Аннотация
Мақалада Қазақстан аумағында өсетін алабұта тұқымдасы өкілдерінің түр құрамы, тіршілік формалары мен таралу ерекшеліктері қаралды. Зерттеу ауданындағы өсімдіктер тіршілігін 8 формаға бөліп, флораны биоформаға талдаған кезде мынадай қорытындыға келдік: сонымен, түрге қарай бөлгенде өсімдіктер жабынының көпшілік бөлігін біржылдық шөптесін өсімдіктер құрайды – 70,2%. Ағаштар мен бұтақты өсімдіктер небәрі 4,4 % құрады, бірақ олар өте көп таралған. Жалпы Қазақстанның шөл аймақтарында, әсіресе оның оңтүстік аймақшаларында шөлді құмдарда алабұта тұқымдасы өкілдерінің биоэклолгиялық маңызы үлкен. Өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатындығына байланысты үлкен теориялық және практикалық ғылыми маңыздылығы бар.
Кілт сөздер: тұқымдас, туыс, түр, алабұта, түр құрамы, тіршілік формасы, таралу ерекшелігі.
Қазақстан жері алуан түрлі адам тіршілігіне қажетті жасыл өсімдіктер әлеміне бай, оның ішінде қазіргі таңда Республикаға ең маңыздысы, ол дәрілік өсімдіктер. Табиғаттағы әр-түрлі мақсатқа қолданылатын тағамдық, техникалық, мал - азықтық, дәрілік маңызы бар сан – алуан өсімдіктердің тобы табиғи өсімдік ресурстарының қорын құрайды. Сондықтан да, олар біріншіден өндірісте, екіншіден тағам өнеркәсібінде, үшіншіден ауыл шаруашылығында және медицинада кеңінен қолданылады. Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер-оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Қазақстан жерінде өсетін 6000-нан астам гүлді өсімдіктердің дені өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және басқа да өндірістерде пайдаға асады [1].
Кейінгі жылдары осы аймақтағы ғылымы медицинада пайдаланылатын дәрілік өсімдіктердің саны толықтырылмай, ескерусіз ұмыт қалып келеді.
Жергілікті халық көптеген дәрілік өсімдіктерді қалай болса солай жинап, олардың біртіндеп құрылуына жол беріп отыр. Осыған байланысты табиғи флораның нәсілдік қорын, алуан түрлілігін сақтап қалу және жекелеген аймақтардың флорасын және жекелеген түрлерін, туыстарын, тұқымдастарын түгелдей зерттеу - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Сондай өсімдіктер қатарына алабұта тұқымдастарының флорасын жатқызуға болады. Олар жершарының барлық кеңістіктерінде, негізінен субтропикалық климаты құрғақ және топырағы тұзды болып келетін елдерінде көптеп өседі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері Қазақстан аумағында өетін алабұта тұқымдасы өкілдерінің түр құрамы, тіршілік формалары мен таралу ерекшеліктерін анықтап талдаулар жасау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер алға қойылды: тұқымдас өкілдерінің түр, туысқа боліну қатынасын, тіршілік формаларының фитоценологиялық ерекшеліктерін анықтау;
Материалдар мен зерттеу әдістемелері Зерттеу жұмыстары барысында өсімдіктердің гербариын жинау өсімдіктердің вегетациялық, яғни жылдың көктем, жаз, және күз мезгілдерінде маршруттық бағыт бойынша А.К. Скворцовтың [2] жалпы қабылданған гербарий жинау және кептіру әдістемесі бойынша жүргізілді.
Жиналған гербарийдегі түрлерді анықтау, жүйелеу және олардың конспектісін түзу үшін 9 томдық «Флора Казахстана» (1956 – 1966) [3], 2 - томдық «Иллюстрированный определитель растений Казахстана» (1969-1972); [4]. және басқа да жеке территориялар бойынша жазылған монографиялық еңбектер кеңінен пайдаланылды. Шаруашылық – бағалы түрлерін бөлу Н.В. Павловтың [5], еңбектері және біршама арнайы өсімдіктер ресурстары туралы еңбектер (Атлас ареалов и ресурсов лекарственных растений Казахстана [6], негізге алынды. Тіршілік формаларын талдауда Серебряковтың [7] еңбектері пайдаланылды
Зерттеу нәтижелері мен талқылау. Алабұталар тұқымдасына 105-туысқа кіретін 1600-дей түр бар. БОР-дың флорасында 350 түрі [8], ал Қазақстанда 225 түр кездеседі [9]. Олар негізінен субтропикалық климаты құрғақ және топырағы тұзды болып келетін елдерінде көптеп өседі.
