Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Балалардың ойын арқылы eстe сақтау қабілетін дамыту

«Ойын - бала қиялын шығармашылық ойлауға жетелейтін тәрбие құралы» дегендей, ойын - бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жүмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.

Ойын - баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы: «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз сайды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алый, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі.

Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады.Мектеп жасына дейінгі балалардың көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді.

Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.

Бүгінгі күн талабы - баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы - ойын әрекеті, яғни, ойын - баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы бломай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің қүнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жүмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет.

Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп- салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір қүбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды.

Бала ойында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез - келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар достарымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір - бірімен өзара қарым - қатынаста болады.

Ойын балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Сондықтан келешек өсіріп отырған тұлғаларымызды тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойынның негізгі ерекшеліктері - ол балалардың қоршаған ортаны - адамдардың қимылын, іс - әрекетін олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым қатынасын бейнелеуі болып табылады. Бала - ешқашан үнсіз ойнамайды, ол жүреді, сөйлейді, ыңылдайды, секіреді, ойын барысында сөйлесу қарым - қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, эсер алады. Ойын - мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тэрбие құралы. Ойын балаланың барлық қабілетінің дамуына айналасындағы дүниетану түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жеңіл эрі тез тіл табысуына көмектеседі. Ойын үстінде балаланың қуанышы мен реніші көрінеді. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату эдісі деп қарамай, олардың мінез -құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Сонымен қатар ойын - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан - ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін ғажап нэрсе деп, балабақшада ұлттық ойындардың бірнеше түрін оқу үрдісінде, дене тэрбиесінде ертенгіліктерде, спорттық жарыстарда кеңінен қолдануға болады.

Ойын - бала өмірінің нэрі, яғни оның рухани жетілуі.

Ойын-баланың жеке басын дамытуда, сөздік қорын молайтуда, қоршаған ортамен танып-білуінде, өздігінен эрекет жасау дағдыларын қалыптастыруда, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда ерекше орын алады. Жаңа стандартқа сәйкес мектеп жасына дейінгі балаларға арналған пәндік- дамытушы ортаны үйымдастыруға қойылатын талаптардың бірі ретінде заттар мен ойыншықтарды еркін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету, ойын іс-әрекеті жағдайымен қамтамасыз ету сүрақтары айқындалған. Бала үшін ойын - өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі көрсетудің қүралы.Ойында балаларды не қызықтырады?- деген сүрақ туындайды. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ойын түрлері де әр түрлі болып келеді. Баланы ойынға қызықтыра отырып оқу іс әрекетіне айландырып, ойын түрін күрделендіре түсу керек. Ойын тек балалар ойнайтын болып емес, оку әрекеті барысындақолданылатын ойын түрлері. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко ойын мазмүны мен түріне қарай ойын түрлері мынадай топтарға бөледі:

  • Дидактикалық ойындар
  • Сюжеттік ролдік ойындар
  • Қимыл - қозғалыс ойындары (ұлттық ойындар)
  • Саусақтар ойындар
  • Үстел үсті ойындар

Дидактикалық ойындар оқу әрекеті барысында балалардыц қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылады. Мектеп жасына дейінгі үйымдардың барлығында да, оқу әрекеті ойын түрінде өткізіледі. Оқу әрекеті барысында қолданылатын ойын түрлерін жас ерекшеліктеріне қарай қолданылады. Дидактикалық ойындар барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтармен, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.

Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Мүндай ойындарда балалардыц ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді.

Сюжетті - ролдік ойынның міндеті - баланың қызығушылығын туғызып, сезімін оятып, рухани-адамгершілік қасиеттерін арттыру. Сонымен қатар өзара сыйластық, қамқорлық, жанашырлық қүндылықтарын дамыта отырып, мейірбандылық, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу. Бүл қүндылықтар - бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бүл - балабақшадан бастау алып, өмір баспалдақтарында шыңдалып, біртіндеп қалыптасатын қасиет. Бастан кешірген табысты істері, қанағат сезімдері балалардыц бойында жаңа міндеттер мен мәселелерді шешуге талпыныстарын оятып, өз күштеріне сенуге, өзін-өзі сыйлауға тәрбиелейді. Осы ойындардың арқасында балалар өз істеріне баға бере білуге, өзінің сезімін, әдет-дағдысын бақылай және басқара білуге, сонымен қатар жанындағы адамдардың табиғи болмысымен қабылдап, ізгі ниет, ықылас таныта білуге үйретеді. Эр бала өз ісі мен қылығына жауапкершілікпен қарап, ойын нәтижесінде қүрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады, өмірлік әлеуметтік дағдыларды меңгереді.

Қызықты ойынсыз балалар әлемінің болуы мүмкін емес. Балалардыц ойындары қызықты және алуан түрлі болуынан оларды қоршаған орта кеңейіп, өмірлеріндегі жарық пен қуаныш көбейеді. Сөйтіп сюжетті-рольдік ойын бүлдіршіндердің өзі-өзін тануына көмектеседі, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі басқаруға жетелейді.

Орыс жазушысы Ю.Нагибинның сөзімен айтқанда: «Ойын балаларға өткенді тірілтіп, болашаққа көз жүгіртуге мүмкіндік береді. Ойында кішкентай адамның мінезі, оның өмірге деген көзқарасы мен армандары айқындалады. Өздері де соны байқамастан, балалар, ойнап жүріп күрделі өмірлік проблемаларды шешуге дайындалады».

Балабақшада көбінесе «автобус жүргізушісі» болып ойнағанды жақсы көреді. Кәсіптік ойындардың мәнін терең түсінген тәрбиеші баланы осы кәсіпке қызықтыра білу үшін мадақтау, сендіру, түсіндіру әдістерін қолданды. Көздеген міндеттеріміз:

  • достарға деген мейірімді қарым-қатынасқа үйрету;
  • адалдық қасиеттерін дамыту;
  • балалардың ойын тапсырмалары мен ережелерін орындауға бағытталған дербестігін тәрбиелеу;
  • үлкендерге, қүрдастарына деген қүрмет сезімін және олардың ойын үстіндегі қимылдары мен мінез-қүлықтарына қызығушылық сезімін тәрбиелеу.

Ойынды ұйымдастыру алдында біраз жұмыстар жүргізілді:

  • көліктер туралы білімдерін бекіту жұмыстары;
  • мамандықтар туралы әңгіме өткізу;
  • техникалық оқу құралдары арқылы автобуспен таныстыру;
  • жеке балалармен психологтың жүмыс жүргізуі;
  • өз еріктерімен рольдерді таңдауды үйрету.

Ойын барысында балаға әр түрлі жағдайда кездескен адамдардың роліне енуге қиялындағы мүмкіндіктерін байқап көруге жағдай жасалды. Үлкендердің берген нүсқауына қарап олар өздерінің көзқарасын білдірді, мәселелерді шешіп үйренді және бір-бірімен қарым-қатынас жасауға дағдыланды. Ұйымдастырылған әр түрлі жағдаяттарда дүрыс шешім тауып, бойларына сіңірген рухани- қүндылқтарды көрсете білді. Осылайша бүл сюжетті-рольді ойын баланың өзінде ой - ниет туғызуға, ойындық әрекеттер баланың әлеуметтік тәжірбиесіне байланысты болып, таңдаған ролін анықтауға, рольді ережемен ойнауға үйретті. Ойынның мазмүны баланың өзінің әлеуметтік және ойындық тәжірибесіне сай қүрылды. Ойын барысында балалар өмір сүрудің белсенді формаларын игеріп, сол арқылы ересектерге еліктеп, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренді. Сонымен бірге еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игерді, әлеуметтік рольдер атқарды. Сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзінің іс- әрекетін басқалардың іс-әрекетімен үйлестіру қасиеттері жетілді. Демек, ойын балалар бақшасының тәрбие және оқыту жұмыстарымен тығыз байланысты. Ойында балалардың алған білімдері жетіліп, өзін дүрыс үстау ережелері бекітіледі.

