Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Балабақшада ойын арқылы мемлекеттік тілді меңгерту жолдары

21 ғасыр - білімділер ғасыры. Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру - мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында берілетінін ескерсек, баланың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін осы бастан дүрыс қалыптастыру басты мақсат болып саналады.

Мектеп жасына дейінгі өзге ұлтты балаларға мемлекеттік тіл - қазақ тілі туралы бірінші түсінік қалыптастыруда ойынның алар орны ерекше. Ойынкезінде кез келген бала өзін еркін әрі ашық ұстайтыны белгілі, ендеше мемлекеттік тілді меңгертуде бұл тәсіл - таптырмас құрал деп санаймын.

Ойын - бұл психология және философия сияқты білім беру салаларында егжей-тегжейлі қаралатын феноменді адами оқиға. Ойын технологиясы балаларды оқу жұмысымен қызықтыруға, әртүрлі қарым-қатынас режимдерін, жұппен және топпен жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі. Ойын технологиялары қазақ тілін оқыту әдістемесінде белсенді оқыту нысанына жатады.

Ойын технологиялары шығармашылық-іздестіру деңгейіндегі балалардыц жүмыстарын ғана емес, қазақ тілін зерттеу бойынша күнделікті қадамдарды қызықты етуге ықпал ететін, бірегей оқыту нысандарының бірі болып табылады. Ойынның шартты әлемінің қызықтылығы есте сақтау, қайталау, бекіту немесе ақпаратты меңгерудің жақсы бейнеленген бір қалыпты қызметінің эмоционалды болымды жағын көрсетеді, ал ойын әрекетінің эмоционалдылығы баланың барлық психикалық процестері мен қызметін қарқындатады. Ол білімді жаңа жағдайда пайдалануға, яғни балалардыц меңгеретін материалдарын өзіндік тәжірибеден өткізуге, оқу процесінде әр түрлілікті және қызығушылықты тудыруға мүмкіндік беретін ойынның екінші жағымды жағы болып табылады.

Қазіргі заманда бала заманауи ақпаратты бойына сіңіргендіктен, ойынның маңыздылығы артуда. Барлық әлемде, Қазақстанда да пәндік-ақпараттық орта әлдеқайда кеңеюде. Сабақта және бос уақытта алған білімдерін практикада пайдалануға мүмкіндік беретін дидактикалық ойын оқыту нысанының бір түрі болып табылады.Ойын - бүл бала үшін табиғи және оқытудың ізгілікті нысаны. Олай дейтінім, бала ойын кезінде өзін емін-еркін ұстап, берілген жаңа ақпаратты мейілінше тез ұғып, санасына тоқиды. Балаларға қазақ тілін ойын арқылы меңгерте отыра, бізге, ересектерге оқу материалын беру қолайлы болатындай емес, балаларға ыңғайлы болатындай және оны табиғи түрде алатындай оқытуымыз керек. Өйткені басты мақсат - болашағымыз саналатын өскелең үрпаққа тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті бойына аса үлкен жауапкершілікпен дарыту.

Қазақ тілін оқып үйрену кезінде лексикалық тақырыптар бойынша мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын кеңейту, байланыстырып сөйлеуді дамыту басты проблема болып табылады.Қазақ тілінің баланың тілін, танымдылығы мен коммуникативтік қабілеттілігін дамытуға оң эсер ететін, баланың тілді, сөйлеуді жақсы меңгеруге көмектесетінін күнделікті оқу іс-эрекеті кезінде көруге болады. Мектеп жасына дейінгі балада логикалық ойлау, өзінің жолдастарымен өзара қарым-қатынас жасай білу қабілеті дамиды, ой-өрісі кеңейеді, тілге деген құрмет артады.

Заман талабына сай эр мүғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өтізеді. Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар арқылы үйреткен тиімді деп санаймын. Олай дейтінім, ойын ол балалардың тілді үйренуе деген қызығушылығын арттырып, сенімін оятады. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл эдістің тиімділігі - балалардың белсенділігін, пэнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында. Ойын ортасы ойын технологиясының ерекшелігін елеулі дэрежеде анықтайды: ойынды заттармен жэне заттарсыз, столға қоятын, бөлме, көше, белгілі бір жерде, компьютер жэне бірге жылжымалы эр түрлі қүралдармен танып біледі. Әлбетте, мектепке дейінгі тэжірибеде сабақты ойын нысанына қалай түрлендіруге болады? Мұнда нысандар көп, бірақ аталмыш шарттардың орындалуы міндетті:

  1. сабақтың мақсаттарына ойынның сэйкестігі;
  2. осы жастың балалары үшін қол жетімділік;
  3. сабақта ойындарды орынды қолдану.

