Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әртүрлі жастағы адамдардың сүйек тінінің минералдық тығыздығын гигиеналық бағалау

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша остеопороз жүрек- қантамыр жүйесі, онкология және қант диабеті ауруларынан кейін 4-ші орынды алады.

Остеопороз- егде жастағы адамдарда кездесетін сүйек тінінің минералды тығыздығының бұзылуы болып табылады.Бұл қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың маңызды медициналық және әлеуметтік мәселесі[1].

Остеопороздың дамуы генетикалық бейімділікке, өмір салтына, физикалық белсенділікке, эндокринологиялық жағдайға, қатар жүретін аурулардың болуына, дәрі-дәрмектерді қабылдауға, адамның қартаюына және жеке өмір сүру ұзақтығына байланысты . Сүйек массасының өсуі балалық және жасөспірімдік кезеңде орын алып, 20-30 жаста максимумға жетеді. 35-40 жасқа жеткеннен кейін сүйек массасы іс жүзінде өзгеріссіз қалады, содан кейін ол біртіндеп төмендей бастайды. Әйелдерде сүйектің минералдық тығызыдығының төмендеу қарқыны ерлерге қарағанда айтарлықтай жоғары, бұл пери және постменопауза кезінде эстроген тапшылығына байланысты[2].

Ресей Федерациясының статистикасына сүйенсек 14 миллион адам (ел халқының 10%) остеопороздан зардап шегіп, 20 миллион адам остеопениямен ауырады. Осылайша, 34 миллион адамның сыну қаупі жоғары. Украинада менопаузадан кейінгі 7 миллион әйелде остеопороз немесе остеопения бар. Грузияда барлық тіркелген сыну жағдайының 38% остеопорозға байланысты: 20% омыртқа сынулары және 18% остеопороздық сынудың басқа түрлері. Барлық жамбас сынуларының 90% -ы 50 жастан асқан халықта дамиды, ал әйелдер ерлерге қарағанда 3 есе осы жағдайға жиі шалдығады[3].

Қазақстанда, Қазақстандық остеопороз дәрігерлері қауымдастығының мәліметтері бойынша, 55 жастан асқан әйелдердің 30%-ы остеопорозбен ауырады, ерлер арасында – 10-20%-ы. 2012 жылдан бері елімізде остеопороздың таралу деңгейі 60%-ға артты, мұны сарапшылар бұл ауруды диагностикалау әдістерінің жетілдірілуімен және Қазақстанда өмір сүру ұзақтығының ұзаруымен байланыстырады[4].

2012-2016 жылдардағы Қазақстан Республикасы (ҚР) халықының тірек-қимыл жүйесі ауруларының(ТҚЖА) жалпы аурушаңдық көрсеткіштеріне зерттеу жүргізіліп,есептелген болатын. АХЖ-10 сәйкес аурулардың барлық сыныптары мен жекелеген нозологиялары бойынша Мемлекеттік емдеу-алдын алу мекемелерінде (ЕПМ) тіркелген науқастардың саны туралы мәліметтер "Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі" жыл сайынғы ресми статистикалық жинақтарында, сондай-ақ емдеу мекемелеріне жүгіну бойынша есептерде жинақталған деректер бойынша ревматикалық ауруларға алдау жүргізіліп, олардың арасында остеопороз ерекшелеген[5].

Қазақстанның ересек тұрғындары арасында остеопороз ауруы мен таралуы (2012-2016 ж.)

Жыл бойынша көрсеткіштер

Ересектер

оның ішінде 60 жас және одан жоғары

барлығы

әйелдер

барлығы

әйелдер

2012:-барлығы

1129

689

386

288

-алғаш рет анықталған диагноз

307

234

116

84

2013: -барлығы

1347

984

494

365

- алғаш рет анықталған диагноз

388

242

140

100

2014:- барлығы

1750

1143

745

494

- алғаш рет анықталған диагноз

960

537

152

101

2015:- барлығы

1264

943

410

310

- алғаш рет анықталған диагноз

418

289

125

92

2016:- барлығы

1575

1155

518

397

- алғаш рет анықталған диагноз

395

280

126

97

Қазақстанда жүргізілген бұл зерттеу бойынша остеопороздың жалпы сырқаттанушылығын талдау науқастардың басым көпшілігін әйелдер (жылдар бойынша 61-ден 74,6% - ға дейін) құрағанын көрсетті, мұндай үрдіс 60 жастан асқан пациенттерде және алғаш анықталған диагнозы бар адамдарда байқалды. Талданған кезеңде остеопорозбен сырқаттанушылық көрсеткіштерін зерттеу жалпы сырқаттанушылықтың (39,5%), сондай-ақ алғаш анықталған диагноздың (23,7%) өсу динамикасын көрсеткен. Тірек-қимыл жүйесі ауруларының көрсеткіштерінің салыстырмалы талдауы 5 жыл ішінде жалпы (26,4%) және жаңадан анықталған (24,5%) негізгі ревматикалық аурулардың (РА) өсу динамикасы анықталған[5].

Қорытындылай келе, остеопороз қазіргі таңда денсаулық сақтаудың күрделі проблемасы болып отыр. Отандық зерттеу нәтижелері бойынша остеопороз және сыну жағдайлары денсаулық сақтау жүйесіне ауыр жүк болып қана қоймай, сонымен қатар 50 жастан асқан адамдардың үлес салмағының артуына байланысты болашақта бұл мәселенің ауырлығы күшейе түсетінін көреміз.

Әдебиеттер

  1. Пашкова, И.Г. Морфофункциональные корреляции между минеральной плотностью костной ткани и компонентным составом тела у женщин Республики Карелия / И.Г. Пашкова, И.В. Гайворонский // Вестн. Росс. воен.-мед. акад. – 2014. – № 2 (46). – С. 88–92.
  2. Дедов И.И., профессор, академик РАН Москва Мельниченко Г.А.,профессор, академик РАН Москва/Методология разработки клинических рекомендаций Остеопороз /2016.стр-7
  3. Лесняк О.М., Ершова О.Б. Аудит состояния проблемы остеопороза в странах Восточной Европы и Центральной Азии 2010. Naturaprint; 2011
  4. Г.Габдуллина Остеопороз и правильное питание/2018г.
  5. С.М. Исаева Заболеваемость остеопорозом населения Каазахстана и выявление инцидентности остеопоротических переломов в г.Талдыкорган/2016г.
  • Жыл: 2021
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина