Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Балабакшадағы мектепке дейінгі балалардың денсаулығы мен адамгершілік рухани сапалы тәрбиесі

Еліміздің жас ұрпақ тәрбиесі - адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Еліміздің, ұлтымыздың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі үрпаққа байланысты. Баланың адам болып қалыптасуы көптеген уақыт пен тер төгетін, үлкен еңбекті қажет ететін, жауапкершілігі мол жүмыс.Үлы Абай атамыз «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы - жаманды танидыдағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады»,- деген, ал Жан Жак Руссо француз педагогы «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді»,- деген екен [4] .

Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады. Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы бір тұтас процесс. 12 жылдық білім берудің қажеттілігі, бес жасар балаларды мектепалды даярлықтан өткізу мәселелерімен бірге, жалпы білім беретін мектептерде және балабақшаларда білім беру бағдармалардың сапасын арттырып, тәрбие жүмысын жетілдіруді көздейді. Балабақшада балаларды мектепке дайындауда психологиялық тұрғыдан, батылдық, имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру шешуші роль атқарады.

Балаға мектепке дейінгі білім беру барысында оқыту мен тәрбиелеудің торт міндеті қарастырылады. Бірінші, әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым- қатынасы және өз құрбы-құрдастар мен баланың ой-өрісінің қалыптасу мүмкіндіктері көзделеді, өз Отанына, отбасына халқының салт-дәстүріне көңіл белу жолдары қарастырылады. Екінші, танымдық даму барысында айнала қоршаған өмір мен таныстыру мәселелерін түйіндеу, оның тәсілдері мен қасиетін сезіну. Үшінші, әсемдік даму эстетикалық барысында өмірге деген құштарлық пен көркемдік танымды қалыптастырады. Төртінші, дене тәрбиесі дамуында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жан-жақты күтімі мен дұрыс дамуы, өзін қоршаған орта мен байланысы қарастырылады. Әр отбасы үшін балаларының бақыты мен қуанышынан артық нәрсе жоқ. Балалар жайы - еліміз үшін де басты мәселенің бірі.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында «Балапан» бағдарламасының басты бағыты мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ісін жан- жақты жетілдіре түсу қажеттілігі айтылған. Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы бағытта болашақта еліне елеулі, халқына қалаулы, ата-анасының мақтанышы дені сау етіп өсіру жолындағы тәрбие ісін басшылыққа алып келу педагогтардың тікелей міндетті [1].

Бүгінгі таңдағы біздің бар мақсатымыз, іс жоспарларымыздың барлығы балабақшадағы тәрбиеленушілерге жан - жақты жағдай жасау, солардың Қазақстан Республикасының болашақ азаматы ретінде тәрбиеленіп өсуі үшін күні бүгіннен бастап негізінің берік қалануына бас назар аудару. Әрбір ісімізді балалардың болашағы үшін арнап отыруды өзімізге басты міндет санаймыз. Бала бойындағы жаңа қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі болып тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор екені белгілі. Мектепке дейінгі білім беру саласы педагогтарының алдына қойған мақсаты - баланың жас ерекшелігіне қарай ұлттық тәрбиені салт -дәстүрді бойына сіңіріп жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуына ықпал ету.

Халқымыздың әдептілік, инабаттылық, мейірімділік, ізеттілік, қонақжайлық қасиеттерін жас үрпақтың бойына сіңіру үшін әрбір тәрбиеші халық педагогикасын, салт дәстүрін, әдеп - ғұрыптарды жақсы меңгерген рухани дүниесі бай, жаны таза адал жан болуы керек [6].

Тәрбиеші саналы көзқарастарын таныта алатын, білімі мен тәжірибиесін жан- жақты дамытып байыта алатын кез балабақша қабырғасынан басталады. Балабақшаның тәрбие мен оқытудағы негізгі мақсаттары: денсаулық сақтау мен нығайту, баланың дамуында жеке үйлесімділікті қамтамасыз ету, ата - аналарды салауатты өмір салтына араластыру.

