Ацдагпа
Бүл ғылыми жұмыста бокспен айналысатын жасөспірім спортшылардың дайындығын жетілдіру максатымен дәстүрлі эдістерге қосымша айналмалы жаттығулар кепіенін қолдану мүмкіндігі карастырылған. Айналмалы жаттығулар боксшыларды даярлау барысында қолданылатын тиімді эдістердің бірі болып есептеледі. Бұл жаттығуларды спортшылардың жаттығу үрдісіне енгізу нэтижесінде боксшылардың физикалық дайындығының деңгейі жоғарылаған.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорт түрлерінің алатын орны ерекше. Қазіргі кезде жастар арасында олимпиадалық спорт түрлерінің бірі боксқа қызығушылық артуда. Себебі Еліміздің даңқын әлемде асқақтатқан боксшы спортшыларымыз жеткілікті. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін өте беделді азамат Әбдісалан Нұрмаханов талантты жастардан құрама команданы жасақтап, оларды жоғары жетістіктерге жетеледі. Отандастарымыз Олимпиадалық ойындар және Әлем чемпионаттары сияқты байрақты бәсекелерде тамаша жетістіктерге жетті. Олар: Бекзат Саттарханов (Сидней, 2000 ж.), Бақтияр Артаев (Афина, 2004 ж.), Бақыт Сарсекбаев (Бейжін, 2008 ж.), Серик Сапиев (Лондон, 2012 ж.), Данияр Елеусінов (Рио - де Жанейро, 2016 ж.) және т.б. Кәсіби боксте де атақты жерлестеріміз Генадий Головкин, Қанат Исламұлы және Жанат Жакиянов Қазақстанның бокс мектебін әлемдік деңгейде әлдеқашан мойындатқан [1, 2, 3].
Бокс балаларды физикалық тұрғыдан ғана шынықтырмай, олардың мінез - құлқының табандылық, батылдық, өжеттілік, сабырлық, ізеттілік сияқты қасиеттерінің қалыптасуына зор әсерін тигізеді. Бұл спорт түрімен айналысуға балаларды 5-6 жастан бастап тартуға болады. [4, 5].
Боксшыларды даярлау барысында олардың дайындығын жетілдіру үшін көптеген әдістер қолданылады. Олардың ішіндегі маңызды әдістің бірі - айналмалы жаттығулар. Айналмалы жаттығулар боксшыларды даярлау барысында қолданылатын тиімді әдістердің бірі болып есептеледі. Осыған сәйкес бұл жүмыста жас боксшыларды даярлауды жетілдіруде айналмалы жаттығулардың маңызы және тиімділігі қарастырылды [6].
Боксшыларды даярлауды жетілдіруде қолданылатын айналмалы жаттығулардың маңызын қарастыру мақсатымен ғылыми - зерттеу жүмыстары Петропавл қаласындағы «Бейбарс» спорт клубында жүргізілді. Зерттеу жұмыстарында осы клубтың бокс секциясында дайындалатын 9-10 жастағы ер балалар қатысты. Бұл спортшылар екі топқа бөлінді: 5 бала - бақылау тобында, 5 бала - эксперемент тобында дайындалды. Боксшылар аптасына 3 рет 2 сағаттан дайындыққа қатысты.
Зерттеу жүмыстарының барысында бақылау тобындағы боксшы балалардың дайындығы дәстүрлі әдістермен жүргізілсе, эксперимент топындағы боксшылардың дайындығына дәстүрлі әдістерге қосымша айналмалы жаттығулар кешені енгізілді. Бүл кешен келесі айналмалы жаттығулардан құралды: кросс, қолды бүгіп-жазып денені жерден көтеру, секіртпемен секіру, кермете тартылу, ядро лақтыру. Осы жаттығулар сонымен қатар эксперименттің бастапқы және соңғы кезеңдерінде спортшылардың дайындық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
- Kpocc (1,5 км кашықтыққа жүгіру) жаттығуы арқылы боксшылардың төзімділік деңгейі анықталды.
- Қолды бүгіп - жазып денені жерден көтеру жаттығуының көмегімен боксшылардың физикалық дайындығы тексерілді. Жаттығуды спортшылар бар мүмкіндігінше орындап, соңында оның максималды саны есептелді.
