Уақыт талабына сай білім жүйесін сапалық жаңа деңгейге көтеру үшін үстаздан терең білімділікті, кәсіптік шеберлік талап етіледі. Осы талаптарға сай мүғалім қызметіндегі шығармашылық негіздерді нығайту- оқушыларға білімді игертуде бар мүмкіншілікті тиімді пайдалану, барлық әдіс-тәсілдерді жетілдіріп отырғанда ғана сапалы білім, дұрыс тәрбие беру жүзеге асады. Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді.
Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс- әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды.
Қазіргі Қазақстан мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке-дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған.
Мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасын іске асыра отыра, бірнеше жылдың көлемінде біздің мектеп базасындағы бастауыш сыныптарда эксперименталдық алаң жүмыс істейді. Оның мақсаты оқушылармен мұғалімдердің мемлекеттік тілде еркін қарым-қатынас жасай алатын функционалдық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады.
Мектебіміздің ең басты мақсаттарының бірі мемлекеттік тілді тереңдетіп, егжей-тегжейлі оқытуды бастауыш сыныптарда интеграциаланған бағдарлама негізінде жүзеге асыру үшін, барлық оңтайлы жағдай жасау. Орыс тілінде білім берілетін бастауыштың 1-4 сыныптары үшін билингвалды жүйеде оқыту мақсатында математика, дүниетану және қазақ тілі бойынша күнтізбелік- тақырыптық жоспар жасалынды.
Мысалы: дүниетану сабақтарында мынадай диалогтар қолдануға болады.
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Қазір күз жыл мезгілі.
- Күзде ауа-райы қандай болады?
- Күн суытады, жапырақтар сарғаяды.
- Күзде тағы не болады?
- Қүстар ұшып кетеді. Сабақ басталады.
Ал, математика сабақтарында оқушылар есептерді және мысалдарды екі тілде шығарады. Олар дәптерлеріне ай мен күнді, сынып жұмысын, есептің берілісін тек қазақ тілінде жазады.
Мысалы:
Ecen
Алма- 3 кг.
Алмүрт- ? 2 кг. артық
3+2=5 (кг) - алмүрт
Жауабы: 5 кг.
Мемлекеттік тілді үйрену бойынша оқушылар мен ата-аналар үшін көптеген сыныптан тыс жүмыстардың өткізілуіне үлкен көңіл бөлінеді.
Әр оқу жылы бастауыш сынып мұғалімдері мемлекеттік тілді меңгеруге бағытталған шығармашылық есептер өткізеді. Мысалы: осы жылы 2 сынып оқушылары ұлттық ойындар, бесікке салу дәстүрін көрсетті. Әрбір іс-шарада балалар тақпақтарды тек орыс тілінде ғана оқып қоймай, мемлекеттік тілде, ағылшын тілдерінде нақышына келтіре оқиды.
Экперимент аясында мұндай іс-шаралар кіші мектеп жасындағы оқушылардың мемлекеттік тілді үйренуге детей сүйіспеншіліктерін нығайтады, пәндерге детей қызығушылықтары арта түседі, сондай-ақ өздеріне детей нық сенімдері пайда болады, дарындылықтары дамиды. Сондай-ақ осындай сайыстардың өткізілуі мемлекетіміздің тіл және білім беру саясатының талаптарына сәйкес келеді.
Біздің сабақтарымызда диалогтық оқыту маңызды рөл атқарды. Сонымен қатар диалогтық оқыту оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Сабақта қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыс балалардың оқуына және когнитивті дамуына эсер етеді.
