Ацдатпа
Қазақстанда суармалы егіншіліктің өріс алуы қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік заманмен байланысты. Суармалы егіншілікпен айналысу оңай шаруа емес, ол күрделі инженерлік құрылыс жүйесі болып табылатыны айтылған. Сондай - ақ Қазақ елінің қысқаша топырақ климаттық сипаттамасынан қазақ жерінің басым бөлігі құрғақ шөлейт және нағыз шөл зоналарда орналасқанын көріп отырмыз. Орташа есеппен мұндай аймақтар Қазақ жерінің 80 %жуық ауадан түсетін ылғал тек солтүстік облыстар мен орталық облыстарымыздың терістік шеткі бөліктерімен оңтүстік шығыстағы таулы аймақтардың біршама етектерінде егілетін егістерді қамтамасыз етеді.
Kipicne
Қазақ жері - кеңбайтақ. Халқының саны жөнінде әлемде 80 - ші орындардың бірінде болған тұрып, жер көлемі жөнінде 9 - шы орында.
Атыраудан Алтайға шейін 3000 шақырымдай болса, Батыс Сібірден Алатауға шейін 1600 шақырымдай созылып 272,5 млн - ға жерді алып жатыр. Біздің республикамыз геогарфиялық орналасуы жағынан Еуразияның орталығында әлемдегі барлық мұхиттардан ең қашық аймақта орналасқан. Сондықтан қазақстан аумағындағы ауа райының басты ерекшелігі құрғақшылдық.
- Республикамыздың ең терістік Ресейдің Батыс Сібір ойпатымен шектесіп далалы қара топырақты зона 25,4 млн га,қазақстан жерінің 9,8 % алып жатыр.Жылына түсетін ылғал 250 - 340 мм, негізгі астық егілетін аймақтар.Қрғақшылық жылдарлың 10 - 25 % болады.
- Бұл зонаның оңтүстігіндегі кең алқапты қара - қоңыр топырақты құрғақ дала мен шел дала зонасы алып жатыр, көлемі 90,4 млн га,қазақстан жерінің 33,2 %. Аудан түсетін ылғал жылына 200 - 260 мм ғана терістіктен оңтүстікке қарай азая береді, құрғақшылық жылдардың 25 - 75 %түзеді. Сондқытан бүл зонада егіншілікпен айналысу жөнді нәтиже бере бермейді. Дегенмен тың игеру кезінде асығыстық, асыра сілтеушілік жағдайда бұл зонада жиі болатын құрғақшылықтан жөнді өнім бермейтін 13 - 14 мм га астық егілетін. Елбасысыздың бастамасымен соңғы жылдары бүл жерлер егістіктен шығарылды. Бұл зонаның тек терістік бөлігіндегі күнгірт қара - қоңыр топырақты зонашасындағы астық егісінің біршамасы қалды да,оралық бөлігіндегі жай қара - қоңыр және оңтүстік бөлігіндегі ашық қара - қоңыр топырақты зонашалардағы егістіктер түгелдей егістіктен шығарылды. Бұл жағдай да еліміздің тәуелсіздік алғанының жемісі екендігі түсінікті. Бұл аймақ негізінен мал шаруашылығымен айналысатын болды [1, 28 - 32 6].
- Қүрғақ дала мен шөлді дала зонасының оңтүстігінде кең алқапты құба және сүр - құба топырақты шел зонасы алып жатыр. Көлемі 119,2 млн га, Қазақстан жерінің 43,7 % Ауадан түстені ылғал мөлшері бар болғаны 120 - 170 мм. Бұл аймақ аз өнімді жайылымды жерлер,негізінен уақ мал мен түйенің жыл бойы жайылатын кең алқабы. Егіншілік тек қолдан суарған жағдайда болады, бірақ оған су көздері жетісе бермейді. Суармалы егіншілік тек Сырдария, Іле, Шу т.б таудан аққан өзендер бойында. Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік - шығыс биік таулу аймақтарында күрделі климаттық топырақ зоналары, (биіктік білдеулік) орын алады. Майдарақ зонащаларды бір - біріне қосып таулы аймақтарда негізгі екі зонаға белуге болады.
