Бүгінгі күні адам организміне көптеген дәрі-дәрмектердің әсері күннен күнге кең тарап бара жатыр. Олардың организмге уытты немесе жанама әсерлерінен дерттік өзгерістер пайда болатыны көпшілікке белгілі. Бұл ксенобиотиктердің әсерлерінен дерттердің даму мүмкіншіліктері организмнің даралық сезімталдығына байланысты болады [1].
Бүгінгі күні адам организміне көптеген дәрі-дәрмектердің әсері күннен күнге кең тарап бара жатыр. Олардың организмге уытты немесе жанама әсерлерінен дерттік өзгерістер пайда болатыны көпшілікке белгілі. Бұл ксенобиотиктердің әсерлерінен дерттердің даму мүмкіншіліктері организмнің даралық сезімталдығына байланысты болады [1].
Осыған байланысты ұсынылып отырған жұмыстың негізгі мақсаты: Дәрілік заттарға организмнің даралық сезімталдығын алдын-ала аңғаруды оңтайландыру жолдарын іздестіру. Соның ішінде лефлуно- мидтің жанама серпілістердің жиілігінің ағзаның ксенобиотикке сезімталдығына байланысты жағдайы зертеу.
Зерттеудің негізгі міндеті: Құздама тәріздес артритпен ауырған сырқаттардың емдеуге қолданған лефлу- номидтің жанама әсерлерін организмнің индометацинге сезімталдығына байланысты зерттеу.
Зертеу әдістері:Организмнің индометацинге даралық сезімталдығы оған төзімділік немесе сезімталдық көрсеткіштерін Н.Ж. Орманов әдісін қолданыпесептеу өрнегі арқылы анықталды: Индометацинді сынақ-
Мұндағы: ∆ДҚ- диенді қоспалардың сынаққа дейінгі көрсеткішіне қарағандағы өзгеру мөлшері; ∆АТБ-антитотықтырғыш белсенділігінің сынаққа дейінгі көрсеткішіне қарағандағы өзгеру мөлшері;
Науқастардың лефлуномидпен емдеу кезеңіндегі жанама әсерлерін сауалнама арқылы және күнделікті бақылау арқылы жүргізілді.
Зертеу нәтижелері: Лефлуномидтің әсерінен асқазан-ішек трактысының жанама симптомының жиілігі жалпы топта 8 болса, «төзімді» және «сезімтал» топтарда - орын алмады, және «сезімтал» топта 30 және «өте сезімтал» топта - 80-ға тең болды.
30
ЖҚЖ-нің ауытқулар симтомының жиілігі жалпы топта 8,3-ға тең болса, «төзімді» топта- жоқ, «сезімтал» топта 7,4 және « өте сезімтал»- 73,3 тең болды.
Лефлуномидпен емдегенде тері ауруларының жиілігі жалпы топта 5,76-ға тең болса, «төзімді» топта - жоқ, «сезімтал» топта 5,5 және «өте сезімтал» - 50 тең болды.
31
Сонымен зерттеу барысында алынған мәліметтер құздама тәріздес артритпен аурған 52 сырқаттардың лефлуномидпен емделгенде жалпы топтарында дәрінің жанама әсерлері 88 жағдайда орын алып, жиілігі 7,35-ға тең болды, ксенобиотикке «төзімді» топта лефлуномидтің жанама әсері орын алған жоқ, жиілігі 0,00, ксенобиотикке «сезімтал» топта жанама әсері 22 жағдайда орын алып, жиілігі 10,6, «өте сезімтал» топтарда дәрінің жағымсыз әсері 66 жағдайда орын алып, жиілігі 57,4-ға тең болды.
Лефлуномидпен ревматоидты артритты сырқаттарды емдеу нәтижесінде дәрінің жанама әсерлерінің жиілігі организмнің жүйелерінде орын алуы төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте -
Ескерту: ЖТ-жалпы топ,ТТ-төзімді топ,СТ-сезімтал топ,ӨСТ- өте сезімтал топ.
