Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жаңа короновирустық инфекция және оның акушерия- гинекологиядағы қауіп топтары

Кіріспе

Коронавирустар-қабығы бар сфералық РНҚ-лы вирустар.

Адамдарда SARS-CoV және MERS-CoV коронавирустары төменгі тыныс жолдары ауруларының себебі болып табылады : ауыр жедел респираторлық синдром және Таяу шығыс респираторлық синдромы. Екеуінің де бірнеше ортақ белгілері бар, мысалы, ауруханаішілік берілуі, төменгі тыныс жолдарының репликациясы және вирустық иммунопатологияны дамыту мүмкіндігі. Коронавирустың екеуі де зоонозды инфекциялар болып табылады және адамдардың айтарлықтай өлімімен бірге ауыр індеттер тудырады. Жүкті әйелдерге SARS-CoV және MERS-CoV вирусын жұқтыру нәтижесінде жүктіліктің асқынулары, оның ішінде аналық өлім қаупі жоғарлайды. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциялардың алдын-алуға және этиотроптық емге мүмкундігі жоқ[1,2].

Бұл болашақта клиникалық тәжірибеге қалай әсер етуі мүмкін?

►Жүкті әйелдердегі CОVID-19 клиникалық көрінісінің ерекшеліктерін білу клиницистке уақтылы диагноз қоюға, сондай-ақ қажетті медициналық көмек көрсетуге және ана мен ұрық үшін мүмкін болатын асқынулардың алдын алуға көмектеседі.

► Клиникалық ұсыныстар жүктілік амалын жүргізуге, тексеруге, сондай-ақ жүкті әйелдің босану әдісін таңдауға мүмкіндік береді.

2019 жылдың желтоқсан айында Қытайда коронавирустың жаңа түрі анықталды – SARS-CoV-2, ол Қытайға және кейінірек бүкіл әлемге тез таралды. Жаңа коронавирус тудырған ауру COVID-19 деп аталды. SARS-CoV-2 вирусы сілекейде, нәжісте, тыныс алу жолдарының секрециясында болады, адамнан адамға тікелей байланыс арқылы беріледі . Covid-19-мен ауыр және өлім жағдайлары 65 жастан асқан пациенттерде қатар жүретін аурулар: жүрек қан тамыр аурулары, қант диабеті, гипертония, қатерлі ісіктер болған кезде дамитыны белгілі . Көбінесе пациенттерде ауыр пневмония дамиды, бұл ретте 23-32% қарқынды ем бөлімшесіне түседі, соның 17-29%-да үдемелі респираторлық дистресс-синдром байқалады. Ауруханаға жатқызылған пациенттердің ішінде өлім-жітім 4-15% құрады. Өлімнің жалпы коэффициенті (инфекцияның асимптоматикалық және симптоматикалық нұсқаларын қоса) алдын–ала бағалау бойынша 1% құрайды (95% сенімділік аралығы = 0,5-4,0 %), олардың көпшілігі (54-73 %) ер адамдар . COVID-19 туындаған

инфекцияның белгілері: қызба (83-100 %), жөтел (59-82%), миалгия (11-35%), бас ауруы (7-8 %) және диарея (2-10 %) . Ауыр жағдайларында эндотелиопатия мен ДВС синдромының дамуы туралы мәліметтер бар. [5,6].

Жалпы клиникалық және биохимиялық қан анализінде лейкопения, лимфопения, лактатдегидрогеназа , аланинаминотрансфераза, аспартатаминотрансфераза, С-реактивті ақуыз анықталады, ал өзгерістер жалпы жағдайдың ауырлығымен байланысты .

Өкпедегі өзгерістер ( "күңгірт" әйнек белгісі, инфильтрация, өкпе суретінің күшеюі, қуыстардың пайда болуы, аймақтық лимфаденопатия) компьютерлік томография деректері бойынша диагноз қойылады. Өкпенің зақымдануы ошақты (бір немесе екі өкпедегі ошақ), шашыраңқы (бір немесе екі жағынан 10 ошақтан аз) және диффузды (екі өкпеде 10 ошақтан көп), орталық және перифериялық болуы мүмкін[4].

Диагностика вирусты полимеразды тізбекті реакция (ПТР) арқылы жұтқыншақтың жағындысында анықтаудан тұрады.