- Таулардың төменгі етектеріндегі шөлді дала зонасы, топырақтары сүр және ашық қара - қоңыр. Біршама жерлері суармалы егіншілікке ,біршама жерлері суарылмайтын Егіншілікке,ал жалпы басым жерлері мол өнімді мал шаруашылығына пайдаланылады.Таудың әсерінен бүл зона түсетін ылғал 250 - 400 мм жетеді. Біраз жерлерінде жидек жемісті бұталар мен ағаштар. Көлемі 18,9 млн га республика жерінің 6,9 % - ы.
- Таулардың биіктеу етектері мен тау аралық дала, таулы - орманды далалы, шалғынды - орманды және шалғынды зоналар,топырақтары күңгірт қара - қоңыр, қаратопырақтар мен таулы орманның сүр және таулы шалғынды топырақтар. Ауданға түсетін ылғал мөлшері 450 - 850 мм. Негізінен мал шаруашылығы үшін жоғарғы өнімді жайылым, орман шаруашылығы жерлері,біршама суарылмайтын егіншілік, жемісті ағаштар. Көлемі 18,2 млн га республика аумағының 6,7 % - ы.
Қазақстанның қысқаша топырақ климаттық сипаттамасынан қазақ жерінің басым бөлігі құрғақ шөлейт және нағыз шөл зоналарда орналасқанын көріп отырмыз. Орташа есеппен мұндай аймақтар Қазақстан жерінің 80 % жуық ауадан түсетін ылғал тек солтүстік облыстар мен орталық облыстарымыздың терістік шеткі бөліктерімен оңтүстік шығыстағы таулы аймақтардың біршама етектерінде егіген егістерді қамтамасыз етеді. Сонымен ерте заманнан - ақ қазақ жеріндегі егіншілік шамалы орын алды,ал оның сурамалы егіншілікпен айналысу оңтүстік аймақтарда түратын орыс украин, өзбек, ұйғыр халықтарының үлесіне тиді. Жергілікті қазақ халқы атам заманнан негізінен мал шаруашылығымен айналысып, тігуі де, жығуы да оңай киіз үйлермен Қазақстанның кеңбайтақ жерлерінде көшіп - қонып жүрді. Ескеретін мәселе, қазіргі сәнге айналған «экология» мамандығы туралы ол кездегі мал бағушы жергілікті халықтың түсінігі болмаса да, көп жылдық тәжірибелеріне сүйеніп, жайылымдарды экологиялық бүзылулардан сақтап тиімді пайдалана білді [2, 118 - 120 6].
Мұдай жағдай XX ғасырдың алғашқы жылдарына дейін жалғасты. Мысалы, 1913 жылы Қазақстан халқының 90 % - ы тек осы мал шаруашылығымен айналысатын еді. Қазан төңкерісіне дейін бүкіл Қазақстан бойынша суармалы жер көлемі шамамен 500 мың га еді. Басым түрде бүл жерлерде бйдай, арпа, тары егілетін. Мойындауымыз керек, Қазақстанда суармалы егіншіліктің өріс алуы қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік заманмен байланысты, оның себебі де түсінікті. Суармалы егіншілікпен айналысу оңай шаруа емес, ол күрделі инженерлік құрылыс жүйесі. Суармалы егіншілік үшін барлық жерлер қатарынан жарай бермейді, ол үшін міндетті түрде топырақтың майда уақталған қабаты жеткілікті, зиянды тұздар аса мол болмай, жер беті бір бағытқа еңісті тегіс болуы және жер астының да бір бағытқа қарай еңісті болуы керек. Мұндай болған жағдайларда көп мәселелерді қолдан жасауға тура келеді. Міне бүл жүмыстарды қолында ешқандай техника жоқ, суармалы егіншілікпен үлкен масштабта айналысудан ешқандай тәжірибесі жоқ жергілікті халық жүргізуге шамасы келмейтін еді. Кейін әлемде ең жер көлемі үлкен, құдіреті де күшті кеңес мемлекеті орнап, оның құрамына кіретін барлық 15 одақтас республикалар бойынша жоғарыдан бекітілген бес жылдық жоспарлар бойынша халық шаруашылығымыздың барлық салалары өрістей бастады. Ауылшаруашылық саласында В.