Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бастауышта математика пәнін оқытудың өзекті мәселелері

«Өз оқушысын оята алған ұстаз, ғылымның арнасы ағатын қайнар бұлақ тәрізді, оқушылар осы қайнардың ағытулы, сәтін дер сезініп, зейіннің түтіктерін тоса қоюға дағдылануы керек» деген Я.А. Коменскийдің сөзін үнемі есте сақтаймын, өйткені. қазіргі заман-ғылым мен техниканың өркендеген,математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Ал,әрбір ұстаздың басты міндеті-жас үрпаққа жан-жақты білім бере отырып,оқушының бойындағы қабілетін ашу арқылы,өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Математика пәніне қызығушылығын арттыру арқылы,логикалық ойлау қабілетін дамыту. Қазіргі таңда оқушыға саналы тәрбие,сапалы білім беріп қана қоймай,оның шығармашылық қабілетін дамыту керек. Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалу тиіс. Олар:

  1. Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
  2. Жүйелі түрде шығармашылық жағдайында болуы;
  3. Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;
  4. Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу.

Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз-оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Оқушының зейінін, есін, қиялын,интеллектісін дамыта отырып,ойлау қабілетін,шығармашылық іс-әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Қызығы мен қуанышы мол мектепте әр баланың жүрегінен орын алып,шығармашылық тұлға болып қалыптасуына зор үмітпен қарайтыным сөзсіз. Мен үшін оқыту үрдісінің сапасын көтеруде бастауыш сыныптағы мүғалімнің орны орасан зор деп білемін. Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы көкейдегі көп ойға қолдау салады. Әсіресе, білім үрдісінде электронды оқытуды жүргізу білімді ақпараттандырудың жаңа деңгейі екенін атап көрсетті. Электронды оқыту, бейне, аудио, мультимедиа технологиясымен жас ұрпақты ақпараттандыру, өзіндік іс-әрекет болып табылатынына көз жеткізіп келеміз. Бүгінде мектеп есігін ашқан балғын шәкірттердің де ұстаздарына жүктеген жауапкершілігі де сондай ауыр деп білемін. Ендеше, жеке тұлғаны оқытудағы білім беру негізін қалай бағамдасақ, оның болашағы да, соған қарай қанат жаймақшы. Бұл мәселе сондықтан да, бастауыш сынып мүғаліміне келіп тіреледі. Өйткені, баланың сауатын ашып, оқуға, жазуға және есептеуге үйрететін,жан- жүйесін жетілдіріп, адамдық қасиеттерін қалыптастыруға ат салысамыз. Олай болса, қоғам алдында да келешек ұрпақ алдында осындай жауапкершілікті жүктеген бастауыш сынып мұғалімдердің жеке басы қандай болу керек.

Ол өзін-өзі тәрбиелеген, білім көтеру әдістерін меңгерген, мамандығы мен көркемөнер салаларында шығармашылықпен еңбек ететін адам болғанда ғана нағыз ұстаз рөліне ене алады. Менің айтайын дегенім, орта буын мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімдері арасында айырмашылық бар. Мысалы, бастауыш сынып мүғалімдері бірден 7-8 түрлі пәндерді оқытады. Олар тіл маманы, математик, әнші, дүниетану маманы болуы шарт. Ал, орта буын пән мұғалімдері параллель сыныптарға сабақ беру арқылы 1-2 сабаққа дайындалады. Бастауыш сыныпты аяқтаған оқушының бойындағы қабілетті байқап, одан әрі жетілдіріп, дамыта оқыту жүйеге асырылғанда ғана мақсатқа жетуге болады деп ойлаймын. Қабілеттерінің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болды. Олардың бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды жақсы көреді. Мәселен математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез,дәл болады. Осы аралықтарда пән мүғалімдері бастауыш сынып мұғалімімен, ата- аналарымен байланыста болса, оқушылардың бойындағы кемшіліктерді тез арада жоюға болар ма еді деп ойлаймын.

