Балалардың тіс зақымдануы кәзіргі кездің өзекті мәселесі. Бұл мәселелерді Беларусияда, Өзбекстанда, Таджикистанда және Қазақстан Республикасында орын алады.[1,2,3,4,5] Шымкент қаласында балалардың жастарына байланысты тіс зақымдануы толық зерттелмеген.
Жұмыстың мақсаты:Шымкент қаласының балаларының тіс зақымдануының жастарына байланысты жағдайын зертеу.
Зертеу әдістері: Алға қойған мақсатқа жету үшін стоматологиялық әдістер қолданылды. Балалардың тіс жағдайын немесе стоматологиялық статусын Оңтүстік Қазақстан облысының тіс аурулар емханасының стоматологиялық амбулаторлық есеп кітапшасынан және Дүниежүзлік Денсаулық Сақтау Ұйымының есеп-қисап құжаттарына сәйкес алынған мәліметтерді ескере отырып жасалған.
Зертеу нәтижелері: Шымкент қаласының балаларының тістерінің жағдайын, олардың
жастарына байланысты 450 балалардың стоматологқа қаралуына байланысты және амбулаторлық есеп кітапшасынан алынған мәліметтерге байланысты статистикалық әдіспен зертелінді , олардың жағдайы туралы мәліметтер 1-кестеде және 1,2 суреттерде көрсетілген.
1-кесте - Шымкент қаласының балаларының тіс зақымдануының жастарына байланысты жағдайы.
Балалардың жасы(жыл) |
Таралуы (%) |
Қарқындылғы |
||
Мm |
% бойынша |
Мm |
% бойынша |
|
3 |
59,1, 1,4 |
100 |
4,0 0,32 |
100 |
4 |
65,3 1,34 |
110,5 |
5,1 0,22 |
127,5 |
5 |
83,1 1,62 |
140,1 |
5,1 0,23 |
127,5 |
6 |
81,1 1,54 |
137,2 |
6,0 0,23 |
150 |
7 |
82,1 1,02 |
138.9 |
4,35 0,24 |
108,5 |
8 |
87,0 1,90 |
147.3 |
4,12 0,12 |
103 |
9 |
84,0 1,54 |
142.1 |
3,97 0,22 |
99,2 |
10 |
83,2 2,1 |
140,7 |
3,08 0,31 |
77 |
11 |
80,4 1,75 |
142,1 |
2,48 0,12 |
62 |
12 |
88,1 1,42 |
149,0 |
4,2 0,17 |
105 |
13 |
79,1 2,25 |
133.8 |
2,44 0,23 |
61 |
14 |
74,2 3,11 |
125.5 |
2,28 0,21 |
57 |
15 |
88,9 2,24 |
150,4 |
5,9 0,24 |
147,5 |
16 |
79,2 1,76 |
134 |
4,6 0,31 |
115 |
17 |
75,2 2,12 |
127.2 |
4,2 0,21 |
105 |
Орташа көрсеткіші |
79,2 2,33 |
134,0 |
3,81 0,22 |
95,2 |
Тісжегінің таралуының ең кіші мәні үш жастағы балаларда орын алды.Оның денгейі 59,1, 1,4%-ға тең болды,ал бұл топта қарқындылғы 4,0 0,32 тең болды.Бұл алынған деректерді шартты ретінде 100%-ға тең деп алынды.
Тісжегінің таралуының мәні төрт жастағы балаларда денгейі үшінші топпен салыстырғанда өсу деңгейі 10,5%-ға тең болды,ал бұл топта қарқындылғының жоғарылауы 27,5%-ға тең болды.Шымкент қаласының балаларының тісжегінің таралуының мәні бес жастағы балаларда денгейі үшінші топпен салыстырғанда өсу деңгейі 40,1%-ға тең болды,ал бұл топта қарқындылғының жоғарылауы 27,5%-ға тең болды.
47
Тісжегінің таралуының мәні бес жастағыдан он жастағы балаларда аралығында денгейі үшінші топпен салыстырғанда өсу деңгейі 40,7%-дан 49%-ға дейін өседі ,ал бұл топтарда қарқындылғының жоғарылауы 27,5%-дан 50%-ға (6 жастағылар, ең үлкен мәнге ие болды) дейін өседі , бірақ 9 жастағы балаларда үшінші топпен салыстырғанда өсу деңгейі мардымсыз болды, 10 жастағы баларда керісінше 23%-ға төмендейді.
Шымкент қаласының балаларының тісжегінің таралуының мәні он бір жастағы балаларда денгейі үшінші топпен салыстырғанда өсу деңгейі 42,1%-ға тең болды, ал бұл топта қарқындылғының төмендеуі 38%-ға тең болды. топта қарқындылғының жоғарылауы 27,5%-ға тең болды.
Тісжегінің таралуының мәні он екі жастағы балалардағы денгейі үшінші топпен салыстырғанда өсу деңгейі 49%-ға тең болды, ал бұл топта қарқындылғының өсу деңгейі 5,0%-ға тең болды.
Тісжегінің қарқындылғы он үш және он төрт жастағы балаларда денгейі керісінше 39%-ға және 43,0%-ға төмендейді.Шымкент қаласының балаларының тісжегінің таралуының ең үлкені мәні он бес және үш жастағы балаларда орын алды.Оның өсу денгейі 50,4%-ға тең болды,ал бұл топта қарқындылғы жоғарылауы 5,0%-ға тең болды.
Қорытынды:
- .Шымкент қаласының балаларының тіс зақымдануының таралуы мен оның қарқындылғы жастарына байланысты жағдайы әртүрлі деңгейде өзгереді.
- .Балаларының тісжегінің таралуының ең кіші мәні үш жастағы балаларда орын алды.Оның денгейі 59,1, 1,4%-ға тең болды.
- . Тісжегінің таралуының ең үлкені мәні он бес жастағы балаларда орын алды, үш жастағы топпен салыстырғанда оның өсу денгейі 50,4%-ға тең болды, ал бұл топта оның қарқындылғының жоғарылауы 47,5%-ға тең болды.
Әдебиеттер
- .Рождественская, Н.В. Эффективность профилактики и лечения кариеса зубов у детей раннего возраста / Н.В. Рождественская. — Автореф. дисс. канд. мед. наук. Волгоград, 2002. - 22 с.
- .Терехова Т.Н., Шаковец Н.В., Кленовская М.И. Заболеваемость кариесом зубов детей 5-7 лет в Беларуси/ Medicina stomatologina: publicatie oficiala a asociatiei stomatologilor din republica Moldova (ASRM). – 2007, январь. – с.44-45.
- .Саидова Н.Б. Распространенность кариеса зубов у детей, проживающих в сельских районах республики Узбекистан // Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований. – 2015. – № 12-9. – С. 1617-1620;
- .Хамадеева А.М., Турдыев Б.З., Косимов М.М. Эпидемиология кариеса зубов у населения республики Таджикистан // Современные проблемы науки и образования. – 2016. – № 3.;
- . Орманов Е.К.Профилактика стоматологических заболеваний-основа деятельности детской стоматологической поликлиники.// «Актуальные вопросы организации стоматологической помощи населению. Инновационные техно-логии» - Алматы, 2008.-С.54-56.