И. Ленин қол қойған алғашқы деректердің бірі - жер туралы болып, бүкіл еліміздегі жерге деген жекеменшік жойылып, оның барлығы мемлекет, бүкіл халық меншігіне өтті. Одақ бойынша барлық аймақтарда кеңшарлармен (совхоздар) үжымшарлар (колхоздар) ұйымдастырылып барлық жерлер солардың иеліктеріне берілді. Негізінен мал шаруашылығымен шұғылданатын Қазақ халқының миллиондаған малдары мемлекет меншігіне тәркіленіп, бүкіл халық бүрынғы көшіп - қону орнына, тұрақты отырықшылыққа айналып, кеңшармен ұжымшарларда жұмыс істеуге көндікті. Сонымен республикамыздың оңтүстік өңірлерінде жоспарлы түрде ғылыми - негізделген жүйемен суармалы егішілік өрістей бастады. Еліміздегі бүрыннан өсіріліп келе жатқан дақылдармен қатар көптеген жаңа дақылдар өсіріліп, олар Қазақстан өздерінің жаңа отандарын тапты. Республикамыздағы суармалы егістің басым көпшілігі (85пайыздан астамы) жер, су, күн райының қолайлы жағдайларына байланысты оңтүстік өңіріндегі төрт облыста (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда)орналасқан. Сондықтан осы облыстардағы суарамалы егіншілік жайларына біршама тақталайық. Дегенмен бүл облыстардан басқа аймақтарда суармалы егіншілік тіпті жоқ деуге болмайды. Мысалы, Қызылорда облысымен шектесіп жатқан Ақтөбе облысының ойлы ауданында әлемге аты шыққан ақ тарының атасы атанған даңқты Шығанақ Берсевтің тарының суармалы гектарынан өнімді 200 центнерге дейін жеткізіп, әлемдік рекордқа жеткізгенін айтсақ та жеткілікті.
Жоғарыда айтылған торт облыста суармалы егіншіліктің даму жағдайлары бірдей емес. Мәселен, Қызылорда облысында барлық егіншілік тек суармалы жағдайда мүмкін, яғни егіншілік 100 % суармалы, Оңтүстік Қазақстан облысында суармалы егішіліктің үлесі 90 % - дан асады, ал Жамбыл мен Алматы облыстарында суармалы егіншіліктің үлестері бүкіл егіншіліктің 70 - 80 % түзеді. Біршама егістіктер тау етегіндегі суармайтын егістіктер. Сонымен қатар әр облыстарда егілетін егістіктер түрлеріде тібиғи климаттық жағдайларына байланысты әртүрлі. Енді осы мәселелерге шамалы шолу жасайық.
Қызылорда облысы ежелден - ақ біршама суармалы егіншілікпен айналысып келе жатқан облыс . Бұған кезіндегі мол сулы Сырдария өзеніңің облыс орталығын басып өтетіні көп септігін тигізген.Бұрынғы кездері суармалы жерлердегі негізгі дақылдар қызылорданың тәтті қауындары, көкөністер, малазықтық шөптер болған. Кеңес үкіметі кезінде бүл аймақта басты дақыл болып күріш егіліп , бұл өңірде ол нағыз екінші отанын тапты . Кезінде Қызылорда облысында Кеңес үкіметінде өндірілетін күріштің 25 - 30 % өндірілетін Жалпы өнім жөнінен ғана емес, әр гектардан алынатын өнім жөнінде облыс алдыңғы орындарда болды. Әлемге аты шығып екі рет ие болған Ыбырай Жақаев күріш егісінің әр гектарынан 1947 жылы 171 центнерге дейін өнім алып , дүниежүзлік рекорд жасағаны белгілі.
Облыстағы суармалы жер көлемі 1960 - 1970 жылдары 250 - 300 мың гектарға жеткенімен, кейінгі Арал дағдарысынан кейін біршама кеміп, 200 мың гектардай, оның жартысына жуығына күріш егуге мүмкіндік бар. Күріштен жоғарыда айтылғандай рекордтық өнім алнғанымен жалпы облыс бойынша орта есеппен гектарынан 35-40 центнерден өнім алынуда [3, 66 - 70 6].
