Кіріспе. Шала туылған нәрестелерде екі жасқа дейінгі кезең баланың өмірінде өте маңызды және баланың осы жастағы функцияларын қалыптастыру қаншалықты сәтті болатынына, оның өзімен қатарлас тобына қалай бейімделетініне, мектепте оқи алатындығына, кәсіби дағдыларға ие бола алатындығына байланысты [1].
Мерзімінен бұрын босану (шала туылған нәрестенің туылуы) - бұл жүктіліктің толық 37 аптасы аяқталғанға дейін пайда болған босану. Жүктілік мерзімі (гестация кезеңі) соңғы етеккір циклінің бірінші күнінен бастап шартты түрде есептеледі. Постконцептуалды жас терминін қолдануға болады - ананың соңғы етеккір циклінің басынан бастап апталарда шала туылған нәрестенің болжамды жалпы жасы [2].
Шала туылған нәрестенің құрсақтан тыс жағдайларға бейімделуі оның туылған сәтінен басталады. Бейімделу терморегуляцияға және тыныс алу функциясының қалыптасуына байланысты [3].
Сырқат нәрестелер бөлімшесінде нәрестені күтудің оңтайлы жағдайларын жасау мейіргер негізгі қызметі. Күтімнің екінші кезеңінде мейіргердің міндеттеріне мыналар кіреді: деформацияларды болдырмау үшін дененің жағдайын бақылау; тері күтімін, арнайы манипуляцияларға дайындау; жылу режимін ұстау; қорғау режимі (жарық, дыбыс, ауырсыну тітіркендіргіштерін шектеу); жанасу, сипауды сенсорлық ынталан- дыру; кувезді дезинфекциялауды тұрақты жүргізу; тыныс алуды бақылау; дене салмағын мониторингілеу; ата-аналардың күтімге қатысуы және және парентералдық тамақтануын үйрету; Күтімнің екінші кезеңінде мейіргерлер шала туылған нәрестелер ауруларының алдын алу үшін оқыту жұмыстарын жүргізеді. Оқу сабақтарында дәрістер өткізіледі: шала туған нәрестелердің анатомиялық және физиология-лық ерекшеліктері; жаңа туған нәрестелердің бейімделу жағдайы; тыныс алу жүйесін жетілдіру әдістері, әр түрлі аурулардың алдын алу және т.б. Аналармен қарым-қатынас мейіргер жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Яғни, мейіргер аналарға барынша мейірімді болып, аналармен сенімді қарым – қатынас жасай отырып, жай күйін түсінуі керек. Нәресте күтімін ғана емес, қарым – қатынас дағдыларын меңгеруі қажет. Аналарды оқыту барысында тыныс алу функциясын жетілдіруге арналған массаж және гимнастика әдістемесі үйретіледі [4].
Массаж классикалық және гимнастика әдістерін қамтиды. Бұл әдістерді бір мезгілде немесе рет- ретімен (кезекпен) қолдануға болады. Балаға 1 ай – жай соққы. 1,5-2 ай-массаж моториканы қалыптастыруға ықпал ететін гимнастикамен біріктірілуі керек, 3-4 ай-баланы бүйіріне бұруға мәжбүр етіңіз: алдымен бір жағына, содан кейін екінші жағына жатқызу арқылы жүргізу керек [5].
Зерттеу мақсаты: Сырқат нәрестелер бөлімшесіндегі шала туылған нәрестелердің аналарына оқыту жұмыстарын жүргізу.
Материалдар мен әдістері: Зерттеу Шымкент қаласы, Облыстық клиникалық балалар аурухана- сының «Сырқат нәрестелер бөлімшесінде» жүргізілді. Шала туылған нәрестелердің аналарына жүргізілген оқыту жұмыстарының тиімділігін бағалау үшін сауалнама сынақтан өтті. Оқуға қатысқан аналардың жасы 18-36. Сауалнама мейіргерлердің кеңесі және тәжірибелік сабақтар өткізілген кейін жүргізілді. Аналар сауалнамада көрсетілген жеке сұрақтарға құпия түрде жауап берді. Сауалнамада 10 тармақ болды, оның ішінде біреуін немесе бірнеше нұсқаны таңдау мүмкіндігі бар сұрақтар қойылды. Аналардың жеке ойын білу үшін ашық сұрақтар ұсынылған.
