Қойылған міндеттермен байланысты Жоғары оқу орындарында студенттердің дене тәрбиесіне ерекше мән беріледі. Дегенмен, оның орындалуы қиынға согады, себебі жоғары оқу орындарында денсаулығы жақсы студенттермен қатар әлсіз дене дамуы және денсаулығында ауытқушылығы бар тұлғаларда білім алады. Мұндай студенттер саны көп. Эр түрлі авторлардың мәліметі бойынша, олардыц саны техникалық жогары оку орындарында 5-тен 15 %-ға дейін, гуманитарлық жоғары оқу орындарында 20-дан 30%-ға дейінгі аралықта бұлғақтайды (А. М.
Вишневский, 1953; Данько, 1961; М.Н. Тарасенко, 1970; В.А. Бородихин, 1977; В. Г. Черномардин, 1980; Н.Г. Захарова; 1981 т.б.)
Әлсіз дене дамуы жэне денсаулығында ауытқушылығы бар студенттер арнайы медициналық топтарга жатады, арнайы оқу бөлімдеріне тіркеледі, дене тэрбиесі кафедрасының топтың денсаулық жағдайын ескеріп отырып жасаған бағдарламасымен айналысады. Арнайы медициналық топ студенттерімен жүргізілетін сабақтың негізгі міндеті - олардың денсаулығын нығайту, дене дамуы жэне дене тэрбиесі дайындық деңгейін жоғарылату.
Арнайы медициналық топ студенттерімен жүргізілетін сабақтарды ұйымдастыру мэселелері бірқатар ғылыми жұмыстарда қарастырылады (Н.И. Голованов, 1940; А.М. Вишневский, 1953; Е.П.Петров, 1962; М.Н.Тарасенко, 1964; В.А: Бородихин, 1977; М.М.Мизиров, 1978; Н.Г.Захарова, 1981 жэне т.б.).
Бірақ эдебиеттерді жэне дене тэрбиесі тэжірибелерін зерттеу денсаулыгында ауытқушылығы бар студенттермен жүргізілетін сабаққа арналған эдістемелер элі күнге дейін жоқ екендігін көрсетеді.
Арнайы медициналық топ студенттерімен жүргізілетін сабақ эдістерін жетілдіру дене тэрбиесінің өзекті мэселелерінің біріне айналып отыр. Аталмыш мэселенің кейбір сұрақтары жоғарғы жэне орта арнаулы білім беру министрлігінің маңызды ғылыми - зерттеу жұмыстары даму жоспарында қарастырылған.
Арнаулы медициналық топ студенттері дене тэрбиесінің бағдарламасы түрлі тэсілдерді қолдануды ұсынады. Бірақ, біздің қөзқарасымыз бойынша мамандарды мақсатты бағытталған ойын тэсілдерді қолдануды элсіз бағыттайды. Бұл ойындарды балалар үшін ғана қолдану жайлы қате пікірдің балуымен байланысты. Шынымен, дене тэрбиесінде қозғалыс ойындарын қолдану сүрақтары бойынша ғылыми зерттеулердің көпшілігі балаларға қатысты орындалған. Сонымен бірге арнаулы медициналық топ студенттерімен жұмыс жүргізу тэрбиесі, кейбір зерттеулер денсаулығы элсіз студенттердің дене тэрбиесі үрдісінде қозғалыс ойындарын қолдану қажеттігін дэлелдейді (Б. Е. Кулагин, 1976; М.В. Протасова, З.А. Чехова, 1980). Ересек адамдардың дене тэрбиесінде қозғалыс ойындарын қолдану мақсаттылы Л.П. Трофимованың (1969 ) диссертациялық жұмысында негізделген.
Л.П. Трофимова (1969 ) денсаулық топтарында дене тэрбиесінде қозғалыс ойындар қолдану мақсаттылын көрсетті, диссертациялық жұмыста егде жэне орта жастағы адамдармен қозғалыс ойындарың жүргізу эдісі жасалған.
Жүмыста алғашқы рет:
- .Дене тэрбиесінің оқу процессіндегі эртүрлі белу нұсқаулар жэне қүралдар қатынасын қолданып көру, соның ішіндегі ең тиімдісі анықталды;
- .Қозғалыс ойындарының арнайы медициналық топтарының студенттеріне кездейсоқ жағдайларда қолдану эсері;
- . Ағзаға түсетін барлық дене жүгі бойынша аталмыш ойын денсаулығы элсіз студенттердің функционалды мүмкіншілігіне қалыпты екендігі дэлелденді жэне қозғалыс ойындары сабақтарын басқа дене жаттығулары түрлерімен бірге жүргізу мүмкіндігі анықталды.