ЖТ |
ТТ |
СТ |
ӨСТ |
|
ЖК |
88/7,35 |
- |
22/10,6 |
66/57,4 |
АІТ |
27/8 |
- |
1/30 |
16/80 |
ЖҚЖ |
13/8,3 |
- |
2/7,4 |
11/73,3 |
ТАЖ |
14/5,4 |
- |
2/4,4 |
12/48 |
ЖЖ |
14/6,7 |
- |
3/8,3 |
11/55 |
ТА |
18/5,76 |
- |
3/5,5 |
15/50 |
Құздама тәріздес артритпен аурған сырқаттардың лефлуномидпен емдегенде жалпы топтарында дәрінің жанама әсерлерінің жиілігі 7,35 тең болды, ксенобиотикке «төзімді» топта - жоқ, ксенобиотикке «сезімтал» және «өте сезімтал» топтарда жиілігі 10,6 және 57,4 тең болды. Лефлуномидпен емдегенде асқазан-ішек жолының, жүрек және қан тамыр жүйесінде ауытқулар жалпы тобындағы жиілігі 8 және 8,3, «төзімді» топта - 0 , «сезімтал» топта 30, және 7,4% «өте сезімтал» тобында 80 және 73,3%.
Тыныс алу жүйесінің ауытқулары жалпы топта орын алуы 14 жағдайда орын алып, жиілігі 5,4 тең болады. Төзімді топта- 0, сезімтал топта 4,4, өте сезімтал топта 48 -ды құрайды. Лефлуномидпен емдегенде жүйке жүйесінің ауытқулары және тері аурулары жалпы тобындағы жиілігі 6,7 және 5,76, «төзімді» топта - 0, «сезімтал» топта 8,3 және 5,5, «өте сезімтал» тобында 55 және 50 тең болды.
32
Қорытынды
- .Құздама тәріздес артритпен аурған сырқаттардың лефлуномидпен емдегенде жалпы топтарында дәрінің жанама әсерлерінің жиілігі 7,35 тең болды, ксенобиотикке «төзімді» топта - жоқ, ксенобиотикке «сезімтал» және « өте сезімтал» топтарда жиілігі 10,6 және 57,4 тең болды.
- .Асқазан-ішек жолының, жүрек және қан тамыр жүйесінде ауытқулар жалпы тобындағы жиілігі 8 және 8,3, «төзімді» топта - 0, «сезімтал» топта 30 және 7,4%, «өте сезімтал» тобында 80 және 73,3%.
- .Тыныс алу жүйесінің ауытқулары жалпы топта жиілігі 5,4 тең болады. Төзімді топта - 0, сезімтал топта 4,4, өте сезімтал топта 48 -ды құрайды.
- .Жүйке жүйесінің ауытқулары және тері аурулары жалпы тобындағы жиілігі 6,7 және 5,76, «төзімді» топта - 0, «сезімтал» топта 8,3 және 5,5, «өте сезімтал» тобында 55 және 50 тең болды.
Әдебиеттер
- Лапина Т.Л. Гастропатии, индуцированные нестероидными противовоспалительными препаратами: клиническое значение, лечение, профилактика //Consіlium medicum.-2001.-Т.3.-№9-С.438-442.
- Насонов Е.Л., Каратеев А.Е. Гастропатия, связанная с приемом НПВП // Клиническая медицина.- 2000.-№4.-С.4-7.
- Козлова И.В., Липатова Т.Е., Кветной И.М. Гастропатия, индуцированная нестероидными противовоспалительными препаратами, у больных остеартрозом, роль некоторых факторов диффузной эндокринной системы желудка в ее возникновении // РЖГГК.- 2006.- №1.- С. 47-53.
- 33.Шептулин А.А. Современные возможности лечения и профилактики НПВП-индуцированной гастропатии // РЖГГК.- 2006.- №1.-С. 15
- Новые подходы к прогнозированию риска развития гастропатий, индуцированных нестероидными противовоспалительными средствами //Зиганшина Л.Е., Султанова А.Ф., Хазиахметова В.Н., Валеева И.Х., Зиганшин А.У. //Экспериментальная и клиническая фармакология.- 2002.- Том 65.- №2. –C.49-52.
- Баранов В.С., Баранова Е.В., Иващенко Т.Э. и соавт. Геном человека и гены «предрасположенности».- спб.: Интермедика, 2000.-120с.
- Орманов Н.Ж. Использование хемилюминесцентного метода в диагностике и прогнозировании состояния здоровья рабочих фосфорного завода //В методическом указании «Всесоюзной школы- семинара» по «Био-ТермоХемилюминесценции» (квантовая биология). -Москва-Суздаль,1990.- часть П.- С. 33.
- Бекенова Ж.О.,Орманова Л.Н.,Орманов Н.Ж.Құздама тәріздес артриттті емдеу кезіндегі метотрексаттың жанама серпілістердің жиілігінің ағзаның ксенобиотикке сезімталдығына байланысты жағдайы.ОҚМФА Хабаршысы, 2015,№4. том 4,с5-7