(Школа-детский сад №26)
Ақ жолга бастайтын жеті жетекшісі бар, осыны бойына сіціре білген, қалыптастыра білген адам, тәрбиелі адам.
Адамның басшысы - ақыл
Жетекшісі - талап
Жолдасы - кәсіп
Қорғаны - сабыр
Қорғаушысы - мінез
Сынаушысы - жолың (Халық сөзі)
Лайықты киім жоқпа бұдан басқа,
Керексіз кербезделік бос шатаспа,
Ақылды киім бермес, ғылым берер,
Ғылымын ал, өнерін ал, мұны таста! (Шәкерім Құдайбердіұлы).
Балабақша мен отбасындағы ынтымықтастықты біріктіре отырып оқу және тәрбиелеу жүйесін ұйымдастырып, әр баланы жеке тұлға ретінде қазіргі заман талабына сай рухани жан дүниесін байытып, бойындағы құндылықтарды дамыту. «Баланы өмірге икемдеуде ата-ананың тәрбиелегені жақсы, ал өнерге баулуда кәсіби маманның көмегіне жүгінген жөн» дегендей, баланың тәрбие, үлгі алатын алғашқы ұясы - отбасы ортасы, ата-анасының жылы құшағы.
Ата-ана үшін бала өмір жалғасы, көздің нұры, үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады.
Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтанда: «Ана үйдің берекесі, бала үйдің мерекесі», «Бала болсаң болғандай бол, айналаңа қорғандай бол» деген қағиданы берік ұстанған ата-бабаларымыз өз ұрпағын «Адам, азамат» деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Бала тәрбиесінің қай саласында болсын, ата-ананың өнегесі үлкен рөл атқарады. Erep баланың ата-анасы үйді таза үстап, өздерін күге білсе, жақындармен сыпайы қарым-қатынаста болса, жақсы кітап, кино шығармалар жайлы әңгімелеп отырса баланың эстетикалық танымын күшейте түсері хақ. Отбасы-бұл баланың өмір СҮРУ ортасы қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орын.
Қазіргі кезеңде қоғамда білімді де білікті ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп өскен, жаңа адам тәрбиелеу міндетті тұр.
Сондықтанда да балаға кішкентайынан дұрыс тәрбие беріп, инабатты, адамгершілігі мол, иманды ұрпақ тәрбиелеуге ата-анасына да, тәрбиешісіне де үлкен жауапкершілік жүктелді.
Отбасында адамгершілік тәрбиесі үлкен рөл атқарады. Ата-ана - баласының алдында үлгі. Баланың адамгершілігі мол жеке түлға болып қалыптасуы ата-анаға, оларға берген тәрбиеге байланысты.
Отбасында бала ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленіп келіп, ол тәрбие балабақша мен бастауыш мектепте жалғасын тауып жатса, бала этно - мәдени білім мен тәрбие алары анық.
Отбасы тәрбиесі арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруда қазақ халқының ағартушы ғалымдары А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев тағы басқа еңбектерінің орны ерекше.
Баланың отбасынан кейінгі сүйікті мекені, екінші ұясы - балабақша. Ата- аналар баланы өздігінен әрекет ете бастаған кезден бастап балабақшаға бергені жөн. Отбасында балаға барлық жағдай жасалғанымен, өзі қатарлас балалармен қарым-қатынас жетіспейді. Бала өзінен басқа да балалардың бар екенін көріп, олармен тіл табысып, олардың қызығушылығымен санаса білуі қажет.
Балабақшада балаларды тәрбиелеу жүмысының негізі, баланың өмір шындығына деген эстетикалық қатынасын қалыптастыра отырып, әсемдік туралы ой-өрістерін дамыту, білім және қабілетін қалыптастыруға қажетті тәрбиелік жұмыстар қамтылады. Балабақшадағы әртүрлі жүмыстар балалардың іскерлік қабілетін дамытып, олардың қоршаған ортадағы заттардың ерекшеліктерін танып - білуіне бағытталған.
Бала - кең әлемдегі ең пәк, ең таза асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы өзін қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып-білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ.
Мектептегі оқу ісінің сәтті болуы сәбидің балабақшада, отбасында алған білімі мен тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты. Олай болса, балғын бөбектерді әдептілікке, достық пен бауырымдылыққа, туған өлкесі мен Отанына деген сүйіспеншілікке, оның ой-өрісін, сана-сезімін, өмірге қажетті білік-дағдыларын кеңейтіп дамыту - тәрбиеші, педагогтар мен ата-аналардың ортақ ісі.
Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам - оның ата - анасы. Ал, ең әдемі де жарық үй - оның туылған үйі. Жас баланың дамуында ата-ананың орыны ерекше, сондықтан ата-ана өз отбасында қолайсыз жағдайларды баланың көзінше тудырмауға тырысуы керек. Отбасындағы үрыс-керіс баланың жүйкесін тоздырады. Кейбір ата-аналар өз перзентін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді. Ал мүндай көріністер баланың бойына кері қасиет пайда болуына тікелей себеп болады. Ата-аналар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі, қыры мен сырын дүние жүмбақтарын танытып, әдептілікке баулуға тиіс. Себебі, ата-ананың күнделікті өмір тіршілігіндегі еңбегі, адамның бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дүрыс қарым-қатынасы - балаға үлгі. Баланың алдында барынша сабырлы әрі ұстамды болуға тырысу керек, ата-ана өзі үлгі бола отырып, баласын сабырлылыққа тәрбиелейді. Әрбір ата-ана өз баласы үшін-басты тұлға. Сондықтанда да кез-келген бала алдымен үлгіні ата-анасынан алады. Бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата-ана баласымен пікірлесуде бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорламай, мейірімді, табиғи, жылы ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбие де табысқа жетедіСонымен қатар мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымы ата-аналармен бірлесіп, баланы өсіріп тәрбиелеудегі басты мақсат қоғамдық өмірге «түзу кірпіш қалау» екенін ескере отырып, ал осы мақсатты жүзеге асыру үшін, алдындағы қандай болмасын қиындықтарын жеңу, соған сәби кезінен төмендегі мынадай көзқарастарды негізгі ұстаныным ретінде қабылдау. Көзқарастар мыналар: Баланы сәби ол әлі ештеңе білмейді, ұқпайды деп жай көзбен қарамау керек, өйткені ол да өсіп келе жатқан тұлға. Баланы эр уақытта шындыққа үйрету. Еш уақытта алдамай, шындықты ашып айтып сол жағдайға дұрыс көзқараспен қарауға жағдай туғызу.Баланың өз ісін уақытымен күнде қадағалау, бақылау.Баланың эр бір ісін қадағалап, оған деген көзқарастан нэтиже шығаруға көмектесу.Қандай жағдай болса да, үрпағын жауын мен жел өтінен, жаман эдеттен қорғап, өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін сіңіру, ұлттық дэстүр қайнарына қондырып өсіру эке мен ананың ұлы борышы. Дені сау, рухы таза, ана тілін толық меңгерген ұрпақ өсіру қазіргі кездегі ең негізгі мэселе. Бала тэрбиесінде отбасы басты орын алады. Баланың ана тілін толық меңгеруі . ұлттық-сана сезімін тэрбиелеу, денсаулығын түзету, бала тэрбиелеудің эдіс-тэсілдерін білу жөніндегі дағдыларын қалыптастыру мектепке дейінгі мекемелерге берілген. Тэрбиенің сан алуан келелі мэселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы - балабақша. Балабақшада халық педагогикасын бала бойына сіңіре отырып имандылыққа, адамгершілікке тэрбиелейміз. Мектепке дейінгі тэрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының бес саласының эр бөлімдеріндерінің ұйымдастырылған оқу іс-эрекеттерінде салт-дэстүрдің барлық түрлерін баланың бойына сіңірудеміз. Мысалы: тұсау кесу, бесікке салу, тілашар т.б. Мектепке дейінгі ұйым тэрбиешілер өз тэжірибелерінде халық ауыз әдебиетінінің ішінен жиі мақал-мәтелдер, жүмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегілерді оқу іс-әрекеттерінде пайдаланады. Бүгінгі күнде жас үрпақтың сана сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен мэдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентай кезінен қалыптастырамыз.
