Қытайдың Хубэй(Hubei Province of China) провинциясының астанасы Ухань(Wuhan City) қаласында этиологиясы белгісіз пневмонияның өршуі туралы ресми ақпарат алғаш рет 2019 жылдың 31 желтоқсанында ДДҰ-ның Қытайдағы өкілдігінде айтылды[1]. 2020 жылдың 11 ақпанында жаңа коронавирустық инфекция COVID-2019 (Corona Virus Disease 2019, коронавирустық ауру 2019) деп аталды, ал оны тудыратын вирус SARS-CoV-2 (Severe acute respiratory syndrome coronavirus 2, екінші ауыр жедел респираторлық синдром) деп өзгертілді[2].
2020 жылдың наурыз айынан бастап пандемияға айналған жаңа коронавирустық инфекция (COVID- 19) бүкіл әлем бойынша күшейтілген алдын алу және емдеу шараларына қарамастан, жоғары қарқынмен таралуда. Вакцинация COVID-19-мен күресудің ең тиімді әдістерінің бірі болып саналады. Қазірдің өзінде әртүрлі өндірушілердің бірқатар вакциналары бар және халықты вакцинациялау бойынша белсенді науқан жүргізілуде[3].
Жұмыстың мақсаты: Шетел студенттерінің жаңа коронавирустық инфекция (COVID-19) аурушаңдығын талдау.
Зерттеу материалдары мен әдістері: АҚ «ОҚМА» Халықаралық факультет деканатынан алынған мәліметтеріне, студенттер емханасында 2021 1 қараша күні міндетті медициналық қарап-тексеруден өткен мәліметтеріне талдау жасалынды. Сонымен қатар, АҚ «ОҚМА» Халықаралық факультетінің «Жалпы медицина» мамандығының шетел 3 курс студенттері арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 229 студент, оның 153 ер, 76 қыз бала қатысты. Сауалнама анонимді, ерікті түрде 15 сұрақтан және жауап нұсқалары ұсынылған сауалнамалар арқылы өткізілді.
Нәтижелер және талқылау: Біздермен жүргізілген зерттеулерде, «Жалпы медицина» мамандығының 3 курсында 229 студент білім алуда, оның 153 ер, 76 қыз бала. Сауалнамаға қатысушылардың жасы 18 бен 30 жас аралығында болып, орта жас мөлшері 21 жасты құрайды. Пандемия жағдайына байланысты еліміздегі барлық ЖОО 2020 жылдың наурыз айының бастап, «онлайн» форматта сабақ жүргізе бастады. Соның ішінде АҚ «ОҚМА» студенттеріде онлайн форматқа ауысты. Алайда, 2021 жылдың наурыз айынан бастап, таңдамалы мамандықтың, курстың студенттері аралас оқу форматына(дәстүрлі және қашықтықтан оқыту) көшті. Оның ішінде, шетел студенттері 2021 жылдың қазан айынан бастап оффлайн форматқа ауысты. Жалпы Үндістан елінен келіп оқитын шетел студенттері 10, 17, 19 қазан аралығында, басым бөлігі, яғни 61,5% 19 қазан күні Шымкетке келді Шетел студенттері Шымкентке келген бойда, коронавирусқа арналған ПЦР-тесттін тапсырды. Студенттер арасында оң нәтиже тіркелгендер жоқ. ПЦР-тест нәтижесі теріс болған студенттер АҚ «ОҚМА» ережесіне сәйкес жеке оқшаулауда болып, 3 күннен кейін оффлайн форматта білім алуға жіберілді. Үндістан елінен келген шетел студенттері 20 қарашадан бастан оффлайн форматта сабақ өте бастады.
Біздің тарапымыздан жүргізілген сауалнама нәтижесінде, пандемия уақытында SARS-CoV-2 жұқпасымен ауырған 3 курс студенттер саны 12 құрады, бұл жалпы студенттердің 5,2% берді. Оның 50% - Раджастан, 16,6% - Уттар Прадеш , 25% - Андра Прадеш, 8,3 - Харияна штаттарынан.
Жалпы алғанда, Индия мемлекетінің 15 штатынан келген студенттер білім алуда. Оның 36,7% Раджастан, 17,9% Андра Прадеш, 11,9% Керала, 7,6% Харьяна штарттарынан болса, ал 6,8% Манипур, 4,2% Уттар Прадеш, 2,5% Телангана, қалған бөлігі Ассам, Аруначал Прадеш, Дели, Мадхья Прадеш, Махараштра, Уттараханд штаттарынан келген білім алушылар.
