Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бастауыш сынып оқушыларының жазу каллиграфиясын дамыту

Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты - балага хат таныту, яғни оған жазу мен оқуды үйрету. Сауат ашу - аса жауапты да, күрделі жүмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Сауаташудыңміндеті - әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементіндұрыссақтауга, дәптерге қалай болса солай жазбай, оңға қарай, біркелкікөлбеу, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады. Осыны қалыптастыру үшін уақытты тиімді пайдалану керек, яғни берілген көркем жазу факультативтерді толығымен қолданып, күнтізбелік жоспарды дұрыс жоспарлау қажет.

Әдемі жазу - өнер. Таза, анық, әдемі жазылған жұмысты оқуда жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келгеннен бастап, баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуге әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету - мұғалімнін міндеті болып табылады, оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез- қүлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, ұқыптылыққа үйретеді. Әдемі, анық жазуға үйрету арқылы мұғалім оқушыны еңбексүйгіштікке, әсемдікке тәрбиелейді.

Көркем жазудың ойдағыдай болуы гигиеналық талаптарды орындаудың нәтижесіне де байланысты болады. Көркем жазу пәнінің алғашқы сабақтарында оқушылардың жеке басына және мектепке қойылатын гигиеналық талаптар мен сынып жиһаздарының дүрыс орналасуы, тақта мен парта арасындағы қашықтықтың сақталуы, жарықтың дүрыс түсуі, партаның оқушы бойына сәйкес болуы немесе оның жазу кезіндегі ыңғайлылығы, оқушының партаға дүрыс отыра білуі, дәптер мен көру арақашықтығын сақтауы, жазу құралдарын тиімді пайдалануын ескеруі шарт. Жазу процесінде оқушы дүрыс отыру керек, қаламды дұрыс ұстауы, дәптерді партаға орналастыру, осының бәрі баланың көзіне, жазуына, жүмыс жасау қабілетіне әсерін тигізеді. Отырғанда орындық партаға кіріп тұруы керек, сол қол дәптерді басып түрады, ал оң қолдың басы дәптерде жатады. Бала мен партаның арасына жұдырық сыятындай болуы керек. Коз бен дәптердің арасы 30-35 см болуы шарт. Жарық сол жақтан түсу керек. Жазу үзақтығы эр сыныпта эр-түрлі: 1 сыныпта 5 минут, 2 сыныпта 8 минут, 3 сыныпта 12 мин, 4 сыныпта 15 мин. Уақыттан асырып жазуға болмайды -ұзақ жазу баланы шаршатады. Сергіту жаттығуларын жасаған жөн.

Жазуды үйренуде мына принциптерді сақтау керек:

  1. Көрнекілік принципі: мүғалім тақтаға, дэптерге таблицаға көрнекіліктер арқылы жазып көрсетеді.
  2. Сапалылық принципі: мұғалім басында не үшін қиғашынан жазады, эріптерді жазуды қалай бастайды, эріптердің биіктігі қандай болу керек екенін түсіндіреді. Қиғашынан жазу тез эрі ыңғайлы.
  3. Қайталау принципі: жаттығу орындау кезінде пайдаланады. Жазылған нэрсеге міндетті түрде анализ беріледі. Баланың жазған жазуын, дұрыстығын тексеріп отыру керек.
  4. Генетикалық принципі, алғашында жеңіл эріптер, содан соң салынуы қиын эріптер мысалы а, о, ш, т, п, н,.... қолы жаттыққаннан кейін қ. ж. б. в. ф т. с. C
  5. Жеке дара ерекшелігін ескеру принципі; оқушылардың көз нашарлығы, бас ауруы, жүрек ауруы. т. б ескеріп отыруы қажет. Барлық бала бірдей емес, олардың жас ерекшеліктері, ойлау қабілеттері эр түрлі.

Сондықтанда жазу каллиграфиялары эр түрлі. Біреуі өте жақсы, біреулері өте нашар жазады. Нашар жазатын оқушылармен жеке жүмыс жасау талап етіледі.

Каллиграф икал ық жазуды қалыптастырудың негізгі эдістері:

  1. Мұғалім жазу үлгісін өзі тақтаға қайта - қайта жазып көрсетуі тиіс.
  2. Ауада жазу. Ұстаз әріпт іауада жазып көрсетеді. Бала қолдың қозғалысынан эріптің дүрыс формасын ұғады. Бұл эдіс оқу процесін жандандырады.
  3. Көшірмесін түсіру эдісі. Көшіріп жазу эдісі бойынша мұғалім дэптерге қарындашпен жазады немесе әріп таңбаларын нүктемен белгілейді. Ал оқушылар оның үстінен басып жазады.
  4. Дайын үлгіден көшіру әдісі. Бүл еліктеу. Оқушы өз жазғанын ұстаздың жазғанымен салыстырады.
  5. Әріпке анализ жасау әдісі. Мысалы: а әріпі бір дөңгелектен және бір ілмешектен тұрады.
  6. Тактикалық немесе ритмикалық әдіс. Ритм - бүкіл жазу элементтерінің лайықты үйлесімін табуға көмектесетін амал .

