Мақалада автор педагогтың кәсіби-мәдени іс-әрекеті мәселелерінің теориялық аспектілерін (сурақтарын) қарастырады.
In the article an author examines the theoretical aspects (questions) of problem of Professionally - cultural activity of teacher.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетілгендей: «Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысу педагогтарға жүктеледі».
Қазіргі заманғы мектепте нақты педагогикалық қызметте іске асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мұғалімдер мен басшыларда ол тәжірибені зерттеу және қолдану қажеттілігі қалыптаспаған, сол сияқты ол тәжірибелерді таңдау мен талдаудың дағдысы мен іскерлігі жетісе бермейді. Осыған орай жүріп жатқан модернизациялау үрдісі - республикадағы білімнің сапасын арттырып, оның халықаралық білім кеңістігіне кірігуіне деген қажеттіліктерін қанағаттандырады, еліміздің өркендеген елдердің катарынан көрінеміз деген талабына тұғыр болады деп күтілуде.
Н.А. Назарбаевтың «Білім экономикасына инновациялар және білім беру арқылы» атты дәрісінде де елдің интеллектуалдық потенциалын дамыту маңыздылығы көрсетіліп, ол жаһандану және бәсекеге қабілетті қоғамды құру жағдайында қажетті екендігі анықталған: «ақпараттық кеңістікте шешуші рөлді компьютер немесе байланыс желісі, станоктар емес, білім мен ойлаудың шығармашылық потенциалы атқарады» делінген.
Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық істерінде креативті әрекет ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын ұстаздардың жеке тұлғалық шығармашылығын қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде.
Қазіргі кезде қоғамның ақпараттануы жағдайында білім берудің әртүрлі саласында еңбек ететін қызметкерлер мен мамандардың кәсіби біліктіліктерін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға да аса үлкен мән беріліп отыр. Бұл мәселенің шешімін табу жоғарғы білім беру мекемелерінің алдына кәсіби білікті педагогтарды инновациялық технологиялар мен ақпараттық қоғам талабына сай даярлау міндетін қояды. Мұның өзі оларды жаңа ғылыми идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын, оқытудың жаңа технологияларын игерген және қазіргі заманғы технологиялық процесті басқара алатын, кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктің жоғары деңгейін игерген маман ретінде даярлау мәселесін тудырады.
Дарынды, білімді, шығармашылықпен жұмыс істейтін, педагогикалық кәсіби-мәдени деңгейі жоғары мұғалімдер ғана егеменді еліміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса алатын түлектерді дайындау міндетін атқарады. Осыған байланысты мұғалім тұлғасының қазіргі кезеңдегі педагогикалық іс-әрекетінің негізінде адамзаттық мәдениеттің дүниежүзілік қоры алынуы қажет, яғни олардың көпмәдениеттілік құзіреттілігін қалыптастыру заман талаптары болып келеді.
Мәдениет - адамзаттың ғылыми, көркем және техникалық құндылықтарды жасаудағы қарым-қатынас жиынтығы, меңгерген идея, қоғамдық-моральдық нормалары мен принциптері, іс-тәжірибелік әрекетке қатысуы негізінде тұрақты моральдық сапаны, адамгершілік, имандылық қажеттілікті, сенімді және сезімді, дағдыны және мінез-құлық әдетін, әдепті қалыптастыру, жеке адамның үйлесімді дамуының жетекші жағы. Мәдениеттілік - әдептіліктің, имандылықтың, ізеттіліктің көрінісі - мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің деңгейі, олардың жеке кәсіптік өлшемдері болжамдау процесінде анықталған әдістемелік сауаттылығы.
Білім берудегі ізгілендірудің маңызды бөлігі гуманитарландыру болып табылды.
Бұл, біріншіден, барлық оқу пәндерінің мазмұнына адам, адамзат және адамилық туралы білімдерді енгізу.
Екіншіден, гуманитарлық оқу пәндерін (әдебиетті, тарихты, тілдерді, өнерді) оқытуға ерекше көңіл аудару, олардың білім берудегі басымдығын мойындау керек.