Бірақ, әр түрлі мәліметтерге сәйкес, бұл әдістің сезімталдығы 30-60% құрайды. Нәтижеге сынаманы алудың дұрыстығы мен уақыты да әсер етеді (аурудың дамуының әртүрлі кезеңдері). Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, диагноз клиникалық, аспаптық және зертханалық деректерді біріктірілген бағалаудан тұрады[4,6].

Санитарлық-эпидемиологиялық тәртіпке және өзін-өзі оқшаулауға сәйкес, коронавирустық инфекцияның ауыр ағымының дамуында COVID-19 бірқатар медициналық шараларды және жоғары қауіп топтарды анықтауды ұмытпаған жөн. Осы топтардың бірі жүкті әйелдер. [1.2].

Біз жоғары қауіпті топтарға: қабынулық және протромботикалық статусы жоғары барлық әйелдерді жатқызған. Бұл топқа келесі науқастар жатады:

  1. анамнезінде веноздық және артериялық тромбозы бар айелдер (ишемиялық инсульт), әсіресе антифосфолипидтік синдром жағдайында және тромбофилияның генетикалық түрлері бар айелдер. APS және COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар науқастарда даму АПС-тің апатты түрінің дамуының қаупі өте жоғары болатындығы айтылған; [2,3].
  2. жүрек-қан тамырлар аурулары, қабынуы және атеротромбозы бар жүкті әйелдер - өзара тәуелді түсініктер;
  3. аутоиммунды және ревматикалық аурулары бар жүкті әйелдер әдетте жоғары қабынуғалық және протромботикалық статусы жоғары. Бұл топқа айналымдағы антифосфолипидті антиденелері бар барлық науқастар кіруі мүмкін;
  4. қант диабеті бар жүкті әйелдер, әсіресе зат алмасуы бұзылыстары бар әйелдер. Әдетте, бұл науқастарда фибринолизді басудың тежелуі орын алады, сол себепті қан тамырларының микротромбозы қаупі артады, өмірлік маңызды мүшелердің микроциркуляциясы бұзылады. Сонымен қатар, май тіні қабынулық цитокиндердің көзі болып табылады;
  5. өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын әйелдер;
  6. менопаузалық гормондық ем қабылдап жатқан әйелдер;
  7. гормоналды контрацептивтер қабылдайтын әйелдер;
  8. экстракорпоральды ұрықтандырудан (ЭКҰ) кейінгі жүкті әйелдер, себебі бұл әйелдердің көпшілігі ауыр акушерлік-гинекологиялық анамнезі бар әйелдер.
  9. егде жастағы әйелдер;
  10. қатерлі ісікпен ауыратын науқастар. Қатерлі ісіктердің пайда болуы коагуляцияның бұзылуымен тікелей байланысты, микро- және макротромбоз түрінде,сонымен қатар шашыранды тамырішілік қан ұю синдромының дамуымен қоса жүреді.

Жүктілік кезіндегі covid-19 коронавирустық инфекциясының клиникалық ерекшеліктері:

Жүктілік кезіндегі SARS-CoV-2 коронавирустық инфекциясының ерекшелігі маңызды мәселе болып табылады.

Жүктіліктің III триместрінде жүкті әйелдерде SARS-CoV-2 инфекциясының 9 жағдайы белгілі болды. Барлық 9 жүкті әйелде SARS-CoV-2 коронавирусы ауыз жұтқыншақ жағындысында ПТР арқылы анықталды. Әйелдердің жасы 26-40 жас, жүктілік мерзімі-36-39 апта аралығы,. Жүрек-қантамыр жүйесі аурулары, қант диабеті, гипертония болған жоқ.

3 әйелде тұмау, 27-ші аптадан бастап гестациялық гипертензия және жүктіліктің 31-ші аптасында преэклампсия дамыған.

Қабылдау кезінде 7 әйел қызбаға, 4 – жөтелге, 3 – миалгияға, 2 – тамағында ауырсынуына, 2 – әлсіздікке, 1 – диареяға шағымданған. Клиникалық және биохимиялық қан анализінде келесі өзгерістер байқалды: 6 әйелде – CРБ деңгейінің жоғарылауы, 5-де – лимфопения, 3-де-АЛТ және АСТ мөлшерінің жоғарылауы. Кеуде қуысының КТ деректері бойынша COVID - 19-ға тән "күңгірт" шыны құбылысы бар инфильтраттар түріндегі өкпе зақымдануы 8 пациентте анықталған. [4.5].

