеткілікті қозылардың денесіне жаңбыр суының өтіп кетпеуін қамтамасыз етеді. Алынған барлық төлдің өнімдік сапасын, соның ішінде қозының жүн жамылғысының морфологиялық көрсеткіштерін анықтайтын «Қаракөл қойын асылдандыру нүсқауы» бойынша жүргізілді. Эмбриональдық даму мерзімі әркелкі қаракөл қозыларының жүн жамылғысының морфологиялық курамы эмбриональдық даму мерзімінін әркелкі топтағы қаракөл қозыларының жүн жамылғысының морфологиялық қүрамындағы талшық ұзындығына ықпалы байқадды. Қаракөл қойын өсіретін шаруашылықтар селекциялық жұмыстарда колданады.

Kipicne

Жануарлардың жүн жамылғысы мал терісінің функциялық қызыметін арттыруға септтігін тигізеді. Осы жануарлардың жүн жамылғысы қасиеттерін өз қалпында сақтауға тері бездерінен бөлінетін тер, шайыр мүмкіндік береді. Tepi бездерінен бөлінетін шайырдың аз бөлініуі төлдің жүн жамылғысының қурап түсіп қалуына жол береді [1, 2].

Н.Ф. Никольский [3] зерттеулер нәтижесінде құрсақтағы төл терісінің топографиялық бөліктерінде жүн фолликулаларының түзілу мерзімін айқындады. Автор алғашқа жүн фолликулалары эмбрионның 60 күндік өмірінде бас жағында түзілсе, соңғылары оның 75 - 77 күндігінде түзілетінін атады. Ал жүн талшықтарының тері бетіне тебіндеп шығу реттілігі олардың түзілу мерзіміне сәйкес келеді. Төлдің эмбрионалдық даму кезеңінің 75 - ші күнінде жоғарыда аталған түзілістер мальнигева қабатында көбейіп жатқан клеткаларымен бірге тері қабатына тереңдей еніп, кейіннен жүннің конус тәрізді пішіні қалыптасады. Сонан соң, жүн конусының төменгі бөлігінің дамуы нәтижесінде жүн буылдығының үрпігі түзіледі де, жоғарғы жағы жүн қынабы арқылы сыртқа шығады. Бұл процестер төлдің эмбрионалдық даму кезеңінің 90 - 104 — ші күндері аралығында өтеді.

Қаракөл қозыларында қылшық жүн буылдығы негізгі тері қабатының 70 - 80 % - дей қалыңдығына ене орналасса, түбіттерінің буылдығы негізгі тері қабатының жоғарғы бөлігінің сыртқы тері қабатына жақын орын тебеді. Қаракөл эмбриондары жүн талшықтары қынабының өзіне тән орналасу ерекшеліктері бар, ол жүн сабағының тері бетіне 25 - 30 % - дай қиғаштай бұрыш құра шығуымен байланыстылығында. Төлдің эмбрионалды дамуының соңғы кезеңдерінде, жүн сабағының тері бетіне шығу бүрышының көрсеткіштері біртіндеп 50 % - ға дейін ортады да, ал постэмбриональды кезеңінде оның көрсеткіштері 60 % - ға жақындайды.

Қаракөл қозыларда жүн жамылғысының жібектілігі елтірінің сапасын арттырады, ал табиғат жағдайында қозылардың жүн талшықтарының құрғап кетуден сақтайды. Жібектілік дәрежесі жеткілікті қозылардың денесіне жаңбыр суының өтіп кетпеуін қамтамасыз етеді. Жануарлардың жүн жамылғысының морфологиялық құрамы жуандығы әркелкі талшықтардан тұрады - қылшық, аралас талшық және түбіт. Мұнда қылшық жүндердің жуандығы 45 мкм жоғары болса, аралас талшықтардың көрсеткіші 20 мкм 45мкм аралығында болса, түбіт жүндердің көрсеткіші 20 мкм томен болады [1, 2].

