Түйін
Жұмыс Оңтүстік Қазақстанда өсетін Rhodiola Semenovii Boriss тамыр сабақтары мен тамырларындағы илік заттарды идентификациялау химиялық реакциялармен (темір аммоний ашудасы, қорғасын ацетаты, натрий нитриттерімен) дәлелденіп, сандық мөлшерін танинге қайта есептегендегі перманганатометриялық әдіспен анықтауға арналған. Шикізаттағы илік заттардың абсолютті құрғақ шикізатқа қайта есептегендегі қосынды мөлшері 10,01 – 18,23 % аралығында, минималды мөлшері 10,01±0,483% кем емес.
Кілт сөздер: Rhodiola Semenovii Boriss тамыр сабақтары мен тамырлары, илік заттар, идентификация, сандық анықтау, перманганатометрия.
Жаңа шикізаттық көздерді іздеу, өсімдіктердің құрамындағы биологиялық белсенді заттарды зерттеу және олардың негізінде экологиялық таза, уыттылығы аз, жоғары тиімді, кең спектрлі әсерге ие дәрілік заттарды жасау заманауи фармацияның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады [1].
Қазіргі таңда отандық дәрілік өсімдік шикізаты номенклатурасын кеңейту мақсатында жабайы түрде өсетін өсімдіктерді зерттеу және олардың негізінде фитопрепараттарды алуға үлкен назар аударылған.
Отандық флораның дәрілік өсімдіктерінің үлкен сан алуандығының ішінде Оңтүстік Қазақстан флорасында кеңінен таралған семізот туыстары (Rhodiola Linnaeus, Rhodiola L.). Атап айтқанда халық медицинасында кеңінен танымал, бірақ зерттелуі жеткіліксіз Семенов семізоты (Rhodiola Semenovii (Regel and Herder) Boriss, R. Semenovii Boriss) [2-3].
Фитохимиктер және фармакологтар зерттеулері семізот туысын жаңа дәрілік шикізаттық көздерді іздеу үшін болашағы бар бағыттардың бірі деп есептеуге негіз береді. Семізот туыстарының ішінде кеңінен зерттелген және официналды медицинаға енгізілген түрі қызғылт семізот (Rhodiola rosea L.).
Rhodiola Semenovii Boriss - көпжылдық шөптесін өсімдік, Шығыс Еуропа және Азия мемлекеттерінің де халық медицинасында жүйке жүйесін ынталандырушы, күйзелісті төмендету, жұмысқа қабілеттілікті жоғарылату, шаршауды басу, ағзаның инфекциялық ауруларға және суық тигізуге қарсылығын күшейту, антибиотиктердің жанама әсерлерін жұмсарту, ақыл-ой және физикалық жұмысқа қабілеттілікті жоғарылату үшін кеңінен қолдануда [4].
Осы орайда шикізаттың құрамындағы биологиялық белсенді заттардың бірі илік заттардың микробтарға, зеңдерге және қабынуға қарсы, қармаушы т.б. әсерлері ерекше назар аудартады.
Сондықтан біздің зерттеуіміз осы шикізаттың фармакогностикалық және фитохимиялық талдауларын жүргізуге арналған [5-8].
Зерттеудің мақсаты. Rhodiola Semenovii Boriss тамыр сабақтары мен тамырларындағы илік заттарды идентификациялау және сандық мөлшерін анықтау.
Зерттеудің әдістері мен материалдары.
Зерттеу объектілері ретінде Қазақстанның оңтүстігіндегі жаппай гүлдену және жемістену фазасында жинап алынған, ауалы-құрғақ жолмен кептірілген, ұсақталған Rhodiola Semenovii Boriss тамыр сабақтары мен тамырлары қолданылды. Талдауда «х.т.» категориялы еріткіштер мен реактивтер қолданылды: 1 г ұсақталған шикізат, натрий нитритінің ұнтақтары, темір аммоний ашудасы, 10 % сірке қышқылы, 10 % қорғасын ацетатының орта тұзы және 0,1 М хлорсутек қышқылы ерітінділері.
Илік заттарды идентификациялау
Шикізат құрамындағы илік заттарды идентификациялау үшін сапалық реакциялар жүргізілді. Ол үшін шикізаттың сулы бөлінділері дайындалды. Алынған нәтижелер бойынша шикізат құрамында гидролизденетін илік заттар көбірек кездесетіні анықталынды. Оның ішінде химиялық құрылысына байланысты тотығу- тотықсыздану және тұнбаға түсу реакциялары жасалынды.
Сапалық реакцияларды жүргізу әдістемесі. 1 г ұсақталған шикізатқа 100 мл су қосады. Су моншасында 20-30 мин бойы қыздырады, мақта арқылы сүзіп және алынған бөлінді сапалық реакцияларға қолданады.
2-3 мл бөліндіге 4-5 тамшы темір аммоний ашудасы ерітіндісін тамызғанда қара-көк түсті тұнба пайда болады.
- мл бөліндіге 2 мл 10 % сірке қышқылы ерітіндісін және 1 мл 10 % қорғасын ацетатының орта тұзын қосқанда ақшыл-сарғыш түсті аморфты тұнба түзіледі.
- мл бөліндіге натрий нитритінің бірнеше кристалдарын және 2 тамшы 0,1 М хлорсутек қышқылы ерітіндісін қосқанда қоңыр бояу пайда болады.
