Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оқыту сапасын жақсартатын қалыптастырушы бағалаудың тиімділігі

Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сүранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Соңғы жылдары біздің ұғымымызда формативті бағалау үдерісінің едәуір дамуы мен оны оқытуда қолдану мүмкіндігіне серпін бергені анық. Мүғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды. Оқытуды тиімді бағалау және білім беру үшін тиімді бағалауды түсіну білім беру мен оқытудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты.

Қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының қүзіреттілігін, оның жеке іүлгалык қасиеттерін дамыту, Kopniaiaii ортамен дүрыс қарым-қатынасы, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Формативті бағалау бү.і мақсаттар мен міндеттердің талаптарына сай орайластырылған.

Әдеттегі бағалауда «баға - жазалау қүралы» деген ұғым бар, себебі кейде мұғалім оқушыны оқуға мәжбүрлеу үшін осы әдісті қолдануы мүмкін екендігі белгілі. Мұндай баға сыныптың бағалау журналына түсіп, оқушының пәнге, мұғалімге деген кері көзқарасын қалыптастыруы мүмкін. Тіпті оқушыға көтеріңкі баға қою арқылы баланың пәнге ықыласын арттыруға болатыны да белгілі, әрине бүл әдіс бір балаға қатысты үнемі қолданылғанда кері нәтиже беретіні сөзсіз. Оған қоса, мүғалімнен тек жақсы баға алу үшін ғана оқитын балалардың қалыптасу қаупі болса, төмен баға алған балалардың «нашар баға» алуға үйреніп алуы сияқты жағдай орын алуы мүмкін. Олай болса, бағаны қалай тиімді қолдануға болады? Бағалау арқылы қалайша оқушылардың оқуға, сабаққа деген қызығушылығын туғызуға, сабақты терең меңгертуге, пән бойынша білімін тереңдетуге болады? Бағалаудың қандай түрлері бар және оларды қалай қолдануға болады? деген сияқты сүрақтардың туындалуы да орынды болып отыр.

Өздерінің бүрынғы тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады. Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ойды санамызға сіңіру үшін бізге өз түсінігімізді едәуір өзгерту талап етіледі.

«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққан. Бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл үғым бағалаудың екі аспектісін көздейді: оқуды бағалау (жиынтық бағалау) және оқыту үшін бағалау (қалыптастырушы бағалау). Қалыптастырушы және жиынтық бағалау арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген. Ic жүзінде нақты баға қою және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен ол тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған.

Бағалауды Реформалау Тобы (2002а) оқыту үшін бағалауға мынадай анықтама береді:

Оқыту үшін бағалау (ОүБ) - бүл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мүғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.

Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы қажет, әрі мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бүл үдеріске оқушылар да белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жүмыс істеу қажет.Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Аталған тұжырым оқыту мен оқу тәжірибесі үшін өте маңызды да, өзекті.

Оқушының оқуын дамыту мақсатында жүргізілетін және қолданылатын кез келген бағалау Оқыту үшін бағалау болып табылады. ОүБ түйінді қағидаты - оқушылар өз оқуы үшін көбірек жауапкершілік алуы тиіс. Осыған байланысты, мұғалім рөлінің маңызды бөлігі оқушыға қалай оқу керектігін үйренуге көмек беру болып табылады. Оқушылардың оқуы туралы деректерді жинау үшін мұғалімдер пайдалана алатын әдістер: оқыту алдындағы диагностика, қадағалау, талдау, түсінігін тексеру.

Жалпы айтқанда,сыныпта қолданатын ОүБ стратегиялары мыналар болып табылады:

  1. Оқушыларды оқу мақсаттарымен таныстыру.
  2. Оқушыларды сабақтың табыс критерийлерімен таныстыру және оларды бірлесіп талқылау.
  3. Оқушылардың нені оқып жатқандары туралы және оларға білім алуға не көмектесетіндігі туралы өз идеяларын айтуға ынталандыру үшін қолданылатын ОүБ стратегиялары.
  4. Оқушылардың өзін өзі бағалау және өзара бағалау үдерістерінің дамуына ықпал ету.
  5. Одан әрі оқыту үшін әрбір оқушыға жеке мақсат қою мақсатында мүғалім ұсынған кері байланысқа оқушылардың ілтипатпен жауап беруге ынталандыру.