Жалпы тұқымдас түрлері биоэкологиялық және систематикалық ерекшелігімен үлкен екі тұқымдас тармағына бөлінеді. 1 – Алабұталар (Chenopodioides), бұл түрлердің эндосперимдері жақсы жетілген тұқымдар сақина тәріздес болып келеді. 2.- Сораңдар (Salsoloides), бұл түрлердің тұқым бүрлер майысқан және эндосперимдері жақсы жетілмеген. Жалпы алабұта тұқымдас өкілдерінің түрлерін анықтағанда олардың жапырақ, сабақ сырттарында тұзды кристалдар мен түктерінің ерекшеліктеріне мән беріледі [8]. Біздің бақылауымыз көрсеткендейҚазақстан аумағында тұқымдастың 225 түрі өседі, олар 47 туысқа бөлінеді 1-кесте. Оның 110 түрі Түркістан облысы аумағында кездеседі.
Кесте 1 - Алабұта тұқымдасының тіршілік формасы мен флоралық қатынасы
№ п/п |
Туыстар |
Тіршілік форма |
|||||||||
түр |
а |
б |
Бқ |
жб |
жбқ |
кж |
еж |
бж |
энд. |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
1. |
Бізжапырақ Хруплявник Polycnemum |
3 |
1 |
2 |
|||||||
2 |
Қызылша Свекла Beta. |
1 |
1 |
||||||||
3 |
Алабұта Марь Chenopodium |
20 |
20 |
||||||||
4 |
Микрогинециум- Микрогинециум- Microgunoecium Hook. |
1 |
1 |
||||||||
5 |
Шпинат Шпинат- Spinacia L |
2 |
2 |
||||||||
6 |
Теріскен Терескен-Eurotia Adans. |
2 |
1 |
1 |
|||||||
7 |
Ебелек Рогач-Сeratocarpus L. |
2 |
2 |
||||||||
8 |
Аксирис Аксирс-Axyris |
4 |
4 |
||||||||
9 |
Қараматау Камфоросма- Camphorosma l. |
3 |
1 |
1 |
1 |
||||||
10 |
Көкпек Лебеда-Atriplex |
25 |
2 |
23 |
3 |
||||||
11 |
Мақташөп Пандерия- Panderia Fish et Mey. |
1 |
1 |
||||||||
12 |
Кириловия Кириловия- Kirilowia Bge. |
1 |
1 |
||||||||
13 |
Лондезия -Лондезия- Londesia |
1 |
1 |
||||||||
14 |
Бозизен -Эхинопсилон- Echinopsilon |
4 |
4 |
||||||||
15 |
Изен - Кохия- Kochia |
9 |
1 |
8 |
|||||||
16 |
Бал қаңбақ -Верблюдка - Corisperum Iljin. |
12 |
12 |
1 |
|||||||
17 |
Құмаршық - Кумарчик Argiophyllum Mog. |
4 |
4 |
||||||||
18 |
Сорқаңбақ Поташник- Kalidium Mog. |
3 |
3 |
||||||||
19 |
Сорташөп - Соровник - Halopeplis Bge. |
1 |
1 |
||||||||
20 |
Қарабарақ Соляноколосник- Halostchys C.A. |
1 |
1 |
||||||||
21 |
Сарсазан -Сарасазан- Halocnenmum M.B |
1 |
1 |
||||||||
22 |
Бұзаубас-Солерос- Salicornia |
1 |
1 |
||||||||
23 |
Ақсора – Сведа - Suaeda Forsk. |
12 |
1 |
11 |
1 |
||||||
24 |
Александр -Александра- Alexandra Bunge |
1 |
1 |
1 |
|||||||
25 |
Борщовия -Борщовия- Borszczowia Bge |
1 |
1 |
||||||||
26 |
Бинерция -Бинерция- Bienertia Bge. |
1 |
1 |
||||||||
27 |
Сораң - Солянка- Salsola |
27 |
2 |
4 |
4 |
17 |
2 |
||||
28 |
Климакоптера – Климакоптера- Climacoptera |
14 |
14 |
3 |
29 |
Физандра – Физандра – Physandra Botsch. |
1 |
1 |
1 |
|||||||
30 |
Рафидофитон - Рафидофитон - Phaphidophyton lijin. |
1 |
1 |
1 |
|||||||
31 |
Жүрен – Элления – Halothamnus. Botsch. |
4 |
3 |
1 |
|||||||
32 |
Сарытікен Гораниновия Horaninovia Fish. et Mey. |
3 |
3 |
||||||||
33 |
Офайстон Офайстон- Ofaiston |
