Жоғарғы оқу орнындағы дене тәрбиесі сабақтары оқушылардың денсаулығын нығайту, қозғалыс үйлесімділігін жүзеге асыру мен физикалық қасиеттерінің деңгейін арттыруды ғана емес, сонымен қатар бағдарламаға кіретін физикалық жаттығулардың көптеген түрлерінің тәсілдерін игеруді де қарастырады. Студент жастардың арасындағы денсаулықты нығайту мен аурулардан сақтандыру шараларында емдік дене тәрбиесі үлкен орын алады. Дене жаттығулары, әсіресе, денсаулық жағдайында ауытқулары бар адамдар үшін ерекше маңызды болып келеді. Дәл осындай жағдай денсаулығына байланысты арнаулы медициналық топқа жатқызылған студенттерде байқалады. Сондықтан да денсаулық жағдайларына байланысты арнаулы медициналық топқа (AMT) жатқызылған студенттердің дене шынықтыру тәрбиесі мәселесі жоғары оқу орындарындағы өзекті мәселелердің бірі болып есептеледі [1].
Жоғарғы мектептердегі қазіргі талаптарға сәйкес денсаулық жағдайында ауытқулары бар студенттермен дене тәрбиесі бойынша сабақтар өткізу барысында сауықтыру технологияларын қолданудың әдістемесі мен ұйымдастырылуы ерекше назарды талап етіп отыр. Медициналық тексерістер нәтижесі бойынша бүндай студенттер арнаулы медициналық топтарға (AMT) жатқызылады және дене тәрбиесімен арнайы оқу бағдарламалары бойынша айналысады. Денсаулық жағдайларына байланысты AMT жатқызылған студенттермен дене тәрбиесі бойынша оқыту сабақтарының әдістемесі мен мазмұнына іріктеу жасап, ауруларының әр түрлілігін негізге ала отырып, студенттердің физикалық күш- салмаққа деген жүйелік әсерлерінің сипатын бағалаудың қажеттілігі байқалады [2].Студенттердің денсаулығын нығайту, сонымен қатар аурулардан сақтандыру мен саламатты өмір салтын қалыптастыру қазіргі таңда емдік дене тәрбиесі (ЕДТ) арқылы шешіліп жатқан маңызды мәселе болып табылады. Жүйелі дене жаттығулары студенттердің ағзасын физикалық күш-салмақтарға бейімдейді, жаттықтырады және ынталандырады. ЕДТ сабақтарының нәтижесі жаттығушының функционалдық бейімделуіне әкеледі. ЕДТ дене жаттығуларына зерделі көзқарас қалыптастырады, гигиеналық дағдыларды дарытады, жүмысқа қабілеттіліктерін, оқу үлгерімін, өмір сапаларын арттыруға көмектеседі [3,4].
Осы өзекті мәселені қарастыру мақсатымен ғылыми-зерттеу жұмысының барысында AMT студенттерінің денсаулық жағдайына кешенді зерттеу жүргізу келесі міндеті қойылды. Зерттеу жұмыстарына университеттің AMT жататын 1 және 2 курс студенттері қатысты. Студенттердің физикалық дамуын (антропометрикалық және физиометрикалық көрсеткіштер), функционалдық жүйелерінің қызметтік жағдайын сипаттайтын көрсеткіштері анықталды және олардың арасында жиі кездесетін аурулардың саралануы жасалды.
Зерттеу жүмыстарының нәтижесінде соңғы жылдары студент жастар арасында ең жиі кездесетіндері - көру мүшелерінің (миопия) - 13,3%, тірек- қозғалыс аппаратының (остеохондроз, сколиоз, жалпақ табан) - 11,8%, зәр шығару мүшелерінің - 10,3%, жүрек-тамыр жүйесінің - 8,2%, тыныс алу мүшелерінің - 7,8% аурулары анықталды Сонымен қатар, жастар арасында тері аурулары және қант диабеті сияқты аурулардың да таралғандығын атап өткен жөн.
Сонымен студенттердің жалпы науқастануларының құрылымында бірінші кезекте көру мүшелерінің аурулары тұрғандығы анықталды. Оның ішінде 8,2% студенттерде жеңіл және орташа ауырлық деңгейіндегі миопия, ал 1,5% - өте ауыр деңгейдегі миопия болып табылады. Біршама авторлардың зерттеулерінде соңғы уақытта көру мүшесінің қызметінің бүзылуы ерекше орынға ие болып отыр, бүны олар студенттер ағзасына, әсіресе, емтихан сессиясы уақытында, үлкен физикалық (гиподинамия), психикалық және эмоционалдық жүктемелердің әсерімен түсіндіреді [5,6,7]. Сонымен қатар курстан курсқа өткен сайын жоғары дәрежелеі миопиямен ауыратын студенттер қатарының көбеюі байқалады.
Жалпы аурулардың құрылымында екінші орында тірек-қозғалыс аппаратының аурулары тұр. Аурулардың ішіндегі басымы - I-III дәрежелі сколиоз (4,4%) және II-III дәрежелі жалпақ табандылық ауруы (4,2%).
