«Жемқорылық - мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бүл адамдарға жеке және заңды түлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды қүқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы Заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты қүқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен қүқық бұзушылықтар) болып табылады» [1]
Жемқорлық адамды бүкіл өмірі бойында сүйемелдеп келеді - туғанынан дүние салғанына дейін. Жемқорлық фактілерімен елдің әрбір тұрғыны соқтығысады, ол жиі жеңе алмайтын және шарасыз нәрсе ретінде қабылданады. Қазіргі таңда мүндай жағдай жемқорлық республика ауқымындағы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді дегенге дейін жетті. Қандай қызмет саласында оның жоқтығын анықтау қиын - ол байқалмай барлық салаларға және жаңа «технологиялық» құбылыстар мен тәсімдерге еніп кетті, әсіресе соңғы оңжылдықта.
Білім беру жүйесі мелекеттіміздің болашағын ашық етіп және бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатай түсіреді. Бұл мақсатты көздей тұрып білім жүйесінінң барлық санаттарында жемқорлықтан сақтау үлкен рольге ие. Бүл зерттеу жүмысында жемқорлықты қабылдау дәрежесін анықтау мақсатныда Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университет! нің студенттер мен оқытушылар арасында жемқорлық ұғымын түсіну, оның тудыру себептері мен оған кім кінәлі, параны алу факторлары, білім жүйесін өзгерте отырып жемқорлық жеңу мүмкінкіндігі туралы мәселелерін назарға алып сауалнама жүргізілді.
Респонденттердің ассоциативті реті жемқорлықты кері анықтамалармен сипаттауына қарамастан, олардың барлығы бүл заңға қайшы қызмет түрінің формаларын, әдістерін және бағасын жеткілікті біледі. Студенттердің 30,5% ойынша, студенттің сабақ оқуға құлқы жоқтығы оның пара беруінің себебі болып табылады, ал 25,10% оқылатын сабақтардың қиындығы бір себеп десе, 12,5% бүл себепті оқытушылардың қаталдығы деп көрсетеді. Демек біздің ЖОО-да жоғары білім алу үшін жеткілікті білімі жоқ арсыз, алайда диплом үшін қылмысқа баруға дайын студенттер тобы бар. Студенттердің айтуынша, оқытушылардың пара алу себептері мынадай болып келеді (алғашқы үштік): 32% қалыптасқан тәртіп, 16% жалақының төмендігі, 20,7% жауапкершілігі жоқтық пен жаза қолданылмауы. Ең қызығы студенттердің 15,3%-ның оқытушылар параны «оқымайтын студенттерді» жазалау үшін алады деп ойлайтындығы. Қазақстан ЖОО-да пара алудың алғашқы үш себебіне: студенттердің оқуға ынтасы жоқтығы, оқытушылар жалақысының төмендігі мен университет басшылығының бақылауы төмен дәрежеде болуы. Студенттердің оқу ақысының қайда жүмсалып жатқандығына қызықпауына қарамастан, респонденттердің 12,5% жемқорлықтың себебі қоғамдық бақылаудың жоқтығы деп есептейді. Студенттердің пікірінше, келесі білім беру процесі формалары жемқорлыққа көптеп бой алдырады: Сынақ - 25%, диплом алу - 19,6% , ¥БТ тапсыру - 20,4%. Сауалнама нәтижелері ЖОО-да сынақ тапсыру уақытында жемқорлықтың өсетіндігін дәлелдеді. ЖОО ақпараттың жабықтығы ЖОО ішіндегі жемқорлықтың төмендеуіне ықпал етпейді.
