Аңдатпа
Бұл мақалада қазақ әліпбиінің латын графикасына көшу мәселесі қарастырылған. Жаңа реформаның алдын - алған тарих процесстерге, дамудың үздіксіз үрдісі мен тарихи сабақтастығына сараптама беріліген. Автор Тәуелсіздікке қол жеткізген, жаңа мемлекеттің қалыптасуынан кейінгі өзгерістердің негізділігі мен қисындылығын дәлелдеу мақсатын аддына қояды. Филология ғылымынң дамуында жаңа бір кезеңнің басталуы латындандыру бойынша жаңа зерттеулерді қажет етеді. Соған байланысты мақалада келтірілген ақпарат өз болашағын қазақ тілін зерттеу мен дамытумен байланыстыратын мамандарға пайдалы болуы мүмкін.
Kipicne
Қазақ тілі Мәңгілік Елдің - мәңгілік тілі
Нурсултан Назарбаев
Qazaq tili Ma'n'gilik Eldin' - ma'n'gilik tili
Nursultan Nazarbaev
Егемендік алған еліміз мемлекеттік реформаларды бірінен соң бірін қабылдап жаңа өмірге бағыт алды. Басымдыққа ие болған экономикалық реформалар уақыт талабы еді. «Алдымен экономика, содан соң саясат», деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіздігіміздің тұғырын бекіткен тұста айтқан сөздері жас елімізге қанат беріп, ілгері дамуға жол ашты. Нәтижесінде әлеуметтік реформаларға да жол беріліп, стратегиялық жоспарлар қабылданды. «Қазақстан - 2030» және «Қазақстан - 2050» Стратегиялық жоспарлары еліміздің келбетін, өзгертіп, қаңырап жатқан өндіріс орындарын іске қосты, жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың әл-ауқаты көтерілді. Өмірдің барлық салаларын қамтыған бул реформалар білім беру саласына да жетті. Еліміздің білім беру саласындағы реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгертулер мен жаңалықтар барлық қазақстандық отбасыларды ойландырды. Себебі, білім беру - болашақ капиталы. Әрбір ата - ана осыны жетік түсінеді.
Бәсеке ұғымы нарықтық заманға аяқ басқан еліміздің экономикасына ғана емес, адам капиталы саласына да жетті. Қазіргі заман рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімді, жан - жақты ақпараттандырылған мамандар бәсеклесетін уақыт. Болашақ ұрпақққа сапалы білім беру, бұл ата - ана мен оқу орындары жұмылып тыңдыратын шаруа. Елбасы бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман деп жастарға бағыт - бағдар беруде. Қабыданған стратегиялық жоспарлардың, Президент Жолдауларының барлығында білімді ұрпақ тәрбиелеу ісі алдыңғы орынға қойылған. Біздің әлеуметтік - экономикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық - саяси өмірдегі ұстанымына, олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Білім саласын реформалау жоғарыда аталып кеткен міндеттерден туындауда.
Зерттеу әдістері
Зерттеу барысында сипаттамалы - салыстырмалық әдістерді қолдана отырып, қолға алынған реформалардың нәтижесін анықтауға баса көңіл аударылды. Білім беру жүйесіндегі реформаларды бастамастан бұрын мемлекет олар үшін құқықтық негіз қалады. 1992 жылдың 18 қаңтарында «Білім туралы» заң, 1993 жылдың 10 сәуірінде «Жоғары білім туралы» заң қабылданды. Олар ұлттық білім беру формаларының қолжетімділігін, зайырлы сипатын, үздіксіздігі мен әртүрлілігін базалық принцип ретінде көрсетті. Елдің жаңа білім беру жүйесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш (1-4 сыныптар) жэне орта (7-11 сыныптар) мектептер, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім сияқты бес деңгей бойынша қарастырылды [1; 81]. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың үш тілді оқып-үйренуге байланысты жұмыста, мемлекеттік тіл бірінші орында болып келеді, - деген сөздері қазақстандықтар үшін маңызды жолдау болды. Еліміздің барлық аймақтарында үш тілді меңгергендер саны жыл сайын өсуде. Қазіргі уақытта олардың саны 16 % - ға жетті. Үш тілді меңгеру болашаққа жолдама екендігін жетік түсінген азаматтар саны көбеюде.
«Біз үштілділікке бағыт алдық және бүл - уақыттың таңдауы. Мемлекеттік тілді, үлт құраушы этностың тілін білуге біз міндеттіміз. Сондықтан да балаларымызға қазақ тілін мектеп партасына отырғаннан бастап оқытамыз. Біз сонымен қатар, ағылшын тілін де білуіміз керек, өйткені бұл - инновация мен технологияның тілі. Орыс тілін үлтаралық қарым - қатынас тілі ретінде білудің маңызы зор» [1, 436 б.]. Яғни, Елбасымыз болашағы зор ел болудың негізі білімді ұлт тэрбиелеуде екендігіне баса назар аударуда.
