Дәстүрлі емес сабақтар интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мүғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты түтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады.
Оқушымен жеке жүмыс. Әр оқушыға тапсырма беріледі, оны басқа оқушылардың көмегінсіз өзі орындауға тиісті. Тапсырмалардың түрлері: ана тілінен орыс және шетел тілдерінен жаттығулар жазу, есептер шығару, кабинетте тәжірибе жасау, тірі табиғат бүрышында, оқу-тәжірибе учаскесіндегі жүмыс, тау тастарын, минералдарды зерттеу, т.б. Тапсырмалар әрбір оқушының жеке ерекшеліктеріне сай беріледі, үлгерімдері төмендер білімдеріндегі кемшіліктерді жоюға, жақсы оқитын оқушылар білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алады. Мұғалім әрбір баланың жұмысын, әсіресе сабаққа ынтасы томен балаларды бақылайды, керек болса көмек, ақыл-кеңес, жетекші сүрақ, қосымша жаттығу береді. Erep барлық оқушылар тапсырманы орындай алмаса, онда жеке жумысты тоқтатып, бүкіл сыныпқа тапсырманы қайта түсіндіреді. Баспадан шыққан тапсырмалар, жүмыс дәптерлері өте пайдалы.
Бағдарламалық оқыту - жеке жұмысты ұйымдастырудың өте жақсы түрі. Ол оқушының бағдарламадағы материалды меңгеруіне керекті жұмыстарды жақсы жоспарлап, оқу іс-әрекетін тексереді. Оқушы өз жүмысының дұрыс-бүрыстығын сол сәтте тексереді. Әр оқушы өз мүмкіндігіне сай жұмыс істейді.Алғашқыда оқушы үлгіге, нұсқауға қарап жұмыс істейді, оқу іскерліктеріне үйренген соң оқушы мұғалімнің көмегінсіз жұмыс істейді. Мысалы, жоғары сыныптарда әр оқушы тапсырма алып, оны орындау жоспарын жасайды, материал, қүрал, аспаптар іріктеп, жүйелі іс-әрекет жасайды, жұмыстың нәтижелерін белгілеп отырады. Жеке жүмыстарды оқушы оқу материалын өз бетімен оқи алатын болғанда ғана алады.
Әрбір оқу пәні бойынша бір оқу тоқсаны, жарты жыл аяқталғанша жүмыс істейтін топ құруға болады. Кейде бірнеше сабақтарда ғана топ жұмыс істейді. Оқу пәндерінен кеңес берушілер тағайындалып, олар оқушылардың жүмыстарын тексереді және бағалайды. Мұғалім кеңесшінің жұмысына басшылық етеді. Кеңесші өз тобының мүшелерінің теориялық материалды меңгеруіне, іскерлік, дағдыларын шыңдауына көмектеседі, топ мүшелеріне жұмысты бөліп береді, жүмысты бақылайды, тапсырмалардың дүрыс орындалуын тексереді, жазба жүмыстарына сын-пікір жазады. Тапсырма бірдей де, әр түрлі де беріледі. Жүмыстың нәтижесін сабақ соңында тексеру керек. Топқа бірігу тәжірибелік жүмыстар, зертханалық жүмыстар істегенде, шет тілі сабақтарында ауыз екі сөйлеуге дағдыланғанда, дене тәрбиесінде жаттығу арқылы дағдыланғанда, еңбек сабақтарында жобалау-техникалық жүмыс істегенде, мектеп жанындағы алаңдағы жүмыста, мәтінді, тарихи құжаттардың көшірмесін оқығанда пайдалы.
