Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай иннеллектуалдық дамуын, жеке тұлғаның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселе енгізіліп отырғаны белгілі. Қазіргі басты міндеттердің бірі - жеке тұлғаны қазіргі өмірге тез бейімделіп кетуіне көмектесетін біліммен, икемділікпен қамтамасыз ету, өз ана тілінде дұрыс, таза сөйлеуге машықтандыру. Сондықтан әр шәкіртін өз ана тілін сыйлауға, құрметтеуге, мақтан тұтуға, таза сөйлеуге үйрету, ойына өзгеріс енгізіп, сапасына сілкініс туғызу, біздерге, яғни ұстаздар қауымына байланысты [1].
Ауызекі сөйлеуді меңгеру мектептегі оқуға табысты дайындықтың маңызды жағдайын құрайды. Сөйлеу тілдің дамуы психологиялық табиғаты, оның механизмдері және балаларда даму ерекшеліктері Л.С. Выготский, А.А. Леонтьева, С.Л. Рубинштейн және басқалардың еңбектерінде ашылған. Барлық зерттеушілер сөйлеу тілдің күрделігін атайды және арнайы сөйлету тәрбиесін беру қажеттілігін атап көрсетеді (А.А. Леонтьев, Л.В. Щерба) [2].
Балаларды сөйлеу тілін дамытудың бай тарихы бар, ол К.Д. Ушинскийдің, Л.Н. Толстойдың еңбектерінде жазылған. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырылған сөйлеуін дамыту әдістемесінің негіздері М.М. Конина, А.М. Леушина, Л.А. Пеньевская, О.И. Соловьева, Е.И. Тихеева, А.П. Усова, Е.А. Флеринаның еңбектерінде көрсетілген. Балабақшада монологтік сөйлеуді оқыту әдістері мен мазмұнындағы проблемаларды А.М. Бородич, Н.Ф. Виноградова, Л.В. Ворошнина, В.В. Гербова, Э.П. Короткова, Н.А. Орланова, Е.А. Смирнова, Н.Г. Смольникова, О.С. Ушакова, Л.Г. Шадрина және басқалары жан-жақты қарастырған [3].
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамуының мәселелерімен көптеген педагог-ғалымдар айналысқан. Аталған мәселені алғашқы болып XIX ғасырдың соңында К.Д. Ушинский қозғаған. Бірақ жалпы сөйлеу тілінің дамуы және байланыстырылған сөйлеудің даму әдістемесі ең жақсы дамуға XX ғасырдың II жартысында жетті.
Сөйлеу тілін дамуы саласындағы зерттеулер көп жағдайда Е.И. Тихеева, Е.А. Флеринаның ойларымен айқындалды. Онда балалар әңгімелерінің жіктелуі, жас ерекшелігі бойынша бөлінетін топтарда әңгімелеп айтудың әр түрлі оқыту әдістемесі нақтыланған. Н.А. Орланова, О.И. Коненко, Э.П. Короткова, Н.Ф. Виноградова. Балалардың әңгімелей білуге үйрету әдістемесінің әзірленуіне Алиса Михайловна Бородич көп үлес қосты. Көпшілік тәжірибеде балалардың тілін дамыту бойынша жұмысты жетілдіруге ықпалын тигізді.
А.М. Леушинаның зерттеулері байланыстырылған сөйлеу дамуының негізгі желісі баланың ситуативті сөйлеуінің ерекше басымдығы нақты контекстік сөйлесуге ауысатынын көрсетті. Контекстік сөйлесудің пайда болуы айналасындағылармен қатынаста болу міндеті мен сипатымен белгіленеді. Баланың өмір сүру салтының өзгеруі, танымдық әрекеттің қиындауы, үлкендермен жаңа қарым-қатынасы, әрекеттің жаңа түрлерінің пайда болуы өте өрісті сөйлесуді талап етеді. Бұрынғы ситуативті сөйлесу құралдары пікірдің толықтығы мен ашықтығын қамтамасыз ете алмайды. Контексті сөйлесу пайда болады. (Контексті сөйлесудің мазмұны контекстің өзінен түсінікті болады. Контексті сөйлесудің қиындығы нақты жағдайды есепке алусыз, тек тілдік құралдарға ғана сүйене пікірді құра білуді талап етеді) [3].
Д.Б. Эльконинаның пікірі бойынша ситуативті сөйлесуден контексті сөйлесуге ауысу 4-5 жасында өтеді. Сонымен қатар байланыстырылған монологтік сөйлеудің элементтері 2-3 жаста пайда болады. Контексті сөйлесуге ауысу ана тілінің сөздік құрамы мен грамматикалық құрылымын меңгеруіне, тілдік құралдарды еркін қолда білуінің дамуымен тығыз байланысты. Сөйлесудің грамматикалық құрылымының қиындауымен пікір айту өте жүйелі және өрісті бола бастайды.