Халқымыз ежелден тіл абыройын биік көтеріп, «Өнер алды қызыл тіл» деп, сөз өнерін бар өнердің алдына қойып, жоғары бағалаған. Жоғары білімі бар маман даярлау ісінде үштілділікке көшу реформасына ерекше мэн берілуде. Бұл бағытта жұмыстар қарқынды іске асырылып жатыр. Қазақ жэне орыс тілдерін игеру сияқты ағылшын тілін үйрену эрбір қазақстандыққа міндеттеліп отыр. Әрине бүл жоспарды орындау үшін тек қана қаражат қана емес, білікті мамандар мен жастардың талпынысы қажет. Инновациялық жүйелерді оқу процесіне жан - жақты енгізу мақсатында мұғалімдерді қайта даярлау мэселесі қолға алынып, үкімет жэне жергілікті билік тарапынан қолдау көрсетілуде.
26 қазан 2017 жылы Қазақстан Республикасының Президент! Нурсултан Әбішұлы Назарбаев қазақ эліпбиін латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойып, тарихымыздың жаң бір беін ашты. Ендігі сэтте қазақ эліпбиінің өзгеруі және дамуына көз жүгіртіп, тамыры терең тарихымыздаға латын эліпбиінің екінші мәрте енуіне ой елегін салайық.
Соңғы 100 жылда қазақ эліпбиі екі рет ауысып үлгерді. X - XX ғғ. ширегінде Қазақстанның кең даласын мекендеген халықтар арасында араб әліпбиі ресми таралған болатын. Онда 29 эріп пен жіңішке дауыстыларды белгілейтін «хамза» белгісі болды. Әліпбидегі эріптерді жазу парсы стилінде жүргізілді. Сөздер оңнан солға қарай жазылды.
1924 жылы эліпби қазақ фонетикасының ерекшелігіне сэйкес қайта өңделіп, қолданысқа енгізілді. 1929 жылы оны латын эліпбиі - яналифке толықтай ауыстырды. Бір эліпбиден екінші эліпбиге көшу қызу талқылаулар негізінде 1924-1927 жылдар аралығында 3 жыл уақыт мерзімге созылды. Арабтанушылар мен латынтанушылар арасында қызу дискуссия жүріп жатты. Оның мэні қазақ тілінің ерекшелігін жаңа эліпбидің жеткізе алуы, не жеткізе алмауында еді.
Араб графикасын қазақтың ақыны, эдебиеттанушысы Ахмет Байтұрсынов қолдады. 1912 жылы А.Байтұрсынов араб эліпбиіне негізделген қазақ жазуына алғаш өзгерістер жасады. Ол қазақ тілінің басқа түркі тілдерінен ерекшелігін анықтап, ұлттың өзіне тэн дыбыстарын белгілейтін таңбаларды енгізді. Байтұрсынов емлесі қазақ жазуы тарихында «жаңа емле» («төте жазу») деп аталып, халықты сауаттандыруда ірі бетбұрыс жасады. Емле 1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде, 1929 жылға дейін кеңестік мектептерде қолданылды.
Әліпбидің бұл түрін осы уақытқа дейін шекара асып кеткен қандас бауырларымыз, әсіресе Қытай елінде қолданады. Араб графикасының жойылуына қарсы шыққан А. Байтүрсынүлы келесі дәлелдерді келтірді:
1. Латын әріптері қазақ фонетикасы ерекшеліктерін жеткізуге лайық емес. Әліпбидегі 26 әріптен тек 15 өзгертусіз, ал 7-і әртүрлі нүсқалармен қолданылады. Ал қазақ әліпбиі 1924 жылдан тек қана араб жүйесінің 24 белгісін (19 өзгертусіз, ал 5 - і аздаған өзгертулермен) қолданды.
2. Латын графикасы негізіндегі қазақ әріптерін баспа өнімдерін дайындауға әзірлеу үшін жартысынан көп бөлігін толықтай ауыстыру қажет [3].
Бұл дискуссияда өз пікірлерін латын графикасын қолдаушылар да білдірді. Олардың жетекшісі қазақ тіл маманы Тельжан Шонанов араб жазуының кемшіліктерін келтірді:
- Диакратиялық таңбалар (жолдың үстіне немесе астына қойылады, онсыз дыбыс басқаша оқылады) әліпбиді үйренуді қиындатты;
- Әріптердің сөздегі орналасуына байланысты әртүрлі таңбалануы;
- Әріптердің анық емес жазылуы, оны оқуды қиындатты [3].
Араб жүйесінің тиімсіздігін дәлелдеуде басты ұстаным болған, фонетикалық өзгешіліктерді әлсіз жеткізіп, термешілердің жүмысын қиындатты. Республика басшылары жаңа әліпбидің қолданыстағы жеңілдігін алға тартып, енгізуді жөн көрді. Сонымен, латын графикасының еліміздегі күрделі жолы басталды. Жаңа әліпбиге көшу халыққа біраз қиыншылықтар әкелді. Латын жүйесін ұлттық тілге бірыңғайлау үшін арнайы комитет құрылып, 1928 жылы конференцияда латын графикасындағы қазақ әліпбиі бекітілді. Ол 29 әріптен тұрған еді.
