Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Білім мeн тәрбие - егіз

“Адамға ең бірінші білім емес, тэрбие берілуі керек, тэрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат экеледі,” - деген Әл-Фараби, білім мен тэрбие - егіз, екеуі қатар жүруі керек. Оқушыларды тэрбиелеу мэселесі ең негізгі талаптардың бірі боп саналады. Баланы тэрбиелеу ісі баршаның ісі. Адамгершілік асыл қасиеттердің адамды арман мүратына жеткізсе, ал жаман қылық, жат эрекеттердің зияны тиіп, жаманшылыққа ұшыратып жатады. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында “Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық жэне жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жэне кэсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау” - делінген, ал басым міндеттерінің бірі ретінде “жеке адамның шығармашылық, рухани жэне дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастырып, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектіні байыту деп көрсеткен[5].

¥стаз - мамандық әлеміндегі ең ғажайып мамандық. Көзі жәудіреп отырған шәкірттер ертеңгі ел басқаратын, ғылымның сырын ашатын, қоңыр даланың ғарышқа самғайтын, кемені ақылдың нұрымен суарып, кітап жазатын елімнің ертеңгі қожалары емес пе? Еліңнің ертеңін жасар азаматты тәрбиелеу, баулу сенің қолыңда тұрса, одан басқа қандай сый керек [2]. Сондықтан да ата-ана, халық, мұғалім сеніп, бүкіл бір ұрпақтың сәтті негізін, дамуды қазіргі уақытта, біздің күрделі заманымызда қажетті топиранимизм болып жүруге лайық ұрпақты тәрбиелеуді тапсырып отыр.

Оқушы - мұғалімнің өзін көрсететін айнасы іспеттес. Мұғалімнің жақсы көрген шәкірті еш уақытта ұятқа калдырмайды. Өзіңіз сүлу сезімсіз болсаңыз, сұлу сезімді жанды қалай тәрбиелейсіз? Оқушының бойында қандай қасиет басым болса, сол қасиетті ол алдымен ата-анасынан, екінші мүғалімінен алады. Сол шәкіртіне деген өн бойындағы барлық ыстық қасиеттері мен жылы шуақтарын аямай төгеді. Мүғалім баланы оқытады, тәрбиелейді. Сол оқыту жолында ол небір қиындықтарды басынан өткізеді. Оның алдынан түрі мен мінезі бір-біріне ұқсамайтын, біреудің еркесі, біреудің кенжесі, біреудің жалғызы дегендей-ақ, әр түрлі шәкірттер отырады. Біздің міндетеміз - сол шәкірттеріміздің ойлаған ойынан шығып, оның сүйіктісі бола білуіміз керек. Бір сөзбен айтқанда, шәкірт ұстазының әрбір сабағын асыға, тағатсыздана күтіп отырса, содан артық бақыт бар ма екен, шіркін [2], [4]!

«Сабақ - оқытушының педогогикалық мәдениетінің айнасы», - дейді А. Сухомолинский. Бұл тұжырым - нағыз көрегендік. Сабақ - педогогикалық шығарма, оны түсіндіруден гөрі, өткізу әлдеқайда оңай. Өткізілетін сабақтың болуының толып жатқан шарттары бар. Оның ең бастысы - ерекшелігі.Алайда, бұлар аз, бұған қоса әдістемелік шыңдалған шеберлік қажет етеді. Сабақты жоспарлауы, ұйымдастыруы, өткізуі үлкен нақтылық қажет етеді. Сабақ - күрделі үдеріс, оның үстіне небір қиындық оқыс әрекеттер сабақ үстінде кездесіп жатады. Үстаз шеберлігі осының бәріне төтеп береліктей болуы шарт. Мұғалім сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша дегеніне жете алмайды. Оқтушы сабақтың мазмүнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұхият ойластыруы қажет. Сабақты жоспарлауға қандай негізгі талаптар қойылады? Олардың жобасы төмендегідей:

І.Оқушылардың бар зейінін аударып және ықыласын ынта - жігермен тыңдауды ұйымдастыру;