Ескеретін жағдай облыстағы суармалы егістіктердің барлық көлемдері Сырдария өзенінің көне дәуірде ағып өткен өзен (алювиалды) шөгінділерінен түзілген жербетінде және жерасты ағындары өте нашар жазықтар. Мұдай жағдайларда егістіктерді суарған кезде,әсіресе күріш сияқты суды өте мол пайдаланатын дақылдарды суара бастаған алғашқы жылдардан - ақ топырақ
астында ыза су қабаты (грунтовая вода) пайда болып, оның деңгейі жылдан - жылга жер бетіне жақындай түседі. Міне осы суармалы жерлердегі жерасты ыза сулары осы аймақтардың топырақтарының мелиоративтік жағдайларын нашарлататын басты фактор, кейбір өңірлерде суармалы жерлерді батпақтануға әкеп соқса, көпшілік жағдайда олардың сорлануына (тұздануына) себеп болады. Оның себебі бүл ағынсыз шөлді аймақтарда топырақ және жерасты қабаттарында әдетте суда ерігіш тұздардың біршама қорлары болады. Осы түздар ыза суларда еріп, жер бетіне жақындаған сайын оның мөлшері көбейе түседі. Жер бетіне жақындаған сулар буланған кезде олардың құрамындағы тұздар топыраққа қонып, суармалы жерлерді сорландыруда. Ал сорланған топырақтар егістік өнімін көп төмендетеді, көп жағдайда тіпті жоқ етеді. Сондықтан бұл аймақтарда жерасты ыза суларының деңгейлерін міндетті түрде қолдан реттеуге тура келеді. Бұл аса күрделі қымбатқа түсетін инженерлік құрылыстар. Яғни егістік жерлеріміздің жерастында түзілген ыза суларының деңгейлерін қолдан қазылған терең су қабаты арқылы реттеу. Депутат мырзарың келтірген мәліметтеріне қарағанда облыс егін алқаптарындағы қазыдған 908 шақырым бас және шаруашылық ірі су қашыртқыларының, оған қоса жалпы ұзындығы 10,5мың шақырым ішкі су қашыртқыларының істен шығуы - көптеген суармалы жерлерді жарамсыз еткен.бүл жағдай әрі қарай төзуге болмайтын мәселе.суармалы жеріміз - алтын қорымыз, оны міндетті түрде жоғарғы деңгейде жүргізіп, жерберілген қателерді тез іске қосу керек [4,214-217 6].
Зерттеу нәтижелері
Оңтүстік Қазақстан облысы - республикамыздағы суармалы егістігі мол облыстардың бірі.
Облыстағы суармалы жер көлемі 511,7 мың гектар, оның 392 мың гектарында мақта шаруашылығы. Сонымен бүл облыс республикамыздағы аса бағалы техникалық мақта дақылын өсіретін жалғыз облыс. Кеңес өкіметі кезінде тоқыма өндірісін мақтамен қамтамсыз ету үшін Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан Мырзашөл аймағын мақта өсіруге игеру басталды. Ол үшін Сырдария суын осы аймаққа бүру үшін ірі ирригациялық - инженерлік күрделі жүйелер салынды. Қазақстан аумағындағы Мырзашөл өңіріндегі алғашқы мақта шаруашылығы «Мақтаарал» кеңшары 1924 жылы құрылып, Қазақстандағы мақта шаруашылығын дамытуда аса үлкен рол атқарды. Осы кеңшар жерінде мақта шаруашылығы жөнінен тәжірибе станциясы болып, мұнда аса алдыңғы осы саладағы жетістіктер енгізіліп, сыналып, басқа шаруашылықтарға үлгі болды. Бұл шаруашылықта мақта өнімінен әлемдік реқордтық өнім алынбағанымен аса жоғары өнімдер алынды. Мысалы, звеногжетекшісі У. Ділдебеков 1947 жылы өзіне бектілген 14 гектар мақта егісінің әр гектарынан 65 центнерден өнім алды. Мақта егісі негізінен осы мырзашөлдегі мақтаарал ауданында өсірілгенімен, облыстың Шардара, Сарыағаш, Түркістан аудандарында егіліп отанға тапсыруда, дәлірек айтсақ жылына 400 - 450 мың тонна тапсыруда.
Мақтамен қатар облыс жерінде біршама күріш (Шардара ауданында), бау - бақша, жүзімдіктер, дермене дәрі шөбі, малазықтық шөптер, көкөністердің көп түрлері өсіп жақсы өнімдер берді. Ренішке орай, бүл облыстағы суармалы жерлерінде соңғы 15-20 жылдарда мелиоративтік жағдайлары көп төмендеп, егістіктен шығып қалған жерлер аз емес. Депутат мырзаның мәліметтеріне сүйенсек облыстың суармалы егістік, жерлерінде кезінде салынған (бүрғыланып) 1903 дана тік дренаждық (суқашыртқыларының) 1846 данасы жүмыс істемейді, 4743 шақырым тазаланғандықтан жөнді жүмыс істемеді. Бұл жұмыстарды тез қолға алып жөндеу кезек күттірмейтін мәселе.