Қабілетті оқушылармен араласу жэне мэдениет, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оқушыларды ойлау эдісіне үйретеді. Берілген тапсырмалардан, жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Яғни, сұрақ қиын болса, оқушылар өздері жауап бере алмайды сондықтан мұғалім бұндай сұрақты жеңілдетіп қойып оқушыларға көмек береді. Оқушы диалог құру нэтижесінде білім алады. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға элеуметтік қолдау көрсетуде мүғалімнің рөлі ерекше. Оқушылар басқа адамдармен, эрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты оқуына соншалықты эсер ететінін айтады. Диалогтық оқыту барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді. Сабақ беруде диалогтың рөлі ерекше, диалог арқылы біз оқушылардың өз ойларын біле аламыз. Екіншіден оқушылар эрбір адамның өз идеясы болатынын түсінеді жэне де өз идеяларын дэлелдей алады. Сонымен қатар диалог бізге оқушының білімінің қаншалықты деңгейде екенін білуге көмектеседі.Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді.
Біз орыс сыныптарында сабақ беретін мұғалімдер болғандықтан, балалардың сөздік қорына, сөйлемдерді дүрыс айтуларына, тіл байлықтарына үлкен мэн береміз. Ал диалогтік эдіс балалардың осы қасиеттерді бойларына сіңірулеріне көп септігін тигізеді.
Диалогтік эдісті тек сұрақ-жауап арқылы өткізгеннен гөрі, ойын арқылы өткізген тиімдірек пе деп ойлаймыз.
Ойын әрекеті- психикалық қабілеттерін жетілдіріп, баланың жеке басын қалыптастырып, элеуметтік өмірмен жанастыратын эрекеттің бірі. Баланың ойын тэжірибесінде ұжымдық өмір дағдылары қалыптасады. Бала қылығын ережеге бағындыруға, керексіз амал-әрекетті тоқтатып, кедергіні ығыстыруға үйренеді. Рөлді ойында баланың ойлауы, тілі дамып жетіледі.
Рөлді ойындарда ойын ережесіне сай атқарған рөлі баланы көңілдендіреді. Қимыл ойындарында бала өзінің ептілік істеріне масайрайды. Дидактикалық ойындарда жаңалап өнер үйренгеніне бала рақаттанады.
Ойын үстінде баланың сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзінің іс- эрекетімен салыстыру қасиеттері жетіледі. Сондай-ақ зейін, ес, қиял сияқты психикалық үдрістері қалыптасып, сөйлеу тілі дамиды.
Қозғалыс ойындары арқылы баланың зейіні қалыптасады.
«Балалармен бірге сабақ үстінде жүргізілген қызықты ойындар,- дейді профессор В.М.Чистяков, - оларды сабаққа қызықтырады, тэртіпке шақырады, дүрыс қорытындылауға, олардың бойында достық, ұйымшылдық қасиеттерін, ойлау қабілеттерін дарытады». Сабақ үстінде жүргізілетін жүмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін қажет етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.
«Ыстық орындық» ойыны.
«Ыстық орындық» бір адаммен жалғасатын әңгімені білдіреді. Оқушы «ыстық орындықта» отырып, бірқатар сұрақтарға жауап береді. Бұл тақырып бойынша жеке сұрақтар болуы мүмкін, сонымен қатар оқушылардың алдыңғы жауаптарын ескере отырып құрылған сүрақтар болуы мүмкін. Сонымен, аса күрделі сүрақтар қоюға болады. «Ыстық орындықтағы» оқушылар кейде, мысалға, әдеби шығарма кейіпкерін рөлін ойнайды.
Біз қазақ тілі, математика, дүниетану сабақтарында диалогтық оқытуды ойын арқылы жүргізуді ұдайы қолданамыз. Осыдан байқағанымыз оқушылардың білім алуға деген жауапкершіліктері артты. Қызығушылықтары арта түсті. Алдағы уақытта да осындай жұмыстарды жалғастырғылары келетіндерін айтады. Осы әдісті қолданған кезде оқушылар бір -бірін білім алуға жетелейтініне көзіміз жетті. Болашақта осы әдісті әрі қарай түрлендіре отырып, өз сабақтарымызда тиімді қолданамыз деп ойлаймыз.