Мақалада қазіргі таңдағы сөйлеу мәдениетінің кейбір тұстары жайында сөз болады. Тіл мәдениеті дегеніміз- тілдік норманы сақтап,дұрыс жазу деген түсінік.Сөйлеу дегеніміз - сөздердің басын құрастырып,біреу айтқан ой. Сөйлегенде нежазғанда алдымен өз ойын айтады.Сөйлей білудің маңызды шарты, сөздерді құрастыра білу. Ғалымдар айтқан:ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойынтыңдаушы ұғарлық дәрежеде түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады.Сондықтан сөйлемнің жаны- сөздердің басы мағыналы болып құралуы. Олай болмаса,құрсөздердің басын айтқанмен сөйлем болмайды».Сөйлесім әрекеті тек сөйлеу мүшелерінің қызметіне ғана емес, ойлау мен пайымдаудың, сана мен мидың да ерекшелігіне қатысты. Бұл - өз алдына бөлек, жеке мәселе.
Демек, сөйлей білу үшін сөйлемді айта білу керек; ал сөйлемді айту үшін, құрамындағы сөздерді дұрыс құрастыра алу қажет.Қарым –қатынас түрлері көп. Тілдік қатынас – тіл арқылы байланыс,сөйлеу арқылы адамдардың бір – бірімен қарым –қатынас жасауы;түсінісуі ‘Тілдік қатынас’ дегенді білдіреді.
Қәзіргі таңда жасөспірімдер арасында сөйлеу мәдениеті төмен дәрежеде. Себебі әдеби кітаптардың оқымауынан. Сондықтан ‘сөйлеу тіліне’ерекше көңіл беріп қарастыру қажет.Бүгінде “Тілдік қарым – қатынас проблемасын” ғалымдар зерттеу үстінде. “Қарым – қатынас” немесе “коммуникация”- бұл ақпарат алу мен беру .
Сөйлеу әдебі қарым-қатынаста, қоғамдық орындарда, жалпы өз елімізде сирек сақталады. Оған дәлел ретінде бірнеше мысал келтірейін. Бірсыпыра замандастарымыздың (қала тұрғындары) ауызекі сөйлеу тілінде қазір «Мен астановкіге барамын» «Мақатаевадан трамвайға мінемін» деген орысша-қазақшасы араласқан қойыртпақ тіркестер пайда болды. Мұның қалай? – десең, «әдет қой» дейді. Сонда, біз білетін Иса, Мұқағали әйел болғаны ма?! Неге олай ойланбастан сөйлейміз? Мемлекеттік тілді үйренуші өзге ұлт өкілдері осындай қойыртпақ қолданыстарды естіп не дейді? Енді бірде студенттер мен мұғалімдердің тілінде ешбір қажетсіз қыстырма сөздер (жаңағы, сонымен, сөйтіп, ал, иә, қалай, нетіп, не қылып, анау, не, әлгі т.б.) көп кездеседі. Көптеген студенттер ойын жеткізе алмай қысылғанда аузыма сөз түспей тұр, тілімнің ұшында тұр, көкірегімде бәрі сайрап тұр, айтуға тілім жетпей тұр деп мүсәпірлікке ұрынады. Сондықтан да бірінші мәселе:сөйлеу әдебін қалыптастыратын сөйлеу сапаларын әрдайымескеру қажет. Сөйлеудің сапаларына кіретіндер: мінсіздігі, тазалығы, байлығы, дәлдігі,қисындылығы, мәнерлілігі, әсерлігі, түсініктілігі.
Студент тілінде болатын кемшіліктердің себептері: 1) Ортаның әсері: а)студенттің сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді. ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт сөз). 2) Сөйлеу дағдыларының жоқтығы
(оқу орнының тіл дамытуға немқұрайлы қарауы). 3) Жекелеген студент тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық т.б.). 4) Әдеби, көркем кітаптарды оқымауы. 5) Интернет желісі .6) Жалқаулығы, еріншектігі, қызықпаушылығы.
Күнделікті тіршілік барысында адам әр түрлі адамдармен кездеседі, сөйлеседі,пікір алысады, тәжірибе алмасады. Ал олар адамдардың өзін-өзі ұстауы, мінез-құлық, жүріс-тұрыс, киім киюі, сөйлеуі арқылы жүзеге асады.Адамдар арасындағы қарым - қатынас моральдық нормамен реттеледі. Қоғамдық ортада адамның мәдениеттілігі, өресі көбіне оның сөйлеуінен көрінеді.Сөйтіп сөйлеу әдебінің өзіне тән нормалары мен ерекшеліктері қалыптасады. Сөз арасында қолданылатын: кешіріңіз, мүмкін болса, мақұл көрсеңіз, рұқсат етсеңіз,қалауыңыз білсін т.б. сөздер тілге сыпайылық сипат береді. Мұндай майда сөздер үлкенге де, кішіге де жарасымды болып, адамның кішіпейілділігін көрсетіптұрады. Шырағым, қарағым, қарындас, інішек, ағай, апай, атай, әжей сияқтықаратпа сөздер үлкен мен кішінің арасындағы ілтипат, әдептілік көрсеткіштері.Адамның сіз бен сенің сөзін орынды қолдануы да әдеп сақтауға жатады. Жылы, жағымды сөздер адамның көңіл-күйіне тікелей әсер етеді.
Әдебиеттер
- Сейсенова А. Сөйлеу мәдениеті және қарым - қатынас әрекеті.
- А. Байтұрсыновтың Нұғымағова И ., Қашқынбаева З. Сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздері .
- Мақпырұлы С. Сөйлеу мәдениеті - үлкен жауапкершілік.
- Тамаева Б. Сөйлеу әдебінің қарым – қатынастағы прагматикалық көрсеткіші.