Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кейбір елдердің қылмыстық-түзету орындарындағы айыпталушылардың ас мәзірін салыстыру

Түзету орындарында тағамның сапасы мен мөлшері тұтқындардың өмір сүру сапасына айтарлықтай әсер етеді. Қауіпсіз және дұрыс тамақтанудың қолжетімділігі қамаудағылардың денсаулығын сақтау мен жақсартудың қажетті шарты болып табылады. Себебі, қауіпсіз және пайдалы тамақпен қамтамасыз ету, алиментарлық аурулардың таралуын болдырмауға, тұтқындардың жалпы денсаулығын жақсартуға оңтайлы ықпал етеді[1].

Кілтті сөздер: дұрыс тамақтану, ас мәзірі, түзету орындары, айыпталушылар.

Тақырыптың өзектілігі. Азық-түлікпен жеткіліксіз қамтамасыз ету және үйлесімсіз тамақтану адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығының көрсеткіштеріне, олардың денсаулығына, физикалық жұмысқа қабілеттілігіне, ауруларға төзімділігіне, өндірістік процестерге және бейімделуне теріс әсер етеді. Сондықтан, Халықаралық ұйымдар қамаудағыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үрдісіне үлкен мән береді. Сондай-ақ, тамақтану пенитенциарлық мекемелердегі өмірдің негізгі элементтерінің бірі болып табылады және сотталғандардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс – ҚР ҚАК 10- бабына сәйкес олардың негізгі құқықтарының бірі. Азық-түлікті сатып алу, дайындау, тарату және тұтыну туралы түсінік сондағы адамдардың өміріне, сондай-ақ денсаулық көрсеткіштеріне әсері туралы білімді жақсарта алады.

Мақсаты: Материалдық шығындарға сәйкес қамаудағылар үшін бекітілген тамақтану нормасының химиялық құрамын есептеу.

Міндеттері:

 Пеницитарлық мекемелеріндегі ас мәзірінің бағасына мониторинг жүргізу;

 Тағамдық заттардың құрамына сәйкестігін бағалау;

 Тағамдардың химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығын бағалау (ас мәзірінің

калькуляциясы).

Қазақстан Республикасындағы жергілікті түзету мекемелерінде жазасын өтеушілер медициналық тексерістен өтіп тұрады және осыған орай кейбір науқастарға арнайы диета тағайындалады. Одан бөлек тағам қабылдар алдында оның құрамын медицина қызметкерлері тексереді. Дайындалған тағамның сапасын бағалау арнайы журналда тіркеледі және содан кейін ғана сотталғандарға тағам қабылдау басталады. Өткен 2020 жылы түзету мекемелеріндегі жазасын өтеушілердің бір күндік тамақ мәзірінің бағасы 630 теңге құраған болатын, алайда 2021 жылдың басынан бұл көрсеткіш 1050 теңгеге дейін көтерілді, яғни баға айырмасына қарасақ өткен жылмен салыстырғанда тағамның құрамы мен құндылығы жоғары болу қажет [2]. Ағымдағы жылда қабылданған үкіметтің осы қаулысына сәйкес айыпталуышлардың ас мәзірі келесі тағамдық заттарға байытылды: сыр, қаймақ, шұжық өнімдері, жеміс шырындары және ет пен балық, сүт, сүзбенің көлемі 1,5 есе ұлғайтылды[3]. Соңғы жылдары денсаулық сақтаудың, дене шынықтырудың жаңа бағдарламалары және заманауи санитарлық мүмкіндіктері енгізілді[4-5] .

Ұлыбританияда орташа есеппен мемлкеттегі жаза өтеушілердің тағамдарының күндік құны 3,58 Фунт стерлинг (5 доллар, 2150 тг), яғни ҚР-мен салыстырғанда 1100 теңгеге көп бөлінеді. Жас құқық бұзушыларға арналған мекемелерге бұл соманы екі есе көбейтуге рұқсат етіледі - күніне 7,16 Фунт стерлинг (10 доллар). Қазіргі пенитенциарлық қызмет бүгінде оңалтуға баса назар аударады, дегенмен оның нәтижелері қаншалықты сәтті болды деген сұрақ қалады. Оңалту процесінің бір бөлігі - қамаудағыларды дұрыс тамақтануға және босатылғаннан кейін өзіне қамқорлық жасауға үйрету. Түрме қызметіне келетін болсақ, соңғы жылдары денсаулық сақтау проблемаларын болдырмауға мүмкіндік беретін жаңа тамақтану ережелері енгізілді, бұл түрмелердегі денсаулық сақтау бюджетіне әсер етеді.Денсаулық пен тамақтану бүгінгі түзету мекемелері асханасында басымдық болып қала береді. Соңғы жылдары қуырылған тағамдарды тұтыну күрт төмендеді. Жаңа піскен жемістер мен көкөністердің, дәнді дақылдардың көбеюі және балық өнімдерінің, соның ішінде майлы балықтардың көбеюі тек Ұлыбританияда ғана емес, сонымен қатар еуропалық және американдық түрмелерде де енгізілді[6].

