Біздің елде соңғы жылдары білім беру үдерісі күрделене түсті және оқыту жүйесінің өзіндегі жаңа тұжырымдамаларымен және теорияларымен молықты. Кез келген шығармашылық еңбектің ең басты құраушысы шығармашылық атмосферасы, процесі және жұмысқа арналған қажетті шарттары болып табылады. Оқушылар үшін оқуға міндетті болып келетіні тақырыптық материалдар, олардың шығармашылық әлеуетін ашатын қызықты тапсырмалар орындау. Бұл С. Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның музыка студиясының сабақтарында өнердің межелес түрлерінің өзара әрекеттестігін талап етеді. Дәстүрлі бағдарламалық материалға кіріктірілген енгізу оқушылардың шығармашылық әлеуетін кеңейтеді, байытады. Мүғалім үнемі бір әдісті қолданып, бір ғана тапсырманы орындаумен сабақты өткізіп отырса, ол балалардың сабаққа деген қызығушылығын басып тастайды, қызығушылық болмаған жерде балалардың қабілеті дамымайды. Музыка өнері балалардың өнерге қуанышымен қызығушылығын тудырады, осы жерде ұстаздың мақсаты-балалардың ынтасын өшіріп алмай оны лаулатып көтеріп, жетілдіру. Өнермен айналысу өте зор еңбек, өкінішке орай оны көпшілік түсіне бермейді. Студияға келуші оқушылардың көбі оқу барысында оларға қойылатын талаптарға көніл аудармайды. Аспапта ойнау күнделікті үйдегі дайындықты қажет етеді, бірақ балалар көбіне мұны түсіне бермейді, кейде ата-аналарда оны түсінбейді; «...маған балам домбыра ойнау білсе жеткілікті, нота сауаты сабақтары керек емес» дегендей артқа тартады. Осындай пікірлер бізге жиі кездеседі, сондықтан 1-ші сыныпқа көп балалар келгенімен барлығы мәреге жетпейді. Соңғы үш жылда студияға қабылданған оқушылардың саны өскенімен оқу сапасы әлі көңілден шықпайды. Себебі неден? Баланың көңілімен музыка мектебінің бағдарламасының сәйкессіздігі. Гимназистердің оқу жүктемесі өте көп. Осы себептер бойынша аспапты меңгеруі мен классикалық музыкаға қызығушылық төмендейді. Баланың музыкаға қызығушылығын көтеру үшін олардың мотивациясын арттыруы қажет. Аспапта жақсы ойнауға сынып атмосферасы, мүғалімге деген сыйластыгы, сүйішпеншілігі эсер етеді.байқаулар мен концерттерге катысуы оқушылардың музыка сабақтарына деген қызығушылығын көтереді. Ал енді одан да жоғары мотивациялардың түрі оқушыларды марапаттау жэне мадақтау.
Музыкалық студиясының міндеті - өзінің оқушыларына музыкалық білім беріп, олардың эстетикалық талғамын тэрбиелеу, көп ұлтты ҚР жэне дүние жүзі музыка мэдениетімен таныстырып, болашақ профессионалдық өнер жолына баулу. Бұл міндеттерді, мектеп реформасында атап көрсетілгендей, жалпы білім беретін мектептердің, ата-аналар мен музыкалық - теориялық пэндер мұғалімдердің бірлескен күш-жігерінің нэтижесінде ғана ойдағыдай жүзеге асыруға болады. Оқу-тәрбие жұмысының нэтижелігі сонымен қатар мектепке, соның ішінде белгілі бір класқа қабылданатын оқушылардың сапалық құрамына да байланысты болатыны белгілі. Сондықтан домбыра класына домбыра тартуды сүйетін, табиғи дарынды (есіту, жаттап алу, ән салу, ырғақтық сезімі жақсы дамыған), мектепке жақсы оқитын 3,4,5-кластың оқушылары қабылданады. Олардың музыкаға бейімділігі, профессионалдық қабілет-дарыны оқу барысында үнемі қадағаланып, тексеріліп отырады. Мүғалімнің міндеті оқушының қабілет, икемділігін үздіксіз дамыта отырып, оны жан-жақты жетілген, ой-өрісі кең, жетік маман, өнерге құштар азамат етіп тәрбиелеу болып табылады. Аспаптармен оқыту барысында музыкаға және өнерге, әр түрлі тапсырмалар арқылы қызығушылықтары туындайды. Қазақ мектептерінің жағдайында оқыту ойнау домбыра мынандай жағдайлар бағытталған бір жағынан білім алады, екінші жағынан білік дағдыларын қалыптастырады, болашақтағы үрпақтарға патриоттық тәрбиеге тәрбиеленді.