Илік заттардың сандық мөлшерін анықтау
Шикізат құрамындағы илік заттардың сандық мөлшерін анықтау ҚР МФ жалпы қабылданған әдістемесіне сәйкес перманганатометриялық әдіс бойынша жүргізілді [9-10]. Тотықтырғыш-тотықсыздан- дырғыш индикаторы ретінде 0,25 % индигосульфоқышқылы ерітіндісі қолданылды. Көк түстен сары түске ауысуы рН 11,6-14,0 интервалында жүреді.
Сандық анықтау әдістемесі. Саңылауларының диаметрі 3 мм елек арқылы еленген 2 г (дәл өлшенді) ұсақталған шикізатты сыйымдылығы 500 мл конустық колбаға салады, қайнағанша қыздырылған 250 мл су қосады, кері суытқышпен су моншасында 30 мин бойы оқтын - оқтын араластыра отырып, қайнатады. Сұйықтықты суытады, содан соң шамамен 100 мл ерітіндіні мақта арқылы сыйымдылығы 200-250 мл конустық колбаға сүзеді. 25 мл алынған ерітіндіні тамшуырмен сыйымдылығы 750 мл конустық колбаға құяды, 500 мл су
және 25 мл индигосульфоқышқылы ерітіндісін қосады және 0,02 М калий перманганаты ерітіндісімен алтын- сары түске дейін араластыра отырып титрлейді.
Бақылау тәжірибесін қатар жүргізеді.
Абсолютті құрғақ шикізатқа қайта есептегендегі илік заттардың мөлшерін (Х) пайызбен мына формула бойынша есептейді:
Партия |
Илік заттардың мөлшері |
Метрологиялық сипаттамалары |
1 |
12,78 |
Xорт. = 13,17 S2=0,073 Sxорт.= 0,11 ΔXорт. = 0,271 έ, % = 2,05 |
12,95 |
||
13,45 |
||
13,24 |
||
13,18 |
||
13,46 |
||
2 |
16,95 |
Xорт. = 16,94 S2=0,025 Sxорт.= 0,065 ΔXорт. = 0,16 έ, % = 0,94 |
17,03 |
||
17,21 |
||
16,82 |
||
16,79 |
||
16,84 |
||
3 |
9,39 |
Xорт. = 10,01 S2=0,1674 Sxорт.= 0,167 ΔXорт. = 0,409 έ, % = 4,08 |
9,87 |
||
10,45 |
||
10,21 |
||
9,76 |
||
10,38 |
||
4 |
18,07 |
Xорт. = 18,23 S2=0,234 Sxорт.= 0,197 ΔXорт. = 0,483 έ, % = 2,65 |
18,58 |
||
17,97 |
||
17,65 |
||
19,01 |
||
18,13 |
||
11,33 |
Xорт. = 11,21 |
|
10,86 |
Кесте 1 - Шикізат құрамындағы илік заттардың қосынды жиынтығын сандық анықтау нәтижелері
21
5 |
11,29 |
S2=0,066 Sxорт.= 0,105 ΔXорт. = 0,257 έ, % = 2,29 |
11,51 |
||
11,37 |
||
10,94 |
1-ші кестеде берілгендері бойынша, зерттелінген шикізаттағы илік заттардың абсолютті құрғақ шикізатқа қайта есептегендегі қосынды мөлшері 10,01– 18,23 % аралығында, минималды мөлшері 10,01±0,483% кем емес екендігі анықталды.
Қорытынды. Шикізат құрамындағы илік заттардың өзі екендігі химиялық реакциялармен дәлелденіп, сандық мөлшері перманганатометриялық әдіспен анықталынды.
Әдебиеттер
- Голоскоков В.П., Байтенов М.С., Васильева А.Н. және т.б. // Иллюстрированный определитель растений Казахстана -Алма-ата: Наука, 1969.-Т1.-13, 474-477 б.
- Турова А.Д., Сапожникова Э.Н. Золотой корень // Лекарственные растения СССР и их применение.-3-е изд..- М: Медицина, 1982.-35-37 б.
- Османова М., Лұқпанов Ж. Өсімдік – жанға шипа, дертке дауа. // Алматы: Қайнар, 1992.-66-67 б.
- Казановский С.Г. Лекарственные растения: Родиола // Природа Байкала.-1999.-24-26 б.
- Нурханова Г.Ж., Турсубекова Б.И., Ордабаева С.К. Определение числовых показателей корней и корневищ RhodiolaSemenovii(Boriss) // Вестник ЮКГФА. -2015-.-№2(71) с.105-108.
- Ордабаева С.К., Турсубекова Б.И., Нурханова Г.Ж. Определение салидрозида в корневищах и корнях RhodiolaSemenovii (Boriss), произрастающей в Южном Казахстане // «Здоровье семьи – XXI век». – Перьм, 2015. – с. 293-295.
- Нурханова Г.Ж., Махова Е.Г., Турсубекова Б.И., Ордабаева С.К. Изучение элементного состава и его количественное содержание в корневищах и корнях Rhodiolae Semenovii (Boriss) // Вестник ЮКГФА. - 2015-.-№4(71) с.105-108.
- Seydillaeva R.N., Nurkhanova G.J., Ospanov D.T., Tursubekova B.I. The study of accumulation dynamics of basic bioactive substances in rhizomes and roots of RhodiolaSemenovii (Boriss) // Вестник ЮКГФА. -2015-.-№4(71) с.105-108.
- Государственная фармакопея Республики Казахстан /Т.1. – Алматы, «Жибек жолы», 2008. -с.592
- Государственная фармакопея Республики Казахстан /Т.2. – Алматы, «Жибек жолы», 2009. -с.792