АҚШ-та штаттағы тұтқындар мектеп оқушылары мен студенттерге қарағанда жақсы тамақтандырылады. Бір сотталушыны ұстау бюджетке жылына шамамен 30 мың доллар тұрады. Күнделікті тәртіпке бағынатындар үшін өте жақсы диета ұсынылады. Таңғы асқа жеміс салаты, жарма, сұлы майы, шырын және шай. Түскі және кешкі асқа тауық еті немесе сиыр еті, буррито, күркетауық шұжықтары, десертке сирек емес — торт немесе печенье тортының кішкене бөлігі кіреді. Әр түрменің штаттық кестесінде диетолог бар, ол апта сайын және жыл мезгіліне байланысты диетаны әзірлейді. Сонымен қатар, діни артықшылықтар мен медициналық ұсыныстар негізінде қамаудағыда жеке ас мәзірі болуы мүмкін: вегетарианшылар, мұсылмандар және жай диабетиктер үшін жеке тағамдар дайындалады. Егерде түзету мекеме асханаларының артылған жүктемені атқаруға мүмкіндігі болмаса, түрме әкімшілігі тамақтану компанияларының қызметіне жүгінеді [6].

Ресейде тамақтану жағына келгенде АҚШ-нан қаталдау. 2017 жылы ФСИН басшылығы тұтқындарды тамақтандырудың жаңа ережелерін бекітті. Күнделікті диета американдықтардан жоғары болды — үш мың калорияға дейін және сол тағамдарды енді аптасына екі-үш реттен артық қайталауға болмайды. Яғни, күн сайын ресейлік түрмелерде макарон берілмейді. Сөз жүзінде, дәстүрлі баланданың орнына (сұйық көкөніс сорпасы) енді таңдау үшін харчо сорпасы, тұздық, бұршақ сорпасы немесе қырыққабат сорпасы болуы керек. Балық тағамдары да кең қолданысқа ие емес. Мұндағы түрмелерде тек тамақтану тәртібі ғана емес, сонымен қатар дайын тағамдардың температурасы да қатаң қадағаланады. Сорпалар үшін бұл 75 градус, екінші тағамдар үшін-65 градус. Тіпті шәйдің өзі 80 градуста қайнатылып біріледі және оны су құю арқылы суытуға тыйым салынады.

Бұл сөз жүзінде, ал шын мәнісінде бәрі басқаша. Күніне бір тұтқынның тамақтануына бөлінген 77 рубльден тостағанның 1/3 бөлігі ғана толтырылып ас құйылады. Ас мәзірі барлық тұтқындарға ортақ, алайда мәзірді құру барысында медициналық және діни көрсеткіштер есепке алынбайды. Сонымен қатар, егер Штаттарда қалыпты бір реттік құрылғылар шығарылса, онда Ресей түрмелерінде тек алюминий ыдыс пен қасық бар, ал шанышқы қолдануға қатаң тыйым салынады [7].

Қорытынды. Тамақтану және мінез-құлық арасындағы тікелей байланыстың болуы қамаудағы адамдардың психикалық және физикалық денсаулығына тікелей кері әсер ететіндігі мәлім. Нашар, сапасыз, кейбір ағзаға маңызды нутриенттердің жетіспеуі депрессиялық жағдайлар мен созылмалы аурулардың өршуіне немесе тұқым қуалайтын аурулардың провокаторы ретінде әсер етеді. Сондықтан, пенитенциарлық мекемелерде тамақтанудың дұрыс жолға қою денсаулық пен қауіпсіздік деңгейін арттыруға көмектеседі.

Әдебиеттер

  1. https://www.euro.who.int/ru/health-topics/health-determinants/prisons-and-health/focus-areas/nutrition
  2. https://informburo.kz/novosti/osuzhdyonnyh-v-kazahstane-s-yanvarya-budut-kormit-na-1050-tenge-v-den.html
  3. https://kursiv.kz/news/obschestvo/2021-04/v-racion-zaklyuchennykh-dobavili-syr-smetanu-kolbasu-i-frukty
  4. https://www.euro.who.int/__data/assets/pdf_file/0004/293665/Food-systems-correctional-settings-literature-review-case-study-ru.pdf
  5. https://adilet.zan.kz/rus/docs/P1400001255
  6. Организационные модели пенитенциарного здравоохранения. Некоторые соображения по совершенствованию стратегического руководства https://www.euro.who.int/ru/health-topics/health- determinants/prisons-and-health/publications/2020/organizational-models-of-prison-health-considerations-for- better-governance-2020
  7. Здоровье в исправительных учреждениях. Руководство ВОЗ по основным аспектам охраны здоровья в местах лишения свободы https://www.euro.who.int/ru/health-topics/health-determinants/prisons-and- health/publications/2007/health-in-prisons.-a-who-guide-to-the-essentials-in-prison-health
  8. Организационные модели пенитенциарного здравоохранения. Некоторые соображения по совершенствованию стратегического руководства https://www.euro.who.int/ru/health-topics/health- determinants/prisons-and-health/publications/2020/organizational-models-of-prison-health-considerations-for- better-governance-2020

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.