Жамбыл облысы. Суармалы жер көлемі облыста 230 - 250 мың гектардай. Бұл жерлерге егілетің негізгі дақыл аса қымбатты қант қызылшасы. Бұрынғы кезеңдерде тіпті егілмейтін бүл дақыл кеңестік уақытта бүл аймақта екінші отанын тапты. Сонымен қызылша өнім жөнінен Жамбыл облысы республикамыздың кезіндегі кеңестік аймақтағы алдынғы сапта болған. 1940 - 1950 жылдары даңқы қызылша өсіруші звено жетекшілері социалистік еңбек ерлері С. Оңғарбаев. Д. Жантоқова. әр гектардан алынған қызылша өнімдерін 700 - 800 центнерге жеткізген. Одан кейінгі жылдары осы апаларының ізбесарлары Т. Байназарова, Т. Абдуллава сияқты қызылшашылар эр гектардан алынған өнімді жыл сайын 600 - 700 центнерге жеткізіп жүрді.
Ренішке орай, соңғы жылдары бұл көрсеткіштер төмендеп кеткені байқалды. Бұл жағдайды көп кешікпей қалпына келтіріп, керісінше жақсарта түсу міндеті тұр. Себебі, қантқа деген сүраныс жылдан жылға өспесе кемімейтіні түсінікті жағдай.
Қызылша мен қатар суармалы жерлерде мал азықтық щөптер, бау - бақшалар, көкөністер, дәнді - дақылдар т.б. өсіріледі. Ескеретін жағдай, суармалы жерлер бүл облыста негізінен тау етектерінде біршама томен қарай еңісі бар жазықтарда орналасқандықтан топырақтың екінші сорлануы, батпақтануы көп байқалмайды.
Алматы облысы. Суармалы жердегі егістіктер көлемі облысқа 470 - 500 мың гектар шамасында. Негізгі дақылдар қант қызылшасы, жүгері, біршама күріш, жеміс ағаштары мен жүзімдіктер ауыспалы егіс жүйесіндегі шөптанақты мал азықтық шөптер және көкөністі дақылдар. Бұрын егілмейтін қант қызылшасы облысқа тек екінші отанын тауып ғана қоймай мұнда әлемдік рекордтық өнімдер алынғаны белгілі. Социалистік еңбек ері атағына екі рет ие болған Н.Алдабергенов өзі басқарғандықтан Мұқыр ауылындағы ұжымдарда 10 гектар жердің әр гектарынан қызылша өнімін 834 центнерге жеткізсе, даңқты звено жетекшісі О.Гонаженко өзінің звеносындағы біршама жерден қызылша өнімін гектарына 1500 - 1600 центнерге жеткізіп, әлемдік рекордтың өнім алған. Ал гектарынан өнімді 400 - 500 центнерге жеткізген бригадалар мен звено жетекшілері кезінде аз болмаған.
1930 жылдары егіле бастаған темекі дақылыда Жетісуда өзінің нағыз отанын тапты деуге болады. Қырым облысында гектарынан небары 12 центнер өнім беретін темекі Алматы темекі кеңшарында өнімді гектарына 35 - 40 центнерге жеткізген .Әлемдік деңгейдегі ең мол өнімді шаруашылық атанды. Алматы төңірегінде АҚШ - тың темекі өңдейтін Филип Морис мекемесін ашу тегін болмаса керек. Жаркент ауданындағы социалистік еңбек ерін екі рет алған «Октябрьдің 40 жылдығы» ұжымшарын көп жыл басқарған Н.Голавацкий кезінде жыл сайын мемлекетке 100 мың центнерден астам қымбатты жүгері тұқымын өткізіп тұрды. Ал жеке жүгері өсіруші М. Ниязова, Т. Ушуров сияқтылар суармалы жердегі жүгері дәні өнімін гектарына 95 - 100 центнерге жеткізсе, сүрлемдік көк балаусадан 500 - 600 центнерге шейін өнім алған [5, 56 - 65 6].
