Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Орыс мектебінің бастауыш сыныптарында оқитын оқушыларға қазақ тілін үйретудің жолдары

Біздің елімізде қазақ тілі мемлекеттік тіл. Осыған орай оқу орыс тілінде жүретін мектептерде егеменді еліміздің мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие. Мемлекеттік тілді оқытудың мақсаты - оқу өзге тілде жүретін мектеп оқушыларының бастауыш мектепте қазақша қарым -қатынас тілінің негіздерін игеруіне, дүрыс оқып, дұрыс жазуға машықтануына яғни, тілдің орфографиясы мен орфоэпиясының заңдылықтарын түсіндіруге бағытталады. Негізгі мектепте бала бастауышта алған білімін жалғастырып, білім мазмұнын «қоршаған орта» тақырыптары арқылы толықтырып, грамматикадан алған білімдерін тәжірибеде дүрыс қолдануға дағдыланады. Жоғары сыныптарда тілдік конструкцияларды сөйлеу әрекетінде еркін қолдану, тілдің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік құрылымын, стилистикалық ерекшеліктерін танып, оны теориялық жүйелеу мен өз бетінше сөздік қорын байыту әрекетін қамтамасыз етуі қарастырылады. Аталған мақсаттарды іске асыру үшін алға қойылатын міндет: оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін күнделікті қарым -қатынас деңгейінде меңгерту. Қазақ тілі сабағының әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі,мақсатты, айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Оқушылардың сапалы білім алуына, сол пәннен алынатын міндетті білім дағдыларын меңгеруіне дүрыс бағытта жол ашу үшін,әр пәннің мұғалімі сол пәннің өзіне тән ерекшеліктеріне, сол пәнге тән оқытудың принциптеріне баса көңіл бөлгені жөн.

Оқу орыс тілінде жүретін сыныптарда қазақ тілін оқитын оқушы өзіне таныс емес тілдің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарын, оның грамматикалық құрылысын игеруге, ойын еркін жеткізуге, басқаның сөйлеуін түсінуге, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеруге тиісті және қазақша сөйлеуге жаттығып, қазақ тілінде қарым-қатынас жасай алуы қажет.

Психолог мамандар тіл үйренуде төмендегі қабілеттерді ерекше атап айтады. Олар: көру, сезу, есту. Тіл үйренуде естудің, сөйлеуде қабылдаудың орны ерекше. Өйткені, біздің байқауымызша, қай сыныпта болсын, оқушы ауызекі сөйлеуді тез меңгереді және өз қатарларымен тез тіл табысып сөйлеседі. Онда оқушылар дыбыстар мен сөздерді есту, сөйлеу арқылы қабылдап отырады. Бір-бірімен сөйлесу арқылы тілдің пайдалану жолын өздері-ақ меңгеріп кетуі мүмкін. Қазақ тіліндегі хабарлы сөйлем, лепті, сұраулы сөйлемдер екенін адамның сөйлеу мәнерінен, көңіл-күйінен білеміз. Мұны оқушы сөйлесу барысында, тілдің эмоциялық жағын, интонация ырғағын меңгеруі арқылы біледі.

Қазақ тілін оқытуда көрнекілік көп көмек береді. Қай пәнді де оқытуда да көрнекілік маңызды орын алатынын айтқым келеді. Сол сияқты тілді оқытуда, оның ішінде, екінші тілді оқытуда көрнекіліктің берер көмегі өте зор. Мүғалімнің сабақ беруіндегі бір ерекшелік - ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсіндіріп, соны қолдана отырып, іскерлік жұмыстар жүргізеді. Мысалы, бір ғана ұғымды шағын көрнекілікпен жинақтап, баланың түсінуіне ыңғайлы етіп ұсынады.

Әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті алфавит қолданылады: онда әрбір әріптің суреті мен атауы және сол әріптен басталатын заттың суреті салынады. Мысалы, Қ дыбысының айтылуы мен жазылуын жалаң күйде түсіндіргеннен гөрі, қуыршақты көрсетіп тұрып, Қ дыбысының сөздің алдында және соңында келетінін түсіндірсе, балалар тез қабылдайды. Оқушының байқау, көру қабілеттерін ескеріп, тілді дамытудың бір түрі - көрнекілік.

Көрнекілік - оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылыкөзбен көріп,қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Оқушылар көрнекілікке назар сала, бақылай отырып, оның мазмұнын ашатын мағлүматты өз беттерінше жинақтайды. Көрнекілікті пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин да зор көңіл бөлген. «Қазақ жастары ғылым, өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай көзімен көріп ажырата білулері керек», - деген. Қазақ тілі сабақтарында көрнекілікті қолдану мүмкіндігі орасан зор: айнала қоршаған дүниені бақылау, соған байланысты әңгіме қүрастыру, оқушылардың жинаған заттары, түрлі картиналар, оқулықтағы суреттер т. б.