- Секіртпемен секіру жаттығуының көмегімен боксшының орын ауыстыру жылдамдығын бағалауға болады. Бұл жаттығуда спортшының 1 минутта секіртпемен секіру саны есептелді.
- Кермете тартылу жаттығуы боксшылардың қол күшін бағалау мақсатымен қолданылды. Бұл жаттығуда спортшының кермете екі қолмен тартылуының максималды саны алынды.
- Ядро лақтыру (4 кг) - спортшының жалпы күшін дамыту үшін қолданылатын жаттығу. Бұл жаттығуда боксшының екі қолмен алма-кезек бар күшін салып ядроны лақтыру саны есептелді. Эксперимент барысында боксшыларды даярлауды жетілдіру үшін қолданылған жаттығулардың нәтижелерінің орта мөлшері 1 кестеде берілген.
Кесте 1 Жас боксшыларды даярлауды жетілдіру үшін қолданылған жаттығулардың
нәтижелерінің орта мөлшері (М±ш)
Сынамалар |
Бақылау тобы |
Эксперемент тобы |
||
1 |
2 |
1 |
2 |
|
Kpocc (мин) |
11,22±1,2 |
11,04±1,05 |
11,2±1,1 |
10,34±1,07 |
Қолды бүгіп-жазып денені жерден көтеру (саны) |
26,2±2,7 |
30,8±3,1 |
26,2±2,5 |
35,8±3,4 |
Секіртпемен секіру (мин/саны) |
44,2±2,8 |
51,4±3,5 |
45,2±2,9 |
60,2±3,8 |
Кермете тартылу (саны) |
7,4±0,9 |
12,2±1,1 |
8,2±0,7 |
6,2±1,6 |
Ядро лақтыру (саны) |
6,99±0,7 |
7,61±0,9 |
7,22±0,8 |
8,99±1,05 |
Түсініктеме: 1 - эксперименттың бастапқы кезеңі; 2 - эксперименттің соңғы кезеңі.
Ғылыми - зерттеу жүмыстарындағы осы жаттығулардың нәтижелері эксперименттің бастапқы және соңғы кезеңдерңнде анықталып, бақылау және эксперимент топтарындағы боксшылардың көрсеткіштеріне салыстырмалы сипаттама берілді.
«Кросс» жаттығуының эксперименттің бастапқы және соңғы кезеңдеріндегі нәтижелерінің салыстырмалы динамикасы 1 Суретте бейнеленген.
Бүл суреттен эксперименттің аяқталу кезеңінде бақылау тобындағы боксшылардың нәтижесі 18 секундқа, ал эксперимент тобындағы боксшылардың жылдамдығының 1 минут 34 секундқа артқандығын көруге болады. Осы жаттығудың нәтижесінен эксперимент тобындағы спортшылардын 1,5 км қашықтықты жүгіріп өту жылдамдығы бақылау тобынан 7 есе өскендігі байқалады.
Жоғарыдағы кестеден бақылау жэне эксперимент тобына қатысқан боксшылардың «қолды бүгіп - жазып денені жерден көтеру» санының эксперименттің соңында біршама артқандығы байқалады. Бұл жаттығудың эксперименттің бастапқы және соңғы кезендеріндегі нәтижелерінің салыстырмалы динамикасын 2 Суреттен көруге болады. Суреттен бақылау жэне эксперемент тобына қатысқан боксшылардың «қолды бүгіп - жазып денені жерден көтеру» санының эксперименттің соңында артқандығы байқалады. Бақылау тобындағы боксшылардың «қолды бүгіп - жазып денені жерден көтеру» жаттығуының нәтижесі эксперименттің соңында 4,6 ретке жақсарса, ал эксперимент тобындағы боксшылардың көрсеткіші 9,6 ретке жоғарылады. Сонымен бұл жаттығуда эксперимент тобындағы боксшылар бақылау тобымен салыстырғанда 2 есе артық нәтиже көрсетті.