Үшіншіден, осы ұстанымды жүзеге асыру аясында гуманитарлық емес пәндерді (физиканы, химияны, математиканы, информатииканы және т.б.) оқытуды ізгілендіру міндеті туындайды. Бүны әрбір пәнде жалпыадамзаттық мәдениеттің бір және басқа бөліктерін бөліп көрсету арқылы шешуге болады.
Мұғалім қызметінің инновациялық бағыттылығының тағы да бір құрамды бөлігі - психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижесін педагогикалық қызметтің практикасына ендіру. Жеке мүғалімнің, мектептің тәжірибесін, ғылыми зерттеу мен кеңінен тарату талаптары қойылып отыр. Осыған байланысты жаңа педагогикалық идея мен технологияның насихатшысы және таратушысы кім болады деген сұрақ туындайды. Бұл маңызды міндет - шығармашылықпен жүмыс істейтін мұғалімге жүктелері сөзсіз.
Қазақстанның әлемдік үрдістерге кірігуі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттардағы өрлеуіндегі осындай өзгерістер өмірдің барлық саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.
Тұлға іс-әрекеті, өзіне және айналасына қарым-қатынасы арқылы шығармашылық қабілетін жүзеге асыру арқылы қалыптасады. «Шығармашылық» деген сөздің мәніне үңілсек, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп, акыл ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді. Шығармашылық - адамның ойлауының және өз бетінше әрекетінің жоғарғы формасы. Дегенмен шығармашылықтың объективті және субъективті болатындығы белгілі. Оның алғашқысы ғылымда, зерттеулерде бұрын болмаған жаңалық деп танылса, соңғысы субъектінің өзі үшін жаңалық болып, оны әрі қарай жаңа бастамаларға шабыттандыратынымен сипатталады.
Мұғалімнің кәсіби-мәдени іс-әрекетін талдағанда педагогтың педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері қарастыру қажет.
Тұтас педагогикалық процесте жүзеге асырылатын педагогикалық іс- әрекеттің негізгі түрлері оқыту және тәрбие жүмысы болып табылады.
Тәрбие жұмысы - жеке тұлғаның жан-жақты даму міндетін шешу мақсатында тәрбие ортасын ұйымдастыру мен тәрбиеленушілердің әр түрлі іс- әрекетін басқаруға бағытталған педагогикалық әрекет. Ал оқыту - ол оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға бағытталған тәрбие әрекетінің түрі.
Білім беру мазмұнының проблемасымен айналысатын ғалымдар (В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б.) оқытудың білім мен іскерлік компонеттерінен басқа, адамның оқыту процесінде игеретін шығармашылық әрекет тәжірибесін және қоршаған ортаға деген эмоционалды-бағалы қатынасын жатқызады. Оқыту мен тәрбие жұмысының бірлігінсіз білім беру элементтерін жүзеге асыру мүмкін емес. Біртұтас педагогикалық процесс - ол «тэрбиелеп отырып оқыту» мен «оқыта отырып тәрбиелеу» бірігетін процесс (А.Дистервег).
Оқыту прцесінде ерекше орын алатын оқыту әрекеті мен тұтас педагогикалық процесте жүзеге асырылатын тәрбие жүмысын салыстырып өтейік.
Кез келген ұйымдастыру формасы сияқты, оқыту да уақытты, нақты мақсатты, оған жету варианттарын қажет етеді. Оқытудың тиімділігінің маңызды критерий! оқу мақсатына жету болып табылады.
Ал тәрбие жүмысы кез келген ұйымдастыру формасы ретінде нақты мақсатқа жетуді талап етпейді. Тәрбие жұмысында мақсатқа бағытталған нақты міндеттерді алдын-ала көруге болады. Тәрбие міндеттерін шешу тиімділігінің маңызды критерий эмоция, мінез-құлық, іс-әрекетте көрінетін тәрбиеленушілер санасының өзгеруі.