Зерттеу әдістері

Зерттеудің тәжірибе жұмыстары Оңтүстік Қазақстан облысындағы қаракөл қойын өсіруге мамандандырылған «Құмкент» асыл тұқымды мал шаруашылығында өткізілген. Зерттеу нысаны:қаракөл қозыларының жүн жамылғысы. Зерттеу материалы үшін 110 бас қара түсті, жакет елтірілі типтегі, I класты, мығым конституциялы қозылар алынды. Тәжірибеге алынған қозылар эмбрионалдық даму мерзіміне байланысты үш топқа бөлінді: I топ - 145 - 148 күндік - 36 бас; II топ - 149 - 152 күндік - 38 бас; III топ - 36 бас.

Алынған барлық төлдің өнімдік сапасын, соның ішінде қозының жүн жамылғысының морфологиялық көрсеткіштерін анықтайтын «Қаракөл қойын асылдандыру нұсқауы» бойынша жүргізілді [4]. Қозыларының жүн жамылғысының қүрамын және басты көрсеткіштерін анықтау үшін эр топтан 5 бас қозының құйымшағынан жүн үлгісі алынды. Сандық материалдар Е.К.Меркурьеваның [5] вариациялық статистика әдісімен өңделді.

Зерттеу нәтижелері

Эмбриональдық даму мерзімі әркелкі қозылардың жүн жамылғысының шайырлығы бойынша сараптағанда, олардың арасында шайырлығы көп мөлшердегі қозылар үлесі жоғары екенін көрсетіп 63,9 - 66,7 % құрады. Жүн шайырлығы орта дәрежедегі қоз тылар үлесі 25,0 - 27,8 %, жүн шайырлығы аз дәрежедегі қозылар үлесі 7,9 - 8,3 % құрады (1 Кесте).

Кесте 1 Эмбрионалдық даму мерзімі әркелкі қозылардың жүн жамылғысының
шайырлығы (пайыз есебімен)

Төлдердің эмбриональдық даму мерзімі

Саны

Шайырлығы

көп

орта

аз

I топ 145 - 148 күн

36

63,9±8,0

27,8±7,46

8,3±4,59

II топ 149- 152 күн

38

65,8±7,69

26,3±7,14

7,9±4,37

III топ 153 - 156 күн

36

66,7±7,85

25,0±7,21

8,3±4,59

Орта көрсеткіші

110

65,4±4,53

26,4±4,20

8,2±2,61

Эмбриональдық даму мерзімі әркелкі төл топтарының мәліметтерін салыстырғанда олардың арасындағы айырмашылық томен деңгейде болды. Бұл төлдің даму мерзімінің олардың жүн шайырлығына ықпалының томен екенін көрсетеді. Эмбриональдық даму мерзімі әркелкі қаракөл қозыларының жүн жамылғысының морфологиялық құрамын талдағанда, оларда қылшық жүннің үлесі 30,6 - 35,4 %, аралас талшық үлесі 24,8 - 25,0 % және түбіт жүн үлесі 39,8 - 44,4 % құрады (2 Кесте).

Даму мерзімі әркелкі төл топтарында қылшық жүннің жоғары үлесі 35,4 % эмбриональдық даму мерзімі ұзақ 153 - 156 күн болатын тол тобында болса, осы жүн түрінің төменгі мөлшері 30,6 % эмбриональдық даму мерзімі қысқа 145 - 148 күн болатын тол тобында байқалды. Сонымен бірге, түбіт жүннің жоғарғы үлесі 44,4 % TTT топтағы төлде кездессе, осы белгінің төменгі мөлшері 39,8 % I топтағы қозыларда байқалды.

Жүн фракцияларындағы талшық түрлерінің өзгергіштік шамасы талданды. Мұнда қылшық жүннің өзгергіштік шамасы Cv=30,6 - 35,4 %, аралық жүннің өзгергіштік шамасы Cv=21,9 25,1 % және түбіт жүннің өзгергіштік шамасы Cv=22,5 - 26,1 % қүрады. Жеке топтар арасындағы жүн жамылғысының морфологиялық құрамының өзгергіштік шамасының айырмашылығы төмен деңгейде болды.