Одан басқа, тақырып шеңберінде төмендегідей оқу түрлерін ерекшелеуге болады:

  1. сабақтағы рөлді ойындар (сахналау);
  2. оқу үрдісінде ойын тапсырмаларын пайдаланумен ойын ұйымдастыру;
  3. ойынды сабақтың белгілі кезеңінде қолдану (басында, ортасында, соңында жаңа материалмен танысу, білімдерін бекіту, дағдысын, іскерлігін, қайталау мен игергенді жүйелеу).

Балабақшада балаларға қазақ тілін меңгертуде мен өз тэжірибемде ойын элементтерін біртіндеп енгізуді дұрыс санаймын. Өйткені балалар ойын шарттарын барынша ұғынып ойнауы үшін ең алдымен оларға қолайлы орта қалыптастыру керек. Оқу қызметі кезінде сюжетті-рөлді ойындардың маңызы зор. Мэселен, «Қоянның туған күні» атты ашық ұйымдасқан оқу қызметі кезінде қоянның туған күніне «сыйлық» алу үшін «Дүкенде» сюжетті-рөлдік ойынын ойната отыра, біріншіден, балалардың өзара қазақ тілінде қарым-қатынас жасауына жағдай туғызсам, екіншіден, балалар қоғамдық орындарда өздерін қалай дұрыс ұстау керектігін, сыпайы болып, үлкендерді сыйлау керектігін ұғынды, үшіншіден жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиеленді. Сол сияқты аталмыш оқу қызметінде «Ойлан, тап!», «Кім тапқыр?», «Кімде не бар?» атты дидактикалық ойындарды орынды қолдандым. Балалар қазақ тілінде кез келген сұраққа толық әрі нақты жауап беруге тырысты. Сонымен қатар, «Қүстарға қонаққа барамыз» атты ашық ұйымдасқан оқу қызметі кезінде «Қай құс қалай дыбыстайды?» атты дидактикалық ойын кезінде балалар үй құстарының аттарымен қоса, олардың қалай дыбыстайтындығын білді және ойнай отыра өз білімдерін толықтырды. Балалардан жай сүраққа жауап алудан гөрі, ойната отыра тілдерін дамытқан әлдеқайда оң нәтижелі болады. Сондай-ақ, біз балабақшада балалармен әртүрлі ертегілері сахналап, рөлдерге ене отыра, қазақша қарым- қатынас тілімізді дамытуға мүмкіндік туғызамыз. «Шалқан» орыс халық ертегісі, «Мақта қыз бен мысық», «Бауырсақ» ертегілерін балалар сахналаған кезде олардың осы ертегі кейіпкерлерінің сөздерін жаттап алып, аса үлкен жауапкершіліпен ойнап шыққандары тілге деген қызығушылықтарын аңғартқандай болды.

Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді:

  • Мұғалімнен кейін қайталау арқылы сөздердің фонетикалық жағын меңгерту;
  • Балалардың тыңдау зейінін қалыптастырып, сөздерді дүрыс айтуға дағдыландыру;
  • Балалардың сөздік қорларын молайтып, оны дүрыс қолдана білуге үйрету;
  • Жай грамматикалық құрылымдарды меңгерту;

Балалардың ойын дамыту, дүрыс айту, дүрыс білу дағдысын қалыптастыру.

Сөйлеуді дамыту балалық шақта ортақ психикалық дамудың ең маңызды аспектісі болып табылады. Сөйлеу қызметі баланың айналаны қоршаған адамдармен қарым-қатынасы барысында меңгеретін, тіл арқылы жүзеге асырылады. Осы орайда мектеп жасына дейінгі бала тілінің икемділігін ескерсек, қазақ тілін ойын арқылы меңгерту аса қиындық туғызбасы анық.

