Тимозиннің тимэктомияланған егеуқұйрықтардың гемопоэз және иммунопоэзіне әсері

Өзектілігі. Иммундық тапшылықтың патогенезін зерттеу клиникалық иммунологияның маңызды міндеті болып табылады, белгілі бір иммундық бұзылуларға әкелетін механизмдерді зерттеу негізінде дифференциалды диагностикалар және тиісті түзету әдістерін жасауға болады. Иммундық тапшылықтың дамуы тек қана басқа ауруларға шалдығуының жоғарлауымен емес, сонымен қатар қоршаған ортаның әр түрлі жағдайларына байланысты ағзаның сезімталдық қабілетінің артуы.

Осыған байланысты тимозиндердің иммундық белсенділігі өзгерген ағзаға әсер ету механизмдері туралы мәселе өзекті болып табылады. Иммунитет тапшылығын тудырудың ең ыңғайлы жолы тимэктомия болып табылады, ол жасушалық және гуморальдық иммунитет реакцияларының дамуын бұзады және гемопоэзге айтарлықтай әсер етеді [1,2,3,4].

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты тимэктомияланған егеуқұйрықтарға тимозин енгізген кезде гемопоэзі мен кейбір иммунологиялық көрсеткіштеріндегі болатын өзгерістерді зерттеу.

Зерттеудің материалдары мен әдістері. Зерттеу ретінде бастапқы тірі салмағы 100-120 гр, 108 еркек ақ егеуқұйрық алынды. Тәжрибеде гемопоэз және иммундық жүйенің көрсеткіштерін зерттеу үшін жануарларды 3 топқа; 1 топ-36 бақылау (контроль); 2 топ-36 тимэктомия (тәжрибе); 3 топ-36 тимэктомияланған және тимозин енгізілген (тәжрибе);

Зерттеуге арналған материал ретінде жоғарыда аталған жануарлардың перифериялық қаны, сүйек кемігі жіне иммун жүйесі зерттелді.

Иммун тапшылығының эксперименттік моделі. Тимэктомия, 3.Кемилова (1984) анықталған С.Г.Гасанов, Г.С.Якушев әдісі бойынша жасалды (1961). Зерттеу тимэктомиядан кейін 1,2,3,4,5,6 ай мерзімінде зерттелді.

Қаракөл қозышағы тимусының биологиялық белсенді факторын (тимозинді) алу және оны қолдану. Жаңа туған 2 күндік Қаракөл қозыларының тимусынан биологиялық белсенді фракциялар стандартты әдіспен алынды (А.Л.Голдштейн және басқалар,1972; Т.А.Хупер және басқалар 1975; Николаев А.И, Мамутов Ж.И., 1986).

Тимозиннің биологиялық белсенді (фракция-5) затына деген дозалық тәуелділікті анықтау, интактты және иммун тапшылығы бар егеуқұйрықтардың перифериялық қанының лимфотциттеріндегі иммундық қалыптастырушы жасушаларының (иРОК) санын өзгерту арқылы жүзеге асырылады.

Тимэктомиялық егеуқұйрықтарға тимозинді 1,0 мкг дозада тимэктомиядан соң 1,2,3,4,5,6 айдан кейін физиологиялық ерітіндіде 10 күн ішінде бұлшықет ішіне енгізді. Бақылау жануарлары ұқсас схема бойынша апирогенді тұзды ерітінді алды.

Зерттеу нәтижелері. Тимэктомияланған 30 күндік егеуқұйрықтарға тимозинді енгізгеннен бастап 2 күні перифериялық қанда гемоглобиннің бұзылған көрсеткіштерінде, эритроциттердің, лейкоциттердің және лимфоциттердің жалпы санының тұрақты деңгейге дейін қалпына келуі анықталады. Ретикулоциттердің, нейтрофильді гранулоциттердің, эозинофилдер мен моноциттердің көбеюі біршама азаяды және бақылау шегінде болады. 2,3,6 айлық жануарларда бұзылған гематологиялық көрсеткіштерінің қалыпына келуі 10 күндік тимозин енгізгеннен кейін, перифериялық қанын зерттеу барысында байқалады. Алайда, отадан кейін 5 және 6 ай мерзімінде тимозинді тимэктомияланған жануарларға енгізген кезде, бақылаумен салыстырғанда перифериялық қанындағы жекелеген көрсеткіштердің артқаны байқалады. Айқын панцитопения тимозин енгізілгеннен кейін байқалады және зерттелінген қан көрсеткіштерінің бақылау көрсеткіштері деңгейінен (тимэктомия), әсіресе гемоглобин құрамындағы эритроциттер, лейкоциттер, лимфоциттер санының едәуір артуымен және ретикулоциттер, нейтрофильді гранулоциттер мен моноциттер санының қалыпты мәндерге дейін азаюымен (интактілік бақылау) қатар жүреді.