ОүБ-дың оқушыларды оқу мақсаттарымен таныстыру және оқушыларга сабақтың табыс критерийлерін ұсыну және оларды бірлесіп талқылау стратегиялары бір-бірімен тығыз байланысты.

Оқыту мақсаттары - балалардың нені оқығанын қалайтыныңызды білдіреді. Оқушылар не білуі, не түсінуі тиіс екендігін, сабақ соңына немесе бірнеше сабақтан кейін олардың не істеуге қабілетті екендігін сипаттайды.

Табыс критерийлері - мұғалімдердің оқушыларға нені оқығандарын нақты тұжырымдауға көмектесу үшін пайдаланатын және оқушылармен олардың жүмысы туралы диалогқа және өзара іс-қимылға негіз бола алатын өтініштері.

Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру және сабақтың табыс критерийлерін ұсыну, талқылаудың мақсаты - оқушылар мен сабақ мақсаттары арасында байланыс орнату және оқушылардың оқу мақсатына жетуі үшін олар жасауға тиіс қадамдарды немесе оны ұғыну деңгейін түсіндіру.

Сабақтың мақсатын оқушыларға неғұрлым түсінікті тілде жазып, сабақтың басында оқушылармен бірге талқылау қажет. Сонымен қатар, сабаққа қажетті табыс критерийлерін анықтап (көп емес!), оларды да оқушылармен талқылаймыз. Кей жағдайда жетекші сұрақтар арқылы табыс критерийлерін бірлесіп те құруға болады.Оларды тақтаға жазып қоюға немесе ауызша айтуға болады.Қалай болғанда да олар оқушыларға түсінікті тілде жазылуы керек. Ең бастысы, олар оқыту мақсатына қол жеткізуде «жетістікке апаратын қадамдарды» көрсетуі керек. Мысалға 2 сынып дүниетану сабағында оқушыларға оқу мақсатын қойып табыс критерийлерін талқыладық.

Тақырыбы: Мен адаммын.

Оқыту мақсаты: Адам табиғаттың бір бөлігі екендігін дәлелдей отыра тіршілігіне қажетті жағдайларды білу.

Табыс критерийлері:

  1. .Адам жанды табиғатқа жататынын дәлелдей аламын.
  2. .Адамның өмір сүруі үшін ауа, су, азық, жарық және жылу керек екенін білемін.
  3. .Адамды жануарлармен салыстыра отырып айырмашылығын айта аламын.

Осылайша, табыс критерийлері оқушылардың білуі мен оқыту мақсатына қол жеткізуді ұғынуы үшін істеуі қажет шешуші ұғымдар болып табылады. Сондай-ақ бүл тәсілді қандай да бір тапсырманы орындар алдында да қолдануға болады. Мысалы, топтық тапсырма: Тәжірибе арқылы судың қасиетін анықта.

Оқушыларға табысқа жету алгоритм! беріледі:

І.Стақанға су құй.

2. Стақандағы суға әр түсті қағаз жолақтарын кезекпен салып, оны судың түсімен салыстыр.

З.Судың түсін қызыл, сары, көк деп айтуға бола ма? Тобыңмен талқыла.

4.0сыдан қандай қорытынды шығаруға болады?

Оқушылар әр қадамды орындай келе соңында «Су түссіз» деген қорытындыға келеді.

Сабақ барысында өзара бағалаудың және өзін өзі бағалаудың маңызы да зор. Бұл үдерістің мақсаты - оқушыларға өз жұмыстарының сапасын көтеруге қызықтыру және оларға оны жақсартудың мүмкіндіктерін талдауға көмектесу. Нәтижесінде, бұл мұғалімнің жұмысын жеңілдетпек, себебі оқушылар оқыту үдерісі үшін тек мүғалім ғана жауапты емес екендігін түсінеді.

Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір-бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін-бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады. «Баға қоюдан» басқа оқушыларды өзара бағалау үдерісіне тартудың көптеген тәсілдері бар. Оларға ортақ нәрсе түрлі критерийлердің қолдануы болып табылады.

