Денсаулық - адамнан бөліп қарауға болмайтын құқықтарының, адам бақытының маңызды компоненттерінің бірі. Қалыпты толыққанды өмірге тек жақсы денсаулықпен қол жеткізуге болады. Денсаулық - адам өміріндегі басты құндылық. Денсаулық адамға қуатты сақтауға, қозғалыс жасауға және жоғары сергектікпен ұзақ өмір сүруге мүмкіндік береді.
Әр түрлі қимыл белсенділігіндегі студенттердің антропометриялық керсеткіштерінің салыстырмалы сипаттамасы
Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін орта қүру арқылы адамдардың барлығын салауаттылыққа жеткізудің оқу мен тәрбиенің дүрыс жүйелі жүргізілген жүмысына байланысты. Сондықтан да әрбір жеке тұлға өз денсаулығын нығайтуды үйренуге және оған дағдылануға міндетті.
Денсаулықты нығайту адам дүниеге келгеннен басталуы керек, сондықтан нәрестенің денсаулығы мықты болуы бірінші кезекте ата-анаға байланысты. Erep ата-ана баланың денсаулығын сақтап, оны шынықтыруды жақсы білсе және балаға тазалықты үйретіп, спортпен шұғылдануға ерте баулыса, ол бала өскеннен кейін денсаулығын қалай күтіп, нығайту керектігін айқын меңгереді.
Қазіргі ғылыми техниканың өрістеу шыңы заманында, оқу үрдісіне қойылатын талаптар да, оқу жүктемесі де жылдан-жылға артуда. Оқу барысында алынған таусылмас ақпараттар студенттердің тек ғана жүйке-жүйесіне эсер етіп қоймай, жалпы денсаулық жағдайына кері эсерін тигізіп, қимыл тапшылығын тудыруда.
Осыған орай бірінші курс студенттерінің арасында антропомериялық көрсеткіштерді анықтау жалпы ережеге сэйкес, дэстүрлі медициналық құралдардың көмегімен іске асырылды.
Зерттеуге М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші курс студенттері қатысты. Жалпы зерттеуге әр түрлі мамандықтағы 40 ұл бала қатысты. Зерттеу барысында студенттер екі топқа бөлінді: белгілікті спорт түрімен айналысатын (кикбоксинг) жэне тек ғана дене шынықтыру пэніне қатысатындар. Алынған мэліметтер математикалық эдістер арқылы талқыланды.
Алынған зерттеулер нэтижесі бойынша арнайы спорт түрімен шұғылданатын балаларда бойдың ұзындығы мен дене салмағы, тек ғана денешынықтыру пэніне қатысатын балалармен салыстырғанда қалыпты деңгейде екені анықталды. Сонымен қатар, арнайы спорт түрімен шұғылданатын студенттердің көкірек қуысының экскурсиясы қалыпты жағдайдан жоғары көрсеткішті көрсетсе, ал арнайы спорт түрімен айналыспайтын студенттердің көкірек қуысының экскурсиясы қалыпты жағдайдан томен көрсеткішті көрсетті.
Қорыта келе, спортпен шұғылданатын балалардың дене салмағы, бойының үзындығы, көкірек қуысының экскурсиясы спортпен шұғылданбайтын балалармен салыстырғанда қалыпты деңгейді көрсетті. Нэтижесінде жүйелі түрде спортпен айналысып, дене жаттығуларын күнделікті жасап отыру, денсаулыққа тек ғана жағымды эсер етеді. Сондықтан қазіргі кезеңдегі гиподинамия мэселесі, яғни қимыл тапшылығының алдын алу мақсатында, денешынықтыру, спорт, дене жаттығулырына көп көңіл бөлген абзал.
Жастары элсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды эдеттерге эуес, жалқау, тэрбиесіз болса - ол мемлекет қашан да элсіз, қорғансыз. Жастар - еліміздің болашағы, ал бізге болашағымыздың айбындылығымен жарқындығы қажет. Келешегінен үміт күткізіп отырған бүгінгі жастар ертеңгі қоғам иелері.
Әдебиет:
- «Денсаулық» журналы. 2012ж. -Б. 7-9.
- «Емдік дене шынықтыру» оқу-әдістемелік құрал. - Петропавл, 2008. - Б. 3-5.
- Қ. Т. Жантосов «Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» Алматы, 2012 ж., Б.510 .