Оқыту логикасын нақты түрде бағдарламалауға болады, ал тәрбие жүмысында жоспарлауға қоғамға, еңбекке, адамдарға, ғылымға, табиғатқа, заттарға, қоршаған орта құбылыстарына, өз-өзіне қатынасы кіреді. Оқу мақсаты іс-әрекетпен анықталады, яғни оқушының танымдық әрекетін тудырып, бағыттау.
Оқыту процесіндегі оқушылар іс-әрекетінің тиімділігінің критерий - білім мен іскерлікті игеру, танымдық және практикалық міндеттерді шешу тәсілдерін меңгеру, дамудың алға жылжу деңгейі болып табылады. Оқушылар әрекетінің нәтижелері оңай көрініп, сапалық және сандық көрсеткіштермен реттеліне алады.
Тәрбие жүмысында мүны көрсету өте қиын. Дамушы жеке тұлғада педагогтың іс-әрекет нәтижесін көрсету өте қиын. Тәрбие жүмысында уақытымен кері байланысты бекіту мүмкін емес.
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері кез келген мамандықтың педагогының іс-әрекетінде, яғни оның оқыту және тәрбие жүмысында көрінеді. Мысалы, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде өндірістік оқыту мастері іс- әрекетінде екі міндетті шешеді: қазіргі технология талаптарын және еңбекті ұйымдастыра отырып білім, дағды, іскерліктермен қаруландыру, білікті жүмысшыны дайындап шығару. Сондықтан болашақ мүғалімдерді кәсіби даярлау мақсаты біртұтас педагогикалық процесті басқаруға даярлауды қалыптастыру болып табылады.
«Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «ойлап табу» дегенге саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық - қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет» деп түсіндірілді. Көрнекті психолог Л.Выготский «шығармашылық» деп жаңадан ашатын әрекетті атаған.
Шығармашылықпен тұрақты және саналы айналысатын және өз мүмкіндігін жүзеге асыра алатын мүғалім ғана өмір талабына, өзгермелі еңбек шартына, өзін- өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге тез бейімделеді.
Шығармашыл мүғалім жаңашыл, ізденімпаз болады, өмірі қызық, мақсаттарын жүзеге асыру барысында өз жолын өзі ашып, кедергілерді жеңе алады, үздіксіз алға жылжып отырады.
Шығармашылық бағыттағы мүғалімнің қажеттілігі, қызығуы, идеалдары мақсаттарын жүйелейді, айқындайды. Шығармашыл тұлға шығармашылық іс- әрекетте болады, іс-әрекеттің барлық түрінде шығармашылықпен дамиды. Шығармашылық кең мағынада - даму механизм!, дамуға жеткізетін әрекеттесу. (Я.А. Пономорев).
Шығармашылық ойлау үрдісін объективті жаңалықты ашу мен жасау ретінде емес, субъективті жаңалықты меңгеру деп тану идеясын белгілі ғалым А.В.Брушлинский еңбектерінен аңғаруға болады.
Шығармашылық мәселесінің әрекет теориясы аясында қарастырылуы белгілі ғалымдар А.М.Матюшкин мен М.И. Махмудовтар еңбегінде әрі қарай жалғасын табады. Олар ұсынған проблемалап оқытудың негізгі идеясы шығармашылық ойлауды дамыту болып табылады. А.М. Матюшкин өзінің соңғы еңбектерінде шығармашылық әрекет адамның өзін-өзі өзгертуі, өзінің ішкі мүмкіндіктерін ашу құралы екендігі жөнінде ой білдіреді.
Шығармашылықтың категориясы ретінде интеллектуалдық белсенділіктің мәніне ерекше тоқталған Д.Б.Богоявленская. Бұл сапаны өзіндік мәні бар шығармашыл тұлғаның кіріктірілген қасиеті деп тануды ұсынады. Тұлғаның шығармашылық сияқты аса маңызды сапасы сонымен қатар көптеген шет елдік психолог-зерттеушілердің назарын аударған. Сонымен шығармашыл тұлға болу дегеніміз - дүниені тану және жаңарту арқылы тұлғаның болмысқа көзқарасын айқындауы.