Сөздік жұмысыәңгіме, өлең оқып, мақал-мәтел, жүмбақ жаттаумен байланысты. Осыған орай әр сабақта жаңа сөздерді, сөз тіркесін үнемі сөздік дәптерлеріне жазуын, жатталып отырылуын қадағалап отыру қажет. Әр сабақта игерілген жаңа сөздер ауызша, жазбаша сөзде үнемі қолданылып отырғанда ғана сөздік жұмыстары нәтижелі болады. Сөздікпен жүмыс грамматикалық анықтамалар, жаттығу жұмыстарын, суретпен жұмыста, өлең, жүмбақ түсіндіргенде, сүрақтарға жауап бергенде де жүргізіліп отырады. Әр жаңа сабақта оқушы бірнеше жаңа сөздер үйренеді. Жаңа сөздерді кестеге жазған дүрыс болады, себебі, олар жаңа сөздің аудармасымен ғана танысып қоймайды, сонымен қатар сол сөздің синонимін, антонимін, омонимдерді тауып жазады.

Мысалы: ақ-қара, күн-түн, биік-аласа, сүлу-әдемі, көркем, сымбатты.

Жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жазып, хормен және жеке-жеке оқиды. Одан әрі мұғалім оқушыларға осы тақырыпта диалог құру тапсырмасын береді.

Мысалы: «Қыс» деген тақырып бойынша мынадай сөздік жұмысын жүргізуге болады.

Қыс айлары - зимние месяцы;

суық - холодно;

қар - снег;

шаңғы - лыжи;

сырғанайды - катается: киеміз-одеваемся.

Желтоқсан - декабрь;

Қаңтар - январь;

Ақпан - февраль;

Жылы киім-теплая одежда;

Орыс мектебінде қазақ тілін үйрену әр сабақта жаңа сөздерді құрғақ жаттау емес, сол сөздердің мағынасын саналы түрде ұғынып, ауызша жэне жазбаша қолдана білу керек, үйреткен жаңа сөздерді оқушылар үмытып қалмау үшін жаттығудың мынадай түрлерін орындатқан пайдалы:

  1. Жаңа сөздерді оқыту.
  2. Қиын сөздерді хормен оқыту немесе арнайы дискілер арқылы тыңдатып, қайталату.
  3. Жаңа сөзді сөз тіркесі, сөйлем ішінде оқыту.
  4. Ауызша сұрақ-жауапты қолдану.
  5. Сол сөздерді қолданып, сурет бойынша сөйлем құрату.
  6. Заттың өзін немесе суретін көрсетіп, аттарын атату.
  7. Жаттығулар орындау.
  8. Таратпа материалдар бойынша өзіндік жүмыс орындау.

Осындай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып келесі сабақтарда да әлденеше рет қайталау арқылы оқушылардың есінде ұмытылмастай мәңгі қалдыруға болады. Өйткені, ондай сөздерді дұрыс айта, жаза білу орыс сыныбында оқитын оқушыларға қиынға соғады, сондықтан бұл дыбыстарды әр сабақ сайын қайталап келудің еш артығы жоқ. Жыл мезгілдеріне байланысты әр сабақ сайын сүрақ- жауап, әңгімелесулерді өткізіп отырамын.

  • Қазір жылдың қай мезгілі? Қазір қыс мезгілі.
  • Қыс айларын ата. Қыс айлары - желтоқсан, қаңтар, ақпан.
  • Қар қандай болады? Қар ақ болады.
  • Қыста күндер қандай болады? Қыста күндер суық болады.
  • Балалар қыста не істейді? Балалар шаңғы,шана тебеді.

Тіл үйрету үшін оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін, олардың зейінін, ойлау және қабылдау қасиетгерін жақсы білу керек. Оқушылардың қабылдауы мен ойлауында толып жатқан ерекшеліктері бар, сондықтан әр сабақта қай оқушы нені білетінін және соған көмектесу үшін не істеу керектігін анықтап, есеп жүргізген жөн. Сонда әр оқушыға жекелей қандай тапсырма беру керек, кіммен нендей жүмыс жүргізу қажет екендігін шатастырмай білесің. Әсіресе бүл білімі нашар балаға көп көмек береді. Оқушының жіберген қатесін дәптерге жазып және оның себебін анықтағаннан кейін, сол қатесін оқушы екінші рет қайталамау үшін соған қосымша жүмыс ұйымдастыру қажет. Мысалы, оқуға, жазуға үйрету барысында олар жеке әріптерді, дыбыстарды жаттайды да, олардың әрқайсысының мәніне көңіл бөлмейді, сөздерді дүрыс байланыстырып оқып, жаза алмайды. Сондықтан әрбір сөздің айтылуы мен жазылуын салыстырып, сөзді буынға, буынды дыбысқа бөліп, немесе, керісінше, дыбыстардан буын, буыннан сөз қүрастыру арқылы үйретсе, сол сөзді оқушылар дүрыс жазып оқиды және есінде үзақ сақтайды.