Кесте 2 Эмбриональдық даму мерзімі әркелкі қаракөл қозыларының жүн
жамылғысының морфологиялық құрамы (пайыз есебімен)

Төлдердің эмбриональдық даму мерзімі

Үлгілер саны

Жүннің фракциялық құрамы

қылшық

аралық талшық

түбіт

Mim

Mim

Mim

I топ 145 - 148 күн

5

30,6±1,20

25,0±1,41

44,4±1,75

II топ 149- 152 күн

5

32,5±1,23

24,9±1,52

42,6±1,64

III топ 153 - 156 күн

5

35,4±1,26

24,8±1,58

39,8±1,42

Жүн фракциясындағы талшықтар үзындығы әркелкі мөлшерде болады. Мұнда ең ұзын жүн талшығы 8,2 - 10,1 мм қылшық жүндерде болса, ең қысқа жүн талшығы 4,3 - 6,5 мм түбіт жүндерде байқалды (3 Кесте). Эмбриональдық даму мерзімі әркелкі қаракөл қозыларының жүн жамылғысының морфологиялық құрамы эмбриональдық даму мерзімінің әркелкі топтағы қаракөл қозыларының жүн жамылғысының морфологиялық құрамындағы талшық ұзындығына ықпалы байқалды.

Кесте 3 Қаракөл қозыларының жүн фракциясындағы талшық белгілерінің ұзындық мөлшері (миллиметр есебімен)

Қара түсті қозы топтары

Үлгі саны

Үзындық мөлшері

қылшық

аралық талшық

түбіт

Mim

Mim

Mim

I топ 145 - 148 күн

5

8,2±0,6

7,4±0,5

4,3±0,3

II топ 149- 152 күн

5

9,0±0,7

7,9±0,5

4,8±0,3

III топ 153 - 156 күн

5

10,1±0,9

8,7±0,6

5,5±0,4

Мұнда фракциялық құрамдағы жүннің ең қысқа мөлшері - қылшық жүнде 8,2 мм, аралық жүнде 7,4 мм және түбіт жүнде 4,3 мм эмбриональдық даму мерзімі 145 - 148 күн болатын қозыларда болса, ал фракциялық құрамдағы жүннің ең ұзын мөлшері - қылшық жүнде 10,1 мм, аралық жүнде 8,7 мм және түбіт жүнде 5,5 мм эмбриональдық даму мерзімі 153 - 156 күн болатын қозыларда байқалды.

Жүн фракциясындағы талшықтар ұзындығының өзгергіштік мөлшері талданды. Жалпы алғанда, жүн фракциясындағы талшықтар ұзындығының өзгергіштік деңгей Cv=31,6 - 52,7 % жоғары болды, оның ішінде қылшық жүннің өзгергіштік мөлшері Cv=41,l - 52,7 %, аралық талшық ұзындығының өзгергіштік мөлшері Cv=31,6 - 34,4 %, түбіт жүүің ұзындығының өзгергіштік мөлшері Cv=38,9 - 46,8 % құрады. Жеке топтар арасында талшық ұзындығының төменгі өзгергіштік мөлшері Cv=41,l % және Cv=33,7 % I топ қозыларында байқалды.

Эмбрионалдық даму мерзімі әркелкі қозыларының жүн фракциясындағы талшық белгілерінің жуандық мөлшері сарапталынды. Мүнда тәжірибедегі қозылардың қылшық жүннің параметрі 47,8 - 50,4мкм, аралық талшық жүн параметрі 34,6 - 37,1 мкм және түбіт жүн көрсеткіші 18,2 - 19,9мкм құрады (4 Кесте).

