Ревматоидты артритті кезінде гендік инжерелік биологиялық дәрілерді қолданылуына әдеби шолу

Ревматоидты артрит – белгісіз этиологиялы мультифакториалдық аутоиммунды ауру [1]. Шетелдік жарияланымдарға шолу жасау барысында PubMed деректер қоры арқылы ақпараттық іздеу жүргізілді. Іздеу нәтижесінде «Rheumatoid arthritis pharmacoeconomic» іздеу сұранысы бойынша 472 , «Rheumatoid arthritis cost- effectiveness» - 905 жариялым табылды. Осы деректер базасына сәйкес РА терапия схемаларын фармакоэкономикалық (бұдан әрі - ФЭК) зерттеу 1976 жылдан бастау алады. ГИБП байланысты негізгі ФЭК зерттеу 1998 жылы, фармацевтикалық нарыққа Инфликсимаб және Этанерецепт дәрілерінің шығуына байлынысты болды. Шетелдік зерттеулерде, РА кезінде түрлі медициналық қызметтерге, скринингке, стационарлық ем, тікелей емес медициналық шығындар, "шығындарды азайту", "шығындардың тиімділігі", "шығындардың пайдалылығы" "шығын мен нәтиже" сияқты фармакоэкономикалық талдау әдістері талданды.

Кілт сөздер: фармакоэкономикалық бағалау, ГИБП, голимумаб, этанерцепт, адалимумаб, тоцилизумаб.

Ревматоидты артритті емдеуде қолданылатын ГИБП, ауру ағымын он бағытқа өзгеруіне орсан зор ықпал етуде, және бұл препараттардың әлем елдерінде қолдану көрсеткіші және фармакоэкономикалық тұрғыдан ұтымдылығына арналған бірнеше ауқымды зерттеулер жүргізілген солардың бірі ATTRACT (Anti- TNF Therapy in Rheumatoid Arthritis patients on Concomitant Therapy) зерттеуінде РА бар науқастарда инфликсимаб + метотрексата қосарланған терапиясндағы әсерін бағалады [2]. Зерттеуге 428 РА зардап шегетін науқас қатысты, қатысушылар екі топқа бөлінді, бірінші топ плацебо мен МТ қабылдағандар, екінші топта ИНФ 3 мг/кг немесе 10 мг/кг әр 4 немесе 8 апта сайын ИНФ пен МТ 102 апта бойы қабылдағандар. Құрылымдық зақымданулар Vander Heijde модификациясында Sharp әдісі бойынша бағаланды. Алғашқы аптамен салыстырғанда 102 аптада эрозия және буын саңылауларының тарылуы көрсеткіші 2 топта айрықша байқалды. ATTRACT зерттеуінің қорытындысында ИНФ пен МТ бірге қолдану РА бар емделушілерде құрылымдық зақымданудың прогрессиясын тежейтіндігі анықталды. SWEFOT зерттеуінде МТ монотерапиясы және ИНФ және МТ терапиясымен емдеудің 1-ші жылында салыстыру нәтижесінде ИНФ және МТ қабылдаған науқастарда рентгенологиялық прогрестелуі көрсеткіші айқын байқалған [5]. ГИБП фармакотерапиясына жұмсалған шығындардың тиімділігін талдау 1999 жыл наурыз айынан 2004 жылдың қантар айы аралығындағы 949 РА ауыратын науқастарды қамтыған, Kristensen (2006, Швеция) зерттеуінде көрініс тапты [9]. Зерттеу барысында клиникалық практикада дәрілік заттар тиімділігінің сондай ақ емдеу бейімділігі мен ауру көріністерінің төмендеуі ескерілетін жаңа кешенді критериі - LUNDEX индексі әзірленді. Бұл индекс ұзақ мерзімді әртүрлі терапияның ұтымдылығын салыстыру үшін жасалынған. Зерттеу барысында авторлар 12 айдан кейін этанерцепт қабылдағандарда LUNDEX көрсеткіші 55% ал инфликсимабта 55 % құрады. 24 айдан кеиін этанерцепт қабылдағандарда LUNDEX көрсеткіші 48 % ал инфликсимабта 36 % құрады. Үш жылдан кейін инфликсимабты қабылдай бастаған пациенттердің тек 45% ғана осы емді ұстанады, этанерцепт үшін үш жылдан кейін бұл шама 70% құрады. РА емдеуде қолданылатын ГИБП ең ірі ФЭК зерттеудің бірі RABBIT ( Ревматоидты артрит: 2001 жыл мамыр айынан 2011 ж мамыр айы аралығын қамтыған, биологиялық препараттармен емдеу барысын бақылау негізінде зерттеу ). Бұл зерттеу 250 ден астам ревматолог дәрігерлер мен 5000 – нан астам РА ауратын науқастарды қамтыды. Зерттеу барысында Этанерцепт, Инфликсимаб, Анакинра, Адалимумаб, Ритуксимаб, Абатацепт дәрілері салыстырылды [5]. 2016 жылы РФ «Сапалы клиникалық практика» журанлындағы Зырянов С.К., Чеберда А.Е., Белоусов Д.Ю. « МТХ Актемра үйлестіріп қабылдаудағы фармакоэкономикалық талдау » атты зерттеу жұмысында жарияланған мағұлматтарға сүйенсек ФЭК тұрғыдан Тоцилизумаб шығын тиімділігі бойынша ең аз көрсеткішті көрсетті 28 525 007 руб. Тоцилизумаб және екінші салыстырмалы препарат 30 898 104 руб. Адалимумаб үшін. Бұл ретте тоцилизумаб клиникалық тиімділік шеңберінде да адалимумабтан асып түсті. Бұл тоцилизумабтың ремиссияға қол жеткізумен емделушілердің ең көп санымен байланысты сонымен бірге шығындардың ең жоғары тиімділігін көрсетеді. "Бюджетке әсерді" талдау РА 88