Боксшылардың орын ауыстыру жылдамдығын бағалау үшін қолданылған «секіртпемен секіру» жаттығуын орындау барысында әрбір спортшының 1 минут ішінде секіртпемен секіру саны есептелді.
1 Кестеден бақылау және эксперемент тобына қатысқан боксшылардың секіртпемен секіру саны эксперименттің соңында бастапқы мөлшерден айтарлықтай жоғарылағандығын байқауға болады. Дегенмен эксперименттің соңғы кезеңінде 2 топтағы барлық боксшылардың секіртпемен секіру саны бақылау тобынан айтарлықтай жоғары болып шықты. Бақылау тобына қатысқан 5 спортшының ішіндегі тек екеуі ғана жоғары нәтиже көрсетсе (18,6 - 21,4 %), эксперимент тобындағы барлық спортшылардың көрсеткіштері 34 - 37,2 % - ға дейін жоғарлады. Сонымен бүл жаттығудың эксперимент тобындағы нәтижесі бақылау тобынан 2 есе жоғары болып шықты. Бұл жаттығудың салыстырмалы көрінісі 3 Суретте бейнеленген.
Бұл суретте бақылау жэне эксперемент тобына қатысқан боксшылардың секіртпемен секіру санының эксперименттің соңында бастапқы мөлшермен салыстырғанда елеулі өзгерісі айқын көрінеді.
Боксшылардың қол күшін бағалау мақсатымен «кермете тартылу» жаттығуы қолданылды. Бұл жаттығуды орындау барысында спортшы бар мүмкіндігінше кермете тартылып, оның кермете қолмен тартылуының максималды саныесепке алынды. Бақылау жэне эксперимент топтарына қатысқан боксшылардың эксперименттің бастапқы және соңғы кезендеріндегі «кермете тартылу» жаттығуының динамикасы 4 Суретте көрсетілген
«Кермете тартылу» жаттығуының нәтижесі бойынша зерттеу жүмыстарының аяқталу кезеңінде бақылау тобындағы боксшылардың көрсеткіші 64 % - ға, ал эксперимент тобының көрсеткіші 97 % - ға дейін артты. Сонымен бүл жаттығуда да эксперимент тобының боксшылары бақылау тобымен салыстырғанда 33 % - ға артық нәтиже көрсетті.
Спортшының жалпы күшін анықтау үшін «ядро лақтыру» жаттығуы жүргізілді. Бұл жаттығу бақылау жэне эксперимент тобындағы боксшылардың жалпы дене күшінің шамасын салыстыруға мүмкіндік береді. Осы жаттығуды орындау барысында боксшы екі қолмен алма - кезек бар күшін салып ядроны лақтырады. Боксшылардың эксперименттің бастапқы және соңғы кезеңдеріндегі «ядро лақтыру» жаттығуының көрінісі 5 суретте бейнеленген.
Бүл жаттығудың нәтижесінде эксперименттің соңғы кезеңінде бақылау тобындаңы спортшылар ядро лақтыру көрсеткішін 8 % - ға жақсартса, эксперимент тобындағылар нәтижесін 24 % - ға дейін өсірді.
Сонымен зерттеу жұмыстарының барысында боксшыларды даярлауды жетілдіру мақсатымен қолданылған айналмалы жаттығулардың тиімділігі анықталып, бүл әдісті олардың жаттығу үрдісіне енгізу болашақта жоғары жетістіктердің кепілі болатындығы дәлелденді.
Әдебиет:
- Бокс. Энциклопедия. M., 1998 ж.
- Қазақ боксшылары (тарих деректі басылым). Ep - Дәулет. Алматы, 1999 ж.
- Қазақ спортының саңлақтары. (Октябрь Жарылғанов. Әбдісалан Нұрмаханов, Бекзат Сатарханов туралы естеліктер). Кітапты күрастырған. Жарлықасын Нұсқабайүлы. Алматы: Білім, 2007 ж.
- Нұрмұханов Ә. Бокс мектебі Алматы: Білім. 2006 ж.
- Төтенай Б. Дене тәрбиесі. Астана: Фолиант. 2008 ж.
- Чудинов В.А. Физическая подготовка начинающего боксера. M.: Физкультура и спорт. 2006 г.