Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жұқпалы аурулар ауруханасының медициналық қызметкерлерінің еңбек үрдісіне және денсаулық жағдайына гигиеналық баға беру

Өзектілігі: XXI ғасырда жұқпалы аурулар бүкіләлемде қоғамдық денсаулық үшін ең басты қауіп – қатер көзіне айналды[1]. Өз кезегінде бұл халықтың физикалық және психикалық денсаулық жағдайына айтарлықтай кері ықпал етеді[2].

Халықтың ауырған бөлігіне медициналық қызмет көрсететін медицина саласының мамандары, олардың ішінде әсіресе, жұқпалы аурулар ауруханасының мамандары бірінші кезекте психикалық денсаулығына зиян келетін жоғары қауіп тобында болады. Бұған нақты мысал ретінде 2019 жылы дүниежүзіне тараған коронавирустық жұқпаны алуға болады. Жұқпалы ауруы бар науқастарды емдеуде медицина мамандары үлкен стресс, жұмыс күнінің ұзаруы, инфекцияны жұқтыру қаупі, қорғаныс заттарының жеткіліксіздігі, жалғызсырау, физикалық шаршағыштық, сонымен қатар отбасынан аластатылу секілді психикалық денсаулыққа зиян келтіретін себептерді көрсеткен. Сонымен қатар, көптеген шетел ғалымдарының ғылыми зерттеу еңбектерінде COVID-19 коронавирустық жұқпа пандемиясы кезінде пациенттермен жұмыс жасаған медицина қызметкерлерінің басым бөлігінде мазасыздық пен депрессия белгілері анықталғаны туралы және де жағымсыз эмоциялар мен күйзеліс науқастарға медициналық көмек беруде кешігулер мен қателіктер жіберуге соқтыратын оқиғалар ретінде сипатталатыны туралы мәліметтер келтірілген [3].

Ал ғалымдар Ванг С., Пан Р. Қытайда COVID-19 індетінің бастапқы кезеңдерінде респонденттердің жартысынан көбі өздерінің психологиялық жағдайын орташадан ауыр деп бағалағанын, ал шамамен үштен бірі орташа және ауыр мазасыздық жағдайда екендігі туралы хабарлады[4]. Бұған қоса, Benjamin Y.Q. Tan басқа ғалымдармен (2020) бірлесіп COVID-19 індетімен ауырған науқастарға тікелей көмек көрсеткен 470 медицина қызметкерлерінің психикалық денсаулық жағдайына арнайы зерттеу жүргізді. Оның нәтижесінде 68 (14,5%) – мазасыздықтың жоғарғы деңгейі, 42 (8,9%) – депрессивті белгілер, 31 (6,6%) – күйзелістің ең жоғарғы деңгейі және 36 (7,7%) – клиникалық белгілер, 8 - жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыс

анықталды[5]. Сонымен қатар, жан сақтау және жұқпалы аурулар бөлімшелерінде науқастармен тікелей жұмыс жасағандар коронавируспен ауыратын науқастармен іс жүзінде кездеспейтін медицина қызметкерлерімен салыстырғанда мазасыздық пен депрессия белгілерін 2 есе көп сезінетіндігін Wen Lu басқа авторлармен (2020) дәлелдеді[6].

Қазақстан Республикасында медицина қызметкерлерінің еңбегі, оның ішінде жұқпалы аурулар ауруханасынында еңбек ететін медицина мамандарының жұмысы ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне енгізілген[7]. Себебі жұқпалы аурулар ауруханасында еңбек ететін медицина мамандары барлық жұқпалармен, оның ішінде аса қауіпті жұқпалы аурулармен және де жаңа пайда болған аурулармен ауырған науқастармен, олардың биологиялық бөлінділерімен бірінші кезекте тікелей жұмыс жасайды әрі жұқтыру қаупі жоғарылар санатына кіреді.

Ақпараттық базалардағы әдебиет көздеріне шолу жасай отырып, пандемия кезінде әлем ғалымдарының ғылыми жұмыстары негізінен медицина қызметкерлерінің психикалық денсаулығын зерттеуге арналғанын анықтадық.

