Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Үшжапырақты сүбеде жапырақтарынан тұндырма алу

Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін таңдап алынған өсімдік шикізаты - үшжапырақты сүбеде, өт айдайтын, ауырсынуды басатын, жарақатты жазатын қасиетке ие. Құрамындағы ащы заттар тонизирлеуші әсер көрсетеді.

Медициналық практикада үшжапырақтың негізінен жапырақтары қолданылады. Тұнбасы немесе шәй түрінде бауыр және өт ауруларында қолданылады. Құрамындағы ащы заттар ауыз қуысының дәмдік рецепторларын тітіркендіріп, асқазан сөлінің бөлінуін арттырады, тәбетті ашады, ас қорытуды жақсартады. Үшжапырақты сүбеде іш жүргізетін, тәбет ашатын, зәр айдайтын және тыныштандырғыш жинақтар құрамына кіреді [1].

Үшжапырақты сүбеде жапырақтарынан қою экстракт алынған. Дайындалу технологиясына байланысты бір өсімдік шикізатынан алынған әртүрлі сығындылар, құрамындағы әсер етуші заттардың мөлшері бойынша ерекшеленеді.

Зерттеу мақсаты үшжапырақты сүбеде жапырақтарынан перколяция әдісімен тұндырма алу.

Тұндырма - дәрілік өсімдік шикізаттарынан спиртпен экстракциялау арқылы алынатын сығындылар. Тұндырманың дәмі, иісі, түсі оны дайындауда қолданылатын дәрілік өсімдік шикізаттарына ұқсас болады. Тұндырмаларды дайындау үшін кептірілген өсімдік материалдарын, ал кей кезде жас өсімдік шикізаттарын қолданады.

Аталған өсімдік шикізатынан тұндырма алу үшін экстракциялау процессінің жылдамдығы мен толықтығына әсер ететін технологиялық факторларды анықтау қажет[2].

Экстрагентті таңдау. Дәрілік өсімдік шикізатынан тұндырмаларды дайындағанда, еріткіш ретінде этил спиртінің әр түрлі концентрациясы қолданылады.

Экстрагентті таңдау кезінде оның сұрыптаушылық қасиетіне көңіл бөлген жөн. Бұл экстрагенттің шикізат құрамына кіретін әсер етуші затты көп мөлшерде, ал басқа ілеспелі заттарды аз мөлшерде іріктеп, бөліп алу қасиеті. Сонымен қатар, экстрагенттің жоғары экстракциялаушы қабілетін де ескеру қажет. Бұл экстрагенттің аз мөлшерін қолданып, сығындалушы заттың көп мөлшерін алуға мүмкіндік береді [3].

Үшжапырақты сүбеде құрамындағы әсер етуші заттар суда және төмен концентрациядағы этанолда жақсы еритіні белгілі. Сондықтан экстракциялауды жүргізу үшін экстрагент ретінде 30, 40, 50 этанол алу көзделіп отыр. Экстрагент көлемін есептеуде шикізаттың спирт сіңіру коэффициенті ескеріледі

Ұнтақталу дәрежесін анықтау. Дәрілік өсімдік шикізатының ұнтақталу дәрежесі экстракциялау процессіне көп әсер етеді. Материал бөлшектерінің көлемдері ұсақ болған сайын, оның экстрагентпен жанасу беті соғұрлым үлкен болады және сығындалуы жылдам жүреді. Әдебиеттерге сүйене отырып, ең тиімді бөлшектердің көлемі 0,5 мм – 2 мм дейінгі көлемдер екені белгілі болды [2]. Ұнтақталу дәрежесі елеуіш арқылы елеу бойынша анықталады.

Тұндырмаларды алу келесі технологиялық сатылардан тұрады: шикізат пен экстрагентті дайындау, сығынды алу, балластты заттардан тазарту, стандарттау.

Үшжапырақ жапырақтарынан тұндырма алу перколяция әдісімен жүргізіледі. Перколяция экстракциялаудың динамикалық тәсілі болып табылады.

Алынған сығынды +80С жоғары емес температурада бірнеше күн тұндыру және фильтрлеу арқылы тазартылады.

Алынған сығынды сыртқы түрі, әсер етуші заттары және сандық көрсеткіштері бойынша стандартталады. Тұндырмалардың дәмі, түсі және иісі бастапқы шикізаттарға сәйкес болуы қажет.

Сандық көрсеткіштерден спирт концентрациясын, тұндырма тығыздығын, ауыр металлдарды және құрғақ қалдықты анықтау нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

Әдебиеттер

  1. Губанов и.а. и др. Menyanthes trifoliata L. – Вахта трёхлистная, или Трифоль // Иллюстрированный определитель растений Средней России. В 3 т. – М.: Т-во науч. изд. КМК, Ин-т технолог.иссл., 2004. – Т. 3. Покрытосеменные (двудольные: раздельнолепестные). – С.48.
  2. а.ө. Даулбаева, р.м. Анарбаева, м.а. Өмірәлі, н.а. Рахымбаев. Сасық қурай сұйық экстрактысын алуда шикізаттың ұнтақталу дәрежесі мен экстрагент әсерін зерттеу. Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы Хабаршы – №4(84). Том V.– 2018. – С. 16-18.
  3. г.в.аюпова, г.м.латыпова, е.д. Батырова, д.ф. Галимова. Исследование факторов, влияющих на процесс экстрагирования соплодий хмеля обыкновенного. Научные ведомости БелГУ. Сер. Медицина. Фармация. - 2012. вып.18/3.-С. 54-60.
  • Жыл: 2020
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.