Сабақты жоспарлау және оған әзірлену кезеңдері:
- бөлімдерді тақырыптарға белу, әр тақырыпқа бөлінетін сағат санын белгілеу;
- бағдарлама, әдістемелік құрал, мектеп оқулығы және қосымша әдебиеттерді оқып, әр сабақтың алдына білімдік, тәрбиелік, дамыту мәдениеттерін қою;
- тақырыпты ашуға керекті мәліметтерді іріктеу, оқуға керекті тірек білімдерді анықтау;
- негізгі материалды, дәлірек айтсақ сабақтан оқушы түсініп, есінде қалу керек мәліметтерді анықтау;
- сабақтың құрылымын, типін, мақсатқа жеткізетін әдіс-тәсілдерін белгілеу;
- тақырыптағы мәліметтердің басқа тақырыптағы мәліметтермен байланысын ашу;
- сабақтың барлық кезеңінде мүғалім мен оқушылар атқаратын жүмыстарды, әсіресе жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеру кезеңдегі жүмыстарды жоспарлау.
Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз байланысты екі жағдай әсеретеді: мұқият дайындалу және шеберлікпен өткізу. Дұрыс жоспарланбаған, оқушылардың оқу мүмкіндігімен санаспайтын сабақтың сапасы болмайды. Сабаққа дайындалу - нәтижеге жеткізетін шаралар жүйесін жасау, оқу-тәрбие процесін дүрыс ұйымдастыру. Мұғалімнің сабаққа әзірлігінің үш кезеңі бар: диагностикалық, болжау, жобалау (жоспарлау). Мұғалім мәліметтердегі фактілерді, оқыту әдістемесін жақсы білуі тиіс. Сабаққа дайындық кезінде мұғалім оқу материалын сыныптың мүмкіндігіне "икемдейді", жақсы нәтиже беретін танымдық еңбек және ұжымдық жұмыстарды жоспарлайды. Сабақты өткізудің жақсы үлгісін жасау үшін модельдеу әдісі қолданылып, оқу сағаттары есептеледі. Алгоритм бойынша сабаққа дайындалу диагностикалаудан басталады. Диагностика арқылы сабақты өткізуге керекті барлық жағдайлар анықталады. Мұғалім балалардың мүмкідіктерін, іс-әрекетінің және мінез-құлқының себептерін, сүраныстарын, қызығушылықтарын, қабілетін, оқушыдан талап етілетін білім, іскерлік, дағдылардың деңгейін, оның ерекшелігін, тәжірибеге пайдалылығын анықтайды. Жобалау - Бұл сабақтың қалай өтетіні туралы жорамалдар. Болашақ сабақтың алуан түріне баға беріп, ішінен жақсысы таңдалады. Қазіргі жобалау технологиясы сабақтың тиімділігін мына тәсілмен шығарады. Сабақ мақсатына сай қалыптастырылатын білім, іскерлік 100% деп алынады. Бұл көрсеткішті зиянды жағдайлар төмендетеді. Мүғалім ең алдымен өз пәнінің оқу жоспары бағдарламасымен танысып, әр жылға күнтізбелік жүмыс жоспарын жасайды, әр сабақтың тақырыптық жоспарын, конспектісін дайындайды. Онда ол пәнаралық байланысты, әр сабақтың мақсат-міндеттерін, өздік жүмыстардың көлемін, оқыту әдістерін, көрнекі, техникалық құралдарды анықтайды. Негізгісі - жаңа тақырыптың мазмүны. Мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болуы үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын нақты білуі керек. Жоспарлау - сабаққа әзірліктің соңғы кезеңі. Оның нәтижесі сабақ жоспары. Сабақ жоспарының үлгісі:
- сабақтың өтетін уақыты, тақырыптық жоспардағы нөмірі;
- сабақтың тақырыбы, сабақ өтетін сынып;
- оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту міндеттері;
- сабақтың құрылымы, оның кезеңдері және әр кезеңге кететін уақытты белу;
- оқу материалының мазмұны;
- әрбір сабақтың бөлігіндегі жүмыстың әдістері және тәсілдері;
- сабақ өткізуге керекті оқу жабдықтары;
- үйге тапсырма.