Тактылау (санау) - қозғалысты бір қалыпты жетілдіріп, оқушылардың жазу қарқынын жеделдетуге эсер етеді, жазу процесінде жасалатын қол қимылдарының дұрыс та айқын болуын дамытады, сыныптың бір мезгілде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Балалардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру үшін мынадай жаттығуларды пайдаланған жөн:

  1. Ғажайып алаң. Тақтаға эріп жасырылады. Мұғалім жасырылған эріптің эрбір элементтер бойынша сипаттап айтады, ал оқушылар қандай эріп екенін табады. Мысалы: Түйе өркешін қарайық, үқсайды оған қай эріп?
  2. Әріпті тап. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады оқушылар қалған элементін тауып жазып көрсетеді. Барлық эріпті өткеннен кейін, сабағымыздың басында көркем жазу болады. Сол кезде пайдаланған тиімді.Бұл жаттығудың мақсаты: алған білімдерін эрі қарай төселдіру дағдыларын қалыптастыру.
  3. Орнын белгіле. Тақтаға немесе дэптерге алдын ала сөздер жазылады. Оқушылар эріп элементтерінің жэне эріптердің байланысу орнын белгілейді. Бұл жатттығуды қазақ тілі сабағында пайдаланған жөн.

Мұндай жаттығулар баланың ойлауын дамытып, қызығушылығын арттырады. Оқушының каллиграфиялық дағдысына көп эсер беретін, ол алғашқы кезде, алғашқы рет қаламсап үстап, эріп жазған кезі. Әдемі, сұлу, дұрыс жазудың фундаменті бірінші, екінші сыныпта жасалады Сол кезде жазуын жөндемесе сол қалпында қалып қоюы мүмкін. Кейін жөндеу қиын болады.

Оқушының жазу каллиграфиясы неге нашар болады? Мүғалімнің жазу үлгісінің нашарлығы. Оқушы ұстаздың жазуын көшіреді, сондықтан ұстаз өз жазуына зор мэн беру керек. Мұғалім эр оқушыға жазудың кемшілігін, оны қалай жөндеу керектігін түсіндіріп отыруы қажет.

Әдемі жазуды қалыптастыруына мүғалім ғана емес, оның ата-анасы да көп эсерін тигізеді жэне оқушының жеке ерекшеліктері де ескерілуге тиіс

1. Оқушының эдемі жазуға деген ынтасы.

2.0қушының жай жазуы. Тез жазып үлгеремін деп жазу каллиграфиясын бұзады.

3. Нашар жазуға түрлі аурулар себеп болады:невроз, көз ауруы, ревматизм т.б.Бұлоқушыларға мүғалім жеңілдік жасайды.

4. Ата-анасының талаптанған балаға көмек көрсетпей, селқор қарауы.

Көркем жазудан оқушыларға жеке баға қойылмайды. Алайда ол эрбір жеке оқушының қалай жазғанын елемеу деген сөз емес. Оқушының эрбір жазба жұмысын бағалауы,оның каллиграфиялық сапасы мұқият ескеріліп, қазақ тілі бойынша қойылатын жалпы бағаның ішіне көркем жазу бағасы да ескеріледі. Әріптердің элементтерін жазуға 10 сабақ беріледі, содан кейін эріпті жазу кезеңі басталады Оқушыны шашатпайтын эдістердің бірі- ойын Саусақтырының қимылдарын, қолдың кимылын құстың ұшып бара жатқаны деп, баяу музыканы жүргізіп ойнатудың эсері мол болады. Келесі эдістің бірі-музыканы естіп отырып көркем жазуды ұйымдастыру Шопен, Моцарт, орган эуені, Чайковский шығармаларын қолдану тиімді.

Келесі проблеманың бірі-солақай (леворукий) баланы жазуға үйрету. Сондай балаға арнайы көмек керек

  1. Жазуды сол жақтан он жаққа (слева-направо) бастау
  2. Сызықтар мен штрихтарды, әріптің элементтерін жазған баланың қимылын мүқпят бақылау қажет
  3. Бірнеше рет асықпай жазуды қайталау, сол кезде баланы мақтауға ұмытпау керек.

4. Баламен бірге инструкцияны қайталау. оқушы түзу отырсын, әсіресе солақай бала қаламды жоғары үстау керек -саусақ пен қаламның үшының арасы 4 см болу шарт. Егерде осы талаптар орындалмаса каллиграфиясы дүрыс болады деп күтпеңіз. Оң жақ қолымен дәптерді басып отырады, ал жарық он жақтан түсіп түруы керек.

Сияның түсіне мен өзім көп көңіл беремін Неге? Жазуы анық, әдемі көрінеді қою көк түсті қалам болса, ендігі талап: қаламның сапасы қандай болу керек - оның пішіні, ұзындығы, жуандығы, жіңішкелігі қырлы болмасын Қаламның ұзындығы - 15 см болғаны жақсы, ал саусақ пен қаламның ұшының арасы 2 см. Заман талабына сай жаңа технологпялармен жүмыс жүргізу оқушының тәрбиесіне зор ықпалын тигізеді. Қазіргі ақпараттық технологиялардың даму қарқынының басымдылығы соншама барлық жазу компьютермен қамтылған.

А -он қолымен жазатын баланың, Б - солақай ( леворукий ) баланың дәптері.

Көркем жазу емлесі біз үшін, болашақ жастарымыз үшін ешқашан қалыс қалмау қажет.Біз өз қалыптасқан көркем жазу сауаттылығын ұмытпауымыз керек. Көркем жазу, өзіндік жазу жазбалары сауаттылықтың нышаны. Енді осы сурет сіздерге көмекші болсын

Қаламды дүрыс ұстамағаны (неправильное) - Б.

Құрметті әріптестер. оқушыларымыз сауатсыз болмасын десек, жазу дағдысын, көркем үлгі деңгейін көтерейік Оқушының жазу мәнерін әдемі болып қалыптасуына бастауыш сынып мұғалімдері жауапты.

 

Эдебиет:

  1. 1. Бастауыш мектеп журнал №12.2010 Бастауыш сыныптарда барлық пәндерді оқыту- журнал.
  2. 2. Интернет ресурстары

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.