Өркениетті Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы үшін оның экономикасын нығайта алатын, дәстүрлері мен мәдениетін дамыта алатын жас ұрпақтың денсаулық жағдайын нығайтудың маңызы өте зор.
Біздің өркенді мемлекет орнату жөніндегі мүратымыздың іске асырылуы да адамға, оның жаны мен тәнінің саулығына байланысты. Алғашқы байлық - денсаулық,сондықтан да қай кезеңде де басты байлық - халық денсаулығы [1].
Өз азаматтарының денсаулығын жақсарту және нығайту әрбір мемлекеттің негізгі міндеті болып есептеледі. Ел президент! Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» туралы Жолдауында «дені сау үлт жалпы ұлттық міндет»,- деп айтқан болатын. Өйткені, тек қана денсаулығы зор адамзат баласы ғана жан-жақты дамыған, ой- өрісі кең, білімді, өз елінің болашағын ойлайтын, оның әлеуметтік, саяси жағдайын жақсартуға үлес қосатын қоғам мүшесі бола алады. Бұл үшін денсаулықты сақтау және қорғау жүмыстарын бала дүниеге келу кезенінен бастап ескерген дүрыс Осыған байланысты халықтың салауатты өмір салты мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі білімі мен хабардарлығын арттыра беру зор міндет. Халық арасында спорттың бүқаралық сипат алуына және спортты насихаттауға ерекше ден қою керектігі айтылды.
Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін орта құру арқылы жастардың барлығын салауаттылыққа жеткізудің жоғары оқу орнындағы оқу мен тәрбиенің дұрыс жүйелі жүргізілген жүмысына байланысты. Сондықтан да әрбір жеке тұлға өз денсаулығын нығайтуды үйренуге және оған дағдылануға міндетті [2].
Жастар - болашақ, ал бізге болашағымыздың айбындылығы мен жарқындығы қажет. Келешегінен үміт күткізіп отырған бүгінгі жастар ертеңгі қоғам иелері. Ендеше, келер күннің айнасы жастар денсаулығында, күнделікті өмір салтында. Салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыра алмау, режимнің дұрыс сақталмауы, қимыл-қозғалыстың аз болуы, дұрыс тамақтанбау, жағымсыз әдеттерге әуестік, темекі тарту, арақ-шарап ішу, есірткі пайдалану, қоғамымыздағы келеңсіз жағдайлардың таралуының басты көрсеткіштері.
«Қазір «Саламатты Қазақстан-2015» Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Денсаулық сақтау жүйесі сапалы түрде дамып келеді. Халық денсаулығы көрсеткішінің жақсы қарқынына қол жеткіздік. Бала туу деңгейі жақсарып, халықтың өмір сүру жасы ұзарды», - деді Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында. Салауатты өмір салты (СӨС) - адам үшін аса маңызды, денсаулыққа тікелей байланысты құнды форма. Ол адам мәдениетінің бір бөлігі. Ал, денсаулық әрбір адам бақытының негізгі компонент!. Қоғамның болашағы - әрбір адам денсаулығына байланысты [3,4].
Дегенмен де дене шынықтыру мен спорт студент жастардың өміріне көп әсерін тигізеді [5]. Қазіргі жоғары оқу орындарында студенттердің спортпен айналысуы үшін барлық жағдайлар жасалуда. Қай спорт түрін алып қарасақ та, шынығуға қажетті жаңа заман талаптарына сай құрал-жабдықтардың түрлері жеткілікті. Студенттердің бос уақытын өткізуге арналған түрлі спорттық секциялар, үйірмелер, клубтар Қазақстанның барлық қалаларында, тіпті, аудан орталықтарында да ашылған. Осыған орай М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде де студент жастардың денсаулығын нығайтуға ерекше мән беріледі. Халықаралық стандарттарға сәйкес салынған жүзу бассейіні, қазіргі заманның талаптарына сәйкес жабдықталған спорттық және тренажерлік залдар осының нақтылы айғағы. Оқу жылының барысында студенттер арасында спорттың 14 түрінен астам өткізілетін спартакиада, «Гимнастикалық шоу» атты байқау және тағы басқа да сайыстар жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау жұмыстарының дұрыс бағытта жүргізілуінің негізгі дәлелдері. Бұл іс-шаралар денсаулықты сақтап, нығайтуға, ағзаның түрлі жүктемелерге төзімділігін тудыратын, көңіл-күйді тепе-теңдікте ұстауға көмектесетіні сөзсіз. Түрлі тренажер залдарында шынығу жүрек қан-тамыр жүйесіне, ішкі мүшелердің қызметіне оң әсерін тигізеді, шыдамдылыққа үйретіп, жүйке жүйесін нығайтады, мүсіннің сымбатты болуына да көмектеседі. Спортпен шын ниет қойып айналысса, ондай студент жастардың зиянды әдеттерден аулақ болу деңгейі де арта түседі.
