Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл

Кілт сөздер: Тәуелсіздік, жаңа бастама, ұлттық жоба, жетістік, жаңа президент.

Аннотация: Қазақстанның егемендік алуы, тәуелсіздіктен кейінгі жетістіктері, халықаралық беделі, қолға алған бастамалары, ұлттық жобалар, жаңа президент.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Бұл іс-шара Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде конституциялық тіркелуін аяқтады, жаңа тәуелсіз мемлекеттің шынайы егемендігінің бастауы болды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан мүлдем жаңа тарихты бастады. Біз, қазақстандықтар , ұлт өрлеуінің қазақ дәуірінің негізін қалаушылар мен бастаушылары болдық . Бұл біздің асыл уақытымыздың және біздің барлық ұлы жетістіктеріміздің ең дәл атауы» деп жариялады. Сонымен 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының маңызды ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күніне айналады. Тұңғыш президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың президенттік сайлауына келетін болсақ, 1990 жылы 24 сәуірде Жоғарғы кеңес Қазақ ССР президенті лауазымын бекітіп, сол күні осы қызметке Н. Ә. Назарбаевты сайлады. Бұған дейін ол бір жылдан астам уақыт бойы Қазақ КСР Коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық президент сайлауы өтті. Жалғыз кандидат Нұрсұлтан Назарбаев болды және ол 98,78 процент дауысқа ие болды. Сайлау бюллетеніне "қарсымын" деген графа да енгізілді. Оны 107 мың адам белгілеген. Кейіннен 10 желтоқсан күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССР-дың атауын "Қазақстан Республикасы" деп өзгерту туралы заңға қол қойды. Ал Жоғарғы кеңес оны Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті ретінде бекітті. Алты күннен кейін 16 желтоқсанда елдің мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.

1992 жылдың 4 маусымында тәуелсіздіктің басты символдары – Ту мен Елтаңба бекітілді. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков, ал Елтаңбаны Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. Осы жылдың 11 желтоқсанында Әнұранның мәтіні бекітілді. Оның жүздеген нұсқасы талқыланған еді. Соңында төрт ақын – Тұманбай Молдағалиев, Мұзафар Әлімбаев, Жадыра Дәрібаева мен Қадыр Мырза Әлінің мәтіні таңдалды. Ал музыкасы болса, Қазақ КСР кезіндегі гимнің музыкасы қалды. Бірақ араға 14 жыл салып, 2006 жылы 6 қаңтарда Жұмекен Нәжімеденовтың сөзіне жазылған "Менің Қазақстаным" әні Қазақстанның жаңа Әнұраны болып бекітілді. Ал композиторы – Шәмші Қалдаяқов болды.

1993 жылы тағы бір маңызды құжат рәсімделді. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды..Қазіргі кездегі қолданыстағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және қыркүйек күні ол өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

1993 жылы 12 қараша күні Қазақстанның ұлттық валютасы айналымға енді. Бастапқыда ұлттық банк бір теңгені мың сомға бағалады. Кейіннен оны 500 сомға дейін түсірді. Ұлттық валюта айналымға шыққанда бір долларға шаққанда бағасы 4,75 теңге болған.

Тәуелсіздік алғанға дейін-ақ қазақ халқының өкілі алғаш рет ғарышқа аттанған еді. 1991 жылы 2 қазанда Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров жерді айналып жүрген "Мир" кешеніне ұшып барып, бір апта бойы зерттеу жұмыстарымен айналысты. Ал қазақтың екінші ғарышкері Талғат Мұсабаев 1994 жылы 1 маусымда алғашқы сапарына жол тартты Ол кезде мемлекет тәуелсіздік туралы декларация қабылдап қойған еді. Артынан Мұсабаев ғарышқа тағы екі рет ұшып келген. 2015 жылы 2 қыркүйекте ғарышқа ұшу Айдын Айымбетовке бұйырды. "Союз ТМА-18М" кемесінің бортинженері Айдын Айымбетов Халықаралық ғарыш станциясына аттанып, он күннен кейін жерге оралды.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Қазақстан халықаралық маңызы бар құжаттарға қол қойып, бірнеше ұйымға мүше болды. Осылайша, халықаралық дәрежедеге ие болды. Қол қойылған құжаттар мен ұйымдарды атап өтетін болсам:1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонды жабу туралы жарлық қабылданды; 1992 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қосылды; 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі атанды; 1994 жылдың 16 ақпанында Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойылды; 1995 жылы 9-12 желтоқсанда Ислам ынтымақтастық ұйымының құрамына енді; 2001 жылы Қазақстанның тікелей араласуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылды; Қазақстан Республикасы ықпалды халықаралық ұйымдарға төрағалық етті. Мысалы, 2010 жылы Қазақстан мұсылман елдерінің ішінде бірінші болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету абыройына ие болды. 1995 жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Осы ұйымның мақсаты - елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз ету.

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстанда экономика, мәдениет пен руханиятты дамытуға арналған біраз мемлекеттік бағдарламалар қолға алынды. Алдымен "Қазақстан - 2030" стратегиясы басшылыққа алынды. Ал 2012 жылы "Қазақстан-2050" стратегиясы жарияланды. Негізгі қабылдаған бағдарламаларды атап өтсем, Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы; Бизнестің жол картасы; "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы; "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы; "Рухани жаңғыру" бағарламасы; Цифрлық Қазақстан"Нұрлы жол" инфрақұрылымдық даму бағарламасы; Тағы да білім, денсаулық, ұлттық қауіпсіздік, экспорт, тіл саясаты, туризм, агроөнеркәсіп кешені, аймақтарды дамыту, жемқорлықпен күрес, дағдарысқа қарсы шаралар және тағы басқа маңызды бастамалар қолға алынды.

2019 жылы 19 наурыз күні кешкі сағат 19:00-де Қазақстан тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа бейнеүндеу жолдап, өз өкілеттігін тоқтататындығын мәлімдеді. Осылайша, елді 30 жыл басқарған президент өз еркімен қызметінен кетті. Қазақстандықтар үшін бұл таң қалдырған мәлімдеме болды. Елбасы өз орнына сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды. Басында ол мемлекет басшысының міндетін атқарды. Ал 9 маусымда кезектен тыс сайлауда 70 пайыздан астам дауыс жинап, ресми түрде президент атанды.

Қазақстан тәуелсіздіктің 30 жылдығын 2021 жылы 16 желтоқсанда атап өтпек. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу болып үлкен маңызға бүкіл қазақстандық қоғам үшін, нығайтуға ықпал ететін болады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей : «Тәуелсіздік - бұл біздің басты құндылығымыз, ол бәрінен бұрын! Біздің міндетіміз - өркендеген және қуатты Қазақстанды болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыру ».

Қолданылған әдебиеттер:

https://www.gov.kz

https://sputnik.kz

https://strategy2050.kz

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.