Қызықты ойынсыз балалар әлемінің болуы мүмкін емес. Балалардың ойындары қызықты және алуан түрлі болуынан оларды қоршаған орта кеңейіп, өмірлеріндегі жарық пен қуаныш көбейеді. Сөйтіп сюжетті-рольдік ойын бүлдіршіндердің өзі-өзін тануына көмектеседі, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі басқаруға жетелейді. Балалардың жағдаяттарды бағалай білу қабілеттерін дамытуға, өздерінің ойлары мен істері, әрекеттеріне жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететін әдістемелік тәсілдер көбірек қолданылды. Осы топтың балаларына жағдаяттарды талқылауға, олардың ойлауға бейімділіктеріен, өзін және өзгелерді бағалауға икемділіктерін, қоршаған әлеммен жағымды өзара әрекеттестікті құра білу іскерліктерін қалыптастыруға мүмкіндік бердік. Оқу ақпаратын жеткілікті көрнекілік нысанда ұсынуға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл - мультфильм көру тәсілін қолданылдық. Бұл айқын көркем бейнелер балалардың өтілген материалдардың мазмұнын дұрыс қабылдауын және меңгеруіне жағдай жасады. Алға қойылған түйінді құзіреттер: өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынасты жасау. Түйінді құндылықтар: мейірімділік, қамқорлық, әдептілік. Күтілетін нәтиже: Әлеуметтік ойын арқылы адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік беретін жалпыазаматтық қүндылықтар жүйесінің қалыптастырылуы. Балалар сүрақтарға жауап бере отырып ойларын ізгілік күйде бейімдей, іштей игі тілек білдіре, өз ойларын ашық, жасқанбай айтуға тырысты. Ойын баланың тек тәртібін ғана емес, сонымен қатар оның ішкі өмірін реттеп, өзін, өзінің қоршаған әлемге қатынасын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл баланың бастамашылық танытып, шығармашылық көрсететін бірегей саласы. Сонымен қатар ойында бала өзін бақылап, бағалап, не істеу қажет екендігін түсініп, дұрыс қадамдар қолдануды үйренеді. Өз бетімен саналы әрекеттер жасап үйренуі арқылы бала өмірдің саналы субъектісі бола алады. Бүгінгі күнгі мектеп жасына дейінгі балалар өз әрекеттерін ұйымдастырып, негізді ету білмейді. Көпшілігінде қиял сезімі жетілмеген, олардың шығармашылыққа талпыну құлкы жоқ, өз беттерімен ойлана алмайды. Мектепке дейінгі жас - тұлғаны қалыптастыруға ең қолайлы кезең, сондықтан, аталған қабілеттер кейін өздігінен дамиды деп қателеспеген жөн.

Ойынның күрделі болмауы балалардың коммуникативтік дамуларына келеңсіз әсерін тигізеді, себебі, ара-қатынастар тек бірге ойнау барысында қалыптасады. Бірге ойнау - қатынастардың басты мазмүны. Ойнап, түрлі ойын рольдерін орындау барысында балалар жағдайларды жан-жақтан көріп, басқалардың әрекеттері мен мүдделерін ескеріп, ереже сақтауды үйренеді. Kepi жағдайда мағыналы қатынас та, бірлескен әрекеттер де болмайды. Ғалым, педагогикалық ғылымдар кандидаты, доцент О.В.Солнцеваның пікірінше, үлкендердің балалар ойындарындағы ролі олардың ересектенуімен бірге өзгереді. Басында оқытушы ойын әдістерін үйретуші ретінде, кейін екі-үш баланың ойынына қатысушы болады. Одан кейін ол балалардың ойын ұйымдастырудағы көмекшісі және ойын қатынастарын реттеушісі. Мінез - құлық пен іс-әрекеттегі жағымды және жағымсыз әдеттерді ажыратып, өз қателіктерін дер кезінде мойындауға дағдыланды. Қазіргі заман талабында мектеп жасына дейінгі балаларда өзінің ішкі жан дүниесін танытып, өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік-рухани потенциалын дамыту. Қоғамдағы әлеуметтік нормалар мен ережелер туралы нақты түсініктерін қалыптастыру. Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе күнделікті бірлесе атқаратын ойын әрекеті барысында тұлғаны рухани-адамгершілік тұрғысынан дамыту, яғни олардың талап-тілегімен санасу, жанашырлық сезімдерін дамыту. Балалар әлемі күрделі әрі ерекше, оған еніп, түсіну ең соңғы математикалық және социологиялық әдістерді меңгерген адамдар үшін де оңай емес. Балалық шақ - адамның ең бақытты және уайымсыз кезеңі ғана емес, сонымен қатар бұл - тұлғаның қарқынды қалыптасу кезеңі. Балалық шағында қалыптаспаған нәрселердің орнын үлкен адам кейіннен толықтыра алмайды. Баланы оқуға мұқтаждау барысында біз одан ойынды, демек, балалық уайымдарды, талпыныстар мен қатынастарды тартып алатынымызды есте сақтап, ұмытпауымыз қажет. Ойнау барысында балалар өздерін, өз мінездерін қалыптастырады, ал ең бастысы - ойын жақсы мен жаманды ажыратуды үйретеді, ойында балалар мейірімділік пен достықты бойларына сіңіреді.

 

Эдебиет:

  1. Мектепке дейінгі тэрбие 2008. - №820.
  2. «Отбасы жэне балабақша» журналдары.
  3. Е. Өтетілсуов «Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейінгі басқа ұлт балаларына арналған».
  4. Артемова Л.В. Дидактикалық ойындар. M., 1992.
  5. Усова А.П. Роль игры в организации жизни и деятельности детей. «Дошкольное воспитание». 1965,№10.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.