Балабақшадағы әрбір тәрбиеші -педагог оқу-тәрбие жоспарын тиімді әрі нәтижелі етіп үйымдастыру үшін өздерінің кәсіби біліктіліктерімен, қабілеттіліктерімен қатар, педагогикалық жаңа технологиялар негіздерін жетік меңгеріп білуі тиіс. Яғни, бүгінгі тәрбиешінің басты міндеті - әлемдік өркениеттілікке үмтылып, әлемге танылып отырған Тәуелсіз Қазақстанның болашағын құрайтын жас бүлдіршіндерді саналы азамат етіп тәрбиелеу. Тәрбиенің негізі бірінші кезекте әрбір отбасында қаланатынын ескере отырып, балабақшада үйымдастырылған іс-шаралар әрине ата-аналардың қатысуымен өткізіледі. Өйткені, жеке тұлғаның қалыптасуы ең алдымен отбасындағы үлгі- өнеге мен тәлім-тәрбиеге байланысты екенінде дау жоқ. Бұл бала тәрбиесіне байланысты ортақ мәселелерді бірлесе отырып шешуге айтарлықтай мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала отырып, «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» атты білім беру салаларына байланысты мектепке дейінгі баланың жас ерекшелігіне сай оқу іс-әрекетін шығармашылық, ізденіс негізінде жүзеге асыруда. Балабақша балаларының тәрбие мен білім берумен қатар балалардың денсаулықтарын нығайту мақсатында барлық тиісті шараларды жүргізу медбикенің бақылауымен өткізіледі. Осы білім саласы бойынша дене тәрбиесінен ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттері де жаңа технологиямен түрлендіріліп, балалардың денсаулығын нығайтып, жылдамдыққа, ептілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеуге ықпалын тигізеді. Сауықтыру жұмыстарының дәстүрлі емес түрлері кеңінен қолдану керек. Олар: жазғықұмда жалаңаяқ жүру, суық сумен су қүю, нүктелі төсеніштермен жүру. Қысқы ойын түрлерінен спорттық жарыстар, мерекелік шаралар ұйымдастыру балалар бойына қуанышты көңіл күй сыйлайды. Алдымен балалар ойнайтын ойын аланың өздеріне жақсы таныс жануарлардың, ертегі кейіпкерлерінің мүсіндерін жасап мерекеге сай безендіріп, жолдарды қардан тазартуға белсене қатысып, сол күннен бастап мерекелік көңіл күйде жүреді. Сондықтан да дене шынықтырудан қызықты қысқы жарыстар көбірек ұйымдастыру, жоспарлау, балалардың ойынға деген қызығушылығын арттырары сөзсіз.

Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шындалады. Мектепке дейінгі білім беру стандарты «негізгі үштік» яғни, ата-ана, бала, тәрбиеші арасындағы тығыз байланысты орнатуға мүмкіндік беріп отыр. Ата-аналардың қатысуымен өткізіліетін ойындар мен эстафеталық жарыстардың мақсаты баланың денсаулығын жақсарту, спорттық ойынға деген қызығушылығын ояту, балалардың бір-бірімен қарым -қатынасын нығайтып азамат болуға тәрбиелеу, дене, аяқ-қол бұлшық еттерін шынықтыру, спортты сүюге тәрбиелеу. Яғни, күнделікті сауықтыру- шынықтыру шараларының қарапайым түрлерін тереңдетіп күрделендіре отырып жүзеге асыру. Балабақшаға жаңа қабылданған баланың ата-анасымен жүргізілген түрлі бағыттағы, сауалнамалар алдағы даму баспалдағына бірлесе жасаған қадамы деп айтуға болады. «Бала не істей алады?», «Енді бала не үйренуі тиіс?» деген сияқты сұрақтар шешімін тауып, отбасымен ынтымақтаса жүмыс істеу үрдіске айналып отыр. Мақсат- тәрбие мен білім беруде отбасыларды, ата-аналарды бірлесе жұмылдыру, баланы тәрбиелеу мен оқытудағы мәліметтерін кеңейту, өзара сыйластық, түсунішілік, бір-біріне деген сенімділік, терең қарым-қатынастарды арттыру. Балабақша ұжымы ата-аналарды ұйымдастырып, балаларының балабақшадағы өмірінің тәрбиесіне белсене қатысуларына арналған іс- шаралар жиі өткізіліп тұрады [3] .

Ата-аналар оқу әрекетіне қатыса отырып, өз балаларын жан-жақты зерттеп танып, не толғандырып жүргенін, не қажет екенін біле алады. Балаға тіл мәдениетін игерту, баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін процесс. Тіл дамыту жұмысын тек балабақшада дамытып қоймай, отбасында жүйелі жүргізу үшін ата-аналарға баланың тілін түрлі дидактикалық ойындар арқылы дамытатын жинақ кітапшаларын ұсыну керек. «Қажетті суретті тап», «Формасы ұқсас заттарды тап», «Нені қайдан алуға болады» атты дидактикалық ойындарды күнделікті өмірде, отбасында, тілі жаңа шыққан баланы сөйлете білу, сөздік қорының көбейтуге көмектеседі.