Алынған нэтижелер дэлдігі, зертеу барысында 400 арнайы медициналық топ студенттері зерттелген бірнеше жылғы педагогикалық тэжірибе болып табылады.
Тэжірибені жүргізу үшін педагогикалық, медико-биологиялық жэне статистикалық зерттеу эдістері қолданылды.
Арнаулы кәсіби медициналық топтағы
студенттерімен сабақта қозғалғыш ойындарды қолдану
Аталмыш жүмыта мақсатқа жету үшін нақты міндеттер қойылды:
- арнайы медициналық топқа жататын студенттердің функционалдық мүмкіндігі, дене дайындық денгейін анықтау;
- денсаулығы әлсіз студенттермен дене тәрбиесі міндеттеріне қатысты қозғалыс ойындарың тандау;
- арнаулы медициналық топ студенттерінің дене тәрбиесі тәсілдері жүйесінде қозғалыс ойындарың мақсатты түрде қолдану тиімділігін тәжірибе жүзінде негіздеу;
- зерттелініп жатқан студенттер категориясының дене тәрбиесі үрдісінде қозғалыс ойындарын жүйелі қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстар жасау.
Зерттеу объектісі - СҚМУ арнайы медициналық топ студенттері.
Зерттеу пәні - аталмыш контингенттің дене тәрбиесі.
Зерттеу мақсаты - оқу үрдісін жетілдіру және оның тиімділігін жоғарылату.
Қойылған міндеттерді шешу үшін 2 топ ұйымдастырылды: 1- ші эксперименталды топ, саны 21 адам және 2 - ші бақылау тобы, саны 12 адам. Барлығы зерттеуде 17-22 жас аралығындағы арнайы медициналық топ студенттері қатысты.
Сабақтар гимнастика залында және ашық алаңда жүргізілді. Зерттеу негізі әрбірінде белгілі бір міндеттер шешілген екі кезеңге бөлінген педагогикалық тәжірибе болды.
Бірінші кезенде 2009/2010 оқу жылынан аурулар сипаты зерттелді. Арнайы медициналық топ студенттері ағзасының функционалды жағдайы және негізгі дене қасиеттерінің даму денгейі. Қозғалыс ойындарының үлкен саны зерттелді және олардың арнайы медициналық топ студенттерінің психологиялық және физиологикалық ерекшеліктері сәйкестігі анықталды. Қозғалыс ойындары бойынша сабақтарды жүргізу мүмкіндігі бекітілді.
Қозғалыс ойындарының кешені өңделіп жасалды.
Екінші кезенде 2010/2011 оқу жылында жасалған әдістеме бойынша негізгі педагогикалық эксперимент жүргізілді, онын барысында жаттығушылардың физикалық дайындығы, денсаулықтағы, физикалық дамудағы өзгерістер, CC функционалдық жағдайы, дем алу және ОЖЖ бақыланды. Арнайы медициналық топ студенттерінің қозғалыс ойындары бойынша сабақтарға қатынасы анықталды.
Тәжірибелік сабақтарда жинақтарда, оқу қүралдарында, кітаптарда жарық көрген қозғалыс ойындары жүргізілді.
Педагогикалық тәжірибе 3 кезеңнен құралды. 3 кезеңнен алынған тәжірибе материалдары өнделді.
Зерттеудің бірінші кезеңінде арнайы медициналық топтарда қолдану үшін таңдау мақсатында сабақтарға ойындар ұсынылды. Бұл ойындар сигнал және әрекет таңдау жағдайындағы реакция жылдамдығына, есте сақтауға, икемділікке және кеңістікте бағдарлануға бағытталған.
Көрсетілген ойындар тобының көмегімен педагогикалық міндеттер шешілді.
- сигналға жауап беру реакциясының және тапсырманы орындау жылдамдығы;
- әрекетте сигналды таңдауды талап ететін қиын жағдайларда жауап беру реакциясының жылдамдығы;
- кезекпен жасалатын әрекеттер қатарын есте сақтау қабілеттілігі;
- кеңістікті есепке ала отыра өз күшін өлшей білу іскерлігі.
