Mentha негізінде антиоксиданттық қасиеті бар ӛсімдіктердің әсер ету механизмін зерттеу

Андатпа

Жалбыздың антиоксиданттық белсенділігін дәлелдеу негізінде оның құрамы мен қасиеттері жан - жақты қарастырылды. Мақалада ЯМР - спектроскопиясы әдісімен қарастырылған жалбыздың (Mentha) зерттеу нысаны ретінде және күрамы туралы нәтижелері келтірілген. Зерттеудің нәтижесінде жалбыздың күрамында бос радикалдарды байланыстырып, тотығу - тотықсыздану процестерін баяулататын ортақ қасиетке ие заттардың кіретіні дәлелденді.

Kipicne

Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары. Биологиялық белсенді заттарға жататын флавоноидтардың көзі - өсімдіктер болып табылады. Көптеген дәрілік өсімдіктердің құрамында белгілі мөлшерде полифенолды қосылыстар болады және де олар сол өсімдіктің шипалық қасиетін анықтайды. Ең көп сұранысқа ие дүние жүзілік дәрілер көрсеткішінің ішінде тұрған антиоксиданттық қасиет көрсететін өсімдіктің бірі - жалбыз [1].

Жалбыз (Mentha) - еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты өсімдік. Ол - хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тік, жапырақтары қарама қарсы орналасқан болады. Оның дала жалбыз, су жалбызы, бүйра жалбыз, кермек немесе бүрыш жалбыз секілді маңызды түрлері бар. Жалбыздың жапырағы мен гүл шоғынан жалбыз эфир майы алынады. Бұл майдың негізгі қүрам бөлігі - ментол. Қүрамында шайырлы және илік заттар, каротин, гесперидин, аскорбин, хлороген, кофейн, урсол және олеанол қышқылы, аргинин, рутин, глюкоза, бетаин, бейтарап сапонин, фитостерин кездеседі [2].

Биіктігі 80 - 100 см. Сабагы торт қырлы күрең - күлгін түсті. Жапырағы ұзынша, жұмыртқа пішінді, қысқа сағақты, тақтасының жиектері ара тісті иректелген жай жапырақ. Сабаққа қарама қарсы орналасады. Жапырағын саусақпен уқалағанда жағымды иіс шығады. Себебі, жапырағында 5 % эфир майы болады [3].

Жалбыздың емдік қасиетін анықтау үшін жан - жақты талдау жүргізілді.

Жалбыздың түпнұсқалығы

Түпнүсқалық - дәрілік өсімдік шикізатының қүжаттама көрсеткіштеріне сай болуы.

Құжаттама көрсеткіштеріне сай келетін қоспалар: сабақтар - 10 % артық емес; қара жапырақтары - 5 % артық емес. Органикалық қоспалар: 3 % аспайды. Минералды қоспалар: 1 % артық емес.

Кептірілген кезде массаның жоғалуы: 14,0 % артық емес. 2000 г үгітілген шикізат (2000) 100 oC мен 105 oC температурада кептіріледі. Жалпы золі: 14, 0 % артық емес. Тұз қышқылында ерімейтін золь : 6,0 % аспайды [4].

Кесте 1 Жалбыздың энергетикалық құндылығы

Атауы

100 грамм шөптегі концентрациясы

Cy

78,65

Тағамдық талшықтар

8,0

Көмірсулар

6,89

Ақуыздар

3,75

Зольдер

1,76

Майлар

0,94

33

Дәрумендер

Макроэлементтер

Микроэлементтер

витамин A (РЭ)

212 мкг

Кальций

243 мг

Железо

5,08 мг

витамин B1 (тиамин)

0,082 мг

Магний

80 мг

Цинк

1,11 мг

витамин В2 (рибофлавин)

0,266 мг

Натрий

31 мг

Медь

329 мкг

витамин ВЗ (пантотеновая)

