Мақсаты: Анестетиктер мен анальгетиктердің периоперациялық иммундық әсерлеріне сәйкес таңдауды зерделеу.
Жалпы әдебиеттік ақпараттарда науқастарға қолданылған анестетиктердің қатерлі ісік жасушаларына және иммундық статусына әсері эксперименттік және клиникалық тұрғыда көптеп көрсетілген. Атап айтқанда эксперименттік зерттеулерде Кетамин, Тиопентал ісік жасушалары санын 5,5 және 2,2 есе арттыратын қасиеті [1], ал Азот закисі, Изофлуран, Севофлуран, Галотан метастаз түзілуін және табиғи киллер жасушаларының цитотоксикалық әсерін төмендететіндігі көрсетілген.[2.3.4] Кеңінен қолданылатын опиоидтық анальгетиктердің ісік ангиогенезінің стимуляциялық қасиеті, әсіресе сүт бездері ісігінің дамуына ықпал ететіндігі анықталған.[5] Сонымен қатар Пропофол және Трамадол анестетикалық препараттары қатерлі ісік жасушалардың метастатикалық белсенділігін төмендететіндігі, әрі табиғи киллер жасушаларының белсенділігін арттыратындығы байқалған [6.7]
Осыған орай, қалалық онкологиялық ауруханада ота жасау барысында анестезия жүргізілу сырқатнамасына зерделеу жүргізілді. Науқастар саны 32, ерлер -12, әйелдер-20. Барлық анестезияда өкпені жасанды желдендіру жүргізілген. Тотальды тамырішілік анестезия (Пропофол,Кетамин,Фентанил) түрі радикалды мастоэктомия (10), жасалуда қолданылған. Гастроэктомия және панкреатодуоденальды резекция оталарында (8) негізгі анестезия ретінде көпкомпонентті (Пропофол,Фентанил,Севофлуран) жүргізілген. Гистерэктомия отасында (14) ең тиімді ретінде эпидуральды және қосалқы тамырішілік анестезия қолданылғандығы анықталды.
Тұжырым. Анестезияны таңдау, онкологиялық науқастарда жүргізілген негізгі ота түрлеріне сәйкес, анестетиктер мен анальгетиктердің негативті және позитивті әсерлеріне сүйене жүргізілгендігі анықталды.
Әдебиеттер
- Melamed R., Bar-Yosef S., Shakhar G. Supression by ketamine, thiopental and halothane, but not by propofol: // Anesth. Analg. 2003; 97: 1331–1339
- Weimann J. Toxicity of nitrous oxide // Best Pract. Res. 2003; 17: 47–61
- Markovic S., Knidht P., Murasko D. Inhibition of interferon stimulation of natural killer cell activity in mice anesthetized with halothane or isoflurane // Anesthesiology. 1993; 78: 700–706
- Mitsuhata H., Shimizu R., Yokoyama M. Suppressive effects of volatile anesthetics on cytokine release in human peripheral blood mononuclear cells // Int. J. Jmmunopharmacol. 1995; 17: 529–534
- Gupta G., Massague J. Cancer metastasis: building a framework // Cell. 2006; 127: 679–695
- Mammoto T., Mukai M., Mammoto A. Intravenous anesthetic propofol inhibits invasion of cancer cells // Cancer Lett. 2002; 184: 165–170.
- Sacerdote P., Bianchi M., Gaspani L. The effects of tramadol and morphine on immune responses and pain after surgery in cancer patients // Anesth. Analg. 2000; 90: 1411–1414