Қорытынды
Қазақстанның қысқаша топырақ климаттық сипаттамасынан қазақ жерінің басым бөлігі құрғақ шөлейт және нағыз шөл зоналарда орналасқан. Орташа есеппен мұндай аймақтар Қазақстан жерінің 80 % жуық ауадан түсетін ылғал тек солтүстік облыстар мен орталық облыстарымыздың терістік шеткі бөліктерімен оңтүстік шығыстағы таулы аймақтардың біршама етектерінде егілген егістерді қамтамасыз етеді. Мойындауымыз керек, Қазақстанда суармалы егіншіліктің өріс алуы қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік заманмен байланысты. Оның себебі де түсінікті. Суармалы егіншілікпен айналысу оңай шаруа емес, ол күрделі инженерлік құрылыс жүйесі. Суармалы егіншілік үшін барлық жерлер қатарынан жарай бермейді. Ол үшін міндетті түрде топырақтың майда уақталған қабаты жеткілікті, зиянды тұздар аса мол болмай, жер беті бір бағытқа еңісті тегіс болуы және жер астының да бір бағытқа қарай еңісті болуы керек. Жоғарыда айтылған төрт облыста суармалы егіншіліктің даму жағдайлары бірдей емес. Мәселен, Қызылорда облысында барлық егіншілік тек суармалы жағдайда мүмкін, яғни егіншілік 100 % суармалы, Оңтүстік Қазақстан облысында суармалы егішіліктің үлесі 90 % - дан асады, ал Жамбыл мен Алматы облыстарында суармалы егіншіліктің үлестері бүкіл егіншіліктің 70 - 80 %түзеді. Біршама егістіктер тау етегіндегі суармайтын егістіктер.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерді қорытындылай келе, айтармыз республикамыздың суармалы жерлері біздің алтын қорымыз, мұнда басқа өңірлерде өсе бермейтін ылғал мен күн сәулесін мол пайдаланатын аса қажетті, қымбатты астықты дақылдар: күріш, жүгері, тары, техникалық дақылдар: мақта қант қызылшасы мен темекі т.б жақсы өсіп тамаша өнімдер береді. Жоғарыдағы келтірілген мысалдар толық дәлел. Ренішке орай, кейінгі жылдары еліміздегі кезінде көлемі 2,5 млн гектарға жуықтаған және өнімі де мол суармалы жерлеріміздің көлемі 1 млн гектарға дейін төмендеп, көптеген суармалы жерлеріміздің мелиоративтік жағдайлары нашарлап, істен шығып кетті. Кеңестік кезеңде бүкіл одақ бойынша және әрбір республикаларда суармалы егіншілік жағдайын бақылап, тексеріп, отыратын арнайы мелиорация және су шаруашылығы министерлігі, олардың облыстық, аудандық, тіпті әр шаруашылықтар өкілдері болатын. Қазіргі кезде бұл мәселелермен айналысатын жоқ сияқты. Біздің ойымызша бүл аса қажетті мәселе.
Қорыта келгенде, Қазақстанда суармалы егіншілікті барынша дамыту кезек күттірмейтін өзекті мәселе болып отыр, себебі, халықтың күннен күнге артып отырған қажетін, арзанда экологиялық таза өніммен қамдау және жаңа жұмыс орындарын ашумен қатар экономикалық тиімділігі жоғары суармалы егіншілікті дамыту біз үшін жалпы кластырлық жүйені жолға қойып отырған еліміз үшін өте пайдалы болмақ.
Әдебиет:
- Оспанов Ө.. Жамалбеков Е. Құнарлы жер - құтты мекен. Алматы, Ғылым, 1983.
- Қазақстанның топырақ жамылғысы мен жер қорлары.оларды бағалау,қорғау,тиімді пайдалану. Оспанов.Ө, Жамалбеков.Е. 2ОО5.Қазақ университет!.
- Мемлекет арасында суды дұрыс белу қажет.
- Әуелбек Зәуірбек, Жас қазақ 2007 жыл 8 маусым.
- Суармалы жеріміз - бсрске бастауы. Е.Жамалбеков, Егемен қазақстан,2006 жыл 25 қараша.
- Имангазиев К. Егіншілікте тыңайтқыш колдану жүйесі. Алматы. Қайнар.