Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шымкент қаласы тұрғындары арасында эпилепсияға шалдыққан науқастарының өмір сапасы мен әлеуметтік статусын бағалау

Жұмыстың өзектілігі: XXI ғасырда «эпилепсия» ауруын диагностикалаудың және оны қарқынды емдеудің жетістіктеріне қарамастан, бұл әрбір елдің әлеуметтік және медициналық мәселесі болып қалуда [1,2]. Европалық комиссияның мәліметіне сәйкес, әлемнің 50 млн. жуық халықтары «эпилепсиямен» сырқаттанса, жылына халықтың 5%-да, алғашқы бір реттік «эпилепсия» ұстамасы орын алады, ал сырқаттылыққа шалдыққандар арасында, шамамен 65-70%-да «эпилепсия» ұстамаларын бақылау мүмкіндігі болмайды және созылмалы аурудың даму кезеңіндегі 200 науқастың 1 жағдайында өлім-жітім жиілігі орын алады [3.4].

Эпилепсиямен сырқаттанған науқастарда, аурудың клиникалық көріністері белгілерінің күтпеген жағдайда орын алуымен, ұзақ жылдар және тұрақты түрде «эпилепсияға қарсы» дәрілерді қолдануға мәжбүр болады, бұл науқастың қоғам мүшелерімен қарым- қатынасын бір қатар нашарлатып, науқастардың еңбек ету ынтасы мен әлеуметтік белсенділігін шектейді. Эпилепсия бір қатар теріс әлеуметтік жағдайды қалыптастырады, бұл отбасында, мектепте, жұмыс орындарында көрініс береді [5.6].

Бүгінге, эпилепсиямен сырқаттанған науқастардың өмір сүру сапасы мен әлеуметтік тұрмыстық жағдайын ғылыми ізденіс тұрғысында бағалау, бүгінгі күннің талабы болмақ.

Зерттеу материалдары мен әдістері: Біздермен Шымкент қаласының емдеу-сауықтыру

мекемелерінде (ЕСМ) соңғы 2 жылдықта (2018 – 2020 жылдар) тұрақты есепте тұрып, эпилепсияға қарсы Томпамакс, Депакин, Ламиктал, Карбамезепин дәрілерін пайдалынатын, 18-55 жастағы 482 науқастар арасында ДДСҰ ұсынған «WHOQOL-BREF» және арнайы «әлеуметтік» сауалнамасы қолданып зерттеулер жүргізілді. Онда науқастардың демографиялық сипаттамасы (жасы, жынысы), әлеуметтік сипаттамасы (білімі, еңбек етуі, мүгедектікпен еңбекке жарамсыздығы және тұрақты тұрғын үйінің санитариялық- техникалық жағдайы) талдауға алынды. Науқастардың өмір сапасын (ӨС) бағалауда, негізгі 4 бағыт «физикалық денсаулық», «психиологиялық денсаулық», «әлеуметтік қатынас», «қоршаған орта» ескерілді. Алынған мәліметтер вариациялық статистика, корреляциялық және регрессиондық сараптаулар қолдана отырып, персоналды компьютерде «STATGRAF» қолданбалы программасы пайдаланып өңделді.

Зерттеу нәтижелері: Зерттеу тобындағы 482 науқастардың орташа жасы бойынша (М±m) 46±5,4 жас аралығын құраған, олардың арасында ерлердің үлес салмағы – 54,6 құрап 263 науқасты, ал әйелдердің үлес салмағы – 45,4 немесе 219 болып, сәйкесінше ерлерден 20,1% немесе 44 науқасқа кем болып қалыптасқан. Әлеуметтік статусына сәйкес, жоғарғы білімді игерген науқастардың саны – 118(24,5%), орта кәсіптік білім игергендер – 197(40,9%), орта арнайы білім игергендер – 74(15,3%) және орта білімді игерген науқастар саны – 93(19,3%) құраған, яғни 80% жуық науқастар түрлі санатта кәсіби білімді болған.

Бүгінгі күнге эпилепсиядағы науқастардың, ауруының клиникалық белгілеріне сәйкес еңбекке жарамдылықта болуы, олардың еңбек ету ынтасымен қатар, отбасына деген қажеттілігін қамтуға және де олардың әлеуметтік белсенділігін арттырады, сәйкесінше өмір сүру деңгейін жақсартады. Зерттеуіміздегі науқастардың 105(21,9%) еңбек ету қабілетінен айырылып мүгедектікті алғандар құраған, оның ішінде 94(19,6%) науқас тек эпилепсия ауруымен мүгедектікке ұшыраса, 11(2,3%) эпилепсиямен қоса басқа да ағза жүйелерінің ауруымен байланысты болған. Жалпы науқастардың – 281(58,3%) түрлі санатта жұмыспен қамтылғандарды, ал 201(41,7%) жұмыссыздар құраған. Тұрақты жұмыспен қамтылған науқастардың 71(25,3%) өзін- өзі жұмыспен қамтығындар (жеке кәсіпкерлік) құраған, ал 210 (74,7%) науқастар түрлі жұмыс орындарында еңбек атқарады. Сауалнама нәтижесінде, 90% артық науқастардың өзін және отбасы мүшелерін, еңбек ету арқылы, қаржыландыруға құштарлығы барын және де 80% жуық науқастардың түрлі санатта кәсіби білімділігін ескеріп, жүйелі емдеу-оңалтудың оң нәтижесінде еңбекке оралу мүмкүндігі болады. Бүгінде, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қалалық психикалық оңалту орталығы» МҚК, бұл жұмыс жүйелі түрде жүргізуде.