(246 пациент) таралуын ескере отырып, 100 мың халыққа шаққанда тоцилизумабты қолдану біріктірілген ем алатын пациенттер үшін адалимумабпен салыстырғанда бюджеттік ауыртпалықтың 4,8% - ға және монотерапия алатын пациенттер үшін 3,98% - ға төмендеуімен байланысты екенін көрсетті. Бұл 35 575 400 руб үнемдеуді қамтамассыз етті. ГИБП- ға ФЭК талдау 2018 жылы Полша мемлекеті, дәрігер Жан Бизель атындаға универитеттік клиникада жүргізілген. Аталған зерртеуге науқастар 24 ай бақылауда болып, үш топқа бөлінді, бірінші топқа инфликсимаб қабылдағандар – 43 науқас, Этанерцепт – 27, және Адалимумаб – 34 науқас. Фармакоэкономикалық талдау барысында тікелей және жанама медициналық шығындарды қамтыды. Зерттеу нәтижесі Адалимумабпен емдеу ең қымбат одан кейінгі орында Этанерцепт және Инфликсимаб екені анықталды. ГИБП қымбат екенің ескере отырып авторлар, РА ауратын науқастардың осы препараттарға қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін Польша нарығына Ремикейд пен Энбрел секілді препараттардын, Бенепали және Эрелзи джинеириктерін нарыққа шыққандағы бағаларының түсуі байқалғандағыдай , басқада ГИБП джинеириктері көптеп нарыққа шығатын болса баға қол жетімді болатының анықтады [4].

Қорытынды: Зерттеу жұмысында көрініс тапқан ҚР орташа жалақы көрсеткішті есепке алсақ, ГИБТ мұқтаж науқастардың ГИБП сатып алуға қауқарсыз екендігі анықталды, осы орайда үкімет тарапынан ГИБП үлестірудің тиімді үлгісі қалыптастырылуы керек, мысалы Польша мемлекетінде фармацевтикалық нарыққа жаңа бенепали және эрелзи ДЗ келуі басқа ГИБП препараттарының құнының түсуіне ықпал етті. Израйль елінде ГИБП сатып алуда белгілі бір топтағыларға ДЗ 30% 50% құнының мемлекет төлейді сол арқылы ГИБТ алушылар саны көп бұл өз кезегінде алдағы таңда бұл аурулардың мүгедектіктен, стац және амб көмекті аз алудан, өмір сапасының жақсаруынан көрініс табады.

 

Әдебиеттер

  1. .Ревматология: клинические рекомендации / под ред. Е.Л Насонова.- ГЭОТАР-медиа, 2011.ст – 752.
  2. .Ханс кайзер. А.Ж.Ландре-Бове (A.J.landré-Beauvais) – действительный автор первого описания ревматоидного артрита. Перевод: Д. А. Иванов- Вызго //холизм и здаровье.-2019.№1 (142).- С.4-20 3.Баймухамедов Ч.Т – Ревматоидный артрит: диагностика. 2019 г с. 10
  3. .Б.Г. Исаева, М.М. сапарбаева , В.Б. Хабижанова , Г.Х. Габдулина , Г.С. Есиркепова Г ,
Тег: Талдау
Жыл: 2021
Қала: Шымкент
Категория: Медицина