Сонымен сабаққа әзірленгенде мұғалім оқу бағдарламасын тағы да қарап, оқу материалын оқиды, қосымша әдебиеттермен жүмыс істеп, оқушыларға тапсырма беріп, оқыту құралдарын (кесте, сызба, модель, үлестірілетін материалды) іріктейді және қарайды, әдіс және тәсілдерін таңдап, сабақтың типін және қүрылымын анықтап, барлығын оқу жоспарына жазады. Экскурсия кезінде оқу табиғатта, мұражайда, өндірісте өтіп, оқушылар алуан түрлі объектілерді және болмыс құбылыстарын бақылайды және зерттейді, өмірдегі құбылыстарды тікелей қабылдайды. Экскурсия әсемдікті түсінуге, танымға қуануға, қоғамға пайдалы болуға ұмтылуға көмектеседі. Әрбір экскурсия тақырыппен байланысты. Экскурсия арқылы бала әртүрлі курстарда оқылып жатқан құбылыс, зандардың байланысын көреді, оларды қолдануға үйренеді. Оқу экскурсияларын мазмұнына қарай тақырыптық және кешенді (шолу) деп бөледі. Тақырыптық экскурсияларға барғанда оқу пәндерінің бір немесе бірнеше байланысты тақырыптар оқылады. Оқылатын бөлімдегі орнына қарай кіріспе, негізгі, қорытынды экскурсиялар өткізіледі. Kipicne экскурсия оқушыларды және оқу курстарымен, бөлімдерімен таныстырады. Қорытынды экскурсиялар бөлімді қорытындылау және жүйелеу үшін, оның нақты процестермен және құбылыстармен байланысын анықтау үшін өткізіледі. Жүретін жерлердің бағдарын жасап, қосымша көрнекіліктер және керекті жабдықтарды (өлшейтін құралдарды, блокнот, қарындаштарды, гербарийлерге арналған папкаларды, фотоаппаратты, компасты) әзірлейді, оқушыламен әңгімелеседі, қауіпсіздік ережелерін, өзін-өзі үстау жөнінде айтады , экскурсия өтетін жерге қысқаша сипаттама беріп, қалай, қайда қарау керек екенін, нені бақылау, жазып алу, суретке түсіру керектігін айтып, қалай жүру керектігін түсіндіреді. Әрбір оқушының міндетін айтып, керек жағдайда топқа бөледі, топ басшыларын тағайындайды, жауапты оқушыларды бөліп, мәліметтерді талдап қорыту туралы нұсқаулар береді.
Үйірмеге оқушылар ерікті түрде қатысады, оған қатарлас сынып оқушыларын да, әр жастағы оқушыларды да қабылдауға болады. Үйірмеге басшылық ететін пән мұғалімі. Үйірмеде оқушылар курстың қызықты тақырыптарын тереңдетіп оқып, атақты ғалым, жазушылардың, басқада қайраткерлердің өмірі және қызметімен, ғылым және техниканық жаңа жетістіктерімен танысып, ғалымдардың мерейтойларына, ғылыми жаңалықтарға арналған кештер өткізеді, техникалық модельдер жасап, биологиядан тәжірибе жүмыстарын жүргізеді, зерттеушілермен кездесулер үйымдастырады.
Үйірме жүмысының негізінде ғылыми қоғамдар үйымдастырылады, олар үйірмелердің жүмыстарын үйлестіріп, көпшілікке арналған іс-шаралар, байқаулар және олимпиадалар өткізеді.
Сабақты талдаудың мақсаты:
- Оқушылардың білім, іскерлік және дағдылардың сапасын бақылау.
- Мұғалімге нұсқаулар беру.
- Педагогикалық шеберлікке жетуге көмектесу.
- Мұғалімнің жетістігі мен кемшіліктерінің себептерін анықтау, кемшіліктерді жоюға көмектесу.
- Мұғалімнің атқаратын жұмыстарын белгілеу.
