Кіріспе: Қазіргі таңда бедеулік мәселесі әлемдегі ең өзекті мәселе болып отыр. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша, әрбір бесінші отбасында бала туу бойынша қиындықтар туындайды. Әрине, бұл тек жүктілікті армандап, яғни мәселенің бар екенін түсініп, көмек сұрағандар ғана... Алайда, бұл саладағы таң қаларлық жетістіктерге қарамастан, кейбір жұптардың бедеу болу себептері әлі де анықталмай отыр. Жұбайлар бір жылдағы тұрақты жыныстық өмірден кейін жүктілік болмаса – бұның көмек сұрауға себеп екенін жақсы білу керек. Алайда, олардың көбі неден бастау керек екенін, қайда бару керек екенін білмейді.
Мақсаты: №2 ҚКА-ның емханасында бедеулікпен есепте тұратын әйелдердің 3 жылдық көрсеткішін есептеу
Зерттеу әдістері және материалдар: Қойылған мақсаттың шешімі ретінде ШҚКА-ның емханасында бедеулікпен есепте тұратын әйелдердің 3 жылдық көрсеткішін есептедік
Зерттеу нәтіжелері: ШҚКА-ның емханасында бедеулікпен есепте тұратын әйелдердің 3 жылдық көрсеткішін есептеу және бедеуліктің себебіне алып келетін гинекологиялық ауруларды анықтау жүргізілді. Сонымен қатар, бедеулікке алып келетңн аурулардыңда статистикасы есептелінді.Әйел жыныс мүшелерінің қабыну ауруларымен 2018 жылы 831 әйел тіркелген болса, оның ішінде емделгені 232 әйел;2019 жылы 1073 әйел тіркелсе, оның ішінде емделгені 343 әйел болған;2020 16 жылы 1023 әйел тіркелсе, оның ішінде емделгені 423 болған.Эндометритпен тіркелген әйелдер 2018 жылы 4 әйел тіркелген болса, оның ішінде емделгені 2 әйел;20195 жылы 3 әйел тіркелсе, оның ішінде емделгені 2 әйел болған;202016 жылы 3 әйел тіркелсе, оның ішінде емделгені болмаған. Аналық без кистасымен 2018 жылы 194 әйел тіркелген болса, оның ішінде емделгені 31 әйел;2015 9жылы 224 әйел тіркелсе, оның ішінде емделгені 45 әйел болған;2020 жылы 131 әйел тіркелсе, оның ішінде емделгені 37 болған. Эндометриозбен 2018жылы 8 әйел тіркелген болса, оның ішінде емделгені 2әйел; 2019 жылы 13 әйел тіркелсе, оның ішінде емделгені 3 әйел болған;2020 жылы 15 әйел тіркелсе, оның ішінде емделгені болмаған.Жүргізілген статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жылдан жылға будеулікке алып келетін аурулар кобейіп, емделген әйелдер саны азайғандығын байқауға болады. Бедеуліктің санының көбеюі осығанда байланысты.Сонымен қатар әйелдердің көпшілігінде бедеулік емделмейді деген пікірдің қалыптасуында.Әйелдер бедеулікті емдету мақсатында бір дәрігерге қаралмай бірнеше дәрігерге қаралып, соңында емі нәтіжесіз қалып қояды.
Қорытынды:Бедеулікке ұшыраған әйелдің өмірбойы бала сүю мүмкіндігі болмайды деген жаңсақ пікір болмау керек. Бедеулікті емдеуге болады. Оның барлығы білікті мамандар мен бедеуліктің деңгейіне байланысты. Бедеуліктен құтылудың ең алғашқы шарттары: үміт және сабыр. Бұл екеуінен кейінгілеріне білікті маманның кеңесі, дұрыс таңдалған ем-дәм жатады.Заманауи акушер-гинеколог мамандардың қазіргі таңдағы қиын мәселелерінің бірі отбасындағы бедеулік болып отыр. Ұсынылып отырған жас жұбайлардағы бедеулікті тексеру мен емдеудің клиникалық алгоритмі тәжірибедегі дәрігерлерге осы мәселені шешуге көмектесуі мүмкін.
Әдебиеттер
- Гинекология. Белгісі бойынша ОӘБ медициналық білім беру. Баисова Б. И., Бижанова Д. А., Богинская Л. Н., В. Г. Бреусенко Редакторлары: Савельева Г. М., В. Г. Бреусенко 2009 ж. Баспа: Гэо.
- Гинекология. Дуда В. И. Дуда В. И. Дуда И. В., 2008ж. ООО "Издательство АСТ".
- Гинекология. Иллюстрированное клиникалық басшылық. ХартДж.М., Норман Дж. 2009 ж. Баспа: Bean.
- Гинекология. Дәрістер курсы. Белгісі бойынша ОӘБ медициналық білім беру. Стрижаков, А. Н. Давыдов А. И., П. Буданов, В. Баев О. Р. 2009 ж.
- Гинекология. Национальное руководство. В. И. Кулаков, Савельева Г. М., Манухин И. Б. 2009 ж. Баспа: Гэотар-Медиа.
- Гинекология. Оқулық. Белгісі денсаулық сақтау Министрлігінің 2009 ж. Василевская Л. Н., Грищенко В. И., Щербина Н.А., Юровская В. П.
- Гинекология: дәрігерлер үшін нұсқау, Серов В. Н., Кира Е. Ф., Аполихина И. А., Антонов И. Б. 2008 ж. Баспа: Литтерра.
- Клиникалық хаттама. Әйел бедеулігі, хаттамасымен бекітілген Сараптамалық комиссия отырысының денсаулық сақтауды дамыту мәселелері бойынша ҚР ДСМ № 10 4.07.2014 года
- Кazmedic.kz
- w.w.w. 03 portal.kz
- http://kazmedic.kz/archives/539