Студенттер тәрізді оқытушылардың да жемқорлық түсінігінің ассоциативті реті кері сипатта. Оқытушылардың көп бөлігі «пара алдыңыз ба?» деген сүраққа «жоқ» деп жауап берді. Бұл пара алудың қандай түрлері бар және қандай әдістер қолданылатындығы жайлы ақпараттың болуының өзінде. Оқытушылар бірауыздан жемқорлық билік органдарынан басталады дейді. ЖОО-да жемқорлықтың инициаторлары ретінде оқытушылардың 30,4% -ы білім беру процесінің барлық қатысушылары, респонденттердің 21% -ы студенттер, 22% -ы қалыптасқан қарым-қатынас жүйесі, ал 19,5% -ы оқытушылар деп есептейді. Көңіл аударарлық жайт студенттер мен оқытушылардың пара алу мен беру себептері жайындағы пікірлерінің бірдей болуы. Студенттерді пара беруге итермелейтін себептерге келетін болсақ, бірінші орында жауап алынғандардың 40%-ның пікірінше, студенттердің оқуға ықыласының жоқтығы, оқытушылардың қаталдығы - 12,3%. 11%-ы студенттерді пара беруге мәжбүрлеу итермелейді, 10,9% -ы білім беру дәрежесінің төмендігі деп жауап берді. Оқытушыларды пара алуға итермелейтін себептерге тоқталатын болсақ, респонденттердің 40% -ы жалақының төмендігіне сүйенсе, 19% -ы қалыптасқан тәртіп деп есептесе., 20% -ы үшіннегізі себеп - жауапкершілік пен жазаның жоқтығы. Әсіресе шындыққа жанаспайтын жауаптар оқытушыларды пара берушінің қауіп төндіруі - 5% және пара-беруші студент жақтан моральдық іс-әрекет. Ойландыратын тағы бір факт, оқытушыларға пара беруші мен оқытушыны байланыстырушы адамның қысым көрсетуі. Сонымен қатар оқытушылар ЖОО-да жемқорлықтың болу себептерін көрсетті: томен жалақы -40%, моральдық қасиеттер - 29%, оқытушылрдың 11%- ының пікірінше бәріне кінәлі студенттер деп есептейді. Оқытушылардың 20% -ы үшін ЖОО-да қалыптасқан қарым-қатынас жүйесі негізгі себеп болып табылады. Сүрақтардың нәтижесі бойынша, жемқорлық - қоғамдық қарым-қатынасты қүраушылардың бірі және біз оған көнуге тиіспіз (31% -ы жемқорлық барлық ЖОО-на тән деп есептейді).
Мәжіліс спикерінің орынбасары Дариға Назарбаева еліміздегі білім ордаларын жемқорлық жайлап кеткенін баса айтып, сынға алды. Вице-спикер «Жемқорлық білім берудің барлық саласындағы жүйелі проблемаға айналғанын мойындауымыз керек. Соның салдарынан білім алушылардың ынтасы томен. Олар курстық жүмыс жазуға уақытын кетіргенше, ақша төлей салғанды жөн санайды. Жастардың бір бөлігі колледждер мен жоғары оқу орындарына білім алу үшін емес, диплом алу үшін барады» дей келе, саладағы олқылықтарды тізіп берген болатын.
«Астана» телеарнасындағы «Кеш емес» ток-шоуында Аманкелді Момышев осы тұрғыда жақсы пікір білдірген еді. Қоғам қайраткері: «Жастарды осы дәрежеге жеткізіп, білімсіз қалдырған өзіміз. Here дейсіз ғой?! Біздегі білім жүйесіндегі ұлттық бірыңғай тестілеуге бірден өтіп кетудің өзі қате болды. Көршілес Ресей мемлекеті сынды біртіндеп, аса ұқыптылықпен, жан-жақты жүйені реттеп барып ауысуымыз керек еді. Қай заманнан болсын мектепте озат және нашар оқитын оқушылар болған. Баға қоятын заманда бес пәнді арасына дайындыққа уақыт беріп, бес күнге қоятын мемлекеттік емтихан тапсыру барысында кімнің кім екенін анықтап алатын болған. Қазір уақыт үнемдейміз деп бес пәнді бір күнге сыйғызып, білімі темен болса бағы жанғандардың оқуға түсіп кетіп жатқанын көріп жүрміз. Мектепте оқуға қызықпаған оқушы университеттен білім іздей ме?!» деген болатын. Осы проблеманы үзбей көтеріп жүрген «Астана» телеарнасының аталған тақырыпқа байланысты жүргізген сауалнамасында қарапайым халықтың басым бөлігі «университетті диплом үшін ғана оқитындарын» айтқан болатын. Бағаға бола барын бермей қоятын бала жоқ, ұсыныстан бас тартар ұстаз жоқ жағдайда білімнің сапасы құлдырай беретіні сөзсіз. Маңғыстау облысында жоғары педагогикалық білім туралы 1990-2000 жылдардағы үлгідегі 200 диплом тексеріліп, мүғалімдер дипломының 90%-ы жалған болып шықты. Физика, география мен химия пәндерінің жалған оқытушылары ұзақ жылдар бойы облыстың жалпы білім беретін мекемелерінде жүмыс істеген. Тексеру барысында олардың жоғары білімі туралы жалған дипломдарды жерасты өтпе жолдарынан сатып алғандығы анықталған болатын. Яғни бір облыстың барлығы дерлік дипломды сатып алған. Оның үстіне бүл тексерілген бір саланың ғана көрсеткіші. [2]
ҚР білім беру ұйымдарында 2007 жылдың аяғына қарай 4, 9 (10) сыныптарда, ЖОО 2 және 3 курстарда енгізілген аралық мемлекеттік бақылау өткізу берекелі статистикасын аздап бүлдірді. Бұл компьютерлік тестілеу белгілі бір дәрежеде оқушылар мен студенттердің білім сапасын бақылауға мүмкіндік берді. Алайда ол 4жылдан соң алынып тасталды - 2011жылдың аяғында. Шамасы, объективті тестілеу кезіндегі көрсеткіштер көңіл жүбатпады, әсіресе, жоғарғы оқу орындарында, ол дәстүрлі жемқорлыққа кедергі келтірді.