  1. .Сабақтың тақырыбына сай мақсатын нақтылай түсу;
  2. .Оқытушының тақырыпты терең және жан-жақты меңгеру;
  3. .Мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі, сезімі, тиімді әдіс-тәсілдері;
  4. .Көрнекі құралдардың нақтылығы, әсерлігі, мазмүндылығы;
  5. .Мысалдардың өмірмен байланыстылығы баланы ойлануға, сөйлетуге, тәрбиелеуге ықпалы;
  6. .Топпен, жеке оқушымен жұмыстың жандылығы, әр түрлілігі;
  7. .0қушы теориялық жағынан меңгергенін іс - тәжірибеде, күнделікті сабақтарда қолдана алуы;
  8. .0қушы алдына проблема қойып, оны ізденіске баулу;

ІО.Сабақты басқа пәндермен, өнер салаларымен үйлесуіне, ұқсастығына қарай түрлендіру;

И.Оқушының шығармашылық белсенділігін арттыратын өз бетінше жүмыс беру;

  1. .Бағалау, оның тәрбиелік мәні;
  2. .Үй тапсырмасын уақытында түсіндіріп,үлгісін беру;
  3. .0сылардың ең бастысы - сабақтың жүйелілігі;

Оқытушының іскерлік сапасына төмендегідей талап - міндеттер қойылады:

  1. Сабақтың мақсатының айқын болуы;
  2. Материалды жан - жақты әрі түсінікті баяндауы;
  3. Басты мәселені беле көрсетуі;
  4. Сыныпты пәнге қызықтыруы;
  5. Мәселе қозғап, пікір - сайыс туғыза білу;
  6. Баяндау тәсілі жүйелі әрі қызықты болуы;
  7. Сөйлеу мәдениетінің тартымдылығы, сөздері анық, қарқыны ұнамдылығы;
  8. 0қушыны тізгіндемеуі;

9.Алған мысалдарының өмірмен байланысы әрі тәрбиелік мәнінің маңызды блуы;

ІО.Оқушыларға еркін жүмыс істеуі;

  1. .Сыныптағы тәртіп дүрыс жолға қойылуы;
  2. .Сабақтағы дидактикалық материалдардың жеткіліктігі;
  3. .Көрнекі құралдардың барлығы;
  4. .Техникалық құралдардың барлығы;
  5. .Үйге тапсырма уақытында әрі дүрыс берілуі;
  6. .Оқушылармен жеке жүмыстар жүргізілуі;
  7. .0қушылардың қателері дер кезінде түзетіліп отыруы;

18.Бағалау нормалары сақталып әділ бағалануы [3].

Әр сабақта осыларға қоса педагогикалық, пихологиялық, физиологиялық, гигиеналық талаптар қарастырылады. Көпшілік жағдайда бір сыныптың оқушыларына бірдей дайындықпен, бірдей талаппен, бірдей өткізілген сабақты әр оқушы әр түрлі қабылдайды. Осыдан кейін келіп жеке оқушыларды зерттеу және олармен жеке жүмыстар жүргізу талабы туындайды.В.Рагова былай дейді:«Оқыту технологиясының ең басты проблемасы - ұжымдық жүмыста жеке оқушының жеке мүмкіндігін дүрыс аңғарып, оны дүрыс істете білуі».Шынында да, сабақ оқыту кезінде оқушылардың мол мүмкіндігін аша алмай келеміз, сондықтан да жеке оқушымен жұмы бірінші орында болуы керек. Жүмыс барысында сыныпта уақыт жетпесе, үйге тапсырма беріп, оны тексеруді қадағалап ойластырылған жөн. Ендігі үлкен проблема - үнемі баланың сөйлеу тілін жетілдіріп, логикалық қорын молайтып отыру. Көпшілік жағдайда мұғалімнің мысалдары - оқушылар баяғыда - ақ жалығып кеткен бір сарынды дүниелер. Сондықтан балада қызығудан гөрі немқұрайлық басым. Әйтеуір сыныпта сабақ аяқталғанша отырып қайту. Келесі, оқытуда ескерілмей жүрген жайт, сабақты проблемаға құрып, бала алдында жағдаят тудыры алу, сол арқылы ойландыру шешімін іздету. Сабақ үдерісіне тікелей араластыру. Сабақ жағдаятқа құрылмаса, тағы керегі жоқ жансыз мысалдар алынады, олар балаүшін ешқандай рөл атқармайды. Мысалы:

Оқытушы: Марат, Алматыға бардың ба?