Баланың негізгі қимыл-әрекеті ойын. Сондықтан оның мэні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың айтуы бойынша «Ойын ойнап, эн салмай өсер бала бола ма?». Сондықтан ойынбаланың өмірінде ерекше орын алады. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі. Өйткені бала нэресте шағынан бастап адалдыққа, батылдыққа, мейірімділікке, еңбек етуге тэрбиелеудің құралы ойын. Осыған орай бүгінгі күндері тэрбиешілер алдында балаға білім., білім дағдыларын игеріп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімін, ерік-жігерін жан-жақты етіп дамыту міндеттері тұр. Болашақ қоғамымыздың тағдыры да бала тэрбиесіне тікелей байланысты. Қоғамды дамытушы да, ілгері апарушы да осы жас жеткіншектер. Тэрбиенің сан қилы дағдыларын бала бойына дарытатын алғашқы білім баспалдағы - балабақша, жол сілтеп, жетелеп, үйретуші — тэрбиеші. Балабақшадағы тэрбие - қазақи ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты, адамгершілік қадір - қасиеті мол, физикалық жэне моральдық жоғары белсенді жеке адамды қалыптастырып шығару процесі болып табылады. Тэрбиелеу мен білім берудің эрекеті практикалық процесс үстінде қалыптастырылады. Тэрбиелеу мен оқытудың міндеттері баланың осы іс-эрекет түрлерін қалыптастыру жэне оны белгілі бір мақсатқа бағыттап отыруды көздейді. Ойнау, еңбек ету, жэне білім алу барысында ақыл-ой, адамгершілік, физикалық жэне көркем тэрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дэрежеде білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің әдет дағыларын игеруге бейімделеді.Іс-эрекеттің тап осы түрлерін ғана дамыту арқылы тэрбиелеу білім беру міндеттерін шешуге, бала дамуын дүрыс жолмен бағыттап отыруға мүмкіндік туады. Жақсы ойнап, еңбек ете білетін әрі оқуға қабілетті баланы ересек адамдар мен балалар қоғамында өмір cYPYre кажетті қасиеттерді толық игерген тәрбиелі бала деп аталуы мүмкін. Жоғарыда аталып өткен іс-әрекеттің әрқайсысы бала дамуына өзіндік, өзіне тән үлесін қосады. Мысалы, тәрбиенің ең маңызды міндеті саналатын ақыл-ой тәрбиесінің өзі бала ойының: еңбегін және балалардың оқуын үнемі бағыттап отыру арқылы жүзеге асатыны бізге балаларды тәрбиелеу тәжірибесінен таныс. Адамгершілікке тәрбиелеу міндеттері жөнінде де осыны айтуға болады. Бала өзін- өзі көрсете білсе, ендеше ойын, оқу еңбекте адамгершілікке тәрбиеленеді деген сөз. Өйткені, мүнда олардың өзара ересек адамдармен қарым-қатынасы қалыптасады. Іс-әрекеттің әрбір түрінде осылайша өзара ұштасып жататын педагогикалық мүмкіндіктерді ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тіршілік әрекеттерін, тәрбиелік мақсатқа сай ұйымдастыра аламыз. Ойын, еңбек, оқу арқылы біз балаларға белгілі бір тұрғыдан ықпал жасай аламыз. Бірақ біз іс-әрекеттер ойын, еңбек, оқыту өзара ұштасқан жағдайда ғана баланың жеке басын дамытуда толық нәтижеге жете аламыз. Балабақшаның негізгі міндеті - баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын қамтамасыз ету. Бұл жас баланың ақыл-ойының дамуы мен даярлығы үшін қолайлы кезең. Осы кезеңде бала оқу мен тәрбиені қалыптастыруға, өз қызметін білуге, тілдік қатынастың қарапайым тәжірибесінде өзін-өзі таныта білуге, мінез-құлық мәдениетіне, жеке гигиеналық және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады.
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматық пен имандылыққа баулу - тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымдар ұлттық тәрбиеге де мән бергендері жөн. Бұл саладағы күш - жігер алдымен бүлдіршіндерді отандыққа тәрбиелеуге бағытталады. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашқан үйі , ата-анасы, ағайын туыстары, туған жері, кең - байтақ даласы, тау - тасы, өзен - көлі, сылдырап аққан мөлдір бүлағы бейнесінде қабылданып, ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде үйретуге тиіспіз.
Ата - анамен балабақша ынтымақтастығы, баланы оқыту мен тәрбиелеудегі - баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да мақсат - мүддесі біреу - ол болашақ үрпақ тәрбиесі. Болашақ азамат тәрбиеленетін алғашқы ұя - отбасы, ата - ана құшағы. Жас сәбидің алғашқы еститіні шешесінің мейірбан сөзі; көретіні анасның аялы алақаны. «¥яда не көрсе, үшқанда соны іледі» немесе «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегенде осының айғағы. Яғни, ата - анасының өнегесі, өнері балаға үлгі болатыны, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе, үядан ұшқандада сол өнеге - өсиет оған сарқылмас қазына болары сөзсіз.
«Баланы жастан» деген халық даналығына сүйенсек, тәрбиенін бесіктен басталатыны әркімге аян. Сәбиінің өнерлі, талантты еңбек сүйгіш болып өсуін мақсат еткен ата - ана бесік жырының, негізгі арқауын да ой өнеріне, қол еңбегіне арнағанын мына бір үзік ойдан ангару қиын емес.
«Таңдайларын тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей,
Шешен болар ма екенсің,
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсін?»...