Қазіргі кезде оқыту процесін жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың жүйелі әдісі, адамдардың техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етудің негізі ретінде жаңа педагогикалық технологиялар түрлері көбейе түсуде. Сондықтан осындай жаңартылған педагогикалық технологиялар ішінен өз қажетін таңдап алу - әр мүғалім үшін жауапты да, шығармашылық іскерлікті қажет ететін іс.
Мұғалім тұлғасының шығармашылығын дамыту мақсатында интерактивті оқыту әдістерін сабақ барысында материалды түсіндіргенде, әртүрлі пәндер бойынша семинар, лабораториялық-тәжірибелік сабақтардың эвристикалық әдістерін қолданып, оқушылардың оқу іс-әрекетінің элементтерін бейнелейтін ұйымдастырушылық іс-әрекеттік, проблемалық-бағдарлық, іскер және рөлдік ойындарды жүргізгенде де пайдалануға болады (мысалы, «Азанмен бос болып оянасың», «Фирма бір орында тұр немесе алға қадам басудың бес түрлі ұйымдастырушы баспалдағы», «Қалдықтардан келген пайда», «Педагогикалық ой-пікірлер банкісі», «Жетістікке жету формалары», «Ұрпақтан келесі үрпаққа», «Өзіңді таны» және т.б.). Бұл әдістер мүғалімдерге әртүрлі оқу ситуацияларының, сонымен қатар, кәсіби ситуацияларының үлгілерін жасауға, оқу үрдісін шын өмірге жақындатуға көмегін тигізеді. Оқыту әрқашан білімге құштарлықты жүзеге асыратын тұлғаның өзін-өзі шығармашылық дамуына бағытталуы керек.
Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе, төмендегідей қорытындыға келдік: шығармашылық - өте күрделі психологиялық үрдіс. Ол адамға тән. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат - жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-талғамы бар, адамгершілігі жоғары, шығармашыл қабілетті, білікті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы шығармашылық іс- әрекетін белсендендіру мәселесіне Қазақстандық ғалымдар соңғы жылдары басты назар аударуда (А.А. Жолдасбеков, К.М. Беркімбаев, Ж.К. Оңалбек, Б.Қ. Мухамеджанов, Қ.Қ. Қабдықайыров, Ш.Т. Таубаева, К.Ж. Бұзаубақова, Ж.А. Қараев, М. Жанпейісова, Р.Р. Масырова, Б.А. Оспанова т.б.).
Сонымен біз біліктілікті арттыру жүйесінің педагогикалық мамандардың кәсіби-шығармашылықты дамытуға бағытталған жаңа тұжырымдамасы жоғарыда айтылып өткен теориялық тұғырлардағы түйінді ойларға сәйкес жүйені тұтас инновациялауға, ондағы оқу үрдісіне қатысатын субъектілердің позицияларының өзгеруіне, оқу үрдісінің әрекеттік амал жағдайына көшуі жүзеге асқанда өз нәтижесін береді деп есептеуге болады. Сондықтан да XXl ғасырдың басында жаһандану мен ұлттық тенденциялардың бірлігі мен күресі, үйлесімі мен тіке- тіресі елдің, үлтгың, жеке мұғалімнің педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретіндегі кәсіби-мәдени, рухани, адамгершілік қасиет-сапаларын, ар-намысын жаңа қырынан саралауды талап етеді.
Білім берудің дамыған өркениетті елдердегі үлгісіне қарап, мемлекетімізге сай ұлттық сана мен халықтық дәстүр және даму ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың жаңаша түрлі жүйесінің бағдарламасы қолға алынғаны - алға қарай талпыныс, бүгінгі күннің талабы.
Әдебнет:
- ҚР-ның «Білім турады» Заңы. Егемен Қазақстан. 2007 жыл.
- Назарбаев H. А. Қазақстан жолы - Қарағанды. 2006 жыл.
- Некоторые особенности поликультурной личности // Білім-Образование. - 2007. №6.