Сабаққа енгізілген әрбір ойынға қатысушы 15-20 адамның реакциясын бақылау негізінде бағаланды. Ойын бойынша қорытынды келесі пунктерді бақылау негізінде жасалды:
- ойын ережесін игеру және қолдану;
- эмоционалды көрінулер (ырықты және ырықсыз);
- жалығу белгілері;
- пәнді меңгеру.
Бұл пунктер бойынша кейін белгілі бір ескертулер түрінде құрылды: ойын ережесі үзақ түсіндіруді талап етеді, үмытылады, шатасады, аңқаулықты тудырады. Ырықты эмоционалды көрінулер қатысушылар арасындағы қарым - қатынасты, тапсырмаға оң және теріс реакция түрінде көрінеді. Ырықсыз эмоционалды көрінулер ойынға қызығулықтың болуын немесе болмауын, қуаныш немесе жалығу көрінулерін, қызығушылықтың тез жоғалуын, зейін қысымын анықтайды. Жалығу белгілері қатенің көбеюі түрінде қайта қозу үзілістері, сәйкес реплика ентігулері түрінде көрінеді. Пәнді ауыстыру сүрағын жиі тудыратын пәнді меңгеру нашарлығы анықталады.
Балалар ойынына енгізілетін өзгерістер негізінен келесілерге қатысты:
- тапсырмасы оңай орындалатын ойындар қиындатылды;
- тапсырмасы қиын орындалатын ойындар жеңілдетілді;
- әрекет және сигнал таңданатын ойындар қысымды және ойын жылдамдығын азайту мақсатында ережеге қосымша пунктер енгізілді (мысалы: орындалу жылдамдығы ескерілмеді, тек қана қателер есепке алынды т.б.);
- командалар арасындағы жарыстар ойындарында ойын алаңы шектелді және қиын әрекеттер ұсынылмады;
- ойыншылардың түрлі дәрежесіндегі белсенділік ойындарында жетекші рольді орындаушы ойыншы ауыстырылды.
Қорытындылай келе:
- Жүйелі сабақтар арнайы медициналық топ студенттерінің жоғары деңгейде жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуде маңызды. Оқу бағдарламасын орындаушы студенттерді жан - жақты бақылау:
- зейіннің ауысуы, көлемі, шоғырлануы және ес жақсарады;
Б) жүйке үрдістерінің қозғалысы жоғарылайды;
- Анфимов кестесі әдісін ескермегенде жұмысқа қабілеттілік жоғарылайды;
Г) қозғалыс координациясы жақсарады;
Д) қол спирометриясы, динамометриясы жақсарады;
Е) буын қозғалысы, қол және аяқ бұлшық ет күші жоғарылайды;
Ж) жүйке - бүлшықет аппаратының функионалды жағдайы жоғарылайды;
- тонустың және вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігі қозуы, төмендеуі көрінеді;
И) жүйке жүйесі координаторлы механизмдері жетіледі.
Жүргізілген зерттеу нәтижелері қозғалыс ойындарын арнайы медициналық топ студенттерімен сабақта қолданудың жоғары тиімділігін көрсетеді.
- Өзгерістерді талдау, қозғалыс ойындарының жаттығушылардың ағзасына жағымды эсер ететіндігін байқатады. Қозғалыс ойындары жаттығушылардың эмоционалды сферасына жэне ОЖЖ ішкі бөліктерінің қызметіне оң эсер етеді.
- Жоғарыда көрсетілген оң өзгерістерге жету үшін:
А) Сабақтың дайындық кезеніне жалпы дамыту түріндегі эр түрлі жаттығулар қосылады.
Белгілі дене қысымын қажет ететін жаттығулар дайындық кезеңіне берілетін уақыттың 5-10 минутын алуы мүмкін.
Б) қозғалыс ойындары сабақтың толығымен негізгі бөлімін алады.
Литература:
- Бредис А.А., Коротков И.М., Подвижные игры. - M.: ФиС. - 1982 г. - стр.223
- Протасова М.В., Чехова З.А. Содержание и методика применения подвижных игр в работе специальных медицинских групп. M.: 1980 г.
- Физическое воспитание в реабилитации студентов с ослабленным здоровьем. А.В. Ноговадзе, В.Д. Прошляков, М.Г. Мацук. - M.: Высшая школа. - 1986 г.