Қазақстан республикасы бойынша 2017-2021 жылдар аралығында конго- қырым геморрагиялық қызбасының таралу ерекшеліктері

Ел арасында «Көкала» деп аталып кеткен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (бұдан әрі-КҚГҚ) еліміздің Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында белсенді табиғи ошағы орналасқандықтан эпидемиологиялық ахуал күрделенуде. Өкінішке орай, бұл ауру ересек адамдармен қатар балалар мен жасөспірімдер арасында да жиі кездеседі. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы мен ауырған адамдардың 30%-ы қайтыс болуы мүмкін және де бұл инфекцияға қарсы вакцинасы жоқ! [1].

Індет тек трансмиссивті, яғни науқастың қаны арқылы қарым-қатынасқан ғана емес, кене шаққанда, жанасу кезінде індетті жұқтыру мүмкін. Тұрғындар өз денсаулықтарына немқұрайлы қарау себебінен осы індетпен жыл сайын тұрғындар арасында науқастар тіркелуде. Сол себептен қазіргі таңда өзекті болып отыр.

Қоздырғыштың табиғи резервуары-кеміргіштер, ірі қара және ұсақ мал, құстар, сүтқоректілердің жабайы түрлері, сондай-ақ вирусты жұмыртқа арқылы ұрпақтарына жібере алатын және өмір бойы вирус тасымалдаушы болып табылатын иксод кенелердің өздері. Вирус кене шаққанда кенемен жанасу болғанда немесе ауырған адамның қанымен қарым-қатынаста болған кезінде беріледі. Негізгі тасымалдаушылар - Hyalomma, Dermacentor, Ixodes тұқымдас кенелері. Ресей аумағында Ростов, Ставрополь, Астрахань, Орталық Азия, Қытай, Болгария, Орта Азияда және Оңтүстік Африкада (Конго, Кения, Уганда, Нигерия және т.б.) 80% жағдайда 20-дан 60 жасқа дейінгі адамдар ауырады[1].

Зерттеу мақсаты – Қазақстан Республикасы бойынша 2017-2021 жылдар аралығында Конго- Қырым геморрагиялық қызбасының таралу ерекшеліктері.

Зерттеу материалдары мен әдістері. КҚГҚ күдікті және нақытланған науқастарды және эпидемиологиялық, табиғи ошақ материалдарын зерттеу. Және де, Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында 2017-2021 жылдары КҚГҚ ауырған науқастарға талдау жүргізу.

Нәтижелер және талқылау. Зертханаларда ИФА антиген, ИФА IgМ, ИФА IgG, ПЦР әдістерімен зерттеу барысында 2017-2021 жылдар аралығында КҚГҚ ауруына 89 науқас оның ішінде Шымкент қаласында-12 жағдай Жамбыл облысында-18 жағдай, Түркістан облысында-26 жағдай және Қызылорда облысында-33 жағдай зертханалық жолмен дәлелденді.

Кесте - Қазақстан Республикасы көлемінде 2017-2021 жылдар аралығында тұрғындар арасында

КҚГҚ тіркелуі

Жылдар

Барлық КҚГҚ-на күдіктілер

болжамды жағдайлар

ықтимал жағдайлар

КҚГҚ диагнозы расталғандар

1.

2017 жыл

198

117

81

16

2.

2018 жыл

159

102

57

18

3.

2019 жыл

140

65

75

19

4.

2020 жыл

55

17

38

17

5.

2021 жыл

51

18

33

19

6.

Барлығы

603

319

284

89

Сонымен қатар, КҚГҚ алдын алу үшін жыл сайын Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында 15000 жуық кене сынамасы зерттелініп, 300-ге жуық сынамасынан КҚГҚ вирусы анықталып отыр.

Қорытынды. КҚГҚ бойынша тұрғындар арасында індеттің алдын алу мақсатында ақпараттық- түсіндірме жұмысының жыл бойы жүргізу.

КҚГҚ алдын алу мақсатында тұрғындар арасында кездесу жүргізіліп, парақшалар, брошюролар таратылып, емдеу мекемелеріндегі дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерін дайындап профилактикалық жұмыстарының нәтижесінде жыл сайын 50-200 аралығында КҚГҚ күдікті науқастар анықталып, зертханалық жолмен 20 жуық КҚГҚ науқастар анықталып отыр.

Әдебиеттер

  1. Айкимбаев А. М. Особо опасные и эмерджентные инфекции. Алматы, 2017; 276-280.
  2. Қазақстан Республикасы көлемінде 2017-2021 жылдар аралығында КҚГҚ эпидемиологиялық және эпизоотологиялық жағдайын талдау жұмыстары.
Другие статьи

В условиях интенсификации современного производства вопросы совершенствования профилактических основ здравоохранения, в частности, в плане сохранения трудовых ресурсов, приобретают особое значение
2010

Материалы и методы. В настоящей работе использованы материалы оперативного эпидемиологического анализа заболеваемости и данные из историй болезни.
2011

Крымская-Конго геморрагическая лихорадка (ККГЛ) на территории Казахстана занимает ведущее место среди природно-очаговых клещевых инфекций
2011

Высокая заболеваемость и безудержный рост сердечно-сосудистых заболеваний сокращают среднюю продолжительность жизни населения.
2011

Пациентов, которым проводят не кардиохирургические оперативные вмешательства, относят к группе высокого риска сердечно-сосудистой заболеваемости и смертности
2011

Отогенные абсцессы мозга встречаются чаще абсцессов мозга любой другой этиологии. Они наиболее часто локализуются в височной доле, вблизи от крыши барабанной полости и крыши сосцевидной пещеры
2011

Цель работы: Изучение эффективности немедикаментозных легкодоступных методов (Су Джок, фитотерапии) лечения у больных артериальной гипертензией.
2011

Важнейшей проблемой, входящей в клиническую деятельность врачей всех специальностей и представляющей непосредственную угрозу для жизни пациентов, является тромбоэмболия легочной артерии
2011

Инородные тела сердца наблюдаются относительно редко, как правило, в результате слепых огнестрельных и колотых ранений грудной клетки
2011

Тромбоз мезентеральных сосудов (ТМС) исключительно редкое сосудистое осложнение, наблюдающееся, главным образом, у людей пожилого возраста
2011

Известно, что илеоцекальный отдел служит узловым пунктом желудочно-кишечного тракта, при выключении которого возникают расстройства в виде поносов и нарушения обмена веществ
2011

Цель: сравнение эффективности первичной ангиопластики, фармакоинвазивного метода реперфузии и ТЛТ у больных с острым ИМ с подъемом ST в отделение реанимации и интенсивной терапии (ОРИТ).
2011