Төлдің даму мерзімінің талшық жуандығына ықпалын талдағанда эмбриональдық даму мерзімі 145 - 148 күн болатын қозыларда талшық жуандығының көрсеткіші томен мөлшерде болды - қылшық жүннің параметр! 47,8 мкм, аралық жүннің параметр! 34,6 мкм, түбіт жүннің параметр! 19,6 мкм құрады. Ал талшық жуандығының жоғарғы мөлшері эмбриональдық даму мерзімі 153 - 156 күн болатын қозыларда тіркелді, онда қылшық жүнде 50,4 мкм, аралық талшықта 37,1 мкм, түбіт жүнде 26,9 мкм құрады.

Эмбрионалдық даму мерзімі әркелкі қозыларының жүн фракциясындағы талшық белгілерінің жуандық мөлшерінің өзгергіштік деңгейі талданды. Талшықтың жуандығының өзгергіштік деңгейі барлық топтар бойынша орта деңгейде болып Cv=IO,3 - 26,9 % аралығында орналасты. Бұл көрсеткіш жүн фракцияларындағы қылшық талшықта Cv=12,6 - 14,9 %, аралық талшықта Cv=IO,3 - 12,5 % және түбіт талшықта Cv=19,6 - 26,9 % аралығында орналасты.

Кесте 4 Эмбрионалдық даму мерзімі әркелкі қозыларының жүн фракциясындағы талшық белгілерінің жуандық мөлшері (есебімен микрометр)

Төлдердің эмбриональдық даму мерзімі

Үлгі саны

Талшықтың жуандығының көрсеткіштері

қылшық

аралық талшық

түбіт

Mim

Cv

Mim

Cv

Mim

Cv

I топ 145 - 148 күн

5

47,8+0,8

14,1

34,6+0,4

10,3

18,2+0,4

19,6

II топ 149- 152 күн

5

49,5+0,7

12,6

35,8+0,5

12,5

18,7+0,5

23,9

III топ 153 - 156 күн

5

50,4+0,8

14,9

37,1+0,5

12,0

19,9+0,6

26,9

Жүн фракцияларының ішінде қылшық жүнде аталған белгінің көрсеткіші басқа топтармен салыстырғанда біршама жоғары болды, оның ішінде жоғары деңгейдегі өзгергіштік Cv=26,9 % эмбриональдық даму мерзімі 153 - 156 күн болатын қозылар тобында тіркелді.

Қортынды

Эмбриональдық даму мерзімі әркелкі қаракөл қозылардың жүн жамылғысының морфологиялық сипаты және өзгергіштігін зерттегенде, олардың әр топтағы көрсеткіші бірдей болған жоқ. Даму мерзімі әркелкі төл топтарында қылшық жүннің жоғары үлесі 35,4 %, және жуан талшықтар 50,4 мкм эмбриональдық даму мерзімі ұзақ 153 - 156 күн болатын төл тобында кездесті. Осы жүн түрінің төменгі мөлшері 30,6 % және жіңішке талшықтар эмбриональдық даму мерзімі қысқа 145 - 148 күн болатын төл тобында байқалды. Сонымен бірге, түбіт жүннің жоғарғы үлесі 44,4 % III топтағы төлде кездессе, осы белгінің төменгі мөлшері 39,8 % I топтағы қозыларда байқалды.

 

Әдебиет:

  1. Елемесов К.Е. Каракулеводческое хозяйство. -Алматы: Кайнар, 1986. - 220 с.
  2. Кошевой М.А. Селекция и условия разведения каракульских овец//Каракулеводство. - Ташкент, 1975. - Вып. 4. - 248 с.
  3. Никольский Н.Ф. О формообразовании вальковатого завитка и гривок у каракульских ягнят // Каракулеводство и звероводство. -M.: Сельхозгиз, 1952. -№ 1. - С.10 - 12.
  4. Инструкция по ведению племенной работы в каракулеводстве. - M., 1990. - 60 с.
  5. Меркурьева Е.К. Биометрия в селекции и генетике сельскохозяй - ственных животных. - M.: Колос, 1970. - 423 с.
Жыл: 2018
Категория: Биология