Орыс сыныптарында оқылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін негізгі мақсаты - оқушыларды белгілі дәрежеде қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу болғандықтан, қазақ тілі сабағында ойын элементтерін кіріктіре отырып шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мүғалімнің міндеті. Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолдану тиімді:

І.Алфавитті дүрыс меңгерту;

2.Орфографияны дүрыс оқыту;

З.Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру;

4.Грамматикалық құрылымды меңгеру;

5.0қушының ойын дамыту, дүрыс жазу, айту.

  1. Алфавитті дүрыс меңгерту үшін барлық әріпке карточкалар жасалады. Мысалы карточкалардағы сол әріптен басталатын аңдардың суреттерін салуы. Бүл ойында оқушылар әріптермен қатар аңдарын аттарын қоса жаттап, әріптерді әліпби тәртібі, ретімен қойып үйретеді.
  2. Орфографияны дүрыс оқытуда алдыңғы сабақтармен байланыс ретінде «Сөздіктен сөзді тап» сөзжұмбақтарды шешіледі. Тақтаға шыққан оқушы қате жіберсе, қалғандары дұрыс керекті әріптерді айтады. Оқушылардың тіл дамыту жұмысын осылай ауызша, жазбаша екі бағытта жүргізу. Олардың тілін дамытуда көрнекіліктің алатын орны ерекше.
  3. Лексиканы меңгертуде төменгі сыныптар үшін ойынға қажетті материал: карточкада бірінші басталатын әрпі жоқ сөздер жазылады. Ойынның мақсаты- сөздің бірінші әрпін тауып жазу.

IY. Дүрыс оқу дағдысын қалыптастыру. Қазіргі мектептегі негізгі мәселелердің бірі-оқушыны өз бетімен оқуға үйрету. Сондай-ақ бүл мәселе өздігінен білім алуға да әсерін тигізеді. Ынта қойып оқуға жаттығу арқылы оқушы көп нәрселерді біліп, өздерінің білімін толықтырып, ой-өрістерін дамытады. Сонымен қатар дұрыс оқуға дағды алған оқушы мәтіннің ішінен өзіне қажетті деректі материалдарды таңдап алуға мүмкіншіліктері болады. Мәтін оқумен байланысты мақсаттар қойылады: мәтіннің негізгі идеясын анықтау, мәтін не жөнінде айтылған, оқиға қай жерде болған, шығармадағы басты бейнелер. Мәтіннің мазмұнын айту үшін оқылған мәтінге жоспар құрылады, оны бөлімдерге бөледі, ат қояды, оны анықтау мақсатында жоспар құрылады.

Ү. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттырудың тағы бір жолы- грамматикалық ойындарды жиі ұйымдастыру. Ойын оқушылардың белсенділігін арттырып, өтілген тақырыпты қалай меңгергенін көрсетеді. Екі команда оқушылары: а) сөйлем, ә) жіктеу, б) жаттығу орындау, в) суреттеу, г) осы етістіктер арқылы 3-4 сөйлем көлемінде әңгіме қүру арқылы жарысады. Мұндай жұмыстар оқушылардың сабақ үстінде шаршамай сергек отыруына жағдай жасап, сабаққа ынтасын арттырады және пәнге көзқарасын қалыптастырады. Оқушыларды қазақша сөйлеуге үйретуде ойын элементтерінің үлкен әсері бар. Сабақ үстінде оқушы ойынды ойнай отырып, тілдік материалды меңгеру мақсатында сөздерді (аудармаларымен) жаттайды. Сюжетті суреттер арқылы сөйлемдер қүрастыру, сергіту ойындары, жаңылтпаш, жұмбақ, алфавиттік жұмбақтар, метаграмма, анаграмма, кроссворд ойындары ұйымдастырылады.

«Тәрбие басы бесіктен» демекші, егер біз мектептегі тәрбие мен білім беру үрдісін дұрыс және тиімді, ұтымды ұйымдастырсақ, тәуелсіз, егемен еліміздің болашағының жарқын әрі жарық болғаны.

 

Әдебиет:

  1. «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған Мемлскеттік бағдарламасы» Астана, 2010 жыл.
  2. Б. Ысқақов. «Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері» A.. 1996.
  3. Қ. Ақпаева. Оқу орыс тілінде жүретінде мектептерде қазак тілін оқытудың кейбір мәселелері. Алматы, Рауан, 1997.
  4. Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар. Алматы, Атамұра, 2001.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.