Тәрбие - баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс - әрекет - ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым - қатынастарымен танысады.
Элем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап түрғанын үғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте қүштар. Бүл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі.
Ойын - баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән - мағынасы ерекше. Қазақ халқының үлы ойшылы Абай Қүнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні түрақсыз болады. Оларды біркелкі жүмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін оқу іс - әрекетін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені үйымдастырылған оқу іс - әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері үшқын -далады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жүмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Сондықтан да ойшыл үлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойын арқылы оқыту, бүл ой көптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырды. Грузин педагогы Ш.А.Амонашвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді. Ш.А.Амонашвили өз оқушыларымен ойын ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына, санасына пайдалы үғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті - баланың көздерінде білімге деген қүштарлықты байқады. Ойын арқылы балалардыц логикалық ойлауы, математикалық қабілеттері дамиды. Педагог ойындарды өз шығармашылығымен түрлендіре отырып, балалардыц психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмүнына сай пайдаланады. Сондықтан, бүндай ойындар ойнау балалардыц ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет.
Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде балалармен өткізілетін математиканың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру іс - әрекетте ойынның мынадай түрлерін пайдалануға болады:
- дидактикалық ойындар - логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамыту.
- санға байланысты санамақ, жаңылтпаштар, жүмбақтар - балалардыц сандарды танып білуін, тілдерін жаттықтыру, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін дамыту.
- математикалық сергіту сәтгері-кеңістікті бағдарлау, қимыл қозғалысты дамыту.
Дидактикалық ойындар мазмүны, ойынды үйымдастырудың әдіс-тәсілдері балалардыц зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, тапқырлығын дамытуға, математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын, заттардың түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға, кеңістік пен уақытты бағдарлауға үйретеді. Балалардыц логикалық ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған.
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану оқу іс - әрекетінің іскерлігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардыц түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болу керек. Кейде олардың мазмүны, ережесі балаларға дүрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Балаларға алдарына қойылған дидактикалық тапсырмаларды өз беттерімен орындау үшін педагог көркем әдебиет оқып беру, алдын - ала жүмыс жүргізу керек. Дидактикалық ойындардың түрлері:
E Заттық дидактикалық ойындар - дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен үйымдастырылады.
- Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар.
- Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі - оқу іс - әрекетінің әр кезіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын тәрбиеленіп жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын - ала дайындап алуға, балаларды белсенді қатыстыруға байланысты. Ойындарды өткен оқу іс - әрекетін қайталау, естеріне түсіру кезінде қолданған пайдалы.
Ойын түрлерін оқу іс - әрекетінің мазмүнына қарай белгілі бір мақсатта таңдап алу керек. Мазмүнды ойындарды қайталай бермеу керек, ол үшін өтілетін оқу іс - әрекетінің тақырыбына сәйкес келетін ойын түрлерін күні бүрын реттеп, оны жүргізудің тиімді тәсілдерін ойластыру қажет. Барлық оқу іс - әрекетінде дидактикалық ойындар қолданылады, оны оқу іс - әрекетінің ортасында қолданған ыңғайлы. Мысалы, қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындар балаларды мүғалімнің айтқанын дүрыс үғып, оны тыңдай білуге, дыбыстарды ажыратып, ойда сақтап, сөз қүрастыруға, оның ой - өрісін дамытуға үйретеді. Қазір «Балапан» бағдарламасына байланысты кешенді оқу іс - әректіне бірнеше оқу іс - әрекетін қосып байланыстырып өткізу әдіс - тәсілдерін қолдануға болады. Мысалы, қазақ тілі сабағында сөзде неше дыбыс, неше әріп, неше дауысты дыбыс бар екенін балалар санайды, текшемен белгілейді немесе суретін салады.
Дидактикалық ойын кіші тобынан басталады.Мұнда жоғары топтарға қарағанда жеңіл түрлері беріледі. Мысалы, бала ойнап отырған машинаның дөңгелегі нешеу, түсі қандай, текшелерді түсіне қарай топтастыр, кәне, «сен, көк текшелерді әкелші», «үстелге апарып қойшы» т.б. Бұл жерде балалар кеңістікті бағдарлауды үйренеді.
Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін оқу іс - әрекеті кезінде жэне бос уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл - ойын дамытуға, ойлауын, қабылдауын, есте сақтауын, зейінін, салыстыру, жіктеуге өзін - өзі бақылауға үйретеді. Ойын мақсатында сай ойын шартын орындап, ондағы сүрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дағдыланады. Ойын шартын, ережесін қатаң сақтау арқылы онда жолдастарын тыңдай білу, олардың қатесін түзетуге көмектесу, ойын шартын түсіндіріп ойынды жалғастыру, жаңа ойын ережесін ойлап табу, белсенділік көрсетуге ынталандырылады. Оқу іс - әрекетін бекіту, меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар оқу іс - әрекетінің тақырыбына, мақсатына сай таңдалып алынады. Дидактикалық ойындардың тапсырмалары: сөйлеудің екі түрі монологтық және диалогтық сөйлесуге арналған. Мысалы, «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты - бір нәрсе жайында сүралып, баланы оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.
Антоним сөздермен таныстырғанда жануарларды зообаққа әкеліп, оларды жеке орындарға орналастыру тапсырмасы беріледі. Бала жануарлардың денесіне қарап, «үлкен, кіші» деп бөліп, оларды соған сәйкес үлкен немесе кіші торга орналастырады. Антоним сөздерді салыстыру жолымен жұмыс жүргізу баланың ой - өрісін кеңейту үшін өте пайдалы.
Жалпы және жеке үғым туралы түсініктерін тереңдету үшін «Жалпы қалай аталады?», «Жалпы атауын бер», «Жеке - жеке атын ата» сияқты дидактикалық ойындар ұйымдастырылады. Мысалы: кесе, қасық, тәрелке, шанышқы - «ыдыс - аяқ»; алма, алмұрт, шие, өрік - «жеміс»; көйлек, қамзол, тақия, бешпент - «киім»; т.б немесе керісінше «үй жиһаздары» - диван, төсек, үстел, орындық, теледидар; «отбасы мүшелері» - әке, шеше, ата, әже, аға, іні, қарындас.
Баланың шығармашылығын дамытуға драматизациялық ойындар «Қоянның көңіл - күйі», «Біздің көңіл - күйіміз» т.б ым, мимиканы әртүрлі эмоцияны білдіретін сөздерді және оларды салып, көрсетуге үйрету. Мысалы: Қоян қорқып түр. Қоян адасып кетті. Оны орманда тиіндер тауып алды. Барлығы қуанды. Оны дауыс ырғағымен: қуану, ренжу, жылау, т.б салуға, сол арқылы адамның көңіл - күйін түсінуге аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиеленеді.
Ойын педагогқа балалар ұжымын қалыптастырып, үндемейтін тұйық балаларды белсендіруде үлкен көмек береді. Шынында да, бала үшін ойын- өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс- әрекеттерін, қарым- қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді. Зейін, ес, қиял сияқты психологиялық процестер қалыптасып, сөйлеу тілі, сөздік қоры дамиды.
Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Педагог ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, ықшам, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған ойындар шәкірттердің сана - сезіміне, сөз байлығына, тілдік қорына сайболуы керек.
Қандай да болмасын ойынды өткізу үшін педагог алдын ала жоспар қүрып алуы қажет. Ол жоспар, әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда мынадай шарттарға жауап беруі қажет:
- Ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмүны сәйкес келуі;
- Ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;
- Ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау т.б. нақтылануы қажет;
- Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы;
- Қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал-мәтелдері, тақпақтар өлеңдердің таңдалынып алынуы;
- Ойынның өту барысының жоспары жасалуы.
Қазіргі Қазақстан мектепке дейінгі тәрбиесінде жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке - дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған.
Оның өзі оқу іс - әрекетін әртүрлі технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді. Ойындық технология мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешуін іздестіруге қүрылады. Ойынның ұйымдастырылу түрлері: іскерлік ойындар, рөлдік және оқиғалық ойындар, саяхаттық және білімдік ойындар. Қорыта келгенде, ойын - балалардың негізгі іс - әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл - өмірдің заңдылығы.
Әдебнет:
- Б.Баймүратова. Мектеп жасына дейнгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, Алматы, Мектеп, 1976 жыл.
- Ф.Н Жүмабекова, А.Д Жүматаева. Мектепке дейінгі педагогика, Астана. 2007 жыл.
- Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдістемесі, Алматы, 1985 жыл.
- Журнал «Балабақша», 2009 ж. № 3; «Қазақ тілі: әдістеме» 2009 ж. №5; 2010 ж 11- 12