Қазақ тілінде өлеңдерді жаттау сөздердің байланысын, оның мәнерлілігін дамытуға ықпал етеді, баланың активті және пассивті сөздер қорын молайтады, өздігінен ауызша еске сақтауын дамытуға көмектеседі. Бала өзі жаттаған өлеңдерін ұдайы ойын барысында еске түсіріп отырса, бұл оның сөйлеу тіліне де оң ықпалын тигізбек. Here десеңіз, қабылданған ақпарат жаңғыртылып отырса, бала тілі анық, әрі толық сөздермен байи түседі.

Балабақшада оқыту мен тәрбие беру деңгейі педагогикалық үрдістің баланың жасы мен жеке дамуының психологиясына қаншалықты бағытталғандығымен елеулі дәрежеде анықталады. Бүл әсіресе, жаңа ғана адам мақсатқа сай оқуды бастағанда, оқу жетекші жұмыс қызметін атқарғанда, баланың психикалық қасиеттері мен сапасы, танымдылық үрдістері (танымдылық дәлелдер, өзін-өзі бағалау, ынтымақтастыққа қабілеттілік және т.б.) және ең алдымен таным субъектісі ретінде өзінде қарым-қатынас қалыптаса бастаған мектепке дейінгі жаста маңызды.

Осы орайда ойын технологиялары әзірлемелерінде өзектілік туындайды. Балалар ойын қолданылмаған кездегі материалдан, ойын қызметі процесінде игерілген материалдарды аз дәрежеде және баяу ұмытады. Бұдан, бұл мектеп жасына дейінгі балалар үшін оқу процесінде ойынға қатысудың арқасында білімді игеру анағұрлым сапалы және мықты болатын, таным процесін қол жетімді және қызықты етіп жасайтын қызығылықты табиғи байланыстырумен түсіндіріледі. Дидактикалық ойындар мен ұлттық ойындар қазақ тілін оқытуға бағытталған әдістемелік тәсілдерді қолданумен жаңа материалды зерделеудің барлық сатысында танымдылық қызметтің қарқындататынына көзіміз жетіп отыр. Балабақшадағы балалардың қазақ тілін меңгертуде қимылды ойындардың орны ерекше. Мәселен, «Ақ серек, көк серек», «Мысық пен тышқан», «Айгөлек- ау, айгөлек» атты қимылды ойындарды серуен кезінде ойнататуға болады, балалардың қимыл-қозғалыстарының дамуымен қоса, жаттанды фразалардың ұмытылмауына жол береді. Жалпы мүндай ойындар өте көп және мазмұндары мен бағыттары да бір-бірін қайталамайтындай сан алуан, әрі қызықты.

Сабаққа енгізу үшін ойынды таңдау немесе оны ойлап табуда келесі ережелерді қолдану керек. Ойынға кіріспес бүрын, төмендегі сүрақтарға жауап беріңіз: Ойыннның мақсаты не, онда бала неге үйренеді? Ол қандай сөйлеу әрекетін орындауы керек: әрекеттердің бірі сөзбен немесе сөз жасау - онда, атап айтқанда, қайсысы және қандай үлгі бойынша? Бала осындай пікір қүра ала ма? Осы сүрақтарға жауап бере отыра, өзіңіз балаға айналып көріңіз және осы үлгі бойынша пікір айту қандай қызықты жағдайда туындайды. Бала оны бірден түсінетіндей етіп балаға осы жағдайды қалай суреттеу керектігін ойлаған жөн.Ойындар балалардың танымын, ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды қүралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Сондықтан бағдарлама бойынша бекітілген оқыту үрдісіне ойын түрлерін үнемі пайдаланып отырғанды жөн санаймын.

 

Әдебиет:

  1. Амонашвили Ш.А. В школу с шести лет. M., 2007
  2. ВенгерЛ. А. Восприятие и обучение (дошкольный возраст) 2005
  3. Новоселова С.Л. Игра дошкольника. - М. Просвещение. - 2003
  4. Игра - это серьезно. / Дошкольное воспитание - 2003
  5. Развивающие игры. / Обруч - 2003
  6. Швайко Г.С. Игры и игровые упражнения для развития речи: Книга для воспитателя детского сада / M.Просвещение, 2007
  7. Сайт бетінен Тукенова А. А. «Балабақшада қазақ тілін оқыту» мақаласы

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.