Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ауыз қуысы шырышты қабығының герпестік зақымдануы бар науқастарды кешенді емдеуді ацикловир, медовир қолдану

Түйін

Герпестік инфекция кезінде уақтылы диагностика жүргізілмей, тиімді ем тағайындалмаса ағзада созылмалы сенсибилизация болады, яғни науқастың қанында қарапайым герпес вирусына антиденелер титрі 5-9 есе жоғарылайды. Осы науқастарға тағайындалған кешенді емге ацикловир, медовирді енгізсек аурудың ағымы жеңілдейді және қайта рецидив беруі төмендейді.

Кілт сөздер:герпестік инфекция, қарапайым герпес вирусы, көпіршіктер, эрозиялар

Өзектілігі: герпестік инфекцияның пайда болуының негізгі себебі қарапайым герпес вирусы болып табылады, ол адам ағзасына түскеннен кейін тері, көз, шырышты қабықта зақымдану шақырады, сонымен қатар жүйке жүйесіне, жүрек-қан-тамыр жүйесіне де әсер көрсетеді. Сондықтан герпестік инфекция – көпжақты және әртүрлі патологиялық әсер көрсетеді.Әдетте герпес вирусының клиникалық көрінісі ауыз қуысында және

Үлкендерде герпестік инфекция көбнесе ауыз айналасында немесе еріннің қызы жиегінде көпіршікті бөртпе түрінде пайда болады және бірнеше күннің ішінде кеуіп, жазылады. Ауыз қуысында ұсақ топталған, көпіршіктер пайда болады(Сурет №2 ), олар оңай жарылады да қатты ауыратын эрозиялар пайда болады. Ауыз қуысындағы эрозиялар ақ не сарғыш сұр түсті фибринді қақпен жабылады, бірнеше күннен кейін біртіндеп тазаланып, эпителийленеді. Герпестік инфекция өз уақтында тиімді дұрыс емделмесе қайталамалы созылмалы түрге ауысады. Бұл қайталамалы түрінде герпесвирусқа қарсы түзілген антиденелердің цитопатогенді әсерінен көпіршік пайда болу кезеңі болмай, эрозиялар түзіледі. Бұл кезде ауыз қуысы шырышты қабығы тіндерінде ауқымды зақымдану үрдісі жүреді, одан әрі эрозиятүліліп, ұзақ және қиын жазылатын жараға айналады, науқастар қатты ауру сезіміне шағымданады, ас қабылдау, сөйлеу қиындайды, сонымен қатар толыққанды ұйқысы бұзылады.

Нәтижесінде науқас тиімді ем алғанға дейін ас қабылдамай, бірнеше күнге дейін аш жүреді, сондықтан бұл герпестік инфекцияның диагностикалық және емдік шаралары өзекті мәселелердің бірі болып табылады және мүмкіндігінше дер кезінде нақты емдеу алгоритмін жасауды талап етеді. Ересек адамдарда герпесті емдеу әртүрлі сипатта болады. Герпестің алғашқы симптомдары көріне бастағанда-ақ А және Е майнегіздегі витаминдер, облепиха майы сияқты регенерацияны жеделтететін препараттар тағайындаған жөн.

 

Жалпы ем: - вирусқа қарсы препараттар (верогель неовир, герпевир, зовиракс – бір препараттың әртүрлі аталуы), ішке қабылдауға болады, сонымен қатар жазылу сатысында науқастың жалпы жағдайы мен аурудың ағымының дәрежесіне қарай иммунитетті жоғарылататын витаминдер тағайындауға болады.

Герпестік инфекцияның жергілікті емі: - ауыз қуысында бөртпелер орналасқан аймақты вирусқа қарсы және антисептикалық өңдеу керек, алдын ала ауру сезімін басу үшін анельгетиктер қолдануға болады. - жазылу кезеңінде эпителизацияны ынталандыратын кератопластиктер тағайындауға боалды.

Біз герпестік инфекцияны кешенді емдеу кезіндегі ацикловир, медовир препараттарының клиникалық эффективтілігін зерттеп көрдік.

Зерттеу әдісі: Науқастарды клиникалық зерттеу, қанның құрамын жалпы талдау, көктамыр қанын қарапайым герпес вирусына қарсы антиденелерді анықтайтын ИФА тексеру әдісі. Біздің қабылдауда созылмалы қайталамалы герпестік инфекциясы және еріннің қайталанбалы герпесі бар 14 науқас болды.Барлық науқасқа 1 және 2 типті қарапайым герпес вирусына, цитомегаловирусқа қарсы антиденелерді анықтайтын ИФА жасалды. Барлық науқастарды аурудың ұзақтығына қарай топшаларға бөлдік: ауырғандарына 1 жылға дейін уақыт болған науқастар саны - 2, 1-4 жыл болған уақыт бойы мазалап жүргендер – 3 науқас, 4 жылдан 7 жылға дейінгі аралықта ауырып жүргендер - 4 науқас, 7 – 10 жыл бойы осы аурумен ауыратындар -4 науқас, 10 жылдан астам уақыт ауыратындар – 2 науқас. ИФА тексеру арқылы анықталғаны – аурудың ағымы ұзақ жылдарды қамтыған сайын қарапайым герпескеқарсы антиденелер титрі жоғарылайды.

Науқастарды 2 топқа бөлдік, негізгі және бақылау тобы.