ҚазАКСР-і Орталық Атқарушы Комитетінің 14 желтоқсан 1928 жылы қабылдаған декреті консерваторлық көзқарастағы (араб графикасын қолдаған) және жаңашыл көзқарастағы (латын графикасын қолдаған) түлғалардың арасындағы пікірталасқа нүкте қойды. Дегенмен, тарихқа үніліп қарайтын болсақ, басқа түркітілдес халықтармен салыстырғанда қазақ жерінде латын графикасын енгізу сәл кешірек өтті. Оның бір себебі, әрине Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми негізделген араб графикасы негізіндегі әліпбиінің дайындалып, халық арасында кеңінен қолданылуы. Алайда, жаңа әліпбидің тағдыры ұзаққа бармады. 1930 жылдың өзінде-ақ кеңес үкіметі мемлекеттің жазбасын жалпылама «кириллицаға» көшіру идеясын алға тартты. Кириллицаға көшу 10 жыл уақытқа созылды. Әліпбиді әзірлеу күрделі үрдіске айналды. 1940 жылы кириллицаға негізделген қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, түркітанушы Сарсен Аманжолов өз нұсқасын ұсынды. 41 әрптен тұрған бүл нұсқада: 32 әріп орыс жазбасында кеңінен қолданылса, 9 белгі қазақ тілінің ерекшелігін жеткізді.
Зерттеу нәтижелері
Сонымен қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929 - 1940 жылдары латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда.
77 жыл уақыт өте латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің қайта оралатының әрине ешкім ойламаған. Осы жолы да басқа түркітілдес халықтардың тәжірибесін ескеріп, терең зерттеулер жүргізгеніміз абзал. Мәселен, 1993 жылы өзбек тілі қайта латын тіліне көшіп, қазіргі кезге дейін қолданып келеді. Өзбек латын тілінің ерекшелігі - арнайы символдар мен диакритикалық белгілердің жоқтығы (тек апострофтар бар). Классикалық латын кириллицамен салыстырғанда 7 әріпке кем, сондықтан арнайы белгілер мен символдардың жоқ болу есебінен кейбір әріптерді екі еселеуге тура келеді. Нәтижесінде апострофпен қосқанда 29 әріптен тұратын өзбек латын әліпбиі құрылған. Сол сияқты Әзірбайжанда 1925 жылдарға дейін ресми әліпби рөлін араб тілі атқарды. 1926-39 жылдары латын әліпбиін қолданса, 1940-2001 жылдары кириллица, одан кейін 2001 жылы қайта латын әліпбиіне көшті.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевиың көрегендігі мен ерік - жігерінің нәтижесінде, жаңа әліпбиді енгізу 1917-2025 жылдар арасында жүреді. 70 жыл бүрын жүрген пікірталас бігінгі күніде билік басындағы азаматтар, интеллегенция, халық арасында да орын алуда. Нәтижесінде оңтайлы әліпби мен оған сәйкестендірілген орфография жасау көзделген. Ғалым - лингвисттердің айтуынша кемшіліксіз әліппе болмайды. Уақыт өте барлық тілдер фонетикалық өзгертулерге, тілдік кодтың оңтайлануына ұшырайды, Одан басқа жалпы қабылданған халықаралық стандартқа сай терминдердің енуі де қажетті үрдіс.
Латын графикасына көшу үлтымыздың шынайы Тәуелсіздігінің белгісіне айналады, дамыған елдермен тығыз қарым - қатынас орнатып, жаһандану заманында көш алдында болуға жол ашады. Санамыз рухани жаңғырып, болашаққа үлкен сеніммен қадам басуға септігін тигізеді. Болашақ жастардың әлемге интеграциялануына мүмкіндік ашатын латын графикасына кошу ісі сәтті бастауын алды деп айтуға толығ негіз бар.
Елбасы Жарлығымен қабылданған латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиіндегі өзгерістерге көз жүгіртсек. «Ә» әрпін А’, «Ө» әрпін О‘, «Ү» әрпін U‘, «Ғ» әрпін G’, «Ң» әрпін N’, «I і» әрпін I і, «Ш» әрпін S’, «Ч» әрпін С‘, «У» әрпін Ү‘ деп, апокрифпен белгілеген 32 әріп бар. Ең үздік деп танылған бүл әліпби халықтың басым көпшілігінің көңілінен шықты.
Қорытынды
Елбасы Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет», - делінген. Латын әліпбиіне көшу бүл үрдіске оңтайлы қарқын береді деген үміттеміз. Сондықтан да, ел болашағы үшін барлығымыз жұмыла осы бағытта жүмыс істеуіміз керек.
Әдебиет:
- Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік дәуірі. - Астана, 2017. - 508 б.
- Қазыбек Иса. Латын әліпбиі - Рухани Тәуелсіздікке жасалған жарқын қадам! Қазақ үні ұлтгық порталы, https://www.qazaquni.kz/2017/11/01/76660.html.
- Елбасы Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы. http://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-n- nazarbaevty n-kazakstan-halkyna-zholdauy-2018-zhy Igy-10-kantar.