Ситуативті сөйлеу баланың жасына абсолюті тәуелді болмайды. Әрбір баланың сөзі бір кезде ситуативті, ал бір кездері контексті болуы мүмкін. Ол қатынастың міндеті және жағдайымен анықталады.
Балалар, әсіресе, мектепке дейінгі орта және ересек жастарында монологтік сөйлеудің негізгі формалары - әңгімелеу және мазмұнын айтуды меңгереді.
Әңгімелеу мазмүнын айтумен салыстырғанда байланыстыырлған сөйлеудің өте күрделі түрі, себебі жаңа мәтінді қүру дайын әдеби шығарманы мазмұндаудан қиынырақ. Балаларда байланыстырылған сөйлеудің дамуы ең алдымен әңгіме айтуды үйретуден жүзеге асырылады. Ол фабуласы қиын емес қысқа әдеби шығармалардың мазмұнын айтудан басталып, жеке шығармашылық әңгімелеудің жоғарғы формасына жеткізіледі [4].
Сөйтіп бес-алты жастағы балалар әңгімелесуге еркін араласады, ұжымдық сүхбатқа қатысады, ертегілер мен қысқа әңгімелердің мазмұнын айтады, ойыншық және сурет бойынша өз бетінше әңгіме құрайды. Сонымен қатар олардың байланыстырылған сөйлеу жетілдірілмеген.
Баланың жан-жақты дамуы ең алдымен оның үлкендермен қатынас тіліне дүрыс түсуіне байланысты. Үлкендер-адамзат баласының бар тәжірибесін, білімін, мәдениетін өз қолының ғана көмегімен бере алатын түлғалар. Олай болса, теория бойынша «тіл - адам қатынасының негізгі құралы» дегенді ұмытпай, қатынас құралы болумен қатар тілдің адам білімін жетілдіретін хабарлау қызметі, бала жанын баурап алатын сезімдік қасиеті үлкендер тарапынан әрдайым қажет. Баланы алдымен өз ана тілінде тілі шығуы, дамуы, не болмаса екінші тіл ретінде қазақ тілін үйренуі ата-ана мен айналасындағылардың, қазақ тілі мүғалімінің, тәрбешісінің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Тіл дамыту жүмыстарындағы, қазақ тілін үйретудегі басты мақсаттар ортақ. Екеуінде де баланың қазақ тілінде байланыстырып сөйлей білуін қалыптастыру көзделеді.
Сонымен, балалардың сөйлеу тілінің дамуы төмендегідей нақты міндеттерді орындағанда жүзеге асырылады:
- Баланың сөздік қорын қалыптастыру, оны белсенді түрде байыту;
- Бала тілінің дыбыстық жағын жетілдіру, мәнерлі де мәдениетті сөйлеуін тэрбиелеу;
- Тілдің грамматикалық жағын қалыптастыру, грамматикалық формалардан ауытқымай сөйлеуге машықтандыру;
- Ауызекі сөйлеу тілінің қалыптасып, дамытылуын іске асыру;
- Өз ойын монологты түрде байланыстыра жеткізе білуге үйрету;
- Көркем сөзге баулу;
- Сауаттылыққа үйрету.
Балада байланыстырылған контексті сөйлеу дами бастаған кезде ол ситуативті сөйлеуді ығыстырмайды. Бала үлкендер сияқты олардың екеуінің біреуін айтылатын ойдың сипатына немесе мазмұнына байланысты қолданады. Сөйтіп бала контексті сөйлеуге тыңдаушы немесе оқырманның кең қарасына арналған бұл мазмұндау ситуациядан шығатын тақырыпты жүйелі баяндауды талап еткен кезде контексті сөйлеуге ауысады.
Баланың сөзі ең алдымен ситуативті сипатқа ие болып, баланың өсіп дамуы барысында сөйлеудің мазмүны мен функциясы өзгере бастайды. Бала оқу үрдісі барысында байланыстырылған контексті сөйлеу формасын меңгереді.
А.М. Леушинаның мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырылған сөйлеуінің дамуын зерттеуге арналған еңбегі мектеп жасына дейінгі кіші балалардың байланыстырылған сөйлеуінің ерекшеліктері анықталды: олар эр түрлі шамада көрініс табады және сөйлесудің сипаты мен мазмүнына, сондай-ақ баланың ерекшеліктеріне, яғни ол қай деңгейде әдеби сөйлеумен таныс екеніне байланысты болады.
Сонымен баланың сөзі ең алдымен нақты болмысқа байланысты болады, ол бала тұрған ситуациядан кезде пайда болып үнемі толықтай оның жанында болады. Сонымен қатар бүл ауызекі тіл, ол әңгімелесушіге бағытталған және өтініш, тілек, сұрақ білдіреді, яғни ситуативті форма негізгі мазмұны мен мақсатына сәйкес.