Адам өмірінің басым бөлігін оқу процесі алатыны мәлім. Мектепке дейінгі мекемелерде, жоғары оқу орындарында ағзаға өте көп мөлшерде ақпараттық, физикалық, және психикалық жүктемелер эсер етеді. Ал, ол денсаулыққа міндетті түрде өз кері эсерін тигізбей қоймайды. Әсіресе, емтихан тапсыру кезінде жүйке жүйесіне ерекше ауыртпалықтар түседі, күйзеліс белгілері пайда болады. Зерттеулер нэтижесінде мектептер мен жоғары оқу орнында емтихандар тапсыру кезеңдерінде үл балалардың 48% жэне қыз балалардың 60% -да салмақтың азаюы, қан қысымының 140-155 мм.сб.бағ. дейін жоғарлайтыны анықталды. Балаларда түрлі тері ауруларының пайда болу қаупі жоғарлайды, жаралардың жазылуы көпке созылады. Бұндай факторларға: томен бағалар, оқу бағдарламасынан қалып қою қаупі, уақыттың жеткіліксіздігі, сессия уақытының өту қарқындылығы, емтихан тапсыру үшін үлкен көлемді материалдарды меңгеру қажеттігі, түнгі уақыттағы жиі дайындықтар жэне т.б. жатады [6].
Осыған сэйкес студент жастардың денсаулық жағдайын зерттеу арқылы олардың арасындағы жиі кездесетін ауруларды анықтау жэне оның негізгі себептерін ашудың маңызы өте зор. Соның нэтижесінде эр түрлі аурулардың алдын алу, болдырмау жэне денсаулықты сақтау жолдарын қарастыру, салауатты өмір салтын насихаттау мэселелеріне ерекше мэн беру.
Бүл зерттеу жұмысының негізгі мақсаты студенттердің соңғы үш оқу жылындағы денсаулық жағдайының динамикасын қарастырып, эр түрлі ауытқушылықтарды анықтау, оның себептерін ашу жэне оны болдырмау үшін алдын-алу шараларын қолданудың тиімді жолдарын іздестіру. Әр түрлі қимыл режимі жағдайына байланысты студенттердің денсаулық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау арқылы олардың денсаулық статусын анықтау. Жоғары оқу орнындағы оқу қарқындылығының студенттердің денсаулық жағдайын ақарастыру жэне оны қимыл режимінің эртүрлі деңгейі бойынша салыстыру.
Зерттеу жүмысы Петропавл қаласындаеы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университет!нің дэрігерлік пунктінде дене шынықтыру факультет! (ДШФ), ақпараттық технология факультет! (АТФ) жэне тіл жэне эдебиеті институтының (ТжӘИ) студенттерінің қатысуымен жүргізілді. Зерттеу жүмыстарының барысында бұл факултеттердің студенттерінің дэрігерлік пунктке қаралу деңгейін жэне олардың арасында кең таралған ауруларды ерекше қарастырудың негізгі себебі оқу барысындағы қимыл режимінің эртүрлі деңгейіне байланыстыЗерттеу барысында келесі бағыттағы жүмыстар атқарылды:
- университетте 2012-2013 оку жылы дэрігерлік пунктіне қаралған студенттер санының пайыздық мөлшерін анықтау анықтау;
- қаралған студенттерді факультет жэне ауру бағыты бойынша жіктеу;
- студенттер арасында жиі кездесетін ауруларды анықтау.
Факультеттердегі студенттер келесі ауру түрлері бойынша дәрігерлік пунктте тіркелген (кесте 1; 2; 3)
Кесте 1. Әр түрлі аурулармен 2010-2011 оқу жылы қаралған студенттер санының көрсеткіштері
Факуль- теттер |
Tepi аурулары |
Тыны с алу жүйесі |
Ac қорыту жүйесі |
Зәр шығару жүйесі |
Жүрек тамыр жүйесі |
Тірек- қимыл жүйесі |
Көз- құлақ аурулары |
Жалпы саны |
ДШФ |
4 |
18 |
6 |
4 |
4 |
3 |
2 |
41 |
АТФ |
2 |
22 |
4 |
3 |
1 |
7 |
- |
39 |
ТжӘИ |
5 |
36 |
5 |
5 |
15 |
4 |
2 |
72 |
Барлығы |
11 |
76 |
15 |
12 |
20 |
14 |
4 |
152 |
2010-2011 оқу жылы студент жастар арасында тыныс алу жүйесінің аурулары өте жиі кездесетіндігін байқаймыз. Бұл ауру әсіресе ТжӘИ студенттерінің арасында жиі байқалады. Келесі орында жүрек-тамыр, асқорыту және тірек- қимыл жүйелерінің аурулары тұреандығын көреміз.
