Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Алаш философиясының үш анығы

Ацдатпа

Мақала Алаш философиясының қүрылымдық жүйесіне арналған. Жүргізілген зерттеудің негізінде, автор қазақ философиясы контексінде Алаш философиясының іргелі бірнеше бағыттарын ұсынады: Алаштың саяси философиясы; Алаштың білім философиясы; Алаштың ғылым философиясы. Мақалада Алапі философиясының феномендік қүбылыс екені. онда этнотұтастық таным барлығы жан- жақты ашылған.

Kipicne

Өркениет жолына түскен Қазақ Елінде қазақ философиясы қалыптасты. Қазақ философиясы негіздерінің бастысы - Елдік сана тәуелсіздік алған жылдары жақсы бой көрсетті. Ал, сол қазақ философиясындағы Елдік сананың бастауы - Ел болу идеясының қайнары қайда еді? Қазақ философиясының ежелгі бастауы - түркі философиясы болса, жаңа замандағы қайнары - Алаш философиясы болатын.

Біз осы ойымызды, осыдан он жыл бурый Астана қаласының әкімдігі мен Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Елорданың 10 жылдығы мен Алаш қозғалысының 90 жылдық мерейтойына арнап «Әлем қазақтарының рухани сүхбаты: тіл, мәдениет және Алаш мұраты» атты халықаралық конференция ұйымдастырған кезде «Алаш философиясы әлем қазақтары мэдениеті контексінде» детей тақырыпта жасаған баяндамамызда айтқан едік. Сол баяндамадан үзінді келтірейін: «Ұлттық танымдағы ізденістер өз кезегін тосып тұр. Сол ізденістің бірі, бүгін алғаш рет осы мінбеде ұсынылып отырған - Алаш философиясы. Мен Алаш философиясы Қазақстан өркениетін қалыптастырудағы қазақ философиясының алтын қазығы деп танимын. Бұл бүгін айтылмағанмен, ертең айтылар ақиқат» [1, 163].

Шындығында, Алаш философиясы - феномендік қүбылыс, этнотүтастық таным барлығының(болмысының) көрінісі.Қазақ халқының біртұтас үюына ғаламат ықпал еткен, еркіндік рухына ту байлаған Алаш философиясының ашылмаған анықтары көп. Бүгін сол Алаш философиясының концептуальды үш анығына тоқталмақпын. Алаш философиясының тайға таңба басқандай үш анығы қайсы? Оларды түстеп айтсақ, мыналар- Алаштың саяси философиясы, Алаштың білім философиясы жэне Алаштың ғылым философиясы.

Бірінші анық туралы ой.Қазақстан Республикасының Президент! Нурсултан Назарбаевтың ширек ғасырда жүргізген сарабдал саясаты - Қазақ Елін элемге танытып қана қойған жоқ, қазақ саяси философиясының феномендік қубылыс ретінде қалыптасуына жол ашты. Әлем қазақтың саяси концепциясына назар аударды. Ендеше ол- қазақ философиясының ғылыми айналымға молынан қосатын метатақырыбы. Бір ғажабы, қазақтың саяси философиясының бастау қайнарының бірегейі - алаштың саяси философиясына алғаш назар аударған да - Елбасы болатын. Өзінің «Алаш мұрасы жэне осы заман» мақаласында арнайы терец тоқталған, соған назар аударайық: «Ұлттық саяси ұйымның жасақталуының өзі отандық тарихымызда жеріне жете зерделенбей келеді. Оның үстіне кезінде «Алаш» партиясының жетекшілері усынған көптеген қағидалар бүгінгі күнге дейін өз маңызын сақтап отыр» [2, 153 - 181].