Бала, ата-ана, тәрбиеші ынтымақтастығы нығайған сайын түсінісу де жеңіл, пікірлесу де оңай, ең бастысы балаға тиімді болады. Бейнелеу өнері- мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылықпен айналысатын іс- әрекеттерінің бірі. Бейнелеу өнерінің сурет салу, мүсіндеу, жапсыру бала үшін әр қайсысы жеке өзінше қызықты. Бала бейнелеу өнерінің қай түрімен айналысса да өз көңіл күйін білдіре алады. Я.А.Каменский «Сурет салу, мүсіндеу жэне түрлі құралдармен айналысатын сабақтар балалардың сезімдерін, ойлау қабілеттерін дамытады», - деп айтқан [5].

Сурет салу іс -эрекетінде балаларда эмоциялық көңіл-күй пайда болады. Сурет салу эдістерін меңгерту мақсатында дэстүрлі емес эдістерді пайдалану балаларға қызығушылықтарын дамытады. Дэстүрлі емес эдіс-тэсіл түрлері: мөр басу, кляксография, манотопия, ылғал бетте сурет салу, шыныда сурет салу, майшаммен, түрту, нүктемен, саусақпен т.б. Дэстүрлі емес эдіс-тәсілдерді пайдалану ойлау қабілеттерін, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Ойын - баланың жетекші іс-әрекеті. Ойынды тэрбиелеу жэне дамыту құралы ретінде қолданады. Әсіресе дидактикалық ойындар мен түрлі материалдар арқылы жүргізілетін ойындар кеңінен пайдаланылады. Оқу іс - әрекетінде ойын элеме нттерін тәрбиешіден аса біліктілікті, шеберлікті, шығармашылық ізденісті қажет етеді. Ойынға балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы деп қарамай, балаға берілетін танымнын білім мен тәрбиенің қүнды негізі деп қараса ғана үлкен мақсатына жете алады.

Адам баласы өмір бойы тәрбиеленіп, үздіксіз білім алуы қажет. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасындағы ата- ананың ықылас пен мейірімділігінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешінің шуағына бөленеді. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де, тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор екені белгілі.

Қазіргі заманда жас үрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту түжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие - үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген. Тәрбиешінің басты міндеті- бойында үлттық санасы қалыптасқан, дені сау, жан дүниесі бай жан - жақты азамат тәрбпелеп өсіру. «Ел боламын десен, бесігінді түзе», деп дана халқымыз айтқандай, тәрбиелі, білімді ұрпақ әрқашан үлт мақтанышы, беделі болатыны анық [2].

Қорытындылай келе, үлы педагог Макаренко «Тәрбие ішінде ешбір үсақ - түйек деуге нәрсе жоқ. Еш нәрсені үсақ- түйек деуге, үмытуға хақымыз жоқ. Өз өмірімізде немесе балаңыздың өмірінде бір нәрсені ерекше деп бөлек алып, соған қатты зер салып, қалғандарын елемей қалдырсаныз қателіктің ең зоры сол болып шығады. ¥сақ - түйектер үздіксіз, күнбе-күн, сағат сайын кездесіп отырады және өмірдің өзі сол үсақ-түйекпен құралады, өмірдің бүл жағына басшылық көрсету және оны ұйымдастыру сіздің және біздің ең жауапты міндетіміз», -деп айтқандай әр тәрбиеші - педагог өз міндетімізге жауапкершілікпен қарайық [7] .

 

Әдебиет:

  1. Назарбаев Н.Ә . Егемен Қазақстан. 2 наурыз. 2006.
  2. Бала мен балабақша журналы №6. 7. 2012.
  3. Бала тәрбиссі журналы №12.2009.
  4. Ұстаздар ұясы. Павлодар. 2004.
  5. В.С.Мухина «Мектепке дейінгі балалардыц психологиясы», 1975
  6. Мектепке дейінгі білім №1(7) қаңтар/ақпан. 2007.
  7. Мектепке дейінгі білім №5(17) қыркүйек/қазан. 2008.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.