Өзін өзі және сыныптастарын бағалау тәсілдеріне мысалдар:

Оқушыларды баға қоюға тарту.

Оқушылар оқытудың нақты критерийлеріне және мақсаттарына сәйкес өзіне де, сондай-ақ сыныптасына да бага қоя алады. Бұл критерийлерді сабақ барысында жаттығу ретінде беруге болады. Мүғалім оқушылардан не күтетінін айқындап, оқушыларды өздерінің жұмыстарының осы үмітке сәйкестігі туралы ойлануға итермелейді.

Топтарда баға қою.

Өзін өзі бағалаудың орнына кей жағдайларда топтарда бага қоюды қолдануға болады. Топтың мүшелері бір-біріне белгілі бір критерийлерге сәйкес жүмысты бағалауға көмектесулері, сондай-ақ жетілдіруге арналған тәсілдерді ұсынуға тиіс.

Жеке бағалау парағы.

Оларды бағдарламаның кейбір элементтеріне арнап әзірлеп, оқушылардан жүмыстарының белгілі бір критерийлерге қаншалықты сәйкес келетіндігі туралы ойлануды сүрауға болады.

Соңғы бес минут

Сабақтың басында мүғалім мақсатын түсінікті етіп жеткізеді және аяқтар алдында соңғы бес минут ішінде бір оқушы сабақта не үйренгені туралы айтады. Қалған оқушылар оған сүрақ қояды.

Ішкі және сыртқы шеңбер

Оқушылар екі шеңбер құрадыйшкі және сыртқы. Бір-біріне қарама- қарсы тұрып өткен тақырып бойынша сүрақтар қояды. Шеңбер қозғалып жаңа жұптар құралады, сұрақтар қойылады.

Бағалау критерийлерін қолдану қалыптастырушы бағалау жүмыстарын (формативті тапсырма) жүргізуде де үнемі жүзеге асып отырады. Оқушылар жүмысты орындамас бүрын бағалау критерийлеріне назар аударады. Өзінің қандай білік -дағдыны қалыптастыруда жұмыс орындағанын ұғынып отырады .

Критерий арқылы бағалау артықшылықтары:

  • Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
  • Оқушының жұмысын бағалау алдын -ала ұсынылған критерийлерге негізделеді;
  • Бағалау алгоритм! оқушыларға алдын-ала белгілі;
  • Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі;
  • Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады;
  • Критерий арқылы бағалау мүғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді;

Мысалы дүниетану 2 сынып.

Топтық тапсырма: Ауаның табиғат пен адам өміріндегі маңызын ашу

Бағалау критерийлері

Балдар

І.Ауаны ластайтын әрекеттерге мысал келтір.

5

4

3

2

1

2.Лас ауа адам мен табиғатқа қалай эсер етеді?

5

4

3

2

1

3. Ауаның тазалығын сақтау үшін не істеу керек? Мысалдар келтір.

5

4

3

2

1

Келтірілген мысалдар санына қарай тиісті санды домалатып белгілеу, соңында қорытынды баға шығаруға болады.

Критерийлер тым көп болмауы тиіс. Бастауыш буында екі-үш критерий жеткілікті.

Қазақ тілі. Сипаттау мәтінін жазу

Критерийлер: І.Күз сипатын бейнелеген тіркестерді таңдап ал.

2.Үш-төрт сөйлемнен тұратын табиғат сипатын жаз.

Формативті бағалаудың тағы бір маңызды компоненттерінің бірі - кері байланыс әрекеті деуге болады. Kepi байланыс әрекеті ауызша және жазбаша түрде, мүғалім - оқушы, оқушы - оқушы, оқушы - мүғалім бағытында жүзеге асырылады. Бұл әрекеттің қай түрі болмасын, мұғалім оқушының нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы тиіс. Қателіктер болған жағдайда оқушыға өзінің жүмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныс бере алады. Kepi байланыс - бүл оқушының жеке жетістіктері мен білім алудағы олқылықтарды сезінуіне және өз іс-әрекетіне өзгерістер енгізуге көмектесетін, алға жылжуға бағыттайтын нақты ұсыныстар үшін алынған ақпараттар. Сабақ барысында оқушылармен ауызша кері байланыс орнатуда төменде келтірілген тәсілдерді қолдануға болады.