Үшінші орында зәр шығару мүшелері мен жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары тұр. Шағымдардың арасында гипертония, кенеттен пайда болатын әлсіздік, бас айналуы, көңіл-күйдің тұрақсыздығы сияқты аурулар басым болып келеді.
Антропометриялық белгілерді саралау барысында AMT жаттығатын студенттердің көрсеткіштерінде айтарлықтай ерекшеліктер жоқ екендігі анықталды. AMT студенттерінде де курстан курсқа көшкен сайын дене ұзындығы мен көкірек қуысы шеңбері сияқты жеке морфологиялық көрсеткіштердің көтерілгендігі байқалады. Алайда бірінші және екінші курстардағы студенттердің оқу семестрін бітірер кезеңінде дене салмағының аздап төмендеуі байқалды (кесте 1). Бұл өзгерістің басты себептерінің бірі емтихандық сессия уақытындағы жоғары физикалық, психикалық және эмоционалдық жүктемелердің артып, студенттердің тамақтану, ұйықтау және демалу тәртіптерінің бүзылуы болуы мүмкін.
Кесте 1. Студенттерінің антропометриялық көрсеткіштері
Көрсеткіш-тер |
Курс |
Қыздар |
Үлдар |
||
1 |
2 |
1 |
2 |
||
Дене үзындығы (см) |
1 курс |
160,2 5,1 |
160,5 5,9 |
172,7 7,6 |
173,7 7,1 |
2 курс |
161,0 4,1 |
161,4 4,3 |
176,0 4,5 |
176,4 4,2 |
|
Дене салмағы (кг) |
1 курс |
53,0 5,6 |
52,8 5,5 |
71,2 14,9 |
71,7 14,8 |
2 курс |
53,3 4,9 |
52,6 5,3 |
73,1 16,5 |
72,7 15,9 |
|
Кеуде қуысының шеңбері (см) |
1 курс |
86,2 3,2 |
86,5 3,5 |
96,4 9,2 |
96,8 9,0 |
2 курс |
91,3 5,6 |
91,4 4,9 |
98,5 10,7 |
98,7 10,4 |
* (Р<0,05) болатын өзгерістер; 1 - оқу семестрінің басы; 2 - оқу семестрінің соңы.
Физиометриялық көрсеткіштердің салыстырмалы сараптамасы олардың жас және жыныстық аспектісі жағынан да оң серпінін сипаттайды. Бұл тенденция әсіресе өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС), қол мен түлға күштерінде және кеуде экскурсиясы көрсеткіштерінде байқалады (кесте 2). Студенттерінің ӨТС, қол динамометриясының нәтижелерінде айтарлықтай айырмашылықтар байқалмады: көрсеткіштердің мөлшері студенттердің жасы мен жынысына байланысты айырмашылықтарға сәйкес келеді.
Кесте 2. Студенттерінің физиометриялық көрсеткіштері
Көрсет- кіштер |
Курс |
Қыздар |
¥лдар |
||
1 |
2 |
1 |
2 |
||
ӨТС (мл) |
1 курс |
2378±498,5* |
2585±503,8* |
3400±324,7 |
3633±295,8* |
2 курс |
2617±513,8* |
2633±553,3* |
3667±591,7 |
3770±614,3* |
|
Кеуде экскурсиясы (см) |
1 курс |
3,3±0,8 |
3,3±0,79 |
4,6±0,6 |
5,0±0,8 |
2 курс |
3,6±1,2 |
3,9±1,4 |
4,8±0,6 |
5,3±0,9 |
|
Қол күші (кг) |
1 курс |
22,6±3,8* |
23,4±4,2* |
39,0±8,9* |
40,7±9,4* |
2 курс |
27,0±4,9* |
27,8±4,8* |
46,0±5,8* |
47,8±8,1* |
|
Тұлғалық күш (кг) |
Ікурс |
49,0±8,1 |
49,3±8,3 |
107,0±15,4 |
107,8±15,2 |
2 курс |
55,0±8,4 |
58,2±8,7 |
125,8±15,5 |
132,4±13,3 |
* (Р<0,05) болатын өзгерістер; 1 - оқу семестрінің басы; 2- семестрінің соңы.
Гемодинамикалық көрсеткіштердің сараптамасы бойынша, 1 және 2 курстардың студенттерінде жүрек соғу жиілігінің (ЖСЖ) жоғары көрсеткіштері, артериялық қан қысымы көлемінің систолалық (САҚ) жэне диастолалық (ДАҚ) көрсеткіштерінің томен деңгейлерімен сипатталады. Тамырдың артериялық қан қысымының (ТАҚ) көрсеткіштерінде айтарлықтай өзгерістер байқалған жоқ. САҚ пен ДАҚ томен көрсеткіштері 1 курс студенттерінде, әсіресе оқу семестрінің басында қыздарда байқалған. Сонымен қатар оқудың жарты жылдығының соңына қарай ЖСЖ, САҚ пен ДАҚ көрсеткіштерінің төмендеуі анықталған (кесте 3). Бұл келеңсіз өзгерістерді қысқы емтихандық сессия уақытында емтихан тапсыруға дайындық кезеңінде еріксіз гиподинамия талаптарында үлкен ақыл-ой күш- салмағының әсерінен психоэмоционалдық күйзелістің артқандығы арқылы түсіндіруге болады. Өйткені жүрек-қан тамырлары жүйесі мен сыртқы тыныс алу жүйесі ағзаның денсаулығының жалпы жағдайының негізгі индикаторлары болып табылады.