Шындығында, Елбасы айтып отырған «бүгінгі күнге дейін өз маңызын сақтап отырған көптеген қағидалар» қайсы? Алаш алыптары ұсынған саяси қундылықтар болмысы қандай еді? Осы сауалдар жауап іздейді. Патшалық биліктің Қазақ жерін отарлау саясатының шегіне жетуі, өзіне «бумеранг» болып тиді. Сана оянды. Алаш идеясының нэтижесіндеАлаш қозғалысы дүниеге келіп, «Алаш»партиясы мен Алашорда(¥лт кеңесі) үкіметі құрылды. Алаш танымы сананы өзгертті, санада бар нэрсені оятты.Елдік сананы оятқан саяси танымы биік тұлғалар мақсаты не? - деген сауалға академик Мэмбет Қойгелді еңбегінде мынадай ой айтқан: «Егер біз қазақ зиялыларының қызметін алдын ала дайындалған белгілі бір идеологиялық схемаға салмай нақты деректерге сүйене отырып, объективті негізде халық өмірімен, оның сол тұстағы негізгі табиғи мүдделерімен байланыста қарар болсақ, онда патшалық тэртіп жандарм орындары айтқандай «сепаратист! к» эрекетті де, большевиктік идеологтар «дэлелдеп» қойған «буржуазиялық ұлтшылдықты» да көрмейміз, қайта империяның темір құрсауындағы елін бостандық, теңдік жэне туысқандық жолына алып шығу үшін өздерінің азаматтық күш - қуатын, адамдық бар қасиетін арнаған ерліктің үлгісін көреміз» [3, 467]. Бүдан нені байқадық, алаштың саяси философиясының тірек ұғымдары - ел бостандығы, теңдік, туысқандық, азаматтық күш-қуат, адамдық қасиет екен. Алаштың саяси философиясында басқыншылық таным мүлде жоқ, қамқорлық таным бар. Хакім Абай айтқан «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген ізгілік жолында екенін көрсетті. Алаштың саяси философиясы әділеттілікке қүштар, ендеше оның танымы теңдікке қол созған - онтологиялық ақиқат, сондықтан оны адамдық қасиеттен шыққан ерлік деп танимыз.

Екінші анық туралы ой. Алаштың білім философиясы XX ғасыр басындағы Елдік сананы оятқан Алаш философиясының ең арналы саласы, феномендік құбылыс болды. Алаштың білім философиясының корпусы сан - салалы, ол - елде білім мәселелерін шешуге бағытталған. Алаштың білім философиясы дегенде, әлем де қарап жатпаған еді. Білім жарысы басталған. Қалып қою қауіпті бар болатын. Білім философиясы XX ғасыр басында әлемдік мәселе болып, әр жерде «вулкандық» әдіспен зерттеліп, оның мәні туралы тұшымды ойлар айтыла бастады.Мәселен, аналитикалық білім философиясы АҚШ - та, Англияда, Авсралияда т.б. дамыды. Білім философиясының әр бағыттағы ірі өкілдері И. Шеффлер, Р.С. Питерс, Е. Макмиллан, Д. Солтис, К. Поппер, Г. Здарцил, К. Кернштейнер, Э. Шпрангер, К. Роджерс, М. Бубер, М. Шелер, В. Фишер, И. Гессен, У. Долл жэне Л.Н. Толстой т.б. болды. Әлемдік білім философиясының бастауында Платон, Аристотель, Эл-Фараби т.б. тұрды. Алаш алыптарының алдында Хакім Абай тұрды: «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез».