-Оқушы: жоқ. Немесе «қоян шөп жейді», «трактор жер жыртты», Мараттың Алматыға барған, бармағаны оқушылар үшін қызық емес. Келесі сөйлемде де солай. Қоянның шөп жейтінін, трактордың жер жыртатынын бастауыш сыныпта естіген. Тапсырма баланы шын ниетімен сөзге тартатындай болуы керек емес пе? Бала қызығып, өзі қиялдайтындай немесе біреудің барғанын құмартып тыңдайтындай жағдай жасау қажет. Келесі бір жай, сабақтағы нақтылық. Көп жағдайда сабақтың тақырыбына мазмұны сәйкес келе бермейді. Соның әсерінен кейбір сабақтар мақсатынан алшақтап, жүйесіз, бос баяндау боп келеді. Сабақты жоспарлағанда оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту шарттарын ескере бермейміз.

І.Оқыту, білім беру мақсатты:

Балаға ғылыми теориялық жағынан не айтуымыз керек? Ол қандай мөлшерде, оны бала қабылдайды ма? Қалай қабылдату керек,балаға түсіндірудің,есте сақтаудың жолын іздету керек.

2.Үйрету:

Оны білген оқушы практикада қолдана ала ма? Erep құр ережені жаттап алып, оны іс тәжірибеде қолдана алмаса, ол неге керек? Нәтижесі сол ережеге байланысты тапсырманы бала қиналмай орындауы керек.

З.Тәрбиелеу:

Ендігі бір жауапты кезең -тәрбиелеу, екінші, әр түрлі әдіс-тәсілдері арқылы имандылыққа тәрбиелеу. Үшіншіден, оқытушының өзі тәрбие берудің көрнекілігі, іс - әрекеті, сөйлеген сөзі, киім киісі, жүріс - тұрысы, адамгершілігі арқылы тәрбиелеу.Айналадағы қоршаған ортаға жанашырлыққа мейіріммен қарау. Бойкүйездік, екіжүзділіктен жиіркендіру. ¥лт намысын, әдет - ғұрыпын жоғары ұстау. Қыз бала өз орынын, ұл бала өз орынын білу. Ешқандай тәрбие бермей оқыту не үшін қажет. Міндетті түрде сабақтың тәрбиелік мақсаты болуы керек.

4.Дамыту:

Оқушының логикалық ойлауын қамтамасыз ету. Ой өрісін шыңдай отырып, өмірге көзқарасын қалыптастыру. Бойындағы өнерін танып, бағыт - бағдар беру. Ғылымға қызықтыру. Айнала қоршаған ортаға немқұрайлы емес, зер сала қарау керек. Бүгін айтылғанды ертеңмен ұштастыру, өз бетінше толықтыру, жеке оқушымен жүмыс. Оқушыға беретін тапсырмаларда дәлелдейтін, түсіндіретін, пікірмен, келісетін, келіспейтін, ұсыныс енгізетін, сын көзбен қарайтын, бір сөзбен айтқанда, баланы жан -жақты ойландыратын жұмыстар болуы керек.

Ыбырай Алтынсарин айтқандай, мектептің жүрегі болуымыз керек. Ақауы жоқ, таза қанды, адал жанды, тоқырап, тоқтап қалуды білмейтін, өмір бойы балалармен бірге соға беретін жүрек керек мектепке. Мектептің жүрегі бола білу - өмірден өз орынын табу деген сөз. Оқушылармен достық қарым - қатынас жасаудан ешқашан жалықпау керек. Ретті жерде сыйлап мәпелеуіміз қажет [1].

Бала жаны әділдікті сүйеді. Әсіресе, баға қойғанда қандай баға қойсаңыз да бала сізге дән риза болады. Сізден басқа кемшілік тапқанмен, дәл осы әділдігіңізүшін сізді қатты бағалайды. Оқушыларға ретсіз, жаза қолдану оқытушының әдіссіз, әлсіз екенін көрсетеді.

