Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Фармацевттерді маман ретінде дайындау жүйесінде инновациялық тәсілдер

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Фармацевтерді дайындаудың осындай маңызды және сұранысқа ие саласында жоғары кәсіби кадрларды оқыту үшін медициналық және фармацевтикалық бейіндегі университеттерде заманауи виртуалды шындық Vr технологияларын қолдану - фармацияның инновациялық дамуының таптырмас элементі. Виртуальды шындық Vr технологияларын қолданудың артықшылықтары: көрнекілігі(визуализациялау), қызығушылықты арттыру, зейін шоғырландыру, қауіпсіздігі, тиімділігі фармацевтикалық және медициналық білім беру жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Кілт сөздер: виртуалды шындық Vr технология, фармацевтикалық және медициналық білім жүйесі, виртуалды пациент, цифрланған сыңары, инновациялық дәрілік препарат, виртуалды тәжірибе

Зерттеу мақсаты: Медициналық және фармацевтикалық профильдегі жоғары оқу орындарында фармацевттерді заман талабына сай, білікті маман ретінде дайындаудың инновациялық тәсілдерін анықтау және оны білім беру мазмұнына енгізу, медициналық білім беруді реформалау бойынша ұсынымдарды әзірлеу.

Зерттеудің міндеті: Виртуалды пациент бағдарламасын құрастыру, пациенттің цифрланған сыңарын жасау және цифрланған сыңарына дәрінің тиімділігін, ағзаға әсерін тәжірбие жасау арқылы дәрінің сапасын анықтау.

Иммерсивті технологияларға негізделген-виртуалды шындық көзілдірігінің перспективалық мүмкіндіктерін фармацевтикалық және медициналық білім жүйесінде жүзеге асыру.

Тәжірибеде – тренингтер, практикалық сабақтар үшін пайдалы болатын виртуалды бағдарламаларды әзірлеу.

Әдебиеттік шолу және талдау: Зерттеу Интернеттегі Google Scholar, Pubmed және Scupus сияқты ғылыми-метриялық деректер базасын қолдану арқылы және баспасөз ақпараттары мен жаңалықтары арқылы жүзеге асырылды.2018 жылдың сәуір айында жарияланған Ұлттық зерттеу университеті Экономика жоғары мектебі баяндамаларында«Тарихта алғаш рет цифрлық технологиялар әрбір студент үшін оқу траекториясын, оқу материалын меңгеру әдістерін (формаларын) және қарқынын жекелендіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - делінген. [2] Сондықтан, виртуалды шындық- заманауи және тиімді әдіс болып табылады.Виртуалды пациент идеясы - шын пациенттің нақты цифрлық сыңарын құруға бағытталған кең қадам. Науқастың бар деректерін компьютерлік бағдарламаға енгізіп, модельдеу арқылы көптеген виртуалды пациенттерді жасайды, олар үшін әртүрлі препараттармен емдеудің ең ықтимал әсерін болжайды және дәріні дәлірек таңдау жасау үшін жүргізілуі керек қосымша зерттеулерді ұсынады. Бұл препараттың адам ағзасы арқылы өту жолын және оның ағзаға әсерін қадағалап отыруға, сондай-ақ молекулалық құрылымды әртүрлі деңгейде қарауға мүмкіндік береді. Пациент денсаулығына дәрі-дәрмектің әсері туралы студенттер ақпараттық визуализация арқылы зерделеп, дәрінің ауру аймағына әсерін тереңірек түсінеді, дұрыс шешім қабылдай алады. Бүгінгі таңда Pfizer негізіндегі Unlearn.ai стартапы пациенттердің цифрланған сыңары профильдерін жасауға арналған DiGenesis машиналық оқыту платформасы жұмыс жасауға дайын екені белгілі болды. Болашақта платформа пациенттердің цифрлық үлгілерінде жаңа препараттарды сынауға жол ашады. Ал АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) фармацевтикадағы цифрлық тәсілдердің әртүрлі түрлерін енгізу бағдарламасын іске қосты. [4]

Білім беру саласында виртуалды технология, негізінен, нақты шындықта көрсету мүмкін емес немесе өте қиын болатын процестерді, құбылыстарды және объектілерді көрсету үшін қолайлы. Мысалы, адамның ішкі құрылысы немесе дәрілік заттың химиялық молекулаларының құрылымы және тағы басқалар болуы мүмкін. Әдетте, мұндай демонстрациялар оқу процесінде студенттердің қызығушылығын тудырып, белсенділігін арттырады және 7 минуттан аспайтын қысқа сессиялармен жүзеге асырылуы тиіс. Білім беруге арналған. Виртуалды шындық саласындағы шетелдік жобалардың ішінде әзірге бір ғана vAcademia платформасы бар. Виртуалды технология арқылы оқыту қысқа мерзімді оқытуда, практикалық сабақтарда, тренажерлармен, симулятормен тәжірбие жасағанда өте тиімді және оқу сапасын жақсартуда жоғары нәтиже береді.

Қорытынды:. Фармация студенттеріне дәрілік препараттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық әсерін әдеттегідей қозғалмайтын схемалар арқылы үйренуден гөрі «виртуалды шындық көзілдірігін» киіп, динамикада өз көздерімен көру әлдеқайда қызықты екені белгілі.

Майами балалар денсаулық сақтау жүйесінің (Miami Children ' s Health System) жетекшісі Нарендра Кинидің зерттеу нәтижесінде, виртуалды технологиялар арқылы тәжірбие жасаған студенттер бір жылдан кейін зерттелген ақпараттың 80%-ын есте сақтайтынын , ал дәстүрлі әдістер арқылы оқыған студенттер бір аптадан кейін ақпараттың 20% сақталғанын анықтады. [3] Бұдан шығатын қорытынды-виртуалды технологиялар білімнің ұғымдылығын,түсініктілігін жақсартады. Сонымен қатар, виртуалды шындық технологиясы медициналық оқытуға іс жүзінде ойын элементін енгізеді, студенттердің ғылыммен айналысуға және зерттеушілік жұмыстарға қызығушылығын тудырады. Осындай инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқыту-студенттердің білім сапасын арттырады. Сондай-ақ, пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, асқыну дертінің қаупін азайту, тезірек емделу, пациенттің дәрі-дәрмекке жұмсайтын қаржысын азайту және дәрілік препараттардың тиімділігін арттыру мақсатында науқастың цифрланған сыңарын моделдеп, виртуалды пациент идеясын жүзеге асыру және заман талабына сай, кәсіби білікті мамандарды даярлау үшін оны медициналық, фармацевтикалық білім жүйесіне енгізу қажет.

Әдебиеттер

  1. .Инновационные технологии в фармации. Иркутск, 2017. Выпуск 4.18
  2. . Доклады Национальный исследовательский университет «Высшая школа экономики» (НИУ ВШЭ), апрель 2018.
  3. .”Виртуальная реальность в образовании:сомнения и надежды”С.С.Елесин,А.В. Фещенко. Интернет материалдары: Выпуск..https://trends.rbc.ru/trends/industry/613b35369a7947506473665e
  4.  Использование виртуальной технологии в фармацевтике https://viseven.ru/news-ru/The rise of virtual pharma11th February 2019 by Dr Tony Flinn, https://www.pharmatimes.com/web_exclusives/the_rise_of_virtual_pharma_1277952

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.