Балаларды қазіргі бағдарлама сәйкес жалпы дамып жатқан эстетикалық тәрбие бағытына алу. Сонымен қатар балаларды әр түрлі бағыттағы музыканы анықтау, балалық қызығы ойнау дамуына музыкалық мәдениет ендіру. Аспаптық ойнау оқыту барысында музыканы жақсы тануға, дауыс ырғағына, оркестрге, хорға және басқа аспаптарға соның ішіндегі қазақ халқының аспаптарына: сырнай, сыбызғы, қобыз мүмкіншілігі мол. ¥стаз - негізі тәрбиеші, ол баланың музыкалық таңымын және эстетикалық дамуын қалыптастырады. Шығармашылық тапсырмалар (ырғақты есту, әнді шығару, нотаны оқу) көркемдік қажеттілігі дамытылады. Дарынды оқушылардың орындау шеберлігін шыңдау мақсаты мен оларға күрделі шығармаларды шамадан тыс көп ұсыну да немесе орташа деңгейдегі ғана үстап, олардың ынтасын тежеу де дүрыс болмайды. Сондықтан мүғалім мүндай жағдайларда әрбір баланың жеке-даралық ерекшеліктерін ескере отырып, іске творчестволық тұрғыдан қарауы керек. Сабақты оқушының жасына, музыкалық қабілетіне, ойлау, үйрену білуге қүмарту, т.б. психологиялық ерекшеліктеріне сай ұйымдастырған жөн. Музыкалық сауатын кеңейтіп, теориялық білімі мен орындау мәдениетін қалыптастыра түседі.
Эстетикалық талғамды ұштау, сұлулықты, әсемдікті түсіне білу, сонымен қатар өмірге белсенді коммунистік көзқараспен араласа білу т.б. көптеген міндеттерді шешу сабақтың негізгі мақсаты болып табылады. Көп алдында шығып, жеке өнер көрсету, бір жағынан, оқушының орындау шеберлігіне сын болса, екінші жағынан, оның жауапкершілігін де арттырады. Баланың жеке - даралық ерекшелігі де оның творчестволық өмірінің осы бір жауапты кезеңінде айқындала түседі. Шәкірттің көп алдына шығып өнер көрсетуіне концерттік шығармалар алдын-ала жатталып, оларды орындау әдіс-амалдары толық меңгеріліп, көркемдік мазмұны айқындалғаннан кейін ғана рұқсат етеді. Оқушының концерт қоятын күні тым шаршамағаны жөн. Сондай-ақ ол сахнаға шығар алдында көп ескертулер жасап абыржытпау керек. Ондай ескертпелер, әдетте, шығарманы өз дәрежесінде орындап шығуға көмектеспегені былай тұрсын, керісінше кері эсер етуі мүмкін.
Жас музыканттың бойында «сахнада ойнауға жеткілікті түрде даярмын» деген өз-өзіне сенімділікті тэрбиелеп отыру да мұғалімнің басты міндетінің бірі.Оқушы көпшілік алдына шығып, өнер көрсету тек өзінің орындаушылық шеберлігін арттыру ғана емес, сонымен бірге композиторларды жэне олардың шығармаларын насихаттау екенін де есте ұстауы қажет. Музыка мен басқа өнер түрлерінің арасында қандай байланыс болуы мүмкін? Әрбір өнер үшін мүсінділікке, ұйқастыққа, үйлесімділікке деген талпыныс тэн. «Композиция», «симметрия», «құрылым» терминдері сэулет, бейнелеу өнерлерінде де, музыкада да қолданылады. Мысалы, Салтанат аркасы мен Мәскеудегі Үлкен Театрдың ғимараты, Түркістандағы Ходжа Ахмет Яссауи кесенесі мен Үндістандағы Тадж Махал өзара симметриялы болып келеді, ал Михаил Лермонтовтың «Из Гете» өлеңін 90-нан астам композиторлардың музыкаға салғандығы да кездейсоқ емес - Үлы Абай осы туындыны аударған, кәне, кім маған бүл жолдардың қазақша нұсқада қалай екендігін айтып береді?
Музыкада ең көп таралған формалардың бірі болып 3 жекеше формасы табылады, одан әлдеқайда күрделірек сәйкестіліктер де кездеседі, нақты айтқанда «алтын айқас» сәйкестіліктері. Музыкада «алтын айқас» нүктесі барлық туындылардың үшінші ширегінде орналасады, оны әр түрлі әдістермен айыруға болады: биік шарықтау шегі, акценті, айрықшаланған аккорды арқылы. Бұл қарапайым әннің де, көлемді туындылардың - соната, симфониялардың айқын қасиеті. «Алтын айқас» принципі жиірек данышпандар музыкасында танылады. Барлық өнерлердің осы қасиеті ойлап табылған жайт емес, ол Табиғат-Ананың үйлесімділігін айқындайды. Қорытындылай келе, айтатынымыз: музыкалық өнер арқылы біз әлемнің күрделілігі мен сүлулығын жақсырақ танимыз. Балалардың тек махаббаты мен қызығушылығын оятып қана қоймай, олардың кәсіби деңгейін көтеруге жағдай туғызып, терең білім алуға дүрыс жол көрсете білейік!
Әдебиет:
- Выготский Л.С. Психология. М. Апрель Пресс, 2000 ж.
- Некрасова О.А. Музыка сабагы. Музыка анықтамалығы. Тамыз, 2012.
- Топоркова Л. К. - кин, педагог ДМШ №1 Астана.
- Актуальные вопросы воспитания духовно-нравственных ценностей подрастающего поколения. 2015 ж.