Оқушының математика сабағындағы шығармашылық қабілетін дамыту үлкен міндетті жүктейді. Сыныптағы оқушылардың да ойлау қабілеті бірдей болмайды. Барлық бала бірдей математикалық қабілетке ие бола алмайды. Сондықтан оқушыларға топтасып есеп шығаруға жағдай жасап,оқушыларды өздерін-өздеріне немесе өзара бағалау әдістерін қолдану керек. Жаңа технологияларды пайдалана отырып, интерактивті тақта арқылы оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беру.

Математика пәнінің оқытылуын бастауыш сыныптан қолға алу керек. «Білім негізі-бастауышта» қаланатынын әр уақытта жадымызда үстап, негізгі бақылауды бастауыштан бастау керек. Бастауыш мектеп-баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Бастауыш сыныпты бітірген оқушылардың орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне бейімделіп кетуін қамтамасыз ету сабақтастықты нығайтудың негізгі міндеті болып табылады. Бастауыш сынып мүғалімдері 3-4 сынып оқушыларына өз бетімен жүмыс жасауға, өздігінен шешім қабылдауға үйретуіміз керек. Өйткені, бастауыш сыныпта мүғалімнің айтуымен ғана тапсырмаларды орындап үйренген оқушыға 5-сыныпта қиындау болады. Қарапайым алгоритм бойынша есеп шығара білу қажет. Ал, математикалық қабілетін дамыту үшін олардыңпәнге деген қызығушылығын оятуымыз керек. Математика пәніне оқушы ықыласын арттырудың тиімді жолдарының бірі- стандарт емес есептер шығару. Мұндай есептерді өз тәжірибемде ең қарапайым түрінен бастап орындатамын.

Мысалы:

1) 0 мен 5 цифрларын пайдаланып:

а) ең кіші бес таңбалы санды жаз;

ә) Ең үлкен бес таңбалы санды жаз.

2)Жүлдызшалардың орнына теңдік тура болатындай етіп ифрлар қойыңдар: 5*_|_*g4=***Q

3) Сол жағындағы цифрлардың арасына теңдік тура болатындай етіп,қосу таңбасын қойыңдар:

а) 44444444 = 500.

ә) 88888888 = 1000 т.с.с.

Біріншіден, математика сабақтарында бұл есептерді ауызша орындату арқылы оқушының білім деңгейін,дағдысын бағалауға мүмкіндік туады,екіншіден бүл мысалдарды оқушылар асқан қызығушылықпен орындайды. Үлестірме карточкалар ретінде дайындап алып,үнемі пайдалануға болады. Есептерқарапайым бола тура тез ойлауға,жылдам шығаруға үйретеді. Енді, өз тәжірибеме келсем, 4-ші сыныпта өз білімдеріне,өз қабілеттеріне сенімсіз оқушылар қатары байқалады. Ол оқушылармен ойын,ребус,сөзжұмбақтар түрінде берілетін есептерді шығартуға көңіл бөлемін. Сонда олардың пәнге деген қызығушылықтары оянып,белсенділігі артқанын,бірте-бірте өздеріне деген сенімдері қалыптасқанын байқадым. Дамытушылық бағыттағы есептерді алғыр оқушыларға үйге тапсырма ретінде беруге немесе сабақтан тыс үйірме жүмыстарында талдап пайдалануға болады. Мұндай есептер баланың қабілетін ашуға көмектеседі.

Математика сабағында мұғалім теориялық ілімдерді меңгертуді практикалық әдіс-тәсілдермен ұштастыра отырып, тез ұтымды есептеулерге жаттықтырады. Оқушының математика пәнін игерудегі негізгі қызметі: математикалық формулалар мен ережелерді жатқа білу,оларды есептер шығаруда қолдана білу,күнделікті үй тапсырмаларды орындап отыруы. Оқушының үй тапсырмаларын орындап отыруы - олардың есеп шығара білу дағдысын жақсартады. Оқушы үй тапсырмасы ретінде өткен тақырыптарды қайталамаса, үй жұмысын орындамаса,есеп шығармаса,белгілі бір нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Оқушы бүл пәнді тиімді меңгеру үшін,оқытылатын тақырыпқа қызығуы,есеп шығарудан рахаттануы тиіс. Ecen шығару кезінде төзімділік пен табандылық қалыптасады. Математикалық есептердің тәрбиелік мәні де осында.