Әлемдік білім философиясының дэстүріне сай Алаштың білім философиясы институциальды тұтастықта дамыды. ¥лы дала төсінде мектептер, басқа да білім ошақтарын ашу, оқулықтар жазу, газет - журналдар ашу, білім мен тэрбиеге қатысты танымдық - эдістемелік мақалалар жазу, түрлі бірлестіктерде білім мэселелерін, білім теориясы мен концепциясын талқылау, т.б. көптеген мэселелерді қарастыра келіп, соның нэтижесінде үстаздық философияның жаңа бағыттарын көрсету, теориялық білімнің іргелі құндылықтарын ашу - Алаш алыптары қалыптастырған Алаштың білім философиясының концепциясы болды. Алаш алыптары мақсат қылып қойған мэселелердің ішінде - Білім мэселесі, сол қоғамның басты құндылығы ретінде қарастырылды. Олай болатын себебі, білім философиясының субъектісі - адам, ал - білім адам болмысындағы басты құндылық. Алаш алыптарының мақсаты - білімді тұлға, білімді қоғам, білімді мемлекет болды. ¥лт ұстазы - деген қасиетті бағаны халық Ахаңа, Ахмет Байтұрсыновқа бекер берген жоқ. ¥лт ұстазы элемдік білім философиясына ерекше назар аударды, сондықтан білімнің мэнін атап көрсеткен еңбектер жазды. Соның бірі - «Білім жарысы»деген мақаласында: «Қазақ арасында білім жайылуына, эуелі, оқу үйрететін орындар сайлы болу керек, екінші, білім тарататын кітаптар жақсы боларға керек һәм қалық арасына көп жайыларға керек. Осы мақсатқа жетуге зор себепкер болатын істің бірі - білім жарысы» дейді [4, 256]. Ахмет Байтүрсынов халқын даналыққа құштар болуға қарай қамшылап отыр, жарыстың зоры қайсы екенін атап айтып отыр. Сондай - ақ, «Айқап» журналында жарық көрген «Аз уақытта көп білудің басы» деген мақаласында ғасырлық танымнан хабар беріп, жол көрсеткен: «Әрбір жүз жылда көтерілген, қүпталған жүмыстармен замананы мінездеу (бір қалыпта кіргізу) бар. Үстіміздегі XX ғұмыр (ғасыр) «білім ғасыры» деп айтылады. Кім біледі, түзу жолмен жүріп кетсек, һәм базардың қызуында кез-келген болып жиырмасыншы ғұмырда балаларды бэйгеге қоссақ, алдымен келіп бэйге алмасақ та, бөлініп қалмасақ жарар еді» [5, 82 - 83]. Осылай күннің, айдың, жылдың алдыға шыққан мэселесін емес, ғасырдың тұтас болмысын ашар құндылық - білім екенін көрсетіп отыр.Білім жарысы - тай жарысы емес, ол - аламан жарыс, үзаққа, ғасырға кететін жарыс екенін танытып отыр. Әлемдік білім кеңістігіндегі ұлы жарыстан Ахаңның, Ахмет Байтұрсыновтың үміті бар.

Үшінші анық туралы ой. Алаш философиясының іргелі және инновациялық бағыты - Алаштың ғылым философиясы. Мен қазақтың белгілі журналисі Мая Бекбаева түсірген «Тайны и судьбы великих казахов» - Ахмет Байтурсынов» атты деректі фильмде, сондай - ақ, «Егемен Қазақстан» газетіне журналист Азамат Қасымға берген «Алаш алыптары - пассионар тұлғалар» атты сұбхатга мынайдай ой айтып едім: «Пассионарлық тұлға деген ұғым бар. Бұлар өте зор қуатпен, ерекше қарқынмен келетін адамдар. Олар Отан үшін, ел үшін тек алапат құлшыныс, айрықша ынтамен ғана емес, зор біліммен еңбек етті.Мәселен, Ленинді,Сталинді алайық. Екеуі де үлкен тұлғалар. Бірақ олар үстанған саяси бағыт аренадан кеткен соң, олардың тұлғалық болмысы да солғын тартты. Ал енді өзіміздің Ахмет Байтұрсыновты алайық. Erep бүгін біреу осы тұлғаның саясаттағы еңбегін жоққа шығаруға ұмтылса, ар жағында әдебиеті түр, әдебиетін алып тастаса, тіл білімі тұр, тіл білімін алып тастаса, көсемсөзі тұр, көсемсөзін алып тастаса, ақындығы тұр. Яғни, бұл кісілер энциклопедиялық, полифониялық, бір басына сан саланы тоғыстырған ұлы тұлғалар. Бұларды халықтың ұнатқаны - олар өнерде де, саясатта да, жүртқа қызмет жасау тұрғысында да өте адал болды». Алаш алыптарының әрқайсысы әр ғылым саласының басында тұрды. Қазақ ғылымына дем берді. Бұл, шын мәніндегі - рас.