Бұл ұлттық «дәстүр» жоғарғы оқу орындарында шарықтау шегіне жетті. Erep мектептерде жақсы баға, тестілеу, емтихан, аттестат үшін «төлем» әлі жаппай таралмаса да, ЖОО-да - бұл тестілеу, сынақ, емтихан, курстық, дипломдық жұмыстар үшін орнықты толем жүйесі бар айқын ақиқат. Мысалы, емтихан 5-15 мың теңге тұрады.
Нұр - Отан партиясының «Жас Отан» жастар қанаты «8ТОРҚылмыс» аты жоба аясында «Таза сессия» акция ұйымдастырылған. «Таза сессия» - Қазақстан ЖОО-ының студенттері арасында анонимдік сауалнама. Бұл сауалнаманың нәтижесі бойынша ЖОО-дағы жемқорлықтың көлемі анықталған болатын. Мысалға «бір ЖОО-нда «пәнді жабу» үшін 12 мың теңге болса, басқа бір ЖОО- нда бұл сомаға бүкіл сессияны жаба алады. Орта есеппен алғанда сессияны тапсыру үшін шамамен 29 мың теңгені құрайды, бір пәнді жабу 5 мың. Курстық жұмысты сатып алу - орта есеппен алғанда шамамен 13 мың теңге, ең арзан дегені 2-3 мыңнан басталады. Ал дипломдық жұмыс сатып алу сомасы шамамен 60 мың теңгені құрайды, ең арзаны - 30 мың теңге. Ал, мысалы, жатаханаға орналасу үшін студент 15 мың теңгені төлейді. Грант иегері болғылары келсе 500 мың теңгені тала етеді, ал кейбір облыстарда 100 мың теңге. Орташа сомасы 250 мың теңгені құрайды.» [3] Бұл деректен көріп тұрғанымыздай, қалтада ақшан артық болса ЖОО орынды ешбір кедергісіз бітіруге болады.
Ең қызығы, бул бәріне белгілі жайт, соған қарамастан ресми деңгейде бізде білім беру жүйесі сәтті деп саналады. Тек мынаны қоспағанда, қылмыстық жауапкершілікке бала-бақша меңгерушілері, орта мектептің директорлары, ЖОО ректорлары жауапқа тартылмайды, дегенмен оқу орындарындағы жемқорлық жиі олардың қатысуымен өркендеуде.
«Азаттық корреспондентімен оның телефонын Ғаламтордан тауып алған компаниялардың бірінде келесі бағалаулар хабарланды. Курстық жүмыстар бес мың теңге тұрады (30 доллар шамасында), дипломдық жұмыстар - 50 мың теңге (300 доллар шамасында), ал диссертациялар — 70 мың теңге (400 долларға жуық).
Шын мәнінде алаяқтық бола тұрып, аталған құбылыс билікпен ешбір бақыланбайды, ол бойынша ешбір статистика жүргізілмейді» [4]
Мұнда «ағынға» бағалар көрсетілген, яғни ең төмендері. Шынында бағалар аса жоғары: басқа деректер бойынша дипломдық жүмыстар 500 доллардан бастап одан жоғары бағаланады, диссертациялар - 2 мыңнан 20 мың долларға дейін. Оқу үрдісінің «майдандық» шарттарында курстық, дипломдық жұмыстардың тақырыптарын осы ЖОО оқытушылары анықтайды және сәйкесінше, белгілікті «тарифтері» бар сынақтар мен емтихандарды есепке алмағанда, «көмек пен дайындық сабақтар үшін» бағаларды да олар анықтайды.. Ал ЖОО студенттері өз күштерімен оқитын студенттер көп емес деп бағалайды.
Президент Нурсултан Назарбаев Үкіметке 2012 жылы 1-2 салаларда салалық қауымдастық базасында пилоттық режимде бірқатар Біліктілікті растау орталықтарын құруға бекерден тапсырма берген жоқ. Яғни ЖОО бітірушілерінің біліктілігін тексеретін жаңа ЖОО дейінгі қурылым қалыптасуда. Бұл жанама түрде жоғары мектептерде білім деңгейінің төмендегенін және оның дипломдарына сенімсіздікті растайды.