Науқастың жасы мен жынысына байланыссыз ауру ұзақтығы 1 жылға дейінгі уақыт болған науқастарда Ig G титрі 3 есе жоғарылаған, 1 - 4 жыл болған уақыт бойы мазалап жүргеннауқастарда – 3,5 есе, 4 жылдан 7 жылға дейінгі аралықта ауырып жүрген науқастарда – 5,5 есе, 7- 10 жыл бойы ауырып жүрген науқастарда 9,6 есе жоғарылаған, антиденелер титрі 5,5 жоғары көрсеткіші бар науқастарға кешенді емге медовир препаратын енгіздік.

Медовир – иммунынталандырушы дәрілік зат, ДНК-және РНК-геномды вирустарға қарсы әсер көрсе- теді. Бұл препараттың белсенділігі ағзада эндогенді интерферонды индукциялау қабілетіне тікелей байланысты болады. Интерферон өндіретін жасушалар патологиялық агенттердің индукциялау үрдісіне жауап ретінде көп мөлшерде интерферон бөліп шығару қабілеті ие болады және бұл қасиеті препаратты қабылдауды тоқтанғаннан кейінде ұзақ уақыт бойы сақталады. Бұл препаратты б/е ішіне енгізгеннен кейін қанда және тіндерде интерферонның белсенділік көрсетуінің ең жоғарғы шыңы бірнеше сағаттан кейін байқалады және 16-20 сағат бойы белсенділігін жоймайды. Нәтижесінде жасушалардың вирусқа резистенттілігі дамиды, сонымен қатар вирусты және зақымданған жасушаларды жоюға бағытталған иммунды реакциялар қалыптасады.

Иммунынталадырушы және интерфероногенді әсер көрсететін Медовир препараты барлық науқастарға б/е ішіне күніне 1 рет 48 сағат интервалмен тағайындалды. Жалпы емдеу курсына 7 инъекция тағйындалды.

Жергілікті емдеу үшін ацикловир мазі қолдануға берілді, мазьді аппликация түрінде зақымдану ошағына 2-3 рет жасалды. Ацикловир – адамдардың рекомбинанттыальфа-2b интерфероны жасушалардан Escherichia coliбөліп шығарады, оның генетикалық аппаратына адам лейкоцитарлы альфа-2b интерферонықо- сылған. Рекомбинантты белок және адамдардың рекомбинантты альфа-2b интерферонымолекуласының полипептидті құрылымы, биологиялық белсенділігі және фармакологиялық қасиеті бірдей, ұқсас келеді. Ацикловир -штамм-продуценттің гендік модифицирлену арқылы алынған, рекомбинантты альфа-2b интерфе- ронымен алюминий гидроксидінің геліне адсорбциялану түрінде дайындалғангидрогельнегізіндегі мазь, сыртқа қолдануға арналған дәрілік зат. Рекомбинантты альфа-2b интерфероныкең спектрлі вирусқа қарсы, бактериостатикалық және қабынуға қарсы әсер көрсетеді. Мазьді қалың қабаты қарғаныс қабатын түзуді қиындатады. Бұл қаба тері бетінде болған кезде интерферон бөлінеді де тіндерге сіңеді.

Ацикловирпрепаратын қолдану көрсеткіштері. Қарапайым белдемелі герпес, беттің және жыныстық қайталанбалы герпесі, герпестік стоматит, гингивит, ЖҚВИ алдын алу үшін.

Ацикловирпрепаратын қолдану әдісі: Тері немесе шырышты қабықтың зақымдану аймағына мазьді жұқа қабат етіп жағады, қорғаныс қбаты тезірек түзілу үшін 10-15 минут ақырын кептіру керек болады, күніне 2 рет 12 сағат интервал жасай қолданады.Бұл препаратты мүмкіндігінше жұқа қабат етіп жағу керек.Судың бір тамшысындай көлемдегі мазь 2 - 2,2 см диаметрдегі зақымдану ошағына жетеді. (4 см2 жоғары).

Емдеу курсының ұзақтығы 5-7 күнді құрайды (тері бетінің немесе шырышты қабықтың бүтіндігі толық қалпына келгенге дейін).

Ацикловирпрепаратынан аппликация жасағаннан кейін эрозивті элементтер 4 күн ішінде эпителийлен- ді, ал бақылау тобында 8 күнде эпителий түзілді.3 ай бойы бақылауда бұл науқастарда аурудың қайталануы байқалған жоқ, ИФА тексеру арқылы анықталғаны – Ig G титрі 2,75 есе төмендегені байқалды.

Сонымен қатар науқастардың жалпы жағдайы жақсарған, АҚШҚ патологиялық элементтер жазылу кезеңі де қысқарды, ремиссия кезеңі ұзарады және науқастардың көңіл-күйі жақсарып, өмірге құштарлықтары артты, жұмыс істеуге ынталары жоғарылады.

Әдебиеттер

  1. .Мезгильбаева Д. М. Герпетическая инфекция и ее осложнения// Проблемы стоматологии – 2010- №1-2 (47-48) С. 69-71.
  2. .Бакбаев Б.Б.,Мезгильбаева Д.М.,Кунанбаева Т.С.Абдикаримов С.Ж. Цитологическая картина изменений в очагах поражения при хроническом рецидивирующем герпетическом стоматитите. Вестник КазНМУ, Научнопрактический журнал,2012 г.,2,185-189
  3. .Кунанбаева Т.С. Ауыз қуысының герпестік ауруларын емдеуде Кара Зере майын қолдану. Приоритеты фармации и стоматологии: от теории к практике. Сборник материалов 2-ой научно-практической конференции с международным участием. – Алматы- 2013.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.