Төменгі сыныптағы оқушылар үшін эмоциялар символдарын (смайликтер) қолдануға болады.

Ишаралар: «бас бармақты жоғары көтеру», «томен түсіру» немесе «қимыл бағытын ауыстыратын бас бармақ».

Бағдаршам сигналдары:

Жасыл сигнал «Мен түсіндім немесе орындадым», сары сигнал «Менің түсінбеген жерім бар немесе жартылай орындадым», қызыл сигнал «Маган көмек керек».

«20 секунд» . Мұғалім сүрақ қойғаннан кейін оқушылардың ойлануына 20 секундтан кем емес уақыт береді. Бұл тәсілдің мақсаты барлық оқушыларға ойланып жауап беруге мүмкіндік беру.

Сабақтың соңында қолданатын тәсілдердің көпшілігі сабақты қорытындылауға бағытталған.

«Үшминуттық эссе»

-Бүгін сабақта қандай жаңалықпен таныстыңдар?

-Сабақта не ұнады? He қызықты болды?

-Бүгін сен үшін не қиындық туғызды?

Оқушылар қойылған сүрақтың біреуіне жауап жазады.

«Білім пирамидасы»

Оқушылар сабақ соңында жаңа тақырып бойынша өзінің «білім пирамидасын» құрады. Парақ қағазға төменнен жоғары қарай көлдеңенінен сабақта үйренгендерін, білгендерін, оң әсерлерін жазады. Кейін парақтар сыныпта ілінеді, оқушылар тұрып, жүріп, қарап, оқиды.

«Сөйлемді аяқта»

Менбілдім... .

Мен үйрендім ... .

Мені таңғалдырды ... .

Маған қиын болды ... .

Оқу жетістігін нақты бағалау мәселесі - білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Ендеше жиынтық бағалау және қалыптастырушы бағалау түрлері оқыту процессінде маңызды және біз сабақта екеуін де қолдануымыз керек. Пол Блек пен Дилан Уильям өз зерттеулерінде сабақта қалыптастырушы бағалауды қолдану оқушылардың оқу үлгерімінің жоғарлауына әкелетінін дәлелдеген. Және бүл ғалымдардың айтуынша оқыту үшін бағалау оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттырады. Қалыптастырушы бағалауды әрбір сабақта үнемі, жүйелі қолданып отырудың нәтижесінде оқушылар:

  • Алдына мақсат қоя алады;
  • Критерий бойынша өзара және өзін өзі бағалай алады;
  • Өзіндік оқуға белсенді қатысады.

Өзімнің түсінгенім бағалауда оқушы мен мүғалімнің арасындағы қарым- қатынас. Мүғалім оқушыны бағаламайды, ол оның жүмысын бағалайды. Тексеру жүмыстары кезінде ең бірінші жүмыстың жақсы жақтарын көре білу маңызды. Кетіп жатқан кемшіліктер болса оны оқушымен бірге талқылап, шешімін бірге іздеп, сол жүмысты жақсарту үшін, жетістікке жету үшін балаға көмек, қолдау корсету қажет. Ең бастысы бала бағадан қорықпау керек және де баға үшін оқымау керек. Оқушы өзінін қандай деңгейде екенін анықтай алып, қатесін коре алса, келесіде сол қатені болдырмауға тырысады. Оқушы өз деңгейінде дамиды және бағалау процесі ашық және айқын болады.

 

Эдебиет:

  1. Оценивание учебных достижений учащихся. Методическое руководство/Сост. Р.Х. Шакиров. А.А. Буркитова. О.И. Дудкина. - Б.: «Билим». 2012. - 80 с.
  2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үлестірме материалдар. Үшінші басылым.«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҮ 2012.
  3. Дүниетану. Әдістемелік қүрал. Жалпы білім беретін Пжылдық мектептің 2-сынып мүғалімдеріне арналған./ Қ. Аймагамбетова, Н.А.Ким, Г.Д. Мырзақанова/ Алматыкітап баспасы. 2013.-78 бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.