Осындай объективті деректермен ЖОО немесе колледж бітіргеннен соц жаңа өмір бастаушы маман үшін жемқорлық «әдетті» болып қалуы таңданарлық емес. Erep тура және ауыспалы мағынада адам ана сүтімен бірге, туғанынан онымен бірге өмір сүруі тиіс, жалпылаушы жемқорлық «энергетикасын» сіңіріп жатса, соңынан одан және қоғамнан «жемқорлықтық вирустарды» қалай өшіріп тастауға болады? Себебі бұл жемқорлық кестесі оқу орнын аяқтағаннан кейін де өмірінің келесі кезеңінде әрекет етеді: жумысқа орналасу кезінде, оқуды жалғастыру кезінде, диссертация қорғағанда және т.б.
Қортындылай келе, бұл баяндамада білім жүйесіндегі жемқорлық факторларының шеңберін тарылтуға, онымен күресу амалдары және жемқорлықты алдын алуға азаматтық турғыдан үлес қосуды мақста етіп қойдық. Бұл мақсатқа жету үшін жемқорлық ұғымын талдап, оның білім жүйесінде болу себептерін айқындадық.
Білім беру сферасындағы жемқорлықтың төмендеуі үшін:
- Оқу үшін ақша төлеген әр бір студент ақшаның қайда және не үшін баратындағын білу үшін қаржыландырудағы ашықтық болуы тиіс;
- Жоғары білім жүйесінде қаражатты белу және пайдалану процессінің әрбір қатысушының жауапкершілікті анықтайтын нормалар жүйесін, нұсқаулар мен ережелерді қуру;
- Әкімшілік қызметкерлерінің және басқа еліктірілген қоғамдық ұйымдарға, ата-аналар мен муғалімдер ассоциациясының және профсоюздардың мүшелерін қоса, аудиторлық тексеріс пен бақылау жүргізуде, олардың есептілікті дайындауда, басқару әдістерінде квалификациясын көтеру; қатынасу деңгейін көтеру мақсатымен информацияға қол жеткізуді кеңейту; ортақтастық сезімін дамыту және қоғамдық бақылаудың жетілдендіру;
- ЖОО-ның студенттеріне мемлекеттік және басқа тілдерде жемқорлыққа қарсы және құқықтық білім беруді кіргізу;
- ЖОО студенттерінің құқықтық санасын көтеру және құқықтық білім беруіне көбірек назар аудару, бой алдырмау керектігін түсіндіру;
- БАҚ және қоғамның қатысуымен ЖОО-ның әрекеттеріне эффективті бақылау жүйесін қүру;
- Үздік оқытушыларды таңдау, білім гранттарын тағайындау ашықтық жағдайында жасалуы;.
- ЖОО оқытушыларының біріңғай рейтингін енгізу;
- Сыртқы бөлім экстернаттарды максималды бақылауға алынуы тиіс. 4 сессияны (2 жылда) тапсыру арқылы екінші жоғарғы білім алу проблематикалы. (CCP кезінде ол үшін 5 жыл оқу керек еді). Сондықтан білім алуды 3-4 жылға үзарту қажет. Барлық пара мен жемқорлық сыртқы бөлімде және экстернатта көптеп кездеседі.
ІО.Неліктен алдыңғы қатардағы ЖОО аралық бақылаудан томен нәтижеге ие болады? Өйткені студенттердің минимум 30%-ы, 50%-ы да ол жерде оқымауы тиіс. Біріншіден өту баллын көтеру керек, екіншіден ЖОО-да ақылы оқытуды алып тастау керек. Тәжірбие жүзінде мемлекеттік ЖОО аудиториялар мен оқытушаларды жеңілдік негізінде қолданылатын жеке меншік ЖОО-ны құрайды . Бұнымен олар мемлекетті алдауда.
11.ЖОО-дарында дипломдық жүмыстарды тек ғылым саласына баратын түлектер жазуы тиіс, себебі сауалнама кезіндегі студенттердің шамамен 20%-ы параны дипломдық жұмысты жазу кезінде үсынады. Ал егер оны тек болашақ ғалым болтындар жазса, онда жемқолықтың төменденуіне сенуге болады.
12.0қушылар мен ата-аналардың қатысуымен жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған конференциялар мен ашық сабақтар ұйымдастыру қажет.
Әдебиет:
- Сыбайлас жемқолыққы қарсы күрссу туралы. Қазақстан Республикасының Заңы. - Алматы: ЮРИСТ, 2004, - 156
- А. Нүрымхан «Ресбуликалық қоғамдық - саяси газеті «Айқын»: Диплом алатын «дүкенде» білімнің құны KaHina?!»//http://aikyn.kz/articles/view/54971 08,08,2014
- MK «Жас Отан» провели анонимный опрос студетов на предмет корруции в вузах// http://nurotan.kz/kz/node/5035 15,09,2014
- Ерден Қарсыбеков. Как получают научную степень на заказ. 21.01.2013