Баланы мақтап, көтермелеп, бағыт беріп отыру, оның интеллектуалдық ой - өрісін дамытып, ойлағанын еркін - батыл жеткізуге мүмкіндік береді. Ата - анамен арадағы мейірбандылық нығайып, баланың жеке басының шғармашылық деңгейі артады. Ата - ананың аузынан шыққан сөз бала үшін өмір, тіпті заң болып та есептеледі. Бала өте сезімтал байқағыш, оларға ерінбей дүрыс жауап беру түсіндіру, түра жолға бағыштау, ой-өрісін ұштау, ата - анаме тәрбиешінің парызы. Балабақшада, ата - анамен тәрбиеші айтылған, көрсетілген нәрсеге баланың ықылас зейін қойып тындауна ерекше зер салғаны жөн.
Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты тәрбиешілер мен ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде.Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындай отырып,бірлесе жүмыс жасау керек.
Әр бір тәрбиеші ата-анамен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды қолдана отырып,ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жүмыс жасаса, ата-ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгереер еді.
Ата-аналармен жүмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:
Ата-ананың өмірге деген көз қарасын өзгерту;
Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен эсер ететінін атап кету;
Ата-аналармен жүмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;
Ал міндеттері:
Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді;
Қоғам тарапынан көретілген қолдау, ата-ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімін нығайтады;
Қазіргі уақытта балаларды тэрбиелеуге ата-анамен бірігіп жүмыс істеудің эр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолдануда.Балаларды тэрбиелеудің дүрыс жолын табу үшін ата-аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті.
Ата-аналармен жүргізілетін жүмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?
Ол үшін біз ата-аналармен жақынырақ танысып, отбасының элеуметтік жағдайын, отбасы мұшелерінің бала тэрбиелеудегі ролін анықтау үшін ата- аналарды ұсыныс пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сүрақтар алуымызға болады.Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жүмыс түрлерін ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді.Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мэселелрді, отбасы тэрбиесіне байланысты тақырыптарды өздеріүсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс -пікірлерімен санаса отырып ата-анаға арналған эңгімелер, консультациялар, сүрақ-жауап кештері, тэрбие жүмысын алмастыру коференциялар, ата-аналарды педагогикалық эдебиеттермен таныстыру эдіс-тэсілдері қарастырылады.
М.Әуезов «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен эуелі ниет,керек, содан соң күш керек, одан соң тэртіп керек». Өмірлік тэжірбие үлы жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады.
Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп бағытты жүмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларға, ата-аналар жэне топ жиналыстарына ата-аналарды тартудың қажеттілігі:
Балаларда іс эрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады;
Балалар маңызды жетістіктерге жете алады;
Ұнайды;
Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады;
Ересектер тэрбиешінің жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі;
Ата-аналар жэне отбасы мүшелері өздерінің бала тэрбиелеуге, оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді;
Тәрбиешілер ата-аналарға ақыл-кеңес беріп, ұсынылатын тыңдау барысында төмендегідей қарым-қатынас ережелерін есте сақтауы керек:
Көзбе-көз қарау
Бір-біріне көңіл белу
Сыйлау
Тыңдау
Ғабиден Мұстафин айтқандай: «Ата - ана қадірін білген бала халық қадірін білер, халық қадірін білген бала ата - ананың да қадірін біледі. Ол үшін өз халқының дәстүрін, мәдениетін, өнерін тілін қадірлеуді ата - ана және ұстаз болып үйрету керек».
Ендеше «Жұмыла көтерген жүқ жеңіл» демекші отбасы балабақша бірлесе ынтымақтаса отырып, оқу тәрбие жұмысын мақсатты жүргісе, елдін, халқының дәстүрін сыйлайтын ұлт жанды, жаңа заманның тұлғасы етіп тәрбиелеп шығарамыз деген үміттеміз.
Әдебиет:
- Қазақстан Республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекетгік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. - Алматы, 2002.
- С.Л. Рубинштейн Основы общей психологии. Т. 1-4. M., 1989.
- В.А. Бухвалов Развитие учащихся в процессе творчества. «Педагогический поиск», 2000.
- В.П. Беспалько Слагаемые педагогической технологии. «Педагогика», 1989.
- Көшімбетова С. А. Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары.
- Базарбаева Н.А. Педагогикалықкеңес, 2009, №1.
- Мектептегі психология 2010 ж. №2.
- Бала тәрбиесі 2006 ж № 2,2008 ж. №4.
- Отбасы және балабақша 1993, №4.
- «Өзіндіктаным» 2007 ж. №2, 2006 ж. №5-6.
- Тәрбие күралы 2009 ж. №2.