Білім негізі-бастауышта қаланады, оған үздіксіз ізденіс,тынымсыз еңбек қана нәтиже береді. «Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жетеді» дегендей ұстаздық еңбек жолымда шәкірттерімнің жақсы жетістіктерге жетуіне ықпал етудемін. Ұстаздың білім беру жолындағы қажырлы еңбегі - шәкірттерінің шыққан биігімен өлшенеді, үлкен табысқа бастайды.

Математика пәні бойынша бірыңғай тек сабаққа ғана көңіл бөлмей, сыныптан тыс шаралар да өткізуіміз керек. Сыныптан тыс жұмыстар іріктелу принципінде құрылуы керек. Мұнда оқушыларға баға қойылмайды. Оқушылардың шамасы келетіндей қиынырақ материал алыну қажет. Өз ойым, сыныптағы алдағы мақсатымда математика бүрышы болса жақсы болар еді:

  • математика дәптерлер көрмесі;
  • есептер құрастыру үшін цифрлы мәліметтер, сурет қиындылары, альбомдар;

- бағалау анықтағышы;

- өз бетімен құрастыратын есептер, математикалық диктанттар, логикалық тапсырмалар.

Бүрыштың аты «Жас математик», «Ойлан, тап», «Тапқыр бол, әр кезде».

Мүғалім үнемі материалдағы тапсырмаларды ауыстырып отыруы керек, ал материалды ауыстырып отырған септігін тигізеді. Математикаға оқыта отырып, ғылыми тұрғыдан алғанда, ой пікірлердің қалыптасу бастауларының бірі - халық педагогикасында. Есепке бай логикалық мақал-мәтелдерді айту. «Есеп білмеген есек» математикалық сауаттылықтарын арттыруға жүмбақ, жаңылтпаш, ертегі желісімен өткізу оқушыларды өте қызықтыратыны белгілі. Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану оқушылардың математикалық ұғымын кеңейтіп, ойлау қабілетін арттырады. Әр сабақта қорыта отырып қалай меңгергенін тексеріп, қадағалап отырса, нәтижесін көруге болады.

Өскелең үрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім бере отырып, болашақтың іргесін Елбасымен бірге қалап,бірлігімізді одан әрі нығайтып, білім сапасын одан әрі нығайтып, білім сапасын жаңғырту мен жаңарту жолында ел игілігі үшін, үрпаққа аянбай қызмет етемін. Жарқын болашағымызға нық сеніммен алға басамын. Ендеше, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын айқындайтын міндеттерді іске асыру-біздің әрқайсысымызға, қазақстандықтардың жаңа үрпағын қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім берудің жүйесін жасақтауда белсенді және шығармашылық жүмыста жалғастыруды жүктейді.

 

Әдебиет:

  1. ҚР Президент! Н. Назарбаевтың Халқына Жолдауы.
  2. Б. А. Тұрғынбаева Ұстаздық шығармапіылық - Алматы 2007.
  3. Ш.К. Беркімбаева, «Болашақ мектептен басталады». «Ізгілікті іздеп келем» 2001.
  4. Шығармашылық қабілетгер және дамыта оқыту, Б.А. Турғынбаева. Алматы 1999.
  5. Математикадан қызықты тапсырмалар, Ш.Х. Құрманалина. С.Ш. Сәрсенбаева, Р.Қ. Өмірбаева.
  6. Математиканы оқытудағы методикалық көмек, М. Сәтімбаева.
  7. Бастауыш білім журналы №1 2012.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.