Ғылым философиясы XX ғасырдың екінші жартысында өз орнын философияда нық алса, «ғылым философиясы» ұғымының ғылыми айналымға енгеніне ғасырлар өткен. Ғылым философиясының арнасы кең, ол тарихи әлеуметтік - мәдени білімді тұтас қамтиды.Философия тарихына сүйенсек Еуропаның дәстүрлі философиясы ерте бастауында ғылыммен байланыста дамыды. Елдің көкжиегін көркем ету үшін ғылым керек екенін Алаш алыптары анық білді. Сондықтан олар барлық ғылым саласын дамытуға ұмтылды.Алаш алыптары «Қазақ» газетінің маңдайына - Киіз үйді салып, оның түндігін батыстан ашуын былай түсіндірген: «Киіз үй - киіз туырлықты халық. Үйдің түндігі ашық, есігі жабық болуындағы мағына: түндік - жарық беретін жол, есік - түрлі заттар кіретін жол дегендік. Жарық жолы ашық, еркін болсын, түрлі заттар кіретін жол есігі еркін болмасын делінген еді. Түндіктен түсетін жарыққа өнер - ғылым енгізілген еді. Түндік күнбатыс жағынан ашылуы өнер - ғылым Eypona жағынан күшті болған себепті қазақ ішіне Eypona ғылым өнері таралсын деген мағына еді. Үйдің есігі Қазақ деген сөзден жасалған. Ондағы мағына «Қазақ» газеті қазақ жүртына әрі мәдениет есігі болсын, әрі сырт жүрт жағынан күзетшісі болынсын делінген еді» [6].

Әлемде ғылым философиясын назарда ұстаған «Вена кружогы» сияқты, т.б. көптеген бағыттар шындығында батыста пайда болды. Соның ішінде, ғылымды жақтаған, немесе, ғылымды даттаған ағымдар пайда болды, соның нәтижесінде «ғылыми соғыс» ұғымы да дүниеге келді. Енді не істеу керек? Түрлі пайымдаулардан кейін қазіргі заман әлемінде жоғары оқу орындарында ғылымның бастау бұлағында тұрған магистранттарға ғылым философиясы оқылатын болды. Бұл - ғылым дұрыс жолмендамымаса адамзаттың жойылып кету мүмкіндігі бар деген ойдан шыққан. Ғылымға баратын адам ғылым философиясын оқуы керек. Біздің ойымызша, Алаш алыптарының адамдыққа негізделген танымы ғылым философиясына керек. Ғасырлардан терең тамыр тартқан түркі даналығы - таным мен сенімді қатар ұстаған. Орнын ауыстырмаған.Ғылымға баратын адамның - ақыл көзінде Шәкәрім айтатын - Ap білімі болғаны жөн.

Алаш философиясының үш анығын қарастырғандағы мақсатымыз - барар жолды белгілеу болды, бұл, белгілеу - болашақта осы мәселелерді жүйелі зерттеуге мүмкіндік бермек. Алаш философиясы жаңа замандағықазақ философиясының басы, мұхит тектес терең таным. Сондықтан, Алаш философиясының басқа да дін философиясы, өнер философиясы,заң философиясы, билік философиясыт.б. арналы салалары да болашақта арнайы қарастыруды талап етеді.

 

Әдебиет:

  1. Шаңбай Т.Қ. Алаш философиясы әлем қазақтары мәдениеті контексінде // Әлем қазақтарының рухани сүхбаты: Х.а. ғыл. - теор. конф. Материалдары / Құраст: Е. Тілешов, Г. Әріпбекова, О. Сүлейменов. - Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2008. - 364 бет.
  2. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. - Алматы: Атамұра, 1999. - 296 бет.
  3. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Бірінші том. - Алматы: «Мектеп» баспасы, 2008. - 480 бет.
  4. Байтүрсынұлы А. Білім жарысы // А.хмет Байтүрсынов. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, публ. Мақалалар және әдеби зерттеу / Құраст. Р.Нұрталиев,- Алматы: Жалын, 1991. - 464 бет.
  5. Байтүрсынұлы А. Аз уақытта көп білу жолының басы. // Айқап,1912. №4. 82 - 83 беттер.
  6. «Қазақ» газетінің редакциялық «Орда гербі» (таңбасы) мақаласы. // Қазақ. 1918. 15 январь.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.