Кішкентай балаларда диалог монологтың алдында пайда болады; балаға басты әлеуметтік маңыздылыққа диалог ие. А.А. Леонтьев ойы бойынша монолог сөйлеу өте кеш қалыптасады. Көптеген зерттеушілер монолог сөйлеуде диалог сөйлеу маңызды рөл атқаратынын баса айтады. Ең негізі -кішкентай балаларды диалог сөйлеуге үйретудің маңыздылығын түсіну, яғни сол сәттен бастап монолог сөйлеу туындап және дамиды.
Сөйлеудің алғашқы түрі - ауызша сөйлеу болып табылады. Орыс әдеби тілі негізгі екі түрге бөлінеді: ауызша және жазбаша. Мектеп алды жаста ауызша сөйлеудің негізгі міндеті, жазбаша тілдің әрі қарай дамуына мүмкіндік жасауы болып табылады.
Ересек мектеп алды жастағы балаға сурет салу, ермек сазбен жұмыс, аппликация және құрастыру оның жан - жақты дамуына және тәрбиесіне үлесі зор. Баланың ақыл - ойының жетуіне бейнелеу өнері ерекше эсер етеді, өйткені ол өмірді танудағы бейнелі құрал болып табылады. Сонымен қатар баланың ақыл - ойының жетуі сөйлеудің дамуымен тығыз байланысты.
Бейнелеу өнерінің сабақтарында балаларды жаңа сөздермен, сөздерді мағынасынан түсінуге үйрету оларды айыру жэне сөздерді қолдануға, заттардың сыртқы бейнесін сипаттау сөздерімен таныстыруға болады.
Тэрбиешінің бастамасымен балалар түрлі дэстүрлі емес амалдар арқылы суреттер салды, балалардың ұсақ моторикасы белсенді дамыды, бұл да тіл байлығына оң нэтижесін берді. Үшінші бөлім - тұжырымдама бөлімі, балалар суреттерінің мэнін, қоршаған ортаға айтқылары келген сезімдерін, өздері жасаған жұмыс туралы сезімдерін көрсетті, тэрбиеші жэне басқа да балалардың сұрақтарына жауап берді.
Өз ойларын жеткізуге үйрету жолында балалармен фронталды, топтық жэне жеке жұмыстар сияқты тэсілдер қолданылады. Олардың барлығы бэріне мәлім жэне тэжірибеде кең қолданылады.
Білім берудің эр формасы біріңғай процесстің бөлшегі болып табылады. Фронталды түрде жинақталған білім мен білік, жеке жэне топтық жұмыста бекітіледі. Балалармен жеке жүмыс жасау эр уақытта ыңғайлы (таңертеңгі уақытга, далада серуендеуде, тэуліктің екінші жартысында).
Тіл байлығын байыту мақсатында қоршаған ортаны бақылау, картиналарды қарастыру, балаларға қызықты болатын тақырыптарды талқылау, осылар барысында байланыстырушы түрде эңгімелеу жолын жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, «Гүлдер элемінде. Түймедақ» тақырыбы бойынша «Түймедақ гүл шоғы» атты Надежда Каменскаяның жэне «Түймедақ алаңы» атты Панов Эдуардтың картиналарын репродукциялау бойынша гүлдер жайлы эңгімелеу, «Түймедақ элемінде» сызбасы бойынша эңгіме құрастыру, «Интервью деген не?» суреті бойынша дидактикалық жаттығу сияқты жұмыстар жүргізуге болады. «Менің арманымдағы үй» тақырыбында өз үйлеріңіз (пэтер, жатақхана), тұрған жерлеріңіз туралы эңгіме құрастыру, дидактикалық жаттығу (педагогтың сөйлемін аяқтау), «Менің армандаған үйім» шығармашылық әңгімелесулер құру сияқты жұмыстар мектеп жасына дейінгі балалардың ауызша тілдерін дамытуға бағытталған.
Сөздің атауы түсінікке айналу үшін көптеген шартты байланыстарды жасау қажет, сонымен қатар іс қимылмен ұштастырылған байланыстарды да. Бейнелеу өнердің барлық түрлері осыған көмектеседі. Ауысып отыратын көрнекі материалдар, зат атауын түсіндіретін, нышаның әрекеті, бала үлкен адамның қысқа сөзіне құлақ асып, әрі қарай күрделенген сөз тіркесіне, жаңа сөздерді, олардың лексикалық, фонетикалық және грамматикалық түсініктерін айқындайды.
Әдебиет:
- Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. - Астана: Жеті Жарғы, 2007. - 15 б.
- Развитие речи детей дошкольного возраста: Пособие для воспитателя дет. сада. / Под ред. Ф.А. Сохина. - 2-е изд., испр. - M.: Просвещение. 1983. - 223 б.
- Антонова Л.Г. Развитие речи. Популярное пособие для педагогов и родителей. - Ярославль: Академия развития, 1997. - 224 б.
- Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің психологиялық негіздері // ¥лт тағылымы. -2008. -№ 1. -38-42 б.