Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дидактикалық ойындардың ұйымдастырып өткізудің маңызы

“Еліміздің ертеңі бүгінгі жас үрпақтың қолында, ал жас үрпақтыңтағдыры ұстаздың қолында.”

(Н.Ә. Назарбаев)

Өркениетке ұмтылған мемлекетімізде бәсекеге қабілеттілікті өалыптастыруда ең жауапты міндет білім саласының мойнында тұр. Өйткені бүгінде дамыған елдермен тең дәрежеде болу үшін жас үрпақтың білімі соған сай болуы керек.Елбасы Н.Назарбаев биылғы Жолдауында: “Білім беру жүйесін жаңғырту барысында оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізіп, мектеп оқытушыларының біліктілігін арттырып, халықаралық стандартқа сай білім беру жүйесіне көшу арқылы Қазақстанда адами капиталдың сапасын арттыру керек”,- дегені мәлім.Олай болса қоғамның ең жауапты міндеті ұстаздарға жүктеліп отыр. Мұғалім оқушыға білім беруде әр түрлі тәсілдерді қолдану керек. Оларды қолданудағы мақсаты балаларға жеңіл әрі түсінікті болуы. Әр үстаздың мақсаты - сабақты тартымды, әрі қызықты өткізу. Бұл мақсатқа ойын элементтерін қолдану арқылы оңай жетуге болады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Бұл - оқу мектептердің бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін, тілді меңгеру дәрежесін, сөздік қорын ескере отырып, сабақты қызықты өткізу мақсатында қолданылатын қосымша құрал.

Ойын - дегеніміз не? Ойын дегеніз — халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралының бірі.

Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын. Соның ішінде маңыздысы - дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы - баланың ой өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дүрыс қарым-қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа үлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмүнмен анықталады. [1]

“Ой - ойыннан басталады” десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын арттыратын - ойын. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Қүнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» -деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алды. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. Балалар ойын арқылы тез табысып, жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым- қатынастарымен танысады. ¥лы педагог В.А. Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт- сананы сіңіру арқылы байи түседі. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының ой белсенділігін дидактикалық ойындар арқылы дамыту қажет болып отыр.Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез- келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.

Ал, дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсаты- бағдарламада анықталған пәндер бойынша білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмүнымен анықталады. Дидактикалық ойынды пайдалану жиілігін анықтап және шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез-келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдыруға болады. Бірақ ойын процесі мен оқу процесін бір-біріне етене үластырып ұйымдастырған жөн. Бала ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға үласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқушылардың ойын жетілдіре оқыту әдісі өз деңгейіне көтеріледі.

Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмүны, ережесі балаларға дүрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл болу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор. [2]

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

  1. Заттық дидактикалық ойындар-дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
  2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар
  3. Сөздік дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.

балалармен тілдік дидактикалық сөздік жүмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, tYP- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі қүбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретуге болады. Мектеп жасындағы балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде үстаздың:

-балалардың сөздік қорларын дамыту;

-жаңа сөздерді меңгерту;

-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, сөздерді байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындарды пайдалану көп көмек береді.

Баланың ойын дидактикалық ойындар жүмысына баулып, олардың ойынға белсенділіктерін, қызығушылығын дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

Олар мыналар:

  1. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (қүрастырмалы ойындар, қозғалмалы ойындар, сергіту ойындары тағы басқалар)
  2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытта жүмыс, қиялдау ой арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп ойнату,ойын балалардың ойлау қабілеттерін арттырады.
  3. Әр бөлімінде халқымыздың ұлттық ойындарын қолданамыз.
  4. Осы сабақтарды қызықты өткізу үшін математика сабағынан есеп шығару ойындары, әліппеден әріптер жайлы ойындар (әріптерді шапшаң тауып, орнын табу), дене шынықтыру сабағынан қимыл-қозғалыс ойындарын, яғни эр пэнге дидактикалық ойындарды қолдандым.
  5. Венн диограммасын, үлестірмелі карточкаларды, сөзжұмбақтарды, ребустар, дидактикалықойындарды қолданып, сабақты қызықты жүргізумен балалардың сабаққа қызығушылықтарын,ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
  6. Мақал-мэтелдер, сөзжұмбақтар, жаңылтпаштар, сауалғылар қолдану арқылы балалардың тілін дамыту, ой-белсенділігін арттыру.
  7. Мазмұнды суреттер бойынша эңгіме қүрастыру, шығармашылық қабілеттерін, көз зерделерін, есте сақтау қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту.

Бастауыш сыныптарда ойынға қойылатын төмендегі эдістемелік талаптарды біліп, орындап отыру керек:

  1. Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.
  2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тэртібі оқушыларға эбден түсіндірілгені жөн.
  3. Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.
  4. Ойынның жүру барысында балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмүнына неғұрлым сэйкес алынса, оның танымдық, тэрбиелік маңызы арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың эсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың ынтасы мен қызығушылығын арттырады.

 

Әдебиет:

  1. 1. Дидактиқалык ойындардар арқылы оқушыларды ұлттық тәрбиеге баулу / Б.Нарқүлова // БАСТАУЫШ МЕКТЕП. -2007,-№ 10-11. Б. 36.
  2. 2. Артемова Л.В. Дидактиқалык ойындар. - M., 1992.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.