Сабақты өткізу деңгейлері:
- Жақсы: Мұғалімнің сабақ мақсатына сай оқушылармен кері байланысы болып, қиыншылықтарды жеңуі.
- Өте жақсы: Мұғалімнің оқушыларды мәселені шешуге қатыстыруы және сол арқылы тақырыпты меңгертуі.
- Орташа: Оқушылардың білімін және іскерліктерін анықтауы және тақырыпты сабақ мақсатына сәйкес ашуы.
- Төменгі: Оқушылардан өткен тақырыпты сүрау. Жаңа материалды жоспармен түсіндіру. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті аз, белсенділіктері төмен.
Оқушлардың білім, іскерлік дағдыларын бақылау қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге үқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек.
Шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылық жүмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға белуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1-2 топтың оқушылары сол тақырып бойынша кроссворд қүрса, 3-4 топтың оқушылары олардың жауабын айтады. Бір тақырыпқа қысқа шығарма, сценарий, көркем немесе мультфильм құрғызуға болады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды.
Компьютерлік сабақ дисплей, ЭВМ, т.б машиналар арқылы өткізіледі. Сабақ қүрылымы:
- үйге берілген тапсырманы тексеру 10 минут;
- Жаңа сабақ;
- Бекіту;
- Үйге тапсырма.
5. Сабақтағы оқушылардың іс-әрекетін үйымдастыру.
Мұғалім оқушымен жекелей, топтап, сыныппен жұмыс істейді. Жаппай жүмысты ұйымдастырғанда барлық оқушылар мұғалімнің басшылығымен жүмыс істейді. Топта 3-6 оқушы бірге жұмыстанады.Мұғалім әрбір баланың жұмысын, әсіресе сабаққа ынтасы төмен балаларды бақылайды, керек болса көмек, ақыл- кеңес, жетекші сүрақ, қосымша жаттығу береді. Erep барлық оқушылар тапсырманы орындай алмаса, онда жеке жүмысты тоқтатып, бүкіл сыныпқа тапсырманы қайта түсіндіреді.Топтағы оқушылардың саны жұмыстың мазмүнына және сағатына байланысты 2-6 оқушыдан болады, одан артық оқушы болмағаны жақсы.
Кезендері:
- топтық тапсырманы орындауға оқушыларды әзірлеу, оқу міндеттерін қою, мүғалімнің топқа қысқаша нұсқау беруі;
- топта оқу міндеттерін орындау жоспарын талқылау және жоспарын жасау, міндеттерді орындау тэсілдерін анықтау, міндеттерді белу;
- оқу тапсырмаларын орындау үшін жұмыстану;
- мүғалімнің бақылауы мен топтың жэне жеке оқушылардің жүмыстарын түзету;
- оқушылардың бір-бірінің оқу жұмыстарын тексеруі;
- мүғалімге нәтижелерді айту, оның басшылығымен пікір таласын өткізу, толықтыру және түзету, мұғалімнің қосымша беруі, қорытындылар жасау;
- топтың, сыныптың жүмысына бага беру;
- үлгерімі әр түрлі оқушыларды бір топқа біріктіруге болады.
Әрбір оқу пәні бойынша бір оқу тоқсаны, жарты жыл аяқталғанша жүмыс істейтін топ құруға болады. Кейде бірнеше сабақтарда ғана топ жұмыс істейді. Оқу пәндерінен кеңес берушілер тағайындалып, олар оқушылардың жүмыстарын тексереді және бағалайды. Мұғалім кеңесшінің жұмысына басшылық етеді. Кеңесші өз тобының мүшелерінің теориялық материалды меңгеруіне, іскерлік, дағдыларын шыңдауына көмектеседі, топ мүшелеріне жұмысты бөліп береді, жұмысты бақылайды, тапсырмалардың дүрыс орындалуын тексереді, жазба жұмыстарына сын-пікір жазады. Мұғалім кеңесшіге әдістемелік нұсңау береді.