Осылайша, күнделікті тимозинді (фракция-5) 10 күн ішінде отадан кейін әр түрлі уақытта тимэктомияланған жануарларға 1,0 мкг дозада енгізу перифериялық қандағы бұзылған гематологиялық көрсеткіштерді толығымен қалпына келтіреді, ал тимэктомиядан кейінгі кеш мерзімде (5,6 ай) енгізген кезде жеке көрсеткіштері интактты егеуқұйрықтардың бақылау мәндерінен сәл асады.

Тимэктомия жасалған егеуқұйрықтардың көкбауырындағы антидене түзуші жасушаларды (АТЖ) иммунизацияланған қошқардың эритроциттері (ҚЭ) арқылы зерттеу кезінде контрольды егеуқұйрықтарда болатын ядролы жасушалар санының ұлғаюы байқалады. Тимэктомиядан соң 3 айдан кейін, тимус гормондарының тапшылығы өскен сайын тимэктомияланған егеуқұйрықтардың көкбауырындағы құрамында ядролы жасушалардың саны едәуір артады. Тимэктомиядан соң 2 айдан 4 айға дейін кариоциттер санында тұрақты өзгерістер байқалады. 5 айдан кейін олардың саны азая бастайды, ал 6 айға қарай бақылаудың ауытқуы шегіне жетеді. Осылайша, тимэктомия көкбауырда ядролы жасушалардың едәуір ұлғаюына әкеледі.

Жүргізілген зерттеулер отадан кейін тимозинді әр түрлі уақытта тимэктомияланған егеуқұйрықтарға енгізгеннен кейін, 11-ші күні көкбауырдың құрамындағы ядролы жасушалардың көбеюінің төмендегенін көрсетеді. Тимэктомиядан соң 3 айдан кейін егеуқұйрықтарға тимозин енгізу кезінде құрамында ядролы көкбауыр жасушаларының едәуір азаюы анықталды. Тимозин енгізілгеннен кейін көкбауырда ядролы жасушалардың одан әрі ұлғаюы тек 40 күндік тимэктомиялық егеуқұйрықтарда байқалады. Ал зерттеудің қалған кезеңдерінде (2,3,4,5 ай) ядролы жасушалардың едәуір азаюы байқалады, ал 6 айда бақылау шамасы шегіне жететіндігі анықталған.

Тимусы алынған егеуқұйрықтарға тимозинді зерттеудің әр түрлі кезеңдерінде енгізу көкбауырдағы антидене түзуші жасушалар (АТЖ) санының көбеюіне әкелетіндігі анықталды. Тимозин енгізілгеннен кейін тимэктомияланған егеуқұйрықтардың көкбауырындағы антиген түзуші жасушалар санының ұлғаюы отадан соң 3,4,5,6 айлардан кейінгі мерзімде де байқалады.

Қорытынды.

Осылайша, тимэктомияланған егеу құйрықтарға тимозинді енгізу–лимфоциттердің субпопуляция- ларының функционалды белсенділігін қалыпқа келтіруі, нейтрофилдер санының төмендетуі, жануарларда антидене түзулуінің ынталандыруы байқалады және перифериялық қанның морфологиялық құрамы қалыпқа келеді .

Әдебиеттер

  1. Маткина О. В. Патогистологические изменения в тимусе и селезенке неинбредных белых крыс при остром стрессе. Пермский медицинский журнал.2014; 31 (1):121–128.
  2. Резник Е.Ю., Родниченко А.Е., Васильев Р.Г., Лабунец И. Ф. Влияние тимэктомии на иммунный ответ у мышей линии СВА/Са. 66-я Всероссийская научно-практическая конференция молодых учёных и студентов «Актуальные вопросы современной медицинской науки и здравоохранения», УГМА. Апрель 2011. Доступно по: http://nomus.ucoz.net/index/0-2.
  3. Ярилин А. А. Старение иммунной системы и тимуса. Клинич е с к а я г е р о н т о л о г и я . 2 0 0 3 ; ( 3 ) : 8 – 1 7.
  4. Морфоструктура селезёнки крыс после удаления тимуса в эксприменте, Крымский журнал эксприментальной и клинической медицины, 2017, т. 7, № 3.
Жыл: 2020
Қала: Шымкент
Категория: Медицина