Сауалнамамен қамтылған 482 науқастың – 295(61,2%) абаттандырылған көп қабатты тұрғын үйлерінде, ал 187(38,8%) қаланың орталықтандырылған кәріздеу және жылыту жүйесі қамтылмаған мөлтек аудандарының жер үйлерінде тұрады (Сайрам, Ордабасы ауданынан қосылған елді мекендер және жаңа құрылыс мөлтек аудандары), оның ішінде бүгінге 28,6% басым бөлігі 18-32 жастағы науқастардың жеке иелігіндегі тұрғын үйлері жоқтары болып қалыптасқан, яғни бұл эпилепсиямен науқастары отбасыларының қаржы-материалдық жағдайының төмендігін айқындайды.

Өмір сапасын (ӨС) бағалауда науқастардың «әлеуметтік қатынас» жағдайы (М±m) 14,6±0,16 аралығында «жақсы» көрсеткіште бағаланып, науқастардың өз ара оңтайлы қарым қатынасы мен медицина қызметкерлерінің науқасқа деген, көмек беруге ынталы жағдайы, сонымен бірге өзінің де өзгеге, басымдылықта от басы мен жақын адамдарына көмекке келу мүмкіндігі болуымен орын алады. Науқастардың «физикалық денсаулық» жағдайы (М±m) 12,8±0,13 аралығында «қанағаттанарлық» көрсеткіште орын алып, науқастардың ерте жастан эпилепсия талмаларына шалдығып, тұрақты эпилепсияға қарсы дәрі қабылдау мен ағза қажу жағдайында, денені дамытатын физикалық жаттығуларын орындамауымен байланыстырады. Ал, науқастардың «психиологиялық денсаулық» жағдайы 11,4±0,12 аралығы «қанағаттанарлық» көрсеткіште болып ерте жастан эпилепсия талмасына шалдығып, тұрақты түрде эпилепсияға қарсы дәрі қабылдау қажеттілігінде психикалық қажу жағдайында болатынымен байланыстырады. Сәйкесінше «қоршаған орта» жағдайы 11,1±0,13 аралығы «төменгі» көрсеткіште бағаланып отыр, бұл өзінің дәрменсіздігі және физикалық қауіпсіздігі, тұрмыстық қажеттілікпен қамтылуы және қаржылық қажеттілік жағдайында болумен байланыстырады.

Зерттеу нәтижесінде, эпилепсияға шалдыққан науқастардың басым көпшілігінің, оның ішінде тұрақты жұмысы жоқ 201 (41,7%) науқастар арасында, эпилепсияға қарсы қолданылатын дәрілерді сатып алу кезеңінде, қаржылық тапшылық көретіні айқын көрініс табады, нәтижесінде тағайындалған дәрілерді қолданбаған кезеңдер орын алған.

Қорытынды: Шымкент қаласының 18-55 жас аралығында эпилепсиямен ауырған науқастардың 80% жуығы түрлі санатта кәсіби білімді бола тұра, жұмыспен қамтылуы – 58,3%, ал мүгедектіктегі 21,9% құраған. Науқастардың өмір сапасы бағалауда «әлеуметтік қатынас» жағдайы 14,6±0,16 аралығы «жақсы», ал «физикалық денсаулық» 12,8±0,13 және «психиологиялық денсаулық» 11,4±0,12 аралығында «қанағаттанарлық» көрсеткіште және «қоршаған орта» жағдайы 11,1±0,13 аралығында «төменгі» көрсеткіште бағаланған.

Әдебиеттер:

  1. Гусев Е.И., Авакян Г.Н., Никифоров А.С. Эпилепся и ее лечение, 2-е издание., испр. и доп, - М., ГЭОТАР-Медия, - 2016, - 320 с.
  2. Есетова А.А., Досыбаева Г.Н., Тулеева Т.И. Реабилитация больных эпилепсией // Вестник ЮКМА, - 2019, - №1 (85), Том I, - С.31-35.
  3. Ramalingam R., Nath A.R., Madhavi B.B., Magulu M., Balasubramaniam A. Free radical scavenging and antiepileptic activity of Leucas Ianata. Journal of Pharinacy Research; 2013; 6 (3): 368-372.
  4. Туксанбаева Г.У., Тулепбергенова Г.У. Проблема стигматизации общества в социальной адаптации больных эпилепсией // Вестник ЮКГФА, - 2013, - №2, - С.282-285.
  5. Лесова Г.Д., Дущанова Г.А. Социальное значение эпилепсии и анализ общей инвалидности, обусловленные наличием эпилептических припатков по г. Шымкенту // Вестник ЮКГФА, - 2015, - №4 (73), Том II, - С.69-71.
  6. Михайлов В.А. Эпилепсия: стигматизация, качество жизни и реабилитация больных // Неврологический Вестник, - 2007, - №3, - С.135-136.