Тапсырма бірдей де, әр түрлі де беріледі. Жүмыстың нәтижесін сабақ соңында тексеру керек. Топқа бірігу тәжірибелік жұмыстар, зертханалық жүмыстар істегенде, шет тілі сабақтарында ауыз екі сөйлеуге дағдыланғанда, дене тәрбиесінде жаттығу арқылы дағдыланғанда, еңбек сабақтарында жобалау- техникалық жүмыс істегенде, мектеп жанындағы алаңдағы жұмыста, мәтінді, тарихи құжаттардың көшірмесін оқығанда пайдалы.
Оқушыларға өз білімдерін өзгерген жағдайларда қолдандыру:
- сабаққа керекті дидактикалық құралдарды, атап айтсақ, кино және диафильмдерді, суреттерді, плакаттарды, карточкаларды, сызбаларды, көмекші әдебиеттерді және басқаларды іріктеу;
- техникалық оқыту құралдарын тексеру;
- мүғалім тақтаға жазатындарын, салатын суреттерін жоспарлайды, оқушыларға өзінің жұмысына үқсас жұмыстар орындатады;
- сабақта орындалатын өздік жұмыстардың көлемін және түрін анықтау;
- білім, іскерлік, дағдыларды бекіту түрлерін және тәсілдерін, білімдерді талдап қорыту, жүйелеу жолдарын белгілеу;
- білім, іскерлік және дағдылары тексерілетін оқушылардың тізімін жасау. Білімді тексеру түрлері мен әдістерін анықтап, іскерлікті тексеруді жоспарлау;
- үй тапсырмасының мазмұнын, көлемін, формасын белгілеу, оны орындау әдістемесін табу;
- сабақтың қорытындысын шығару әдіс-тәсілдерін білу;
- тақырып бойынша сыныптан тыс жүмысты жүргізуді жоспарлау;
- сабақтың барысын талапқа сай жоспарлау.
Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз байланысты екі жағдай эсер етеді: мүқият дайындалу жэне шеберлікпен өткізу. Дұрыс жоспарланбаған, оқушылардың оқу мүмкіндігімен санаспайтын сабақтың сапасы болмайды. Сабаққа дайындалу - нэтижеге жеткізетін шаралар жүйесін жасау, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру.
Мұғалімнің сабаққа эзірлігінің үш кезеңі бар: диагностикалық, болжау, жобалау (жоспарлау). Мұғалім мэліметтердегі фактілерді, оқыту эдістемесін жақсы білуі тиіс. Сабаққа дайындық кезінде мұғалім оқу материалын сыныптың мүмкіндігіне "икемдейді", жақсы нэтиже беретін танымдық еңбек жэне ұжымдық жүмыстарды жоспарлайды. Сабақты өткізудің жақсы үлгісін жасау үшін модельдеу эдісі қолданылып, оқу сағаттары есептеледі. Алгоритм бойынша сабаққа дайындалу диагностикалаудан басталады. Диагностика арқылы сабақты өткізуге керекті барлық жағдайлар анықталады. Мұғалім балалардың мүмкідіктерін, іс-эрекетінің жэне мінез-құлқының себептерін, сүраныстарын, қызығушылықтарын, қабілетін, оқушыдан талап етілетін білім, іскерлік, дағдылардың деңгейін, оның ерекшелігін, тэжірибеге пайдалылығын анықтайды. Тірек білімдерді қайталауға, жаңа материалды меңгеруге, оны бекітуге жэне жүйелеуге, білім, іскерліктерді тексеруге жэне түзетуге кететін уақытты мұқият талдайды.
Әдебиет:
- Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. - Алматы. 2000. -3216.
- Усманов Ә.Ә., Сарсенбаева М.Б. Педагогика дәрістер жинағы,- Алматы, 2005.
- Мүхамбетова С.Қ. Педагогика.- Ақтөбе.2002.