COVID-19 және оның асқынуларының алдын алудың ең тиімді жолы – ол вакцинация. Жаңа коронавирусқа қарсы вакциналардың жаппай қолданылуы халықтың иммунитетін құруға және халықты инфекциядан қорғауға көмектеседі. Осы орайда, Үндістан елінен келген студенттердің барлығы жаппай COVID -19-ға қарсы екпенің екі компонентін қабылдағандығын айта кеткен жөн. Сауалнама нәтижесінде, Халықаралық факультетінің 3 курс шетел студенттерінің 95,7% Индияда өндірілген «Covishield» вакцинасын қабылдаса, 4,3% «Covaxin»(Өндіруші мемлекет Индия) вакцинаны алғандығы белгілі болды. Айта кетсек, вакцинаның екі компоненттін қабылдағаннан кейін шетел студенттерінің арасында COVID -19 аурушаңдығы тіркелмеген. Бұл дегеніміз, Индияда өндірілген вакциналардың тиімділігінің жоғары екендігін көруімізге болады. 2021 жылдың 30 қарашасындағы мәліметке сүйенсек, Индия халқының арасында I-ші компонентті қабылдағандар 57% құраса, ал вакцинаның екі компонентін қабылдағандар 32,4% құрады[4].
«Covishield» вакцинасы 18 жастан асқан адамдарды коронавирус ауруына қарсы белсенді иммундау үшін жасалған. Тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер қазіргі уақытта 65 жастан асқан адамдар үшін шектеулі. Вакцинация курсы екі бөлек компоненттен тұрады - әрқайсысы 0,5 мл. Екінші компонентті бірінші компонентті қабылдағаннан 4-6 аптадан кейін енгізу ұсынылған. «Covishield» вакцинасының бірінші компонентін алған адамдарға сол вакцинаны қабылдауды жалғастыру ұсынылады. Препарат тек бұлшықет ішіне, дәлірек айтсақ дельта тәрізді бұлшықетке енгізуге арналған.
«Covaxin» вакцинасы мерзімінен бірнеше ай бұрын, 2021 жылдың ақпанында пайдалануға берілген. Бастапқыда вакцина пациенттерге 2021 жылдың екінші тоқсанында жетеді деп болжам жасалынған. «Covaxin» - Бхарат жасап шыққан үш COVID-19 қарсы вакциналардың бірі. Қалған екеуі Томас Джефферсон университетімен және Висконсин-Мэдисон университетімен бірлесіп әзірленген. Вакцина 0,5 мл-де бірінші компонентін алғаннан кейін 28 күннен 60 күн аралығында енгізіледі.
Индиядан келген 3 курс шетел студенттері 2021 жылдың 1-ші қараша күні міндетті медициналық қарап-тексеруден өткен болатын. Студенттер ҚР ДСМ 2020 жылғы 15 қазандағы № 131 бұйрығына сәйкес аталған зертханалық және функционалдық зерттеулерден өтті: флюорография, гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия; сальмонеллез; іш сүзегі; А және В паратифтері, патогенді стафилококк қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа, АИТВ-ға зерттеп-қарау, В вирустық гепатиті мен С вирустық гепатитінің маркерлеріне. Студенттердің жеке медициналық кітапшасын талдау барысында, міндетті медициналық тексерудің нәтижесінде 3 курс шетел студенттерінің зертханалық және функционалдық зерттеулерінің нәтижесінде, жалпы студенттедің 1,7% В вирустық гепатиті маркеріне оң нәтиже анықталған. Қалған зерттеулерде оң нәтиже тіркелмегендігі белгілі болды.
Қорытынды: Қорытындылай келе, Индия елінен келген 3 курс шетел студенттері 2021-2022 оқу жылын сәтті бастады. Денсаулық көрсеткіштеріне байланысты сабақты тоқтатуға, оқуды онлайн форматқа ауыстыруға ешқандай себептер болған жоқ. АҚ Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына оқуын жалғастыруға келген шетел студенттерінің дерлік барлығы COVID -19-ға қарсы екпенің екі компонентін алғанын байқауға болады. Сондай-ақ, пандемия кезеңінде шетел студенттері арасында COVID-19 ауруының тіркелу дәрежесінің төмендігін көреміз.
Әдебиеттер
- Wuhan Municipal Health Commission briefing on the pneumonia epidemic situation. 31 December 2019(in Mandarin). http://wjw.wuhan.gov.cn/front/web/showDetail/2019123108989
- https://www.who.int/emergencies/diseases/novel-coronavirus-2019/technical-guidance/naming-the-coronavirus-disease-(covid-2019)- and-the-virus-that-causes-it
- В. И. Петров 1, 2, А. С. Герасименко 1, В. С. Горбатенко 1, О. В. Шаталова 1, А. В. Пономарева Эффективность и безопасность вакцин для профилактики covid-19
- https://gogov.ru/covid-v-stats/indiya