Нәтижелері және талқылау. Оқу сабақтарының тиімділік жағдайын білу үшін жүргізілген сауалнамада: 30 аналардың – 22 ана (72%) өте жақсы меңгерген; 6 ана (20%) жақсы меңгерген, 2 ана (8%) қанағаттанарлық деңгейде екенін анықталды.
Зерттеу барысында шала туылған нәрестелер көбінесе 30 жастан асқан аналарда (53,0%), ал нәресте- лердің тек 14,6% - ы 18-25 жас аралығындағы аналарда туылғаны анықталды. Дене салмағы төмен және шала туудың жетекші факторлары 30 жастан асқан аналардың жасы, ананың созылмалы соматикалық аурулары, жыныс жолдарының инфекциясы, репродуктивті жүйесің ауытқулары екені негізделді.
Ата - аналардан сауалнама жүргізу кезінде аналардың 18 (60,0%) - ы жоғары білімі , 4 (14,6% )- ы арнайы орта және 7 (24,0% )- ы орта білімі бар екендігі анықталды .
Сауалнама нәтижесі бойынша аналардың оқу сабақтарын қабылдауы негізгі біліміне және жас ерекшелігіне де байланысты екені көрінді. Зерттеу нәтижесінде жас аналардың 18-25 жастағы аналардың оқуға белсенділігі байқалды. Аналардың алынған білімдерін тәжірибиеде қолдана білуі оқытудың тимділігінің көрсеткіші болып табылады.
Аналардан алынған сауалнама бойынша оқыту жұмысының оңтайлы нәтиже беріп жатқандығын көрдік. Оқыту сабақтарын жүргізу арқылы шала туылған нәрестелердің сыртқы ортаға бейімделуін және өкпенің оксигенациясындағы өзгерістердің жақсаруын байқаймыз. Сауалнама барысында аналар мейіргерлерге қойылатын негізгі талаптарды түсініп, медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерін білдіруге мүмкіндік алды.
Қорытынды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде оқу жұмыстарының жүргізілуі, аналардың нәрестелер күтімінде тәжірибие жинақтауы маңызды рөл атқарады. Аналар бөлімше мейіргерінің тұрақты бақылауымен шала туылған нәрестені күту дағдыларын үйрене алады. Оқу жұмысын ұйымдастыруда шала туылған нәрестелерде мейіргерлер қызметінің үлкен маңызға ие екені анықталды. Шала туылған нәрестелердің жай-күйіндегі өзгерістерді бөлімше мейіргерлерінің тұрақты бақылауы, толыққанды емшек емізуді сақтау, аналарды оқыту және білікті күтімді ұйымдастырып, бақылап отыруында.
Әдебиеттер
- Мокеева И.Г. Абилитация младенцев – путь к успешному развитию детей; Логопедический портал, 2017 – 1 с.
- Д.О. Иванова, Д.Н. Суркова. — Особенности оказания медицинской помощи детям, родившимся в сроках гестации 22—27 недель /2013 - 132 с.
- Шабалов, Н. П. Неонатология : в 2 т. Т- Москва : ГЭОТАР-Медиа, 2016 - С -324
- Федоров Дмитрий Владимирович - Выпускная квалификационная работа Тема: «Особенности ухода и организации выхаживания недоношенных детей в условиях перинатального центра » - 2019.
- Г. А. Самсыгина. - 2-е изд., Кашель у детей. Клиническое руководство перераб. и доп. - Москва: ГЭОТАР- Медиа, 2021 - С -131.