Кесте 2. Әр түрлі аурулармен 2011-2012 оқу жылы қаралған студенттер санының көрсеткіштері
Факуль- теттер |
Tepi аурулары |
Тыныс алу жүйесі |
Ac корыту жүйесі |
Зәр шығару жүйесі |
Жүрек- тамыр жүйесі |
Тірек- қимыл жүйесі |
Көз- құлақ аурулары |
Жалпь саны |
ДШФ |
5 |
18 |
7 |
4 |
1 |
4 |
1 |
40 |
АТФ |
2 |
14 |
3 |
6 |
3 |
10 |
- |
38 |
ТжӘИ |
- |
27 |
6 |
5 |
3 |
4 |
6 |
51 |
Барлығы |
7 |
59 |
16 |
15 |
7 |
18 |
7 |
129 |
2011-2012 және 2012-2013 оқу жылдарында да 2010-2011 оқу жылындағы көрініс байқалды, яғни, бірінші орында тынысалу жүйесінің аурулары тұрса, тірек-қимыл және асқорыту жүйелерінің ауруларының да мөлшері азайған жоқ. Дегенмен дәрігерлік пунктке қаралған студенттердің жалпы санының азайғандығын байқауға болады.
Кесте 3. Әр түрлі аурулармен 2012-2013 оқу жылы қаралған студенттер санының көрсеткіштері
Факуль- теттер |
Tepi ауру- лары |
Тыныс алу жүйесі |
Ac қорыту жүйесі |
Зәр шығару жүйесі |
Жүрек -тамыр жүйесі |
Тірек- қимыл жүйесі |
Көз- құлақ ауру- лары |
Жалпы саны |
ДШФ |
3 |
16 |
5 |
3 |
3 |
5 |
1 |
41 |
АТФ |
2 |
13 |
4 |
5 |
1 |
7 |
- |
32 |
ТжӘИ |
1 |
25 |
5 |
4 |
2 |
10 |
5 |
47 |
Барлығы |
6 |
54 |
14 |
12 |
6 |
17 |
6 |
115 |
Университеттің дәрігерлік пунктінде зерттеу жұмысын жүргізу барысында кедесі сараптамал да жүргізілді:
1. университетте 2012-2013 оқу жылы дәрігерлік пунктте тіркелген студенттер санын анықтау;
2. Тіркелген студенттерді факультет және ауру бағыты бойынша жіктеу.
2012-2013 оқу жылында жоеарыда аталеан факультеттерге қосымша университеттегі дәрігерлік пунктке қаралеан барлық студенттердің саны қарастырылды (кесте 4).
Кесте 4. Әр түрлі аурулармен 2012-2013 оқу жылы қаралған студенттер санының көрсеткіштері (студенттердің жалпы саны пайыздық мө)
Р/с |
Факультеттер |
Дәрігерлік пунктте тіркелген студенттердің пайыздық мөлшері |
Жиі қаралған студенттер пайыздық мөлшері |
1 |
ЖГФ |
135 (17,8%) |
60 (7,9%) |
2 |
ТжӘИ |
125 (26,7%) |
49(10,5%) |
3 |
СПФ |
135 (24,3%) |
55 (9,9%) |
4 |
ИТФ |
120 (24,5%) |
36 (7,5%) |
5 |
ЭФ |
125 (22,8%) |
59(10,7%) |
6 |
АТФ |
108(19,3%) |
75 (13,5%) |
7 |
ДШФ |
38(13,1%) |
8 (2,6%) |
Барлығы |
786(21,4%) |
342 (7,6%) |
2012-2013 оқу жылындағы дәрігерлік пунктке қаралған студенттердің жалпы саны, тіркелген студенттер саны және жиі қаралған студенттердің саны 2010-2011 және 2011-2012 оқу жылдарымен салыстырғанда біршама азайғандығын байқауға болады. Бұл университетте студенттерге спортпен және дене жаттығуларымен айналысуға барлык жағдайдың жасалуының нәтижесі болу мүмкін. Дегенмен студент жастар арасында спортпен және дене шынықтырумен айналысуды, саламатты өмір салтын насихаттау жүмыстарын белсендіру қажеттігі байқалады.
Әдебиет:
- Смайыл Е.Л. Денсаулық - елдің байлығы. //Егемен Қазақстан газеті. 2002, 22 қаңтар.
- Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030». Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы, 1997, 4-6 б.
- Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». 2007, 28 ақпан.
- Назарбаев Н.Ә. «Саламатгы Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан.
- Төтенаев Б. «Дене тәрбиесі». Алматы: Мектеп, 1998 ж.
- Рысмендиев А. Ж. «Жастар арасындағы денсаулық проблемасы». ж. Валеология, 2002,
№5, 19 б.