1 |
1 |
||||||||
34 |
Гиргенсония Girgensonhnia |
2 |
2 |
||||||||
35 |
Бұйырғын Ежовник- Anabasis |
17 |
2 |
3 |
4 |
1 |
6 |
1 |
3 |
||
36 |
Сексеуілше Саксаульчик - Arthrophtum Schrenk. |
8 |
2 |
5 |
1 |
5 |
|||||
37 |
Ильиния – Ильиния - Ilinia |
1 |
1 |
||||||||
38 |
Сексеуіл – Саксаул- Haloxylon |
3 |
2 |
1 |
|||||||
39 |
Жапақ – Нанофитон- Nanophyton Bge. |
1 |
1 |
||||||||
40 |
Сораңша Петросимония – Petrosimonia Bge |
10 |
10 |
1 |
|||||||
41 |
Галохарис - Halocharis Mog. Галохарис |
1 |
1 |
||||||||
42 |
Домалатпа Галимокнемис– Halimocnemis C.A.M. |
7 |
7 |
1 |
|||||||
43 |
Галотис Галотис – Halotis bge |
1 |
1 |
||||||||
44 |
Пиптоптера Пиптоптера- Piptotera Bge. |
1 |
1 |
||||||||
45 |
Гамантус Спайноцветник Gamanthus Bge |
1 |
1 |
||||||||
46 |
Бұйрасораң –Галогетон- Halogeton C.O. |
2 |
2 |
||||||||
47 |
Симпегма – Симпегма- Simpegma Bge. |
1 |
1 |
||||||||
барлығы: |
225 |
3 |
7 |
11 |
21 |
8 |
7 |
1 |
158 |
23 |
Ескертулер: а - ағаш, б - бұта, бқ - бұташық, жб - жартылай бұта, жбқ - жартылай бұташық, кж - көпжылдық, еж - екіжылдық, бж - біржылдық, энд – эндемикалық өсімдіктер.
Алабұта тұқымдасы флорасындағы систематикалық топтардың арақатынасы төмендегіше: Бірақ, түрлердің саны жағынан олар біршама ерекшеленеді. Біздің байқағанымыздай, 6 ірі туыс өсімдіктердің 52,4%-і құрап отыр. Зерттеліп отырған аймақта түрлер санының 52,4% - осы аталған 6 туыстың үлесіне тиеді. Түрлер саны жағынан 6 туыс басымдылық көрсетеді (2-кесте).
Кесте 2 - Алабұта тұқымдасы флорасының негізгі туыстары
№ |
туыс |
Түр саны |
% |
1. |
Chenopodium |
20 |
8,8 |
2. |
Atriplex |
25 |
11,1 |
3. |
Suaeda |
15 |
6,7 |
4. |
Anabasis |
17 |
7,5 |
5. |
Salsola |
27 |
12,0 |
6. |
Climacoptera |
14 |
6,2 |
барлығы: |
118 |
52,4 |
2-ші кестеде көрсетілгендей, 6 ірі туыстас 118, өсімдіктер түрін біріктіріп Қазақстан флорасының 52,4% құрайды. Қалған 47,6% өсімдік түрлері 42 туыстық 107 түрін құрап отыр.
Зерттеулер албұта тұқымдасының флора құрамы мен түрлерінің қатынасы өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Мұнда өсімдіктердің тіршілік формасының жартылай бұташықты және біржылдық түрлері басым екендігін көреміз.
Қазақстан шөл және шөлейт жерлерінде өсімдіктер эдификаторларының басым көпшілігі 6 түрлі туыстарға бөлінеді: олар - алабұталар (20); көкпек -25, бұйырғын- 17, сораң- 27, аксора – 15, климакоптера- 14 бұл өсімдіктер қауымы сол жердегі флораның негізгі қоры болып табылады.
Рельефінің әр түрлілігі, теңіз деңгейінен жоғары орналасуының айырмашылығы, климат жағдайына байланысты болуы өсімдіктердің әр түрлі болуына үлкен әсер етеді.
Қазақстан аумағындағы алабұта тұқымдасы флорасының тіршілік формасын классификациялау үшін жаңару бүршігінің жер бетіне салыстырмалы түрде орналасуына талдау жасалынды Н.Г. Серебряковтың (1964) [7, б.189], классификациясы пайдаланылды (3,4-кестелер).
