Жүктілік - бұл респираторлық вирустық инфекцияларға бейімділік тудыратын физиологиялық жағдай. Иммундық және жүрек-өкпе жүйесіндегі физиологиялық өзгерістерге байланысты жүкті әйелдерде респираторлық вирустық инфекциялардың ауыр ағымы ықтималдығы жоғары [1]. Сонымен қатар, SARS- CoV және MERS-CoV екеуі де жүктіліктің ауыр асқынуларын, соның ішінде қажеттілікті тудыратыны белгілі эндотрахеальды интубация және реанимация бөліміне жатқызу, сондай-ақ бүйрек жеткіліксіздігі мен өлімге әкеледі [2,3].
Осы жұмыста біз Алматы қаласы Бостандық ауданының жүкті әйелдер арасында сырқаттанушы- лықты, осы ауданның жүкті әйелдер тұрғындарының арасында өткізілген алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар туралы сипаттаймыз.
Зерттеу мақсаты – эпидемиологиялық сипаттама беру, КВИ бар жүкті әйелдерге медициналық көмектің жай-күйі мен сапасын бағалау, оны ұйымдастыруды оңтайландыру бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеу міндеті: 1. Жүкті әйелдердің КВИ ауруы бойынша шетелдік және отандық әдебиеттерді зерттеу. 2. Алматы қ. жүкті әйелдер арасында КВИ эпиджағдайын талдау. 3. Көрсетілетін көмектің сапасы мен ерекшеліктерін зерделеу. 4. КВИ бар жүкті әйелдерге медициналық қызмет көрсетуді оңтайландыру бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеу материалы ретінде 250 жүкті әйелге медициналық көмек көрсету бойынша сауалнама жатады. Жүкті әйелдерге арналған сауалнамада 15 сұрақ болды. Сауалнаманың сұрақтары екі бөлімнен тұрады. Сауалнаманың бірінші бөлімі «Науқас жайлы жеке мәлімет- тер». Екінші бөлімінде «Денсаулық жағдайын объективті бағалау»: Covid-19 жайлы хабардар болуы туралы ақпарат алу. Сауалнаманың басты мақсаты – жүкті әйелдердің Covid-19 жайлы ақпараттандырылғандығын анықтау. Және де сауалнама нәтижелері бойынша алынған мәліметтерге сүйене отырып, санитарлық ағарту іс – шаралар жоспарын құру.
Нәтижелер және талқылау. Caуaлнaмaғa қaтыcқaн pecпoндeнттepдiң caны - 250. Oның iшiндe жүкті әйелдердің жасына байланысты үш топқа бөліп қарастырылды: (18 – 25) – 55%, (26-35) – 35%, (36 жоғары) – 10% құрады. Әлeумeттiк зepттeугe қaтыcқaн pecпoндeнттep Covid – 19-ға күдігі бар жүкті әйелдер таңдалып, caуaлнaмa aнoнимдi түpдe жүpгiзiлдi. Caуaлнaмaның 1-ші блогы бойынша келесі мәліметтер алынды:
№ |
Сауалнама сұрақтары |
Сауалнама нәтижелері |
1 |
Науқас жүкті әйелдер жасы |
(18 – 25) – 138 (26-35) – 88 (36 жоғары) – 24 |
2 |
Байланыста болған тұлғалар |
Ия - 78 Жоқ - 172 |
3 |
Науқас қаншалықты жиі ауырады? |
Жиі - 68 Сирек - 132 Өте сирек – 50 |
4 |
Инфекция көзі |
|
5 |
Отбасы мүшелері |
32 |
6 |
Қоғамдық орындар |
172 |
7 |
Туыстарымен |
46 |
Caуaлнaмaның 2-ші блогы бойынша келесі мәліметтер алынды:
№ |
Сауалнама сұрақтары |
Сауалнама нәтижелері |
1 |
Covid - 19 ауруы жайлы білесіз бе? |
Иә-98%; Жоқ-2% |
2 |
Covid - 19 қандай асқынулар тудыратынын білесіз бе? |
Жоқ-88%; Иә-12% |
3 |
Covid – 19-дың қалай жұғатынынан хабардарсыз ба? |
Иә-92%; Жоқ-8% |
4 |
Covid - 19 ауруының белгілерін көрсетіңіз |
с) жөтел - 12% |
5 |
Covid-19 жұқтырған жағдайда қайда хабарлауын білесіз ба? |
Иә-78% Жоқ-22% |
Қорытынды. Covid-19 алдын алу туралы ақпаратты науқастарға және олармен байланыста болған тұлғаларға жеткізу үшін Алматы қаласы, Бостандық ауданының Емхана қызметкерлерінің көмегімен санитарлық ағарту жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары және жадынамалар таратылды.
Осылайша, біз сауалнама жүргізу арқылы Бостандық ауданының КВИ-ға күдікті болған жүкті әйелдердің эпидемиологиялық жағдайын анықтадық. Анкеталық сауалнаманың қорытындысы бойынша 250 жүкті әйелдің ішіндегі 104-нің Covid – 19-ға ПТР-оң нәтиже көрсетті.
Covid – 19-ға шалдыққан жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету 05.08.2021 қабылданған № 146 «Диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамасы» негізінде ұйымдастырылады.
Әдебиеттер
- Poon, LC, Yang H, Lee JC, et al. ISUOG Interim Guidance on 2019 novel coronavirus infection during pregnancy and puerperium: information for healthcare professionals. Ultrasound Obstet Gynecol. 2020.doi: 10.1002/uog.22013.
- Белокриницкая Т.Е., Шаповалов К.Г. Грипп и беременность. – ГЭОТАР Медиа, 2015. - 144 с.
- Wong SF, Chow KM, Leung TN, et al. Pregnancy and perinatal outcomes of women with severe acute respiratory syndrome. Am J Obstet Gynecol, 2004, 191(1):292-297.