Erep мүғалім оқушы алдында шын мәнінде құрметтеліп сыйлайтын дәрежеде көтерілсе, өзін - өзі шебер мұғаліммін деп сезінуіне әбден болады. Бұл - мақтану емес, адамның қашан да сезім үстінде болуынан, өзінің жетістігін де сезіне білінден шығатын нәтиже.

Жасандылық жасамау керек. Бала жаны жасандылықты жаратпайды. «Білгенің қайсы, білмегеніңді кешірмесең», - дейді халық. Сіздің істес болып отырған адамыңыз әлі жас, ақылы толмаған, көп нәрсені білмейтін сәбилер екенін ұмытпау керек. Олай болса, кешірімді, мейірімді болу керек.

Шәкірт пен ұстаз арасында достық сезім өте қажет - ақ. Бірақ көп нәрсе мұғалімнің өзіне де байланысты екенін ұмытпауымыз керек. Айталық, бала бір сабақты нашар оқиды. Оған ұрысуға да, қорқытуға да болады. Ата - анасына барып айту қиын емес. Бірақ бала көп пәннен 2-ден басқа баға алмайды. Бұл неліктен? Мұндай жағдай көбіне мұғалім мен оқушының өзара үғыса алмауынан болатынын тәжірибе айқын көрсетіп жүр. Бала жүрегіне жол таба алмаған мұғалім кейде оны өзіне қарсы қойып алады. Бала ерегескіш келеді.

Бала тәрбиесі - үлкен өнер. Эр балаға эр түрлі тэсіл керек. Біреуге ақыл айтсаң да, жетіп жатыр.Енді біреуіне ақыл жүрмейді. Мінез - құлқына қарай басқа амалын табу керек. Бала жүрегі - кішкентай күйсандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімдердің қолында эр кез сол кілт жүру керек.

Туысынан бала жаман болмайды. Ал жаман тэрбиеші болуы мүмкін. Олай болса тэрбие жүмысына ата-аналар мен мектеп ұжымы бүтіндей бірлесе отырып, түбірлі өзгеріс, яғни, жаңа адамды тэрбиелеу мақсатында революция жасауымыз керек.

Қорыта келе айтарым: біздер, мұғалімдер еш уақытта жалқауланып, баланың тағдырына немқұрайлы қарамауымыз керек. Өйткені, бала - біздің болашағымыз. Болашақ үрпақтың тағдыры, эуелі, Алланың, ата - анасының, сосын мына біздің, мұғалімдердің қолында тұр. Оқушыларды мектепте өзін-өзі басқару жүмысына қатыстырып, мектептегі сайлау жүмыстарына, мерекелер мен түрлі шараларды ұйымдастыруға қатыстыру арқылы елжандылыққа баулып, азаматтық тэрбие беруге болады. Сонда оқушылардың бойында ізгілік, жауапкершілік, өз ықтиярымен іс атқаруға даяр бола бастайды, жэне олар эрқайсысының отбасы туралы, олардың мүқтаждарымен қатынастары, істері жайлы біліп, бір-біріне көмек береді, сөйтіп оқушылар ұжым арқылы элеуметтік жақсылықтарға қол жеткізеді, достық қатынас дамиды. Ұйымдық жұмыстарда қолданатын қатынастар негізіндегі достықты, нэтижелі еңбек етуді жеке қоғамдық тэртіпті сақтауды саналы игереді, топтық ортада баланың адамгершілік ұстанымдары жетіліп, тұлғалық қасиеттері қалады. Бала өзінің отбасынан алған тэрбиесімен мектептен алған тэрбиесін ұштастыра отырып, оны өз өміріне пайдалана алуы керек. Сонда ғана ол өзін қайда болсада дүрыс үстай білетін өз еліне адал, өз елінің тэрбиелі, патриоты бола алады. Осындай оқушыларды тэрбиелеу эр ұстаздың міндеті.

 

Әдебиет:

  1. «Парасат» журналы, 1982 ж. қаңтар айы. - Б. 2-4.
  2. «Қазақ тілі мен әдебиеті», 1999 ж. шілде айы. - Б 17-20.
  3. X. Арғынов. Қазақтілі методикасы. A., 1971 ж. 115 б.
  4. «Ұлағат» журналы, 2009 ж. қараша айы. - Б. 33-35.
  5. Қазақстан Pecny бликасының «Білім туралы» заңы. - 2007 ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.