3-кестеден байқағанымыздай, терофиттер (128 түр) 56,8 % және гемикриптофиттер (45), жалпы флораның 20,0 % алады. Фанерофиттердің үлесіне бар-жоғы 4 түр тиді. Тіршілік формаларының мұндай арақатынасы Түркістан облысы флорасына тән белгі болып келеді. Қазақстан аумағындағы алабұта тұқымдасы флорасының экобиоморфологиялық құрылысы, түрлердің сандық қатынасы және эколого-фитоценологиялық белгілеріне қарай бөлінеді.
Туыстардың тіршілік формасы мен флоралық қатынасы анықталды. 4-кестеде көрсетілгендей онда ағаштар – 3, бұталар – 7, бұташықтар - 11, жартылай бұталар – 21, жартылай бұташықтар – 8, көпжылдық шөптесін өсімдіктер – 7, екі жылдық өсімдіктер – 1, және бір жылдық өсімдіктер - 158 түрін құрады.
Кесте 3 - Алабұта тұқымдасы флорасының тіршілік формалары (Раункиер бойынша).
Тіршілік формалары |
Түрлер саны абс |
Жалпы санымен %-к мөлшері |
гемикриптофиттер |
45 |
20,0 % |
терофиттер |
128 |
56,8 % |
фанерофиттер |
4 |
1,7 % |
хамефиттер |
48 |
21,3% |
Барлығы |
225 |
100 |
Құмды шөл өсімдіктерінің өмір сүру формасын жіктеп, топтарға бөлген кеде оларды экологиялық доминанттарға бөлі кестесі пайдаланылды.
Кесте 4 - Алабұта тұқымдас флорасы түрлерінің (Серебряковтың классификациясы бойынша) тіршілік формасы бойынша таралуы
Тіршілік формалары |
Түрлер саны абс |
Жалпы санымен %-к мөлшері |
Ағаштар |
3 |
1,3 |
Бұталар |
7 |
3,1 |
Бұташык |
11 |
4,8 |
Жартылай бұта |
21 |
9,3 |
Жартылай бұташык |
8 |
3,5 |
Көпжылдық шөптесін өсімдік |
7 |
3,1 |
Екі жылдық өсімдік |
1 |
0,4 |
Бір жылдық өсімдік |
158 |
70,2 |
Барлығы |
225 |
100 |
Зерттеу ауданындағы өсімдіктер тіршілігін 8 формаға бөліп, флораны биоформаға талдаған кезде мынадай қорытындыға келдік: сонымен, түрге қарай бөлгенде өсімдіктер жабынының көпшілік бөлігін біржылдық шөптесін өсімдіктер құрайды – 70,2%. Ағаштар мен бұтақты өсімдіктер небәрі 4,4 % құрады, бірақ олар өте көп таралған.
Қорта келе, жалпы ылғал жетіспейтін Қазақстанның шөл аймақтарында, әсіресе оның оңтүстік аймақшаларында алабұта тұқымдасы өкілдерінің биоэклолгиялық маңызы үлкен. Өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатындығына байланысты үлкен теориялық және практикалық ғылыми маңыздылығы бар.
Әдебиеттер
- Мухитдинов Н.М Қазақстанның биоресурстары. Оқу құралы, Алматы 2009ж.
- Скворцов А.К. Гербарий. Пособие по методике и технике. - М., Изд. «Наука», 1977. 198 б.
- Флора Казахстана, - т.т. 1-9, Алма-Ата, 1956-1966. 23б.
- Иллюстрированный определитель растений Казахстана, т.т. 1-2. -Алма-Ата, Изд. «Наука», 1969-1972. 560 б.
- Павлов Н.В. Растительные ресурсы Южного Казахстана. М.: МО ИП. 1947. - 200 б.
- Атлас ареалов и ресурсов лекарственных растений Казахстана, - Алма-Аты, Наука, 1995. 114 б.
- Серебряков И.Г. Жизненные формы высших растений и их изучение //Полевая геоботаника. Т.3 М., Л.: Издво АН СССР. 1964. С.146 208.
- Грубов В.И Семейство маревые – Жизнь растений, т. 5 (1). Цветковые растения - Москва, Просвещение, 1980. – с.371 – 382. Высшая школа, 1976, 544 б.
- Әметов Ә.Ә Ботаника – Алматы; Дәуір. 2005. 402 б.