0,338 мг

Калий

569 мг

Марганец

1,176 мг

витамин В6 (пиридоксин)

0,129 мг

Фосфор

73 мг

   

витамин В9 (фолиевая)

114 мкг

       

витамин C

31,8 мг

       

витамин PP (ниациновый эквивалент)

1,706 мг

       

Кесте 2 Жалбыздың химиялық құрамы

Зерттеу әдісі

ЯМР - спектроскопия әдісі арқылы жалбыз жан - жақты зерттелді. Спектрлер «Jeol» (Япония) компаниясының JNN-ECA 400 спектрометрінде тіркелген. Спектрометрдің жиілігі 1H ядросында 400 MTц - ті құрайды. Зерттеу D2O еріткіш қолдана отыра бөлме температурасында жүргізілді.

Функциональды топ сигналдары бойынша мәліметтер:

  1. 0,53 - 2,03 миллионды үлес сигналдары аралыгында ментол байқалды;
  2. 2,06 - 4,41 миллионды үлес сигналдары аралыгында флавоноидтар жэне сапониндер байқалды;
  3. 6,05 - 8,36 миллионды үлес сигналдары аралыгында ароматты көмірсутектер болатынын көрсетеді.

Кестеде 3 берілген мәндер зерттелетін заттың белгілі бір бөлігінің немесе тобының сигналдарын байқау үшін қолданылады.

Сигнал

Функциональды топ

Мул ътиплеттігі

6, ppm

1

CH3-, CH2

S

0,53-2,03

2

CH2-, CH-

s, d, t

2,06-4,41

3

Ароматты көмірсутектер

S

6,05-8,36

Кесте 3 Жалбыздың функциональды топ компоненттері мен мультиплеттігі

Зерттеу нәтижесі

ЯМР - спектрометрия әдісі бойынша 1H ЯМР спектрлері негізінде салыстырмалы түрде жалбыздың сулы және сулы - спиртті сығындысының қүрамындағы функционалды топтары анықталды.

Жалбыздың құрамын ЯМР - спектроскопиясында зерттей отыра қүрамында көп мөлшерде ментол, сапониндер, флавоноидтар, фенолдар және т.б. органикалық заттардың бар екендігі анықталды. Жалбыздың құрамындағы флавоноидтер, ментол, органпкалық қышқылдар, фенолдар оның антиоксиданттық қасиетін анықтайды.

Қорытынды

Биологиялық мембраналардың липидтік қос қабатының тотығу процесі адам ағзасында әр түрлі патологияларға бастама болады. Қазіргі таңда осы зиянды реакциялар тізбегін тежеу үшін антиоксиданттық белсенділігі айқын байқалатын флавоноидтар класының қосылыстарын қолдану кеңінен етек алуда. Фенолдарға ароматты сақинамен байланысқан бір немесе бірнеше гидроксотоптан тұратын қосылыстар жатады. Фенол және оның туындылары жануар мен өсімдік

жасушаларында антиоксиданттық қасиет көрсетеді. Жалбыздың құрамындағы шайырлы және илік заттар, каротин, гесперидии, аскорбин, хлороген, кофейн, урсол және олеанол қышқылы, аргинин, рутин, глюкоза, бетаин, бейтарап сапонин, фитостерин флаваноидтер, ментол оның антиоксиданттық қасиетін сипаттайды.

 

Эдебиет:

  1. «Гүлстан» республикалық ғылыми - танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078 - 6727.
  2. Мята // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона : в 86 т. (82 т. и 4 доп.). - СПб., 1890 - 1907.
  3. Маланкина Е.Л. Сорта мяты. КЦ Зеленая линия. Проверено 16 сентября 2013.
  4. ГОСТ 23768 - 94 ЛИСТЬЯ МЯТЫ ПЕРЕЧНОЙ ОБМОЛОЧЕННЫЕ. Технические условия.
Жыл: 2018
Категория: Биология