Мерзімінен бұрын босану 4 жүкті әйелде болды: 2 жағдайда ұрықтың жүрек соғуының нашарлауымен және 2 жағдайда қағанақ қабының мерзімінен бұрын жарылуымен асқынған. Ауыр пневмония немесе ана өлімі туралы мәліметтер жоқ. Барлық бақылауларда оперативті босанулар жүргізілді. Мерзімінен бұрын босанған 4 баланың 2-інде туу кезіндегі дене салмағы 2500 г-нан аз болды, преэклампсиясы бар анадан салмағы 1880 г бала дүниеге келді. Барлық балалар асфиксия белгілерінсіз дүниеге келді. [6].

6 пациентте амниотикалық сұйықтықта, кіндік қанының жағындыларында, жаңа туған нәрестелердегі жұтқыншақтың жағындыларында, сондай-ақ аналарындағы емшек сүтінде коронавирус SARS-CoV-2 анықталмады , сондай ақ емшек сүтінің үлгілерінде, қынаптың бөліндісінде, ананың плацентасы, сондай-ақ плазма, кіндік қан, жаңа туған нәрестенің ауыз жұтқыншақтарынан ПЦР әдісімен SARSCoV-2 коронавирусы анықталмады .

Жүктіліктің 37-ші аптасында ауыр соматикалық анамнезі жоқ, тағы бір 34 жастағы әйелде қызба анықталды, кеуде қуысының КТ мәліметтері бойынша өкпенің екі жақты зақымдануы "күңгірт" әйнек түрінде, сондай-ақ сол жақтағы төменгі бөлікте және оң жақтағы ортаңғы бөлікте инфильтрация ошақтары анықталды. SARS-CoV-2 коронавирусы ПЦР әдісі арқылы ауыз-жұтқыншақтың жағындысынан табылды. Науқас гестация кезеңінде 38 апта 4 күн мерзімінде босанды, дене салмағы 3250 г тірі бала асфиксия белгілерінсіз дүниеге келді. ПЦР әдісімен нәрестенің қан, зәр және нәжіс үлгілерінде SARS-CoV-2 коронавирусы анықталған жоқ.

Халықаралық тромбоз және гемостаз қоғамының ұсыныстарына сәйкес COVID-19 инфекциясымен ауыратын барлық науқастарда тромбоз және гемостаз бойынша D-димер деңгейін, протромбиндік уақытын , тромбоциттер санын анықтау қажет[5].

COVID-19 бар науқастардың ТІШҚҰ белгілерінің өршуі септикалық шок пен көпмүшелік тапшылықтың дамуының жоғарғы қауіпі өлім санын әлдеқайда арттыратыны мәлім.

Жиналған мәліметтерді ескере отырып, COVID-19 бар науқастарға антикоагулянтты алдын алу мақсатымен ем жүргізген орынды деп санайды. Себебі төмен молекулалы гепаринді қолданған кезде клиникалық нәтижесінің жақсаруы байқалған. [2].

Әдебиеттер

  1. Huang C., Wang Y., Li X. et al. Clinical features of patients infected with 2019 novel coronavirus in Wuhan, China. Lancet. 2020;395(10223):497–506. DOI: 10.1016/S0140-6736(20)30183-5.
  2. Lippi G., Plebani M., Henry B.M. Thrombocytopenia is associated with severe coronavirus disease 2019 (COVID-19) infections: A meta-analysis. Clini Chim Acta. 2020;506:145–8. DOI: 10.1016/j.cca.2020.03.022
  3. Guo T., Fan Y., Chen M. et al. Cardiovascular implications of fatal outcomes of patients with coronavirus disease 2019 (COVID-19). JAMAСardiol. 2020. Mar 27. DOI: 10.1001/jamacardio.2020.1017. [Epub ahead of print].
  4. Thachil J., Tang N., Gando S. et al. ISTH interim guidance on recognition and management of coagulopathy in COVID-19. J Thromb Hemost. 2020. Mar 25. 8 p. DOI: 10.1111/jth.14810.
  5. Tang N., Li D., Wang X., Sun Z. Abnormal coagulation parameters are associated with poor prognosis in patients with novel coronavirus pneumonia. J Thromb Haemost. 2020;18(4):844–7. DOI: 10.1111/jth.14768
  6. Cui J., Li F., Shi Z. L. Origin and evolution of pathogenic coronaviruses. Nat Rev Microbiol. 2019;17:181–92. DOI: 10.1038/s41579-018-0118-9.
  • Жыл: 2020
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.