Кесте 3. Студенттердің гемодинамика қызметтерінің көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
Курс |
Қыздар |
¥лдар |
||
1 |
2 |
1 |
2 |
||
ЖСЖ, рет/мин |
1 |
88,7±5,8 |
84,4±5,3 |
82,7±6,1* |
82±5,9* |
2 |
75±5,8* |
80*±5,9 |
71,7*±4,9 |
71,0±4,8* |
|
САҚ, сынап бағ. |
1 |
106,7±6,9* |
105±7,9* |
118,3±5,9* |
118,0±5,6* |
2 |
114,3±5,8 |
112,7±5,7 |
120,5±6,5* |
119,5±6,4* |
|
ДАҚ, сынап бағ. |
1 |
63,3±3,8* |
65,8±3,8* |
73,3±4,2* |
73,0±4,0* |
2 |
71,8±5,7* |
69,8±5,8* |
76,5±5,5* |
75,3±4,9* |
|
ТАҚ, сынап бағ. |
1 |
43,4±3,9 |
39,2±3,6 |
45,0±2,9 |
45±2,9 |
2 |
42,5±3,9* |
42,9±3,4* |
44,0±3,9* |
44,2±3,8* |
* (Р<0,05) болатын өзгерістер; 1 - оқу семестрінің басы; 2 - оқу семестрінің соңы.
AMT студенттерінің зерттелген физиологиялық көрсеткіштерінен алынған мәліметтер олардың ағзасына едәуір жүктемелердің түсуі әсерінен ағзаның негізгі қызмет жүйелерінің, әсіресе, кардиореспираторлық жүйенің дезадаптациясының болуын көрсетті. Физиологиялық-педагогикалық ғылыми зерттеу кешенді ұйымдастырылған дене жаттығулары мен емдік дене жаттығуларының студент жастарды сауықтыру үрдісіндегі тиімділікті, олардың ағзасының соматикалық және физиологиялық мүмкіншіліктерін арттыруға оң эсер етуге бағытталуын көрсетеді. Сауықтыру мақсатымен емдік дене жаттығуларын таңдаған уақытта бүл маңызды мэселеде жүктеменің көлеміне байланысты, оны орындауға ағзаның толық дайындық деңгейі болуын түсіну маңызды болып табылады. Бұл ерекшеліктерді сонымен қатар барлық физикалық дайындық үрдісінде де ескерген жөн.
Осылайша, жүйелі дене жаттығулары мен емдік дене шынықтыру жаттығулары сабақтарының арнаулы медициналық топ студенттерінің жұмысқа қабілеттілігінің жоғары деңгейлерге жетуін қамтамасыз етуде маңызға өте зор екендігі байқалады. Алға қойылған міндеттерді орындау сонымен қатар студенттерді күнделікті дене шынықтыру сабақтарымен айналысуға жүмылдырумен, ол үшін қажетті жағдайларды жүзеге асырумен, дене тэрбиесі сабақтарының сапасын арттыру мен сабақты өткізудің жаңа үйымдастырушылық- эдістемелік түрлерін іздеумен байланысты болып табылады. Арнаулы медициналық топтарда жаттығатын студенттердің ағзасының қызметтік жүйелерінің жағдайын жақсарту жэне жұмысқа қаблеттілікетін арттыруға бағытталған дене тэрбиесі мен емдік дене шынықтыру сабақтары үшін ұсынымдарды эрі қарай жетілдіруді талап етеді.
Эдебиет:
- Ордабеков С. О. Денсаулық және байлық.//ж. Денсаулық. 2006, №1. - 12-13 Б.
- Артамонова Л.Л., Панфилов О.П., Борисова В.В. Лечебная и адаптивно-оздоровительная физическая культура. - Москва: изд. Владос-Пресс, 2010.
- Дубровский В.Н. Лечебная физическая культура: Учеб, для студ. высш. учеб. Заведений. Москва: изд. ВЛАДОС, 2004.
- Апанасенко Г.Л. Индивидуальное здоровье как предмет исследования.//ж. Валеология. 1997, № 4. - С. 44-46.
- Аветисов Э.С. Близорукость. - Москва: изд. Медицина, 1999.
- Краснов А.Н. и др. Проблемы физического воспитания студентов специально-медицинских групп. //Материалы Всероссийской научно-практ. конф. «Формирование физической культуры и культуры здоровья учащихся в условиях модернизации образования». - Елабуга, 2008. - С. 119-121.
- Нероев, В.В., Хватова А.В. Прогресирование миопии и некоторые показатели метаболизма соединительной ткани. - Москва: изд. Медицина, 2009.