Сондықтан жұқпалы аурулар стационарларының медицина мамандарының еңбек жағдайын, еңбек үрдісін мен денсаулық көрсеткіштерін гигиеналық тұрғыдан жан-жақты талдаудың әрі ғылыми зерттеу жүргізудің өзектілігі әлемде орын алған коронавирустық пандемия жағдайында ерекше болып отыр.

Зерттеу мақсаты: жұқпалы аурулар ауруханасы медициналық қызметкерлерінің еңбек және денсаулық жағдайын гигиеналық тұрғыдан бағалау.

Зерттеу міндеттері: 1) Жұқпалы аурулар ауруханасы бөлмелеріндегі ауа сапасын зерттеу.

  1. Ауруханадағы медициналық қызметкерлердің еңбек үрдісін және кәсіби зиянды факторларды талдау.
  2. Медицина қызметкерлерінің денсаулық жағдайын әлеуметтік-гигиеналық бағалау.
  3. Аурухана бөлімшелерінде профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды жетілдіру.

Зерттеу нысаны: Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасы

Зерттеу әдістері мен материалдары:

  1. Аспаптармен гигиеналық зерттеу:

А) Аурухана бөлімшелерінде ауаның бактериологиялық жағдайын седиментациялық әдіспен зерттеу. Ә) Аурухана бөлмелерінің микроклиматтық жағдайын зерттеу. Б) Жұмыс ортасының кәсіби физикалық факторларын - шу, діріл, электромагниттік өріс, радиациялық сәулелерді зерттеу.

  1. Хронометраждық зерттеу жүргізу.
  2. Әлеуметтік-гигиеналық сауалнама жүргізу.
  3. 2019-2021 жылғы статистикалық мәліметтер талданады.

Зерттеудің маңыздылығы: 1) Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасы медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы, еңбек ету үрдісі пандемия кезінде гигиеналық тұрғыдан бағаланады; 2) Ғылыми зерттеу соңында алынған нәтижелер кафедраның оқу үрдісінде қолданылады.

Зерттеуден күтілетін нәтижелер: 1) Пандемия кезінде жұқпалы аурулар ауруханасында еңбек ететін медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен еңбек жағдайы зерделенеді. 2) Медицина мамандарының еңбек ету мен денсаулық жағдайларын жақсарту шаралары ұсынылады. 3) Ғылыми зерттеу нәтижесі бойынша әдістемелік нұсқаулық жазылады.

Әдебиеттер

  1. 1. Mak W, Chu CM, Pan PC, Yiu MG, Ho SC, Chan VL. Risk factors for chronic post-traumatic stress disorder (PTSD) in SARS survivors. Gen Hosp Psychiat. 2010;32:590–598. doi: 10.1016/j.genhosppsych.2010.07.007 2.Recknor F, Gordon M, Coverdale J, Gardezi M, Nguyen PT. A Descriptive Study of United States-Based Human Trafficking Specialty Clinics. Psychiatr Q. 2020;91(1):1‐10. doi:10.1007/s11126-019-09691-8
  2. .Рекомендации для медицинских работников, находящихся в условиях повышенных психоэмоциональных нагрузок в период пандемии COVID-19.- Москва. - 2020 . - 46с.
  3. . Wang C, Pan R, Wan X, et al. Immediate Psychological Responses and Associated Factors during the Initial Stage of the 2019 Coronavirus Disease (COVID-19) Epidemic among the General Population in China. Int J Environ Res Public Health. 2020;17(5):1729. Published 2020 Mar 6. Doi:10.3390/ijerph17051729
  4. .Benjamin Y.Q. Tan, Nicholas W.S. Chew, Grace K.H. Lee, MD et al. Psychological Impact of the COVID-19 Pandemic on Health Care Workers - 38 - in Singapore. Ann Intern Med. 2020 Apr 6 : M20-1083. Published online 2020 Apr 6. Doi: 10.7326/M20-1083
  5. .Wen Lu, Hang Wang, Yuxing Lin, Li Li Psychological status of medical workforce during the COVID-19 pandemic: A cross-sectional study. Psychiatry Researchю Volume 288, June 2020, 112936. https://doi.org/10.1016/j.psychres.2020.112936
  6